Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАҚЫРЫП 5+++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Тақырып 5. Негізгі қорларды пайдалануды талдау

5.1. Негізгі өндірістік қорлардың көлемін, серпінін және құрылымын талдау

Өндіріс үдерісінде кәсіпорын жұмысшыларының еңбек құралдарының көмегімен еңбек заттарына әсер етіп, оларды дайын өнім түрлеріне айналдыратыны белгілі. Еңбек құралдары (машиналар, құрал-жабдықтар, ғимараттар, көлік құралдары және т.с.с.) еңбек заттарымен (шикізаттар мен материалдар, жартылай фабрикаттар, отын және т.с.с.) бірігіп өндіріс құралдарын құрайды.

Негізгі өндірістік қорлар (одан әрі – НӨҚ) – бұл ұзақ уақыт бойына нысанын өзгертпестен, өндіріс үдерісіне бірнеше дүркін қатысатын және өзінің құнын дайындалған өнімге пайдалану шамасына қарай амортизациялық аударымдар түрінде бөлшектеп өткізетін еңбек құралдары. Негізгі қорлары өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен пайдалану тиімділігі кәсіпорын қызметінің түпкі нәтижесіне әсер етеді. Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында барлық экономикалық ресурстарды, оның ішінде еңбек құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану арқылы ғана кәсіпорын қатаң бәсеке жағдайына төтеп бере алады.

Негізгі өндірістік қорлардың жағдайы мен оларды пайдалану тиімділігін талдаудың міндеттеріне келесілер жатады:

  • Негізгі өндірістік қорлардың құрамы мен серпінін, техникалық жағдайын зерттеу;

  • Кәсіпорынның еңбек құралдарымен қамтамасыз етілуін талдау;

  • Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау;

  • Еңбек құралдарын пайдаланудың кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне әсерін анықтау;

  • Құрал-жабдықтардың маңызды топтарын пайдаланудың экстенсивтілігі мен интенсивтілігін сипаттау;

  • Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын пайдалануын талдау;

  • Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру резервтерін ашып көрсету.

Негізгі өндірістік қоралардың өндіріс үдерісіне ұзақ уақыт бойына қатысуына және бірте-бірте тозуына байланысты оларды бағалаудың бірнеше түрлері болады. Тәжірибе жүзінде негізгі қорлардың мынадай құндары қолданылады: бастапқы, қалпына келтіру, баланстық, қалдық, жойылу және орташа жылдық құндары.

Бастапқы құн – бұл қорларды алу бағасы немесе оларды дайындауға (салуға), тасымалдауға, жөндеу-құрастыруға және т.б. кеткен шығындардың сомасы. Бастапқы құн аталған объектіні алған мезеттегі бағамен көрсетіледі және оның негізінде негізгі қорлар кәсіпорын балансына есепке алынады.

Қалпына келтіру құны – бұл негізгі өндірістік қорлардың физикалық және моралды тозуын есепке алғандағы құны.

Баланстық құн – бұл негізгі қорлардың кәсіпорын балансындағы есепке алынған құны. Егер негізгі қорларға қайта бағалау жүргізілген жағдайда олар баланста қалпына келтіру құнымен, ал негізгі қорлар соңғы жүргізілген қайта бағалаудан кейін алынған жағдайда, онда баланста бастапқы құнымен көрсетіледі.

Қалдық құн – бұл негізгі қорлардың толық қызмет ету мерзімі ішінде амортизациялық аударымдар мөлшерімен анықталатын тозу сомасы шегерілген бастапқы құн.

Жойылу құны – бұл өндірістен шығарылған және тозған негізгі қорларды өткізу (металл сынықтарының бағасы) бағасы.

Орташа жылдық құн негізгі қорлардың өндіріске кіруін және шығуын есепке алғандағы бастапқы құнның негізінде мына формуламен анықталады:

(5.1)

мұндағы, – негізгі қорлардың орташа жылдық құны;

– негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны;

– өндіріске енгізілген қорлардың құны;

– енгізілген қорлардың жұмыс жасаған айлар саны;

– өндірістен шығарылған қорлардың құны;

– шығарылған қорлардың жұмыс жасаған айлар саны.

Шаруашылық қызметті жүргізу барысында негізгі қорлардың бәрі бірдей өндіріс үдерісіне бірдей үлесте қатынаспайды. Сондықтан негізгі қорлардың құрамы мен құрылымын талдау аса қажет. Негізгі қорлардың жекелеген топтарының олардың жалпы көлеміндегі қатынасы негізгі қорлардың өндірістік құрылымын сипаттайды (5-сурет).

Негізгі қорлардың құрамына келесі жіктелімнің негізінде талдау жасауға болады:

  1. өндіріс үдерісіне қатысуына байланысты: негізгі өндірістік қорлар және негізгі өндірістік емес қорлар.

Негізгі өндірістік қорлар – өндіріс үдерісіне тікелей қатысатын (машиналар, құрал-жабдықтар, станоктар,т.б.) немесе өндіріс үшін жағдай туғызатын (өндірістік ғимараттар, тұрба құбырлары, т.б.) құралдар.

Негізгі өндірістік емес қорлар – бұл кәсіпорын балансындағы әлеуметтік-мәдени сипаттағы объектілер, медициналық орталықтар, тұрғын үйлер, спорттық және балалар мекемелері және т.б. Олар өндіріс үдерісіне қатыспайды және өзінің құнын дайын өнімге өткізбейді. Олардың құны пайдалану барысында жойылып, тек ұлттық табыстың есебінен қалпына келтіріледі.

Сурет 5. Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы

  1. өндірісте атқаратын рөліне қарай: активті (белсенді) және пассивті (самарқау) қорлар.

Негізгі қорлардың белсенді бөлігі – бұл өндіріс үдерісіне тікелей қатысатын негізгі қорлардың элементтері (машиналар мен құрал-жабдықтар).

Негізгі қорлардың пассивті (самарқау) бөлігі – бұл өндіріс үдерісінің бірқалыптылығын қамтамасыз ететін негізгі қорлардың элементтері (өндірістік ғимараттар мен құрылыстар).

  1. әрекет ететін түрлеріне қарай: ғимараттар, құрылыстар, берілетін құрылғылар, машиналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, жұмыс және өнім беретін мал, көпжылдық көшеттер.

Ғимараттар – негізгі, көмекші және қосалқы өндіріс үдерістері жүретін үйлер, әкімшілік кеңселері және шаруашылық құрылыстары. Бұл объектілердің құнына құрылыстан басқа жылу жүйесінің, су құбырларының, электр желілерінің, желдеткіш құрылғыларының және т.б. құны кіреді.

Құрылыстар – өндіріс үдерісін жүзеге асыру үшін қажетті инженерлік-құрылыс объектілері (жолдар, көпірлер, үңгіртаулар, т.б.).

Берілетін құрылғылар – машина қозғалтқыштарынан жұмыс машиналарына энергияның әртүрін беретін объектілер (су құбырлары мен электр тораптары, жылу жүйесі, мұнай және газ құбырлары, т.с.с.).

Машиналар мен құрал-жабдықтарға мыналар жатады:

  • күш машиналары мен құрал-жабдықтары (генераторлар, қозғалтқыштар, жылу қазандары, трансформаторлар және т.б.);

  • еңбек заттарымен тікелей әрекетке түсетін жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтары (темір қиятын, химиялық және электр дәнекерлеу және т.б.);

  • өндірістік үдерістерді реттеуге және өлшеуге, сондай-ақ сынақтар мен зерттеулер жүргізуге арналған өлшеу құрылғылары мен зартханалық құралдар;

  • өндірістік және технологиялық үдерістерді басқаруға арналған электронды-есептеу машиналары;

  • басқа да машиналар мен құрал-жабдықтар.

Көлік құралдары – кәсіпорынға тиесілі темір жолдардың жылжымалы құрамы, су және автокөлік құралдары, сондай-ақ ішкі зауыттық көлік құралдары (конвейерлер, электроқозғалтқыш орнатылған арбалар, кішкене вагон-арбалар және т.б.).

Құрал-саймандар – пайдалану мерзімі 1 жылдан асатын құрал-саймандардың барлық түрлері.

Өндірістік инвентарь – материалдар мен құрал-саймандарды сақтауға арналған және өндірістік үдерісті жеңілдететін (верстак, столдар, контейнерлер, т.с.с.) құрылғылар.

Шаруашылық инвентарь – кеңсе және шаруашылық сипаттағы заттар (жиһаздар, көшірме аппараттары, өртенбейтін шкафтар, өртке қарсы құралдар, т.б.).

Жұмыс және өнім малы –

Көп жылдық көшеттер -

Негізгі қорлардың құрамын жоғарыдағыдай етеп жіктеу құрылымды оңтайландырудың негізінде оларды пайдаланудың тиімділігін арттыратын резервтерді ашып көрсетуде аса қажет.

Жалпы негізгі қорлардың кезең соңындағы қалдық құны көп жағдайда баланстық әдіспен анықталады:

(5.2)

мұндағы, – негізгі қорлардың кезең соңындағы құны;

– негізгі қорлардың кезең басындағы құны;

– есепті кезеңде жаңа алынған негізгі қорлардың құны;

– есепті кезеңде шығарылған негізгі қорлардың құны.

5.1-мысал:

Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымын талдау

Негізгі қорлар құрамының элементтері

Кезең басына

Түскені, мың теңге

Шыққаны, мың теңге

Кезең соңына

Өсу қарқыны, %

Сомасы, мың теңге

Құрылымы,

%

Сомасы, мың теңге

Құрылымы,

%

Ғимарат

32373

27,92

2858

9

35222

26,28

108,8

Құрылыстар

610

0,53

-

-

610

0,45

100,0

Машиналар мен құрал-жабдықтар

65521

56,41

7894

1771

71644

53,37

109,4

Көлік құралдары

16087

13,89

3393

1694

17786

13,28

110,5

Өндірістік және шаруашылық инвентарь

1449

1,25

1581

1331

1699

1,27

117,3

Жер телімдері

-

-

7164

-

7164

5,35

-

Барлығы:

116040

100,00

22890

4805

134125

100,00

115,6

Демек берілген кезең соңындағы негізгі қорлардың қалдық құны мынаған тең:

= 116040 + 22890 – 4805 = 134 125 мың теңге.

Кезең басына кәсіпорынның негізгі қорлары құрамының неғұрлым маңызды элементтері болып машиналар мен құрал-жабдықтар (65641 мың теңге), ғимарат (32403 мың теңге) және көлік құралдары (16117 мың теңге) табылады. Бұл элементтердің маңызы кезең соңына өзгермеген.

Есепті кезең ішінде негізгі қорлардың құны машиналар мен құрал-жабдықтар (7894 мың теңге) мен жер телімін (7164 мың теңге) алуға байланысты 22890 мың теңгеге немесе 15,6 %-ға өскен. Негізгі құралдар мына элементтер бойынша шығарылған: машиналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь.

Негізгі қорлардың құрылымын талдау өндірістің техникалық жабдықталуын бағалауға мүмкіндік береді. Кезең басы мен соңына машиналар мен құрал-жабдықтардың үлесі неғұрлым жоғары, сәйкесінше 56,41% және 53,37%. Қорлардың құрылымы негізінен жер телімін алудан өзгерген. Мұнда қорлардың жалпы құрылымдағы өндірістік инвентардың үлесі айтарлықтай емес, яғни кезең басы мен соңына 1,25% және 1,27% құрады. Бірақ олардың өзгеру серпіні байқалады (1581 мың теңге түссе, 1331 мың теңге шыққан) және өсу қарқыны 117,3%-ды құрады.

Жекелеген элементтер бойынша негізгі құралдардың өсуі кәсіпорынды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға бағыталып жүргізілген дұрыс саясатты білдіреді.