
- •«Менеджмент» кафедрасы
- •Пәннің типтік бағдарламасы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пән бойынша оқу бағдарламасы силлабус (syllabus)
- •1.Оқытушы туралы мәліметтер:
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •3. Пререквизиттер:
- •4. Постреквизиттер:
- •5. Курстың қысқаша сипаттамасы:
- •6. Студенттің білімін бағалау туралы мәлімет:
- •7. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1. Пәннің тақырыптық жоспары:
- •10. Сөж және соөж тапсырмаларының орындалу кестесі және тапсыру уақыты:
- •11. Аралық және қорытынды бақылау тақырыптары
- •Қорытынды бақылау
- •12. Әдебиеттер тізімі
- •4.Пән бойынша тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі
- •5.Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтылуы
- •Дәрістік кешен
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк билiктiң түсiнiктемесi
- •2 Мемлекеттiк басқарудағы жалпылық пен ерекшелiк
- •3 Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк басқару қағидаларының теориялық және тәжiрибелiк маңызы
- •3 Қр Конституциялық қағидалар және олардың әлеуметтiк қызметi
- •Жоспары:
- •1 Қр 2030 жылға дейiнгi Стратегиялық бағдарламасында белгiленген мемлекеттiк басқарудың жүйелiгi туралы
- •2 Заң шығарушы, атқарушы және сот билiгі тармақтары органдарының құрылымы
- •3 Мемлекеттiк бақылау - қадағалау органдары
- •1 Әлеуметтiк жүйе және оның элементтерiнiң құрлымы
- •2 Адам - әлеуметтiк жүйенiң негiзгi элементi және азаматтардың мемлекет iсiн басқаруға қатысуға заңдылық кепiлi
- •3. Мемлекеттiк басқарудағы салалық және функционалдық бастама
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк басқарудағы саясат пен мақсат
- •2 Басқару функциялары: ұйымдастыру (басқару жүйесi мен үдiрiстер), жоспарлау (болжамалар мен бағдарламалар жасау), кадрлармен қамтамасыз ету, реттеу, бақылау
- •3 Мемлекеттiк басқарудың нысандары
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк тұрғыда шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi
- •2 Орталық атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу
- •3 Орындалған шешiмге баға (нәтижесiне) беру
- •Жоспары:
- •1 Әкiмшiлiк тәртiптер: түсiнiгi және басқару қызметiне қатыстылығы
- •2 Бақылау және оның түрлерi
- •3 Мемлекеттiк басқарушылық қатынастарының субъектiлерi
- •1 Мемлекеттiк басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету
- •2 Мемлекеттiк басқаруда заңдылық пен тәртiптiлiктi қамтамасыз ету
- •3 Мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн ғылыми негiзде талдау тәсiлдерi
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк қызмет азаматтардың кәсiби қызметтерiнiң бiр түрi
- •2 Мемлекеттiк қызмет қоғамдық еңбектегi ұйымдастырудағы атқаратын рөлi және алатын орны
- •3 Қр 2030 жылға дейiнгi стратегиялық бағдарламасына сәйкес, жаңа тұрпатты шенеуніктердi даярлау
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшiнiң түсiнiгi
- •2 Мемлекеттiк қызметшiлердi саяси және әкiмшiлiк деп бөлу, олардың бiртұтастығы және бiр бiрiнен айырмашылығы
- •3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру кепiлдiктерi олардың құқықтық жағдайларының айрылмас элементтерi
- •Жоспары:
- •1 Азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруі және мемлекет iсiн басқаруға конституциялық құқықтары
- •2 Мемлекеттiк қызметке кiретiн тұлғаларға қойылатын талаптар (азаматтығы, жасы, бiлiктiлiгi) және олардың ерекшелiктерi
- •3 Мемлекеттiк қызмет аясындағы шектеулер мен тыйым салу
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк органдарының жұмысын ұйымдастырудың жалпы негiздерi
- •2 Дербес және алқалы мемлекет органдарының қызметi
- •3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылықтары
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк қызметтi тоқтату негiздерiнiң жалпы сипаттамасы
- •2 Мемлекеттiк қызметшiлердi жұмыстан босату тәртiптерi
- •3 Заңсыз жұмыстан босатудан сот арқылы қорғау (материалдық және моральдық шығындарды өтеу)
- •Жоспары:
- •1 Қр Мемлекеттiк қызмет және кадр саясатын қайта қараудың концептуальды негiздерi
- •2 Республикадағы мемлекеттiк кадр саясатының басты мақсаты, қағидалары және басымдылығы
- •3 Мемлекеттiк қызметтi қайта қарауды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету
- •Семинар (тәжірибе) сабақтарының жоспары
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқаулар
- •Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары
- •Студенттің өзіндік жұмыстар (сөж) тақырыптары
- •Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелер, есептік құжаттардың формалары бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау (жазбаша бақылау жұмыстары, тест, өзіндік дайындық үшін сұрақтар, емтихан билеттері, тағы басқа). Өзін өзі тексеру сұрақтары
- •Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамсыздандыру.
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялардың тізімі
Жоспары:
1 Мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшiнiң түсiнiгi
2 Мемлекеттiк қызметшiлердi саяси және әкiмшiлік деп бөлу, олардың
бiртұтастығы және бiр бiрiнен айырмашылығы
3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық құқықтары мен міндеттерiн жүзеге асыру кепiлдiктерi олардың құқықтық жағдайларының айрылмас элементтерi
1 Мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшiнiң түсiнiгi
Мемлекеттiк қызметтiң атқарылуы және жұмыс iстеуi, ол әрбiр органның лауазымды тұлғаларының басқаруы мен атқаруы бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшiге анықтама беремiз:
Мемлекеттiк лауазым дегенiмiз - ол, мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгiн айтады;
Мемлекеттiк қызметшi дегенiмiз - ол, мемлекеттiк органда заңда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не ҚР Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын ҚР азаматын айтады;
Мемлекеттiк қызмет дегенiмiз - ол, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметтi айтады;
Лауазымды адам (тұлға) дегенiмiз - ол, ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық - өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк - шаруашылық қызметтердi орындайтын адамды айтады;
Лауазымдық өкiлеттiк дегенiмiз - ол, заңдарда белгiленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнiн, нақты мемлекеттiк лауазымен көзделген өкiлеттiктi айтады.
2 Мемлекеттiк қызметшiлердi саяси және әкiмшiлiк деп бөлу, олардың бiртұтастығы және бiр бiрiнен айырмашылығы
Мемлекеттiк қызметтi атқаруына және жүктелеген мiндеттерiне қарай, лауазымдық өкiлдiгiне қарай, жауапкершiлiк деңгейiне қарай, мемлекеттiк қызметшiлер тобы екi түрге бөлiнедi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң түрлерi:
1 Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi;
2 Мемлекеттiк саяси қызметшi.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi дегенiмiз - ол, мемлекет органында мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасын айтады;
Мемлекеттiк саяси қызметшi дегенiмiз - ол, тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызмет саяси-айқындаушы сипатта болатын және мақсаттары мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшiнi айтады.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi мен мемлекеттiк саяси қызметшiнiң арасындағы айырмашылықтар:
- әкiмшiлiк қызметшiлердiң тағайындалу тәртiбi жалпы конкурс бойынша және нақты тағайындау бойынша орындалады;
- әкiмшiлiк қызметшiлер әрбiр үш жыл сайын қызметке жарамдылығы туралы аттестациядан өтуге мiндеттi;
- саяси қызметшiлердiң қызметке ену тәртiбi тек ҚР Президетiнiң тағайындауымен немесе ҚР Парламент палатасының сайлауы бойынша жүзеге асырылады;
- саяси қызметшiлер аттестациядан өтпейдi;
- саяси қызметшiлер отставкаға кетуге құқығы бар;
- саяси қызметшi терiс қылық жасаған жағдайда, ол отставкаға емес тек қызметтен кетiрiлетiн болады.