- •Тақырып 5. Негізгі қорларды пайдалануды талдау
- •5.1. Негізгі өндірістік қорлардың көлемін, серпінін және құрылымын талдау
- •5.2. Негізгі өндірістік қорлардың техникалық жағдайы мен қозғалысын талдау
- •5.3. Кәсіпорынның негізгі құралдарымен қамтамасыз етілуін талдау
- •5.4. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
5.4. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында өзінің ресурстарын, атап айтсақ негізгі өндірістік құралдарын тиімді пайдалана білген кәсіпорын ғана нарықта орнықты қызмет етеді. Қәсіпорын қызметінің оң қаржылық нәтижелері негізгі құралдарды тиімді пайдалануға тікелей байланысты.
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі мына көрсеткіштермен сипатталады: қор қайтарымдылық, қор сыйымдылық, рентабельділік, ақша құралдарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру, тауарлардың өзіндік құнын төмендету және т.б.
Қор
қайтарымдылық
(
)–
негізгі өндірістік қорлардың теңгеге
шаққандағы өндірген өнім көлемін
сипаттайтын көрсеткіш:
(5.14)
Қор сыйымдылық – қор қайтарымдылыққа кері шама, ол негізгі құралдар құнының жылдық өндірілген өнім құнына қатынасын сипаттайды:
(5.15)
Қор рентабельділігі – пайданың негізгі өндірістік құралдардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталатын негізгі қорларды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш:
(5.16)
Қормен жарақтану – бұл негізгі өндірістік жұмысшылардың құрал-жабдықтармен жабдықталуын сипаттайтын көрсеткіш. Қормен жарақтану көрсеткіші негізгі құралдар құнының жұмысшылардың орташа тізімдік жылдық санына қатынасымен анықталады.
Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін сипаттайтын ең негізгі көрсеткіш – қор қайтарымдылық. Қор қайтарымдылық серпінін талдауда негізгі мына 3 міндетті шешу қажет:
қор қайтарымдылық деңгейі мен серпінін бағалау;
жекелеген факторлардың қор қайтарымдылыққа әсерін өлшеу;
өндіріс көлеміне қор қайтарымдылықтың әсерін анықтау.
Қор қайтарымдылықты есептегенде меншікті өндіріс құралдарымен қоса басқа кәсіпорындардан жалға алынған құрал-жабдықтар есеп алынады, ал резервте тұрған және басқа кәсіпорындарға жалға берілген құрал-жабдықтар есепке алынбайды.
Егер талдау жасалған кезең ішінде өндірілген өнім көлемінің немесе пайданың салыстырмалы өсімі негізгі өндірістік қорлар құнының салыстырмалы өсімінен артық болса, онда негізгі қорлардың тиімді пайдаланылғаны. Қор қайтарымдылық көрсеткішінің өсуі негізгі қорларды үнемдеуге және өнім өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Қор қайтарымдылыққа көптеген мынадай факторлар әсер етеді: негізгі қорлар мен өнім өндіру жоспарының орындалу құрылымы, негізгі құралдардың құны, құрал-жабдықтардың өнімділігі және т.б. Кәсіпорынның қор қайтарымдылық көрсеткішінің өндірілген өнім көлеміне әсерін талдауға мысал келтіреміз.
5.4-мысал:
Көрсеткіштер |
Жоспар |
Нақты |
Жоспардан ауытқу |
1.Тауарлы өнім көлемі, мың теңге |
73 288 |
74 763 |
+ 1 475 |
2. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге оның ішінде: |
35 646 |
34 292 |
- 1 354 |
3. Белсенді бөлігінің құны |
19 712 |
18 689 |
- 1 023 |
4. Белсенді бөлігінің үлес салмағы, % |
55,3 |
54,5 |
-0,8 |
5. Қор қайтарымдылық , теңге 1 қатар/2 қатар |
2,056 |
2,180 |
+0,124 |
6. Белсенді бөлігінің қор қайтарымды-лығы, % 1 қатар/3 қатар |
3,71 |
4,0 |
+0,29 |
Абсолютті айырмалар әдісін қолданып өнім өндіру жоспарының орындалуына факторлардың әсерін анықтаймыз: Өндірілген өнім көлемі келесі факторлардың әсерінен 1475 мың теңгеге өскен:
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының өзгеру әсері:
Қор қайтарымдылық өзгерісінің әсері:
Факторлардың жалпы әсері:
.
Кестеден негізгі құралдар құрылымының нашарлағанын, яғни қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының азайғанын байқаймыз. Егер:
десек,
онда:
болады.
мұндағы,
– негізгі қорлардың белсенді бөлігінің
үлес салмағы;
– негізгі қорлардың белсенді бөлігінің
қор қайтарымдылығы;
– тауарлы өнім көлемі.
Алынған мәнді жоспармен салыстырсақ, онда қор қайтарымдылық 0,124 теңгеге өскен, оған келесі факторлар әсер еткен:
белсенді негізгі қорлар бөлігінің үлес салмағының өзгерісінің қор қайтарымдылыққа әсері:
.белсенді негізгі қорлар бөлігі қор қайтарымдылығының өзгерісінің қор қайтарымдылыққа әсері:
Факторлардың
жалпы әсері мынаған тең:
Жоғарыда аталған факторлардың тауарлы өнім көлеміне әсері былай анықталады:
белсенді негізгі қорлар бөлігінің үлес салмағының өзгерісі:
белсенді негізгі қорлар бөлігі қор қайтарымдылығының өзгерісі:
Факторлардың
жиынтық әсері:
.
Егер
кәсіпорын жалға алынған негізгі
құралдарды пайдаланған жағдайда, онда
оларды пайдаланудың тиімділігін бағалау
үшін қор қайтарымдылықтың орнына
төмендегі көрсеткішті пайдалануға
болады:
.
мұндағы,
- жалға алынған құралдарды пайдалану
шығындары.
Қор қайтарымдылықты арттыратын негізгі резервтер:
Машиналар мен құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын арттыру:
орналастырылмаған құрал-жабдықтарды іске қосу;
ішкі өндірістік тұрып қалуларды жою;
жөндеуде тұру уақытын қысқарту.
Техникалар мен өндіріс алаңдарын оңтайлы етіп жүктеу:
еңбек пен өндірістік ұйымдастыруды жетілдіру;
жобалық өндірістік техникаларға қол жеткізу мерзімін жеделдету.
Негізгі өндірістік қорларды техникалық жетілдіру:
жаңа техниканың базасында жаңарту;
өнертапқыштық қызметті дамыту;
озық алдыңғы қатарлы технлогияларды пайдалану;
құрал-жабдықтарды жаңарту.
Талдау барысында қор қайтарымдылықпен қатар қор сыйымдылық көрсеткіші қолданылады.
