Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция №13,14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
79.49 Кб
Скачать

3. Валюталық шот бойынша операциялардың есебі.

Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және мынадай әр түрлі валюталарда:

а) ұлттық;

б) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және шектеусіз айырбасталатын);

в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы елдердің ұлтгық валюталары);

г) клиринг валютасьнда (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу негізінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды.

ҚР Ұлтгық банкі Басқармасының 1997 жылғы 2 мамырдағы №206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне" сәйкес валюталық операцияларды жасау үшін заңды және жеке түлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады. Шотгы ашу үшін заңды түлғалардың тапсыратыны:

          1. Валюталық шотты ашу туралы өтініш;

          2. Құрылтай қүжаттарының нотариалды расталған көшірмесі,

          3. Өкілетті түлғалардың қойған қолдары мен мөртабан белгісінің үлгілері;

          4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

          5. Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы.

Резидент заңды тұлғалардың валюталық шоггы ашуы, жүргізуі және жабуы «Клиенттердің екінші деңгейдегі банктерде банк шоттарын ашу, жүргізу жэне жабу тэртібі туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы №61 Нұсқаулықта көзделген тэртіппен жүргізіледі.

"Шетелдік валютадағы операциялардың есебі" 9 БЕС-ына сэйкес валютада жасалатын мэмілелер шетелдік валютадағы операциялар болып табылады. Мұндай кезде субъект:

            1. Мүлікті (тауарлы-материалдық қорларды, негізгі құралдарды және т.б. айналым активтерін) шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады.

            2. Төленуге немесе алынуға тиіс сомасы шетелдік валютада белгіленген несиелерді алады немесе береді.

            3. Өзгедей жолмен активтерді шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады, шетелдік вашотамен өзіне міндетгеме алады немесе сол міндеттемелер бойынша валютамен есептеседі.

Валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шотгарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ньщ валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы жэне шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар, сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жүргізілуге тиісті.

Шетелдік валютамен есеп айырысу, әдетте, мынадай нысандарда жүргізіледі:

              1. Банктік аударым - бұл бір банктің төлем тапсырмасының басқа банкке пошта немесе телеграф бойынша салып жіберуімен жүргізілетін есеп айырысу операциясы.

              2. Қүжаттамалық инкассо - бұл импортшыдан (төлеушіден) ақша сомасын немесе тауар қүжаттарына қарсы белгілі бір мерзімде төленетіндігін растауды алуға экспортшының (кредитордың) өз банкіне берген тапсырмасы.

              3. Қүжаттамалық аккредитив - бұл импортшы-клиентінің тапсырмасы негізінде экспортшының пайдасына берілген банктік ақшалай міндеттеме.

Валюталық шоттар бойынша операциялар мынадай құжаттармен ресімделеді:

а) қолма-қол валютаның (түсім, пайдаланылмаған сома, есеп беретін сомалар жэне басқалар) келіп түсуі валюталық кіріс ордерімен ресімделеді;

ә) қолма-қол валютаның берілуі (шығысы) - валюталық шығыс касса ордерімен (тапсырмамен);

б) шетелде жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару аударым өтінішімен рәсімделеді.

Валюталық шоттар бойынша операциялардың есебі активтік 1050- «Ағымдағы корреспонденттік шоттағы шетел валютасы» шотында жүргізіледі. Мұндай шотты ашу және сол бойынша операциялар жасау ҚР Ұлттық банкі берген алдын ала рұқсаттың болуын талап етеді. Бұл орайда шаруашылық субьектісі аталған шоттардағы қаражаттардың қалдығы бойынша және басқа да мәліметтер бойынша есептемені ҚР Ұлттық банкі белгілеген нысанда және мерзімде тапсыруға міндетті. 1050-шоттың дебеті бойынша бастапқы қалдық, ақша қаражаттарының түсуі және соңғы қалдық көрсетіледі. 1050-шоттың кредиті бойынша субьектінің валюталық шотынан қаражаттардың есептен шығарылуы (аударылуы, берілуі) көрініс табады. 1050-шоттың кредиті бойынша операциялар банк көшірмесінің негізінде №2 журнал ордерге, 1050-шоттың дебеті бойынша №2 ведомоске жазылады. Жиынтық айналым мен сальдо ай соңында бас кітапқа көшіріледі.

1050-шот бойынша шаруашылық операциялары.

  1. Экспртқа жөнелтілген өнәмдер мен көрсетілген қызметтер үшін шетелдік сатып алушылардан түсім түсті Дт-1050 Кт 1210

  2. Әр түрлі шетелдік дебиторлардан берешектің келіп түсуі Дт 1050 Кт 1280

  3. Бұрын берілген аванстардың түсуі (қайтарылуы) Дт 1050 Кт 1610

  4. Шетелдік валютадағы шоттан ел ішіндегі валюталық шотқа келіп түскені Дт 1050 Кт 1060

  5. Құрылтайшылардың жарғылық капиталға салымы шетелдік валютамен түсті Дт 1050 Кт 5020.

  6. Шетелдік валютамен несие, займ алу Дт 1050 Кт 3010 3540

  7. Шетелдік валютамен аванс алынғанда Дт 1050 Кт 3510,4410

  8. Шетелдік валютадағы ақша қаражаттары валюталық шотқа өткізілді Дт 1050 Кт 1020

  9. Оң бағамдық айырма Дт 1050 Кт 6250

  10. ТМҚ жеткізуге, жұмыс және қызмет үшін шетелдік валютамен берілген аванс (алдын ала төлем) Дт 1610,2910 Кт 1050

  11. Шетелдік валюта аккредитивке есептелді Дт 1070 Кт 1050

  12. Банктерден қолма қол шетел валютасын алу Дт 1020 Кт 1050

  13. Несиелер, займдар берешек өтелді Дт 3010,3540 Кт 1050

  14. Шетелдік жеткізушілердің шотын төлеу Дт 3310 Кт 1050

  15. Өзге кредиторларға берешектерді өтеу Дт 3390 Кт 1050

  16. Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берешектерді өтеу Дт 3330-3320 Кт 1050

  17. Теріс бағамдық айырма Дт 7430 Кт 1050.