Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Гос и мест упр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
567.81 Кб
Скачать

Жоспары:

1 Әкiмшiлiк тәртiптер: түсiнiгi және басқару қызметiне қатыстылығы

2 Бақылау және оның түрлерi

3 Мемлекеттiк басқарушылық қатынастарының субъектiлерi

1 Әкiмшiлiк тәртiптер: түсiнiгi және басқару қызметiне қатыстылығы

Әкiмшiлiк тәртiп дегенiмiз - ол, мемлекеттiк органның және ондағы лауазымды тұлғалардың өздерiне жүктелген қызметтiк мiндетiн атқарудағы iс-әрекеттi айтады. Әкiмшiлiк қызметтiң басқару қызметiне әртүрлi байланыстар болады және тығыз қарым қатынастар жүргiзiледi. Өйткенi әкiмшiлiк басқару болмаса, онда мемлекеттiк билiктi жүргiзу мүмкiн емес.

Әкiмшiлiк басқару қызметiнiң iс әрекеттерi:

- мемлекет деңгейiнде тиiстi шешiмдi қабылдаудың және оны өкiлеттi органдардың жүзеге асыруы туралы ереженi айтады;

- мемлекеттік аппараттың жұмыстарын ұйымдастыру;

- азаматтардың өтiнiштерiн қарап, оған тиiстi шешiм қабылдау;

- экономика және басқа да мәселе бойынша нақты шешiмдердi қабылдау.

Әкiмшiлiк тәртiптiң басқару қызметiне қатыстығы:

- әкiмшiлiк тәртiптi тек билiгi бар органдар мен лауазымды тұлғалар орнатады;

- әкiмшiлiк нұсқаудың нәтижесiнде билiк жүргiзiледi;

- әкiмшiлiк iс-әрекеттiң нәтижесiнде төменгi деңгейдегi бағынысты органдар мен лауазымды тұлғаларға мiндет артылады;

- әкiмшiлiк тәртiптiң нәтижесiнде мемлекет органдарында жедел шешiмдер қабылданады;

- әкiмшiлiк тәртiптiң нәтижесiнде мемлекет органдарының көздеген мақсатқа жетуi болады.

Әкiмшiлiк тәртiп пен мемлекеттiк басқару бiр бiрiмен тығыз байланысты. Оның себебi, мемлекет органдары төменгi деңгейдегi органдарға және басқа да органдар, кәсiпорындар мен мекемелерге заңға сәйкес, заңның негiзi бойынша әкiмшiлiк iс-әрекеттерiн жүзеге асырады. Мысалы: салық саласында әкiмшiлiк құқықты бұзғаны үшiн салық инспекторы әкiмшiлiк хаттаманы толтырып, жауапқа тартады т.б. Жаңадан құрылған кәсiпорындар мен мекемелер мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтiп және жергiлiктi салық органында есепке тұруы керек. Ондай болмаса заңсыз кәсiпкерлiк болып табылады.

2 Бақылау және оның түрлерi

Бақылау дегенiмiз - ол, қоғамдық қатынастардағы, мемлекеттiк билiктi жүргiзудiң бiр тәсiлi ретiнде белгiлi бiр объектiлердi тексеру iс-әрекеттерiн айтады. Бақылау, мiндеттi түрде лауазымдық мiндет пен қызметтiк құзыретке байланысты болады. Бақылаудың мақсаттары:

- алдын ала жоспарланған нақты мақсатқа жету;

- тексеруге жататын объектiлердiң жұмыс барысын, заң мен тәртiптiң сақталуын байқау;

- жұмыс ережесiнiң сақталуын тексеру;

- жiберiлген қателiк пен кемшiлiктердi қалпына келтiру;

- жоғарғы деңгейдегi орган мен лауазымды тұлғалардың бұйрықтары мен нұсқауларын дер кезiнде орындау.

Бақылаудың түрлерi:

- Президенттiк бақылау;

- Парламенттiк бақылау;

- Үкiметтiк бақылау;

- ведомстволық бақылау;

- ведомстводан жоғары бақылау;

- жергiлiктi бақылау.

Бақылау жұмыстарын тек мемлекеттiк органдар және оны орындауға құзыреттiгi бар органдар мен лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.

Бақылау жұмыстарын жеке кәсiпорындар мен мекемелер де жүргiзедi.