Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция №11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
28.31 Кб
Скачать

Дәріс-11. Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі.

1. Материалдық емес активтерді бағалау.

2.Материалдық емес активтердің келіп түсуі.

3.Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы.

1. Материалдық емес активтерді бағалау.

1.Басқа кәсіпорындар мен адамдардан ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі.

2.Кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады.

3.Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі 2700- бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған № 1 нысандағы ” Материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу актісінде ” көрсетіледі.

Актіде мыналар көрсетіледі:

1.Материалдық емес активтердің дәл атауы.

2. Кәсіпорынға өткізілген( келіп түскен).

3. Объектінің сипаттамасы.

4.Бастапқы құны.

5.Амортизация нормасы.

Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенде ( сатылғанда , өтеусіз берілгенде ) акт өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға екі дана жасалады.10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың № 2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инверторлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомостінде топтастырылады,онда мыналар келтіріледі:

а)материалдық емес активтердің аталуы;

ә)ай басындағы және соңындағы қалдықтар;

б)ай ішінднгі қозғалыстар;

Есеп компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.

10.2. Материалдық емес активтердің келіп түсуі.

1.Басқада заңды және жеке тұлғалардан сатып алу:

а)сатып алынған материалдық емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз)

Д-т 2700 К-т 3310;

ә)ҚҚС сомасында Д-т 1420 К-т3310

б)ҚҚС-ты есепке алу Д-т 3130 К-т 1420

в)ұсынылған шотты төлеу Д-т 3310 К-т 1040,1050,1011,1020

2.Материалдық емес активті кәсіпорынның қзі жасауы (бағдарламалық қамтамасыз ету,интелектуалды құн объектісін құру, сауда белгілерін әзірлеу):

а)жұмсалған материалдардың құнына Д-т 8011 К-т 1310-1315;

ә)әзірлеушілердің жалақысы Д-т 8012 К-т 3350;

б)жалақыдан аударылған сомасына Д-т 8013 К-т 3150

в)материалдық емес активтердіңжасау жөніндегі шығындар Д-т 8010

К-т 8011,8012,8013;

г)жасалған материалдық емес активтің нақты құнына (оны балансөа алған кезде)

Д-т 2700, 2730 К-т 8010

Материалдық емес активтерді жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 8030, 8040-шы бөлімшелердің шоттарында ескеруге болады.

3.Материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым ретінде түсуі:

а)мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т5020 К-т 2010;

ә)келіп түскен материалдық емес активтердің сомасына Д-т2700,2730 К-т 5020;

Шаруашылық серіктестіктері туралы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес- шаруашылық субъектілері жарғылық капиталға салым ретінде салынған құқықты енгізуне құқылы. Олар кірістік әдіспен немесе капиталданған жалдық көлемінің бағасы бойынша (жалдық пайызды қоса) қысқартылған түрде бағаланады.Үйлерді,ғимараттар мен жабдықтарды уақытша пайдалану құқы құнының сомасы есепке алынады, бұл сомаға Д-т 2700 К-т 5020.Уақытша пайдалануға алынған уйлердің, ғимараттардың және жабдықтардың өзі баланстан тыс 001-шотта ескеріледі.

4.Материалдық емес активтердің өтеусіз тегін түсуі Д-т 2700,2730 К-т6230,6280.

Жыл соңында Д-т 6230,6280 К-т 5410.