
- •Жоспары:
- •1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
- •2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
- •3. Жеке тұлғаның қалыптасуы
- •5. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
- •2.5.1 Түйсік пен қабылдау арақатынасы
- •2.5.3 Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар
- •2.5.4 Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •2.5.5 Түйсік түрлері
- •2.5.6 Түйсік қасиеттері
- •2.5.7 Қабылдау түсінігі
- •3.1.1 Зейін түрлері
- •3.1.2 Зейіннің физиологиялық негізі
- •3.1.3 Зейіннің негізгі қасиеттері
- •3.2.1 Ес теориялары
- •3.2.2 Ес түрлері
- •3.2.3 Ес процестері
- •3.3 Ойлау мен қиялдың физиологиялық негіздері
- •3.3.1 Ойлау жөнінде түсінік
- •3.3.2 Ойлау жөніндегі теориялар
- •3.3.3 Ойлау формалары
- •3.3.4 Ой қызметтері
- •3.4 Еріктің және сезімнің физиологиялық негіздері
- •3.4.1.1 Ерік теориялары
- •3.4.2.1 Сезім ерекшеліктері
- •3.4.2.2 Сезім қызметтері
- •3.4.2.3 Сезім негіздері
Жоспары:
Жеке адам туралы жалпы түсінік.
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы мен бағыттылығы.
Жеке тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтенуі.
Индивид, субъект, жеке адам, даралық түсініктерінің ара қатынасы..
Адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасының әлеуметтік психологиялық заңдылықтары.
1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.
Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "жеке тұлға" ұғымымен түсіндіреді.
Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағында қолданылады. Жеке тұлға — бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.
Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.
Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.
Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны.
Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады.
Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.
Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моралдік сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға "жеке бөліктерге"
бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әр уақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.
Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.
Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң ғылымдары және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психологиялык ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді.