
- •Дәріс-11. Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі.
- •1. Материалдық емес активтерді бағалау.
- •10.2. Материалдық емес активтердің келіп түсуі.
- •3.Материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым ретінде түсуі:
- •10.3.Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы.
- •Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі
- •Гудвилл есебі
Гудвилл есебі
Кәсіпорын аукционда басқа кәсіпорынның активтерін (НҚ, материалдар, дайын өнімдер жіне басқалар)сатып алады, сондай-ақ пассивтер кәсіпорынның балансы бойынша 6 000,0 құрады.Активтерді сатуды бөлген жағдайда, олардың нақты бағасы бойынша құрылтайшы 6 000,0 түсім түсіреді.Кәсіпорынды аукционда немесе одан тыс жерде біртұтас түрінде сатқан кезде сатып алу құны 10 200, 0 құраған.Активтің бөлініс бағасы мен кәсңпорында біртұтас түрде сатқан кезде алынған түсімнің арасындағы айырма сомасы «фирма бағасын» немесе гудвиллді құрайды.
Сатып алушы кәсіпорын активтердің шынайы құнына артық 4200,0 төледі.Дәлелдемесі мынадай:
1.Сатып алынған кәсіп орын өткізу нарқында монополяның қайсыбір нысанына ие болаған.
2. Кәсіпорынды сатып алғанда,сатып алушы фирма ішкі немесе сыртқы нарықтағы өз жағдайын нығайтады.
3. Сатып алушы фирма өндірісті бұрынғы атымен жүргізбек,өйткені оның тауарлары кеңінен танымал және сұранысңа ие.
4. Кәсіпорында білікті қызметкерлер бар.
5. Кәсіпорында пайда әкелгіш тауар белгілері, тауардың шығатын жері,лицензиясы бар.
6. Кәсіпорын сатып алынатын материалдық ресурстарды өткізу нарқына жақын орналасқан.
І нұсқа
Сатып алынған кәсіпорын заңды тұлға мәртебесін, дербес немесе жеке балансын сақтайды.
1. Сатып алынған кәсіпорынның активтерінің құны шегінде төленген толық баланстық құнына Д-т 5430 К-т 1040.
2. Кәсіпорынды сатып алу құнының оның барлық активтерінің құнынан арту сомасына Д-т 2710, 2730 К-т 1040.
3. 10жыл ішінде, барлық субъект қызметінің мерзімінен аспайтындай мерзімде МЕА тозуына есептеу жүргізіледі 4 200/120 ай=35,0 (ай сайын) Д-т 8540/ негізгі өндіріс К-т 2740-35,0
4. Егер қандай да бір себептерге байланысты гудвиллдың есептелген амортизация сомасы оның құнын жаппаса, ондаайырма зиянға есептен шығарылады, бұл орайда Д-т 7210 К-т 2700,2710,2730 және жыл соңында Д-т 5410 К-т 7210.
ІІ нұсқа
Жұмыс істеп тұрған кезінде сатып алынған кәсіпорын заңды тұлға мәртебесін жоғалтады,оның активтері мен пассивтері сатып алушы фирманың балансына қосылады.
1. Баланста көрсетілген құнға Д-т 5430 К-т 1040-6 000,0.
2. Кәсіпорынды сатып алу құнының олардың барлық активтерінің құнынан арту сомасына Д-т 2700, 2710, 2730 К-т 1040- 4 200,0
3. Сатып алынған кәсіпорынның барлық активтері акт бойынша қабылданады Д-т 2700, 2710, 2411-2417, 1310, 1320, 1330, 1210, 1250, 1010, 1040 және т.б бөлімшелер К-т 5430-6 000,0.
4. Сатып алынған кәсіпорынның барлық пассивтері акт бойынша қабылданады Д-т 5430 К-т 2740, 2410, 5020, 5010, 6210, және т.б бөлімшелер-6 000,0.
5. 10жыл бойына ай сайын есептелген амортизация Д-т 8045 К-т 2740-35,0.
6. 10жылдан кейін гудвилдың есептен шығарылуы Д-т 2740 К-т 2710-4 200,0
Бедвил жағдайында сатып алынған кәсіпорын құны 10 000,0, 7 000,0 сатып алынған, бедвилл- 3 000,0.
а) Д-т 5430 К-т 1040-7 000,0;
ә) Д-т 5430 К-т 6280-3000,0;
б)жыл соңында Д-т 6280 К-т 5410;