Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Гос и мест упр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
567.81 Кб
Скачать
  1. Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқаулар

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы қазіргі уақытта ең алдымен еркін бәсекенің дамуы ретінде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекеттік басқарудың дамуына баса назар аударып отыр. Мемлекеттік және жергілікті басқару курсының оқыту пәні мемлекеттік басқару жүйесін жүзеге асыру процесі болып табылады.

Курстың әдістемелік және теоретикалық негізі келесі пәндер болып табылады: «Саясаттану мен практикасы», «Мемлекет және бизнес», «Экономикалық теория» және «Бухгалтерлік есеп». Курсты оқыту, сондай-ақ, нарықтық экономиканың барлық аспектілері бойынша білімдерді меңгеруді қарастырады.

Пәнді оқыту мақсаты мемлекеттік басқару теориясының теориялық негiздерiн және категориялық түсiнiктеме аппаратын оқыту, сонымен қатар мемлекеттік басқару теориясының элементтерi мен принциптерiн пайдалану бойынша тәжiрибелi кадрларды игеру.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» пәннің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • Мемлекеттің пайда болуының мәні мен нысандары

  • Мемлекеттік басқарудың қажеттілігі

  • Мемлекеттік басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері

  • Президенттік және парламенттік басқару тәртібі

  • Мемлекеттік қызметкерлердің іске асырылу тәжірибесі

  • Мемлекеттік басқару ісін құқықтық реттеу мәселелері

Оқу процесін ұйымдастырудың негізгі түрі – дәріс болып табылады. Бақылаудың басқа да түрлері бар: ауызша және жазбаша тапсырмалар орындау, бақылау және өзіндік жұмыс, тестілеу, әңгімелесу.

Жоғары оқу орнында оқу процесін ұйымдастырудың басқа да түрлері бар, олар: семинар, зертханалық жұмыс, студенттің өзіндік жұмысы, өндірістік тәжірибе.

Дәріс. Кез-келген дәрістің жалпы құрылымы – бұл тақырыпты тұжырымдау, өзіндік жұмыстың жоспарын және ұсынылатын әдебиеттерді айқындап жеткізу, сонымен бірге ұсынылған жұмыстың жоспары бойынша баяндау.

Дәріс оқуға негізгі талаптар ретінде төмендегілер қойылады:

  • Баяндалатын ақпараттың жоғары ғылыми деңгейі;

  • Жүйеленген және методикалық өңделген қазіргі заманғы ғылыми ақпараттың үлкен көлемі;

  • Айтылған ойлардың дәлелденуі;

  • Дәріс оқу барысында мысалдар, есептер шығарып көрсету;

  • Жаңа терминдер мен атауларды түсіндіру, студенттерге тыңдауға, ойлануға және қысқаша жазуға мүмкіншілік беру;

  • Аудиториямен педагогикалық байланысты құра білу; дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды пайдалану;

  • Дәрістің негізгі материалдарының мәтінін, конспект, блок-схема, сызбанұсқа, кесте қолдану.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» пәнінің негізгі мақсаты болашақ мамандардың теориялық және тәжірибелік материал негізінде қазіргі заманғы ұйым персоналын басқару процесімен танысу.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» пәнін оқытуда сабақта презентациялық дәрістер, интерактивтік әдістер: ойлау қызметін ынталандыру, дискуссия, шағын топтармен жұмыс, кейстер, презентация, іскерлік ойындар, жаттығулар, логикалық есептер, ситуациялық тапсырмалар, конференция, қысқаша баяндама және т.б. секілді оқытушы элементтерді қолдану.