Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАҚЫРЫП 5+++.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

5.2. Негізгі өндірістік қорлардың техникалық жағдайы мен қозғалысын талдау

Негізгі өндірістік қорлардың қозғалысы олардың өндіріске жаңадан енгізілуімен және істен шығарылуымен байланысты шаруашылық операцияларды жүзеге асырумен байланысты. Негізгі қорлардың қозғалысы мен техникалық жағдайын жалпылама бағалайтын коэффициенттер келесі кестеде берілді.

Кесте 1. Негізгі өндірістік қорлардың техникалық жағдайы мен қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер

Көрсеткіш

Есептеу әдісі

Көрсеткіштің экономикалық мәні

Қозғалыстың көрсеткіштері

1.1.Жаңару

коэффициенті

жаң)

Кезең ішінде түскен НҚ-дың үлесі

    1. Шығу

коэффициенті (Кшыгу)

Кезең ішінде шыққан НҚ-дың үлесі

    1. Өсім

коэффициенті (Көсім)

НӨҚ өсімінің қарқыны

Техникалық жағдайдың көрсеткіштері

2.1. Тозу

коэффициенті

тозу)

Өнімге өткізілген НҚ құнының үлесі

2.2.Жарамдылық

коэффициенті

жар)

НҚ-дың пайдалануға жарамдылық деңгейі:

Кжар = 1-Ктозу

Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштерін барлық өндірістік қорлар, яғни олардың белсенді бөліктері, жекелеген топтары және негізгі түрлері бойынша есептеген дұрыс. Талдау кезінде негізгі өндірістік қорлардың жаңару, шығу және өсім коэффициенттерін бір-бірімен тығыз байланыста қарастыру қажет.

Негізгі қорлардың техникалық деңгейі құрал-жабдықтардың жас құрамын сипаттайды. Бұл ауыстыруды талап ететін тозған құрылғыларды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар негізгі қорлардың қозғалысы мен техникалық жағдайын бағалаған кезде өндіріске жаңа техникалар мен объектілерді енгізу, негізгі құралдарды жөндеу жоспарларының орындалуы тексеріледі. Машиналар мен құрал-жабдықтардың жалпы санындағы және әрбір тобы бойынша прогрессивті құрылғылардың үлесі анықталады.

Негізгі өндірістік қорлардың қозғалысын сипаттайтын жаңару, істен шығу және өсім деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін коэффициенттерге талдау жасаймыз:

5.2-мысал:

Негізгі қорлар құрамының элементтері

Кезең басына, мың теңге

Түскені, мың теңге

Шыққаны, мың теңге

Кезең соңына, мың теңге

Жаңару коэф, %

Шығу коэф, %

Ғимарат

32373

2858

9

35222

8,11

0,03

Құрылыстар

610

-

-

610

-

-

Машиналар мен құрал-жабдықтар

65521

7894

1771

71644

11,03

2,70

Көлік құралдары

16087

3393

1694

17786

19,05

10,51

Өндірістік және шаруашылық инвентарь

1449

1581

1331

1699

93,05

91,86

Жер телімдері

-

7164

-

7164

-

-

Барлығы:

116040

22890

4805

134125

17,07

4,14

Кестеден кезең ішінде жаңару коэффициенттері неғұрлым жоғары негізгі қор элементтері – өндірістік және шаруашылық инвентарь (93,05%), көлік құралдары (19,05%), машиналар мен құрал-жабдықтар (11,03%) екенін байқаймыз.

Тұтастай алғанда кәсіпорында оның мәні 17,07%-ды құрайды, негізгі қорлардың белсенді бөлігі бойынша – 11,03%. Бұл коэффициенттерді салыстыру негізгі құралдардың пассивті бөлігінің жаңару деңгейін көрсетеді, біздің мысалымызда бұл – 6,04% (17,07 – 11,03). Мұндай жаңарудың негізгі құралдардың негізінен белсенді бөлігінің есебінен болғанын білдіреді.

Кәсіпорындағы негізгі құралдардың белсенді бөлігі бойынша олардың шығу коэффициенттерінің айырмасы 1,44%-ға (4,14 – 2,70) тең. Бұл негізгі құралдардың белсенді бөлігінің шығу қарқынының жоғары екенін білдіреді.

Енді негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын тозу және жарамдылық коэффициенттеріне талдауға мысал келтіреміз.

5.3-мысал:

Негізгі қорлар құрамының элементтері

Бастапқы құны, мың теңге

Тозу сомасы,

мың теңге

Тозу коэффициенті, %

Жарамдылық коэффициенті, %

кезең басына

кезең соңына

кезең басына

кезең соңына

кезең басына

кезең соңына

кезең басына

кезең соңына

Ғимарат

40500

43995

8097

8743

19,99

19,87

80,01

80,13

Құрылыстар

757

757

147

179

19,42

23,65

80,58

76,35

Машиналар мен құрал-жабдықтар

88192

100233

22731

28659

25,77

28,59

74,23

71,41

Көлік құралдары

21117

23923

5000

6107

23,68

25,53

76,32

74,47

Өндірістік және шаруашылық инвентарь

1828

2180

379

481

20,73

22,06

79,27

77,94

Жер телімдері

-

7164

-

-

-

-

-

-

Барлығы:

152394

178252

36354

44169

23,86

24,78

76,14

75,22

Кестеде берілген есептеулерден кәсіпорынның негізгі құралдарының техникалық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде екенін байқауға болады, яғни кезеңнің басы мен соңына тозу коэффициенттері сәйкесінше 23,86% және 24,78%. Кәсіпорында негізгі құралдарды жаңартуға басты көңіл аударғанымен тозу коэффициентінің тозу серпіні жоғары екені байқалып отыр. Негізгі құралдардың белсенді бөлігінің (машиналар мен құрал-жабдықтар) тозу коэффициенттері кезеңнің басы мен соңына сәйкесінше 25,77% мен 28,59% құрады. Бұл жағдай кәсіпорында негізгі құралдарды одан әрі жаңартуды жалғастыруды талап етеді.