Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Гос и мест упр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
567.81 Кб
Скачать

Жоспары:

1 Мемлекеттiк органдарының жұмысын ұйымдастырудың жалпы негiздерi

2 Дербес және алқалы мемлекет органдарының қызметi

3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылықтары

1 Мемлекеттiк органдарының жұмысын ұйымдастырудың жалпы негiздерi

Мемлекет органдарының жұмыстарын ұйымдастыру дегенiмiз-ол, басқарудың бiр түрi болып табылады. Басқарудың мiндетiн мемлекет органдарында тек құзыреттiгi бар қызметтiк мiндеттерi артылған лауазымды тұлғаларды айтады. Ұйымдастырудың жалпы негiздерi:

- құзыреттiгi;

- функциясы;

- мiндетi;

- мақсаты.

Әрбiр мемлекет органдарының қызметтiк мiндетiне байланысты құзыреттiгi болады. Мысалы, кеден қызметшiсi шекара арқылы өтетiн тауар мен көлiк құралдарын кедендiк рәсiмнен өткiзу және одан баж салығын алуға толық құзыреттiгi бар. Мемлекет органдары алуан түрлi болғандықтан, әрбiр органда өздерiне жүктелген функционалдық мiндеттерi болады. Мысалы, учаскелiк инспектордың мiндетi өз учаскесiне бұрын сотталған адамдары есепке алуға және әкiмшiлiк қадағалау орнатылған адамдарды үнемi тексеруге мiндеттi болады. Мемлекеттiк қызметшi немесе органдардың алдарына қойылған қызметтiк мiндеттерi болады. Ол мiндеттер тiкелей қызметке байланысты. Мiндеттi орындау - ол, өз жұмысын тиянақты түрде орындау болып табылады. Мемлекет органдарында немесе мемлекеттiк қызметшiнiң әрқайсысында алда қойылатын мақсаттары болады. Мақсат дегенiмiз - ол, алда қойылған мiндеттiң орындалуын айтады. Мемлекет органдары осы көрсетiлген нгегiздердi орындау үшiн ұйымдаструшылық жұмысы пайда болады. Ал ұйымдастырусыз ешқанда қызмет iске аспайды. Мысалы, IIО қылмысты ашу үшiн бiрнеше ұйымдастыру iс-шараларын ұйымдастыру қажет болады, атап айтқанда: оперативтiк жұмысты нығайту, көптеген анықтама-сұраныстар жiберу, сараптамалар жасау т.б.

2 Дербес және алқалы мемлекет органдарының қызметi

Дербес қызметтiк органы дегенiмiз - ол, мемлекет органы тек бiр лауазымды тұлғаның басқаруы бойынша жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық қызмет саласын айтады. Мысалы, ҚР Прокуратуа органдарын алатын болсақ, бұл органда шешiмдi тек прокурор қабылдайды. Министрлiкте тек министр өзi қабылдайды. Бұл органдар жедел түрде шешiм қабылдау үшiн дербес басқару өте қолайлы болып табылады. Дербес басқаруға жататындар: құқыққорғау органдары, қарулы күш органдары. Кейбiр мемлекеттiк органдар. Алқалық қызмет органы дегенiмiз-ол, бiрнеше лауазымды тұлғалардың заң ережесi бойынша бiрiгуi нәтижесiнде дауысқа салып немесе кеңес жасау арқылы мәселенiң қабылдану нәтижесiн айтады. Мысалы, ҚР Парламентi және оның Палаталары, ҚР Конституциялық кеңесi, ҚР Жоғарғы сот алқасы, Жергiлiктi әкiмшiлiк, маслихаттар. Алқалық органда шешiмдi тек бiр лауазымды тұлға немесе оның мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысу арқылы шешiлетiн ұйыдастыру басшылық ету әдiсiн айтады. Алқалық органда дауыс берудiң нәтижесiнде шешiм қабылданып және сол iс бойынша шешiм шығарылатын болады.

3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылықтары

Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылығы дегенiмiз - ол мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде құқықты немесе заң талабын бұзғаны үшiн жауап беру рәсiмiн айтады. Жауапкершiлiктiң түрлерi:

- азаматтық (материалдық);

- қылмыстық жауапкершiлiк;

- әкiмшiлiк жауапкершiлiк;

- тәртiптiк жауапкершiлiк.

Мемлекеттiк қызметшiлер өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындамаса және сыбайлас жемқорлық жасағаны үшiн, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн мынадай тәртiптiк жазалар қалданылады (28-бап):

- ескерту;

- сөгiс;

- қатаң сөгiс;

- қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;

- атқаратын қызметтен босату туралы шешiм.

Тәртiптiк жазаны салуға құқығы бар лауазымды тұлғалар:

- лауазымдық құзыреттiк өкiлдiгi бар адамдар салады;

- жасағаны үшiн ҚР заңында өзгедей жауаптылық көзделген әрекет үшiн қолдануға болмайды;

- ҚР нормативтiк құқытық актiлерiмен белгiленген тәртiппен қолданылады.

Тәртiптiк лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi, оны тағайындаған басшы белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымды мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн. Мемлекеттiк қызметшi өз iс-әрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. Атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығын күмәнданған жағдайда, бұл жөнiнде ол өзiнiң тiкелей басшысында және өкiмдi берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда, мемлекеттiк қызметшi, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға мiндеттi. Мемлекеттiк қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн осы өкiмдi растаған басшы жауап бередi.

Мемлекеттiк қызметшiлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылық жасаған жағдайда, ҚР заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық және тәртiптiк жауапқа татылады.

Бақылау сұрақтары:

1 Дара басқарушылықты қалай түсiнесiз?

2 Алқалы басқарушылықты қалай түсiнесiз?

3 Алқалық басқарушылық органдарын айтып берiңдер.

4 Мемлекеттiк қызметшi кiмнiң алдында немесе органның алдында есептi және жауапты болады?

13 ДӘРIС Тақырып:Мемлекеттiк қызметтi тоқтату”

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушылардың мемлекеттiк қызметтiң тоқтатылуы туралы оқып-танысуы