
- •Сигналдар
- •Дыбыстық сигналдар.
- •2. Сигналдық түстер
- •Кіру, шығу және маршруттық бағдаршамдардың арналымы, орнатылатын орындары және көрсеткіштері
- •Кіру, шығу және маршруттық бағдаршамдардың сигналдары
- •Сабақ барысы Ход урока
- •Сигналдар
- •Бағдаршамда қолданылатың сигналдар
- •Бағдаршамдар арналымы
- •Бағдаршамың орнатылатын жерлері
Дәріс 10
Тақырып: Сигналдар. Кіру, шығу және маршруттық бағдаршамдар
Жоспар:
Сигналдар
Бағдаршамда қолданылатың сигналдар
Бағдаршамдар арналымы
Бағдаршамың орнатылатын жерлері
Бағдаршам көрсеткіштері
Сигнализация
Сигналдар
Сигналдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай - ақ поездар қозғалысын және маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру үшін қызмет етеді
Сигналдар бұйрық болып табылады және оны орындау шартты. Теміржол жұмыскерлері сигалдардың талаптарын орындау үшін барлық амалдарды қолдануы қажет.
ЖАБЫҚ БАҒДАРШАМҒА ӨТУ РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ
Сөніп қалған бағдаршам оттары (телімдердегі ескертпелік, АБмен жабдықталмаған қоршау мен қайталағыш бағдаршамдардан басқа) олардың түсініксіз көрсеткіштері, сонымен қатар басқа сигналдық приборлармен түсініксіз сигнал беру тоқтатуды талап етеді.
Сигнал деп дыбыстық және көрінетін белгілер көмегімен поездар қозғалысына байланысты белгілі бұйрықтар беруді айтамыз.
Қабылдау тәсілі бойынша сигналдар көрінетін және дыбыстық болып бөлінеді.
Көрінетін сигналдар түсімен, пішінімен, сигналдық көрсеткіш сандарымен орналасуымен ерекшеленеді. Көрінетін сигналдарды беру үшін сигналдық аспаптар: бағдаршамдар,дискілер, қалқандар, шамдар, жалаулар, сигналдық нұсқағыштар және си гналдық белгілер қызмет етеді.
Көрінетін сигналдар оларды қолдану мезгілі бойынша төмендегідей түрлерге бөлінеді:
Күндізгі, тәуліктік жарық мезгілінде беріледі; мұндай сигналдарды беру үшін дискілер, қалқандар, жалаулар және сигналдық нұсқағыштар қолданылады.
Түнгі тәуліктің қараңғы мезгілінде беріледі; мұндай сигнал ретінде қол және поездық шамдардағы, сырықтардағы және сигналдық нұсқағыштардағы шамдардың белгіленген түстердегі жарығы қызмет етеді.
Түнгі сигналдар күндізгі уақытта да тұман, қарлы боран және басқадай, күндізгі тоқтау сгналдарының көрінімділігі 1000 м-ден кем, жылдамдықты азайту сигналдарының – 400 м-ден , маневлік сигналдарының -200 м- ден кем болған қолайсыз жағдайларда қолданылуы тиіс
Тәулікбойы, тәуліктің жарық және қараңғы мезгілінде бірдей беріледі; мұндай сигналдар ретінде беліленген түстердеі бағдаршамдардың жарығы, маршруттық және басқа жарықтық нұсқағыштар, жылдамдық азайтудың тұрақты дискілері, сары түсті квадраттық қалқандар (сырт жаы жасыл түсті), жүк поезінің соңын белгілеуге арналатын жарық шағылыстырғышы бар қызыл дискілер қызмет етеді.
Тонельдерде тек түнгі немесе тәулікбойы сигналдары қолданылады.
Дыбыстық сигналдар.
Дыбыстық сигналдар әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың санымен және үйлесімімен қолданылады. Күндіз де түнде де олардың мәні өзгіріссіз болады.
Дыбыстық сигналдар беру үшін локомотивтердің, моторвагонды поездардың және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның ысқыруықтары, үрлемелі кернейлер, сиреналар, уілгілер, петардалар қызмет етеді.
Петарданың жарылысы дереу тоқтауды талап етеді.
Формасы және түсі белгісіз сигналдарды қолдануға тыйым салынады.
Тыйым салушы және түсініксіз сигналдардың барлығы тез арада тоқтауды талап етеді.
Автоблоктауы бар телімдерде созылмалы өрде орналасқан ашық ақ түсті «Т» әрпі түріндегі шағылыстырғыш белгісі бар қалқанмен қоса берілетін, өтпелі бағдаршамның шартты рұқсаттық сигналы жүк поезына қызыл бағдаршамнан 20 км/сағ аспайтын жылдамдықпен аса қырағылықпен және ары қарай қозғалысына кедергі кездессе дереу тоқтауға әзірлікпен жүріп өтуіне рұқсат береді.