Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция № 9, 10.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
84.91 Кб
Скачать

3.Негізгі құралдардың келіп түсуі.

Негізгі құралдар кәсіпорынға сатып алуға байланысты,құрылыс нәтижесінде,өтеусіз,жарғылық капиталға салым ретінде және т.б. жағдайларды келіп түседі.

І.Сатып алынған негізгі құралдырдың есебі

І.Үйлер мен жеңіл автомобильдер сатып алу.

1.Баланстық құнына Д-т 2411-2417 К-т 3310.

2.Тозу сомасына(егер пайдалануда болған обьектілер сатып алынса)Д-т 2411-2417 К-т 2421,2425-100,0.

3.ҚҚС-ты қоса алғанда,жеткізуге байланысты шығындар Д-т 2414 К-т 3310-50,0.

Жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешек өтелгенде Д-т 3310 К-т 1010,1040,1020,1050-350,0.

II.Сатып алынған басқа басқа НҚ (бухгалтерлік жазбаларды ақша шоттарымен жасауға болмайды,өйткені есепке алуға арналған ҚҚС бөлініп көрсетіледі).

1.ҚҚС-сыз салық шот-фактураларына сәйкес келісім құнына бәз мынадай жазба жасаймыз.Д-т 2411-2417 К-т 3310-3007

2 Ұсынылатын шот бойынша ҚҚС сомасына: Д-т 1420 К-т 3310-60,0.

3.Төлем фактісіне қарамастан ҚҚС-ты есепке алу (бюджетке ҚҚС бойынша төлемдерді кеміту) .Кіріске алу сәті бюджет алдындағы берешекті кемітуге ҚҚС-ты жатқызу сәті болып табылады : Д- т 3130 К-т 1420-60,0.

4.Жеткізушіге төленген шоттар : Д-т 3310 К-Т 1040, 1050, 1010,1020-360,0.

Егер алдын ала төлем жүргізілсе:

1.Жүргізілген алдын ала төлемнің сомасына Д-т 1610 К-т 1040,1050,1010,1020-360,0.

2.НҚ келісім құнына Д-т 2415, 2416,К-т 3310-300,0.

3.ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310-60,0.

4. ҚҚС есепке алу Д-т3130 К-т 1420-60,0.

5. Берілген аванстарды (алдын ала төлемдерді) есепке алу Д-т3310 К-т 1610-60,0

3) Объект құрлысының нәтижиесінде келіп түскен НҚ

Үйлер мен ғимараттарды тұрғызу, жабдықтарды монтаждау жөніндегі шығындар мен күрделі құрылысқа сметалармен,сметалық қаржылық есептеулермен көзделген басқа шығындар (құрылыстың мердігерлік немесе шаруашылық әдіспен жүзеге асырылуына қарамастан)126- шотта(аяқталмаған құрылыс)ескеріледі.

Құрылыстың мердігерлік әдісі:

1.ҚҚС -ты қоса алғанда үйдің құрылысы бойынша сметалық және құрылыс- монтаж жұмыстары үшін жобалау ұйымы мен мердігерлік құрылыс ұйымына есептелді:Д-т2930 К-т3310-1200,0.

2. Монтажға берілген жабдықтың құнына (егер жеткізу тікелей жүзеге асырылса) : Д-т 2930 К-т 3310, 1040 (егер жабдық монтажға қоймадан берілсе, онда Д-т 2930 К-т 2930, орнатуға арналған жабдық субшоты).

3. құрылысқа жер учаскесін бөлуге байланысты өтемақы есептелді: Д-т 2930 К-т 3540-480,0.

4. Жобалау және мердігерлер ұйымдарының шоттарына төлем жасалды; Д-т 3310 К-т 1040,1050,1010,1020-1200,0.

5. Жер учаскесін бөлгені үшін өтемақы сомасы төленді Д-т 3310 К-т 1040,1050,1010,1020-480,0.

6. Жұмыстар аяқталғаннан кейін обьектіні акт бойынша қабылдау және пайдалануға беру:

- егер өтемақы обьектінің бастапқы құнына енгізілсе Д-т 2412 К-т 2930-1 980,0 (1200,0+300,0+480,0);

- егер өтемақы сметада көзделмесе, онда құрылысқа байланысты шығындар ретінде. Бірақ обьектінің бастапқы құнына енгізілмеген шығындар кезең шығындарына жатқызылуы тиіс:

- өтемақы сомасына Д-т 7210 К-т 2930-480,0.

-обьектілер пайдалануға берілген кезде олардың бастапқы құнына Д-т 2412 К-т 2930-1 500,0 (1200,0+300,0).

-жыл қорытындысы бойынша шығындар жиынтық табыстың кемуіне жатқызылады Д-т 5410 К-т 7210-480,0.

Құрылысты жүргізудің шаруашылық әдісі:

  1. Құрылысқа пайдаланылатын материалдың құнына Д-т 2930 К-т 1317-500,0.

  2. Монтаждауға берілген жабдықтардың құнына Д-т 2930 К-т 3310-250,0.

  3. Құрылыс жұмысшыларына жалақының есептелуі Д-т 2930 К-т 3350-250,0.

  4. ММСҚ зейнетақы қорына әлеуметтік сақтандыру аударымдары жасалды (есептелген жалақыдан 20%) Д-т 2930 К-т 3150,-75,0.

  5. Орындалған жұмыстары үшін жобалау ұйымына есептелгені Д-т 2930 К-т 3310-400,0.

  6. НҚ (үй) обьектісін пайдалануға беру актісіне сәйкес Д-т 2412 К-т 2930-1 530,0 (500,0+300,0+250,0+5,0+75,0+400,0).

ІV. НҚ өтеусіз келіп түсуі

1-нұсқа. Егер НҚ демеушілік көмек ретінде алынса, онда оларды былайша кіріске алады: Д-т 2411-2417 К-т 6280-1200,0.

Егер табыс ету құжаттарында тозу сомасы көрсетілсе, онда:

А) Байланыстық құнына Д-т 2411-2417 К-т 6280-400,0;

Ә) тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429-800,0.

2-нұсқа. Егер негізгі құралдар атқарушы үкімет органдарынан днмнуқаржы (субсидия) түрінде алынде алысса Д-т 2411-2417 К-т 6230-1 млн теңге , табыс етілген НҚ пайдалану боып , құжаттарында тозу құны көрсетілсе,онда:

А) баланстық құнына Д-Т 2411-2417 К-т 6230-600,0;

Ә) Тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429-400,0.

Жыл қорытындысы бойынша 7-бөлімнің шоттарында көрсетілген табыстар жиынтық табыстың өсуіне жатады Д-т 6230, 6080 К-т 5410.