
- •Дәріс-13,14. Ақша, есеп айырысу және несие операцияларының есебі.
- •1. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері
- •2. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •3. Валюталық шот бойынша операциялардың есебі.
- •4. Бағам айырмасының есебі
- •5. Касса операцияларының есебі
- •6. Есеп айырысу операцияларының есебі
- •7.Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың есебі
- •8 Банк несиелері мен қарыз қаражаттарының есебі
- •9. Қарыз қаражаттарының есебі
- •10. Бюджетпен есеп айырысудың есебі
- •11. Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
Дәріс-13,14. Ақша, есеп айырысу және несие операцияларының есебі.
12.1. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері
12.2. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
12.3. Валюталық шот бойынша операциялардың есебі.
12.4. Бағам айырмасының есебі.
12.5. Касса операцияларының есебі.
12.6. Есеп айырысу операцияларының есебі.
12.7. Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың есебі
12.8. Банк несиелері мен қарыз қаражаттарының есебі.
12.9. Қарыз қаражаттарының есебі,
12.10. Бюджетпен есеп айырысудың есебі.
12.11. Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
1. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу,өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмлелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1.Банк жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен.
2.Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1) ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;
2) шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
3) бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
4) республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелердегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса- есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, эр түрлі мақсаттар үшін кэсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойыніша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдалана- ды. Мүндай қаражатгар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттаркның бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді. Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
Қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жэне қолма қол ақшамен қажетгі есеп айырысуларды уақтылы жэне дұрыс жүргізу.
Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.
Бөлінген лимиттерге, қорларға жэне сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
Белгіленген мерзімдерге ақша қаражатгары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық жэне кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.
Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
Есеп айырысу – төлем ьәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай – ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.