Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 10д.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
33.12 Кб
Скачать

2. Сигналдық түстер

Бағдаршамдар беретін сигналдардың негізгі мәндері (олардың орнатылу орны мен арналымына қатыссыз) төмендегідей болады:

Бір жасыл шам - белгіленген жылдамдықпен қозғалыс рұқсат етіледі;

Бір сары шам – тоқтауға әзірлікпен қозғалыс қозғалыс рұқсат етіледі, келесі бағдаршам жабық;

Бір қызыл шам – Тоқта! Сигналдан өтуге тыйым салынады;

Маневрлік бағдаршамдар келесі сигналдарды береді:

Бір айдай аппақ шам – маневрлерді жүргізуге рұқсат беріледі;

Бір көк шам – маневрлерді жүргізуге тыйым салынады;

Запрещается установка декоративных полотнищ, плака­тов и огней красного, желтого и зеленого цветов, мешаю­щих восприятию сигналов и искажающих сигнальные показания.

Порядок применения сигнальных цветов и скорости про­следования сигнальных показаний устанавливаются Инст­рукцией по сигнализации на железных дорогах Республики Казахстан и Инструкцией по движению поездов и маневро­вой работе на железных дорогах Республики Казахстан, ут­вержденными приказом Министра транспорта и коммуника­ций Республики Казахстан от 17 августа 2000 года № 364-1.

На железнодорожном транспорте Республики Казах­стан применяются только сигналы и сигнальные приборы, утвержденные Министерством.

Цвет сигнальных стекол и линз должен соответствовать установленным стандартам.

  1. Кіру, шығу және маршруттық бағдаршамдардың арналымы, орнатылатын орындары және көрсеткіштері

Кіру – станциядан аралыққа поезға жөнелтілуге рұқсат береді немесе тыйым салады.

Кіру бағдаршамдары бірінші бағыттамалық бұрмадан 50 метрден кем емес қашықтықта орнатылуы керек.

Бағыттамалық бұрмадан 50 метрден аз қашықтықта, бірақ 15 метрден кем емес болып тұрған бағдаршамдардың орындары ауыстырылмауы мүмкін.

Электрленген телімде кіру бағдаршамдары, сондай-ақ «Станция шекарасы» сигналдық белгісі аралық түйіспелік желіні станциялық желіден бөліп тұратын ауа бөлігіне дейін орналасуы керек.

Көрсеткіштері. Кіру бағдаршамдары бағыты бойынша санды литерлік тақтайшамен белгіленеді:

Н тақ поездар үшін

Ч – жұп поездар үшін

Кіру бағдаршамдары басты жол нөміріне сәйкес нөмірленеді: Н1, Н3, Ч2, Ч4.

Шығу – поезға станциядан аралыққа жөнелуіне рұқсат беруші немесе тыйым салушы.

Орнатылатын жері. Шығу бағдаршамдары әрбір жөнелту жолдарына жөнелтетін поездар локомотивтері тұратын орынның алдынан қойылуы керек.

Станцияда жеткілікті ұзындығы жоқ жолдардан поездарды жөнелткенде поездың басы шығу бағдаршамынан асып орналасса, оны қайталағыш сигналды орнатуға рұқсат беріледі. Шығу бағдаршамдарына қайталау сигналын қажет ететін станциялар тізімі және осындай жағдайлардағы сигналдарды қолдану тәртібі «ҚТЖ» АҚ ҰК жетекшілігімен жүзеге асырылады.

Поездарды тоқтаусыз өткізетін жолдардан басқа жол топтарына топталған шығу және маршрутттық бағдаршамдарды орнатуға рұқсат беріледі. Топталған шығу және маршрутттық бағдаршамдар поезды жөнелтуге рұқсат беретін жолдың номерін көрсететін маршруттық көрсеткіштермен толықтырылуы қажет.

Көрсеткіштері. Кіру бағдаршамдары бағыты бойынша және сәйкес жолдың номерін көрсететін санды литерлік тақтайшамен белгіленеді:

Н1, Н3, Н5 – тақ поездар үшін.

Ч2, Ч4, Ч6 – жұп поездар үшін.

Маршруттық – поезға станцияның бір ауданынан екіншісіне өтуге рұқсат беруші немесе тыйым салушы.

Орнатылатын жері. Маршруттық бағдаршамдар станция аудандарының шекараларында немесе станция парктерінің жөнелту жолдарында орнатылады.

Көрсеткіштері. Маршруттық бағдаршамдар литерлі және цифрлы тақтайшалармен бірге көрсетіледі. Маршруттық бағдаршамды білдіретін М литерлі тақтайша міндетті түрде орнатылуы керек. Сонымен қатар тақ поездар үшін – Н, жұп поездар үшін – Ч бағыт литерлі тақтайшалар орнатылады. Сондай-ақ жол номері көрсетілген тақтайша орнатылады және қажетті жағдайларда аудандар мен парктердің сандық мөлшері көп болғанда ауданның немесе парк литерін көрсететін тақтайша қойылуы мүмкін. Мысалы, ЧМIIБ – жұп маршуттық 2 жол бойынша Белоостровский паркі.