Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАҚЫРЫП 5+++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

5.3. Кәсіпорынның негізгі құралдарымен қамтамасыз етілуін талдау

Кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі өндіріс көлеміне тікелей әсер етеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы өндірістік құрал-жабдықтардың мөлшерімен анықталады.

Кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін сипаттау үшін олардың жоспардағы мөлшерін нақты мөлшерімен салыстыру қажет. Бірақ өндірістегі жұмысшылар саны мен өндірістік бағдарламаның көлемін есепке алғанда мына көрсеткіштерді талдау қажет:

  1. Еңбектің қормен жарақтандырылуы ( ). Бұл көрсеткіш еңбектің негізгі өндірістік қорлармен жарақтану деңгейін сипаттайды және негізгі қорлардың орташа жылдық құны мен жұмысшылардың орташа тізімдік санының қатынасымен анықталады:

(5.3)

мұндағы, – жұмысшылардың орташа тізімдік саны.

  1. Жұмысшылар еңбегінің техникалық жарақтандырылуы ( ) жұмысшылардың құрал-жабдықтармен орташа жабдықталу деңгейін сипаттайды және негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігі (жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар) құнының жұмысшылар санына қатынасымен анықталады:

(5.4)

мұндағы, – негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің орташа құны.

Талдау барысында еңбектің қормен жарақтануының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен салыстырылады.

Машиналар мен құрал-жабдықтар – негізгі құралдардың неғұрлым белсенді бөлігі. Талдау үдерісінде кәсіпорынның машиналармен және құрал-жабдықтармен сандық қамтамасыз етілуі анықталып, олардың техникалық деңгейі бағаланады.

Кәсіпорында құрал-жабдықтарды 3 түрге бөледі: қолда бар (кәсіпорын балансындағы), орналастырылған (жұмысқа дайындалған) және әрекет ететін (нақты жұмыс жасайтын) құрал-жабдықтар (6-сурет).

Сурет 6. Қолда бар құрал-жабдықтардың құрамы

Құрал-жабдықтардың пайдаланылу деңгейі келесі коэффициенттер-мен сипатталады:

  1. Қолда бар құрал-жабдықтар паркін пайдалану коэффициенті ( ):

(5.5)

  1. Орналастырылған құрал-жабдықтар паркін пайдалану коэффициенті ( ):

(5.6)

  1. Пайдалануға берілген құрал-жабдықтарды пайдалану коэффициенті ( ):

(5.7)

Көрсеткіштер мәнінің 1-ге жуықтауы құрал-жабдықтардың жұмысқа асыра тым жүктелгенін, ал өндірістік бағдарламаның өндірістік қуаттылыққа сәйкес келуін білдіреді.

Өндірістік қуаттылық кәсіпорынның техника мен технологияның, өндірісті ұйымдастырудың жоғары деңгейінде тауарларды шығару мүмкіндігін сипаттайды. Өндірістік қуаттылықтың пайдаланылу деңгейі келесі коэффициенттермен сипатталады:

  1. Жалпы коэффициент ( ):

(5.8)

  1. Интенсивті коэффициент ( ):

(5.9)

  1. Экстенсивті коэффициент ( ):

(5.10)

Жұмыс жасайтын құрал-жабдықтарды пайдаланудың тиімділігін екі жолмен: экстенсивті (уақыт бойынша) және интенсивті (өнімділігі бойынша) арттыруға болады. Уақыт бойынша құрал-жабдықтарды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіш – бұл экстенсивті коэффициент. Ол нақты жасалған жұмыс уақытының күнтізбелік уақыт қорына қатынасымен анықталады:

(5.11)

мұндағы, – нақты жасалған жұмыс уақыты;

– күнтізбелік уақыт қоры.

Құрал-жабдықтарды интенсивті пайдалану 1 машина-сағатта (немесе 1 теңгеге) өндірілген өнім көлемімен, яғни оның өнімділігімен сипатталады. Құрал-жабдықтарды пайдаланудың интенсивті коэффициенті мына формуламен анықталады:

(5.12)

Құрал-жабдықтың интенсивті жүктелу коэффициенті 1-ден жоғары, тең немесе аз болуы мүмкін. Уақыт пен өнімділігі бойынша құрал-жабдықтарды пайдалану деңгейін сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып құрал-жабдықтың интегралды жүктелу коэффициенті табылады:

(5.13)