
- •Дәріс-13,14. Ақша, есеп айырысу және несие операцияларының есебі.
- •1. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері
- •2. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •3. Валюталық шот бойынша операциялардың есебі.
- •4. Бағам айырмасының есебі
- •5. Касса операцияларының есебі
- •6. Есеп айырысу операцияларының есебі
- •7.Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың есебі
- •8 Банк несиелері мен қарыз қаражаттарының есебі
- •9. Қарыз қаражаттарының есебі
- •10. Бюджетпен есеп айырысудың есебі
- •11. Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
8 Банк несиелері мен қарыз қаражаттарының есебі
Несие дегеніміз- бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөлінеді.
Коммерциялық несиені шаруашылық субъектілері сатылған тауарлар, өнімдер, қызметтер үшін ақша төлеу мерзімін созу түрінде бір-біріне береді.
Банк несиелерін өндірісті кеңейту үшін және ағымдағы қызметі үшін төлем қаражаттарының көзі ретінде пайдаланылатын ақша қарызы(ссуда) түрінде несие мекемелері береді. Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті заңдармен белгіленеді және субъект пен банк арасындағы несие шартымен реттеледі. Онда несиелендіру объектілері, несие берудің шарттары мен тәртібі, оны өтеудің мерзімдері, міндеттемелерді өзара қамтамасыз етудің нысандары(кепіл) , пайыздық ставкалар, оларды төлеудің тәртібі, тараптардың құқы мен жауапкершілігі, құжаттардың тізбесі және оларды тапсырудың мерзімділігі және т.б.
Нақты бір банкке қарыз үшін жүгірмес бұрын субъект:
Оны алудың мақсатқа сайлығы мен қайтарудың мүмкіндіктерін ойластыруға;
Несие беру мерзімдері, пайыздық ставкалардың мөлшері және басқа талаптар тұрғысынан әр түрлі банктердің несие беруінің және өтеуінің талаптарын бағалап алуы тиіс.
Банк кәсіпорынның қарызды уақытылы қайтару және пайыздар төлеу мүмкіндіктерін бағалап, оның төлем қабілеті мен табыстылығына талдау жасайды.
Ол үшін банк баланс пен басқа есептемелерді сұрап алуға, несиенің тиісті тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуін тексеруді жүзеге асыруға, есеп беру құжаттарымен , есептік тіркелімдермен танысуға құқылы.
Шаруашылық субъектілерін несие алу үшін несиенің қамтамасыз етілгендігі мен қарыздың қайтарылуы шындық екендігін растайтын құрылтай құжаттарының ,есептулердің, бухгалтерлік және статистикалық есеп берулердің көшірмелерін қоса тіркеп, банкке өтініш жібереді.Бір жылға дейінгі мерзімге берілетін қысқа мерзімді және бір жылдан астам мерзімге берілетін ұзақ мерзімді несиелер болады.
ҚР аумағындағы және шетелдегі ұлттық және шетелдік валютадағы түрлі несиелер турады ақпаратты жинақтауға 3010,4010 – Банк несиелері шотына арналған.
Қысқа мерзімді несиелер кәсіпорынның айналым қаражатын қалыптастыру көздерінің бірі болып табылады (меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасы 60\40- тан аспауы тиіс).
Ұзақ мерзімді банк несиесі негізінен күрделі құрылысты қайта құрудың және өзге де күрделі салымдардың шығындарына беріледі. Бұл қарыздар қосымша үнем есебінен немесе жаңа кәсіпорындардан, цехтардан, өндірістен, жабдықтарды жаңғыртудан және технологияны жақсартудан алынған кіріс есебінен өтелуі тиіс.
Алынған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелердің сомасы кәсіпорынның шотына есептелген Дт – 1040, Кт – 3010, 4010.
Банк несиелері есебінен аккредитивтерге ақша қаражаттары есептелді Дт- 1070, Кт- 3010, 4010.
Банк несиелері есебінен чек кітапшалары берілген кезде қаражаттың депоненттелуі Дт- 1070 Кт- 3010, 4010.
Алынған несие есебінен ашылған арнайы ссуда (несие) шотына жеткізушілердің, мердігерлердің шоттары төленді (егер алынған несие кәсіпорынның шотына есептелмейтін болса) Дт- 3310, 3390 Кт- 3010, 4010.
Несиені қайтару, өтеу Дт-3010, 4010 Кт – 1040, 1050.
7- Тауарлы материалдық қорларды есепке алу БЕС- ы бойынша несиені төлеуге жұмсалған шығындар өндірістік өзіндік құнға қосылмайды және солар жұмсалған есепті кезеңнің шығыстары ретінде танылады :
а) есептелген банктік %- дің сомасы бойынша Дт 7310 , Кт 3380;
ә) % төлеген кезде Дт 3380, Кт 1050,1040.
3010, 4010 шоттарының жекелеген субшоттарында вексельді (дисконтты) есепке алу операциялары бойынша банкттермен есеп айырысулар ескеріледі.
Берілген вексельдер үшін банктен нақты алынған ақша қаражаттарының сомасы Дт 1040, 1050 Кт 3010, 4010\ дисконттық вексельдер.
Вексельдерге банк берілген кезде банк ұстап қалған дисконт сомасына (банктік %) Дт 7310, Кт 3010,4010.
Банк авизосының (хабарламасының )негізінде вексель бойынша төлем мерзімі басталғанда Дт 3010, 4010\ дисконттық вексельдер, Кт 1130.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелердің талдамалы есебі олардың берген банктер бөлігінде қарыз түрлері бойынша жүргізіледі. 3010, 4010- шоттарының кредиті бойынша жинақтаушы есеп №4 журнал – ордерде жүргізіледі.
Шаруашылық субъектісі өз қызметкерлерінің :
а) жеке және кооперативтік тұрғын үй құрылысы үшін;
ә) мал сатып алуы үшін;
б) бау- бақша үйшіктерін сатып алуы немесе құрылысы үшін қарыз беруге банк мекемелерінен несие ала алады.
Қарыздар қызметкерлердің міндеттемелеріне кәсіпорындар арқылы беріледі.
Қызметкерлердің өтініші негізінде субъект банк несиесін алады:
Банктен алынған несиенің нақты сомасына Дт 1040, 1050 Кт 3010,4010\ қызметкерлер үшін несие.
Қызметкерлерге қарыз беру Дт 1250\ қызметкерлер үшін несие Кт 1040, 1010.
Несие үшін % Дт 7310, Кт 3380.
Субъект қызметкерлерінен келіп түскен кезекті төлемдердің сомасы (осы қарызды өтеу тәртібіне қарай) Дт 3350, 1010, 1040 Кт 1250\ қызметкерлер үшін несие.
Берілген қарыздың бір бөлігін шаруашылық суъектісі өзінің таза кіріс есебінен өтей алады Дт 5410, 5430 Кт 1250\қызметкерлер үшін несие.
Қарыздар өтелген жағдайда шаруашылық субъектілері ҚР салық кодексінің 10, 48 баптарын басшылыққа алуы тиіс.
Банктің несиелерін өтеу Дт 3010\ қызметкерлер үшін несие Кт 1040, 1050.
% төлеу Дт 3380, Кт 1040, 1050.
Қолданыстағы банк заңдарына сәйкес ҚР Ұлттық банкі ҚР ақша несие саясатын жүзеге асырудың бір құралы ретінде қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгілейді.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын Ұлттық банктің Басқармасы ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша 0 мен 3 , инфляция деңгейі мен инфляциялық күтімдердің жалпы жағдайына байланысты белгіленеді. Қайта қаржыландыру ставкаларының мәселесі айыппұлдың, өсімақының және өзге шегерімдердің анықталған сомаларына бастау алады.