Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Гос и мест упр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
567.81 Кб
Скачать

Жоспары:

1 Мемлекеттiк тұрғыда шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi

2 Орталық атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актілерiн

мемлекеттiк тiркеу

3 Орындалған шешiмге баға (нәтижесiне) беру

1 Мемлекеттiк тұрғыда шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi

Мемлекеттiк тұрғыда шығарылатын шешiмдi тек мемлекеттiк органдары қабылдайды. Шығарылған шешiмнiң ерекшелiктерi:

- нормативтiк маңызы бар;

- мiндеттi түрде орындауға жатады;

- нақты бiр мәселе бойынша көзделедi;

- конституцияға және тиiстi заңнамаларға сәйкес болуы керек;

- уәкiлеттi орган шығарады;

- иерархиялық деңгейi болады;

- негiзгi және өндiрушi түрге бөлiнедi;

- реквизиттерi болады.

Нормативтiк құқық актілерiнiң иерархиясы (4-бап.”Нормативтiк құқық актлерi туралы” ҚР Заңы, 24.03.1998):

- ҚР Конституциясы;

- Конституцияға енгiзiлетiн және толықтыру жасалатын заңдар;

- Конституциялық заңдар, ҚР Президентінің конституциялық заң күшi бар жарлықтары;

- ҚР кодекстерi;

- ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күшi бар жарлықтары;

- ҚР Парламентiнiң нормативтiк қаулылары;

- ҚР Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

- Орталық мемлекеттiк органдарының ( министрлiктiң, комитеттiң,

агенттiктiң, басқа ведомствалардың) нормативтiк бұйрықтары, қаулылары;

- Масилихаттың нормативтiк құқықтық шешiмдерi; Әкiмнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, шешiмдерi.

Төменгi деңгейдегi мемлекет органдары шығарған нормативтiк құқық актілерi жоғарғы деңгейдегi нормативтiк құқықтық актілерге қайшы келмеуi керек. Осы аталған иерахиядан тыс мынадай нормативтiк құқықтық актілерi де бар: ҚР Конституциялық Кеңесiнiң, ҚР Жоғары сотының, ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары.

2 Орталық атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу

Мемлекеттiк билiктi жүргiзу кезiнде орталық атқарушы органдары өз билiгiн жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық актілерiн шығарады. Ал сол актілердiң заң күшiне ену үшiн мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтуi қажет. Ал ондай болмаса ол актiлерде заң күшi болмайды, яғни заңсыз болып табылады. ҚР .”Нормативтiк құқықтық актілерi туралы” Заңы, (24.03.1998), 36-баптың 1-бөлiгiндегi, 38-бап: Конституциялық кеңестiң, Жоғарғы соттың нормативтiк қаулыларынан басқа органдар, ведомстволар шығарылған нормативтiк құқықтық актілерi ведомствоаралық сипаты немесе азаматтардың құқығы мен бостандығына әсер ететiн болса, мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтуi керек.

Нормативтiк құқықтық актiсiн тiркеуден бас тарту негiздері (38-бап, 2-б):

-Азаматтардың құқығын және бостандығын кемiтетiн болса;

-жоғарғы деңгейдегi органның шығарған актлерiне қайшы келетiн болса;

-нормативтiк құқықтық актiнi шағарған органның құзыреттiк шегiнен шығып кететiн болса;

-келiсiм жасалмаса, егер келiсiм мiндеттi түрде қажет болатын болса;

-орнатылған мемлекеттiк тiркеу ережесiн бұзу арқылы қабылданған нормативтiк құқықтық актілерi.

3 Орындалған шешiмге баға (нәтижесiне) беру

Мемлекеттiк билiктi жүргiзу кезiнде әрбiр орган өздерiнiң атқарған жұмыстары жөнiнде шешiм шағарады. Сол шығарылған шешiм ҚР Конституциясына, заңнамаларға және жоғарғы деңгейдегi органның шығарған нормативтiк құқықтық актілерiне қайшы келе ме? Мiне осы мән-жайларды ескере отырып, нақты баға берiлетiн болады. Баға беру дегенiмiз - ол, мемлекет органдары шығарған шешiмдi заңды немесе заңсыз екенiн анықтау үшiн жасалатын iс-әрекеттердi айтады. Мысалы: облыс әкiмiнiң шығарған қаулысына баға беру - ол, халықтар мен заңгерлер және басқа да тұлғалар болуы мүмкiн. Оны қайта қарауға және оны бұзуға тек мына органдардың құзыреттiгi бар: ҚР Президентi, ҚР Үкiметi, сот органы. Әкiмшiлiк құқық бұзу, қылмыс жасағаны үшiн үкiмдi орындау т.б.баға беру ол жауапқа тартылушы, адвокаттар және жоғарғы деңгейдегi сот алқасы тиiстi баға берiп шығарылған шешiмдi қайта қарап өзгертуге мүмкiндiктері бар. Заңсыз түрде немсесе заң ережесiне қайшы келетiн актілердiң нәтижесiнде орындалған iс-әрекеттер дереу түрде тоқтатылуға тиiстi. Егер соттың шығарылған үкiмi орындалып жатқан кезде, ал қадағалау сот алқасы үкiмдi қайта қараудың нәтижесiнде бұрын шығарылған үкiм заңсыз деп танылса, онда орындалып жатқан жаза дереу тоқтатылып сотталушы адам босатылуға тиiстi. Орындалған шешiмдi қайта қарау және оған баға беру –ол, жоғарғы деңгейдегi органдарға немесе прокуратура мен сот органдарына жүктелген. Прокуратура органдары қадағалауды жүргiзу нәтижесiнде заңсыз қабылданған шешiмдерге өзiнiң наразылық актiсiн шығаруға тиiстi болады. Сот органдары шығарған шешiмдер мен үкiмдердi тек жоғарғы деңгейдегi сот алқалары қайта қараудың нәтижесiнде баға берiп, тиiстi шешiмдерiн шығарады. Мемлекеттiк органдар төменгi органдардың шығарған шешiмдерiн қайта қарап, егер заңсыз фактілер табылған жағдайда, оны бұзуға құзыреттiгi болады.

Бақылау сұрақтары:

1 Ортылық атқару органдарына қай органдар жатады?

2 Шығарылған шешiмдi қайта қараудың қандай жолдары бар?

3 Облыстық әкiмнiң шешiмiн кiм немесе қай орган бұзуға құқығы бар?

4 Конституциялық Кеңестiң шешiмiн қай орган немесе лауазымды тұлға қайта қарауға құқығы бар?

7 ДӘРIС Тақырып: “Әкiмшiлiк түрде орындау тәртiптерi”

Сабақтың мақсаты: әкімшілік тәртіп, бақылау және мемлекеттік басқару субъектілері туралы түсіндіру