Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Гос и мест упр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
567.81 Кб
Скачать

2 Басқару функциялары: ұйымдастыру (басқару жүйесi мен үдiрiстер), жоспарлау (болжамалар мен бағдарламалар жасау), кадрлармен қамтамасыз ету, реттеу, бақылау

Мемлекеттiк басқаруда, ең басты мәселе ол ұйымдастыру болып табылады. Ұйымдастыру дегенiмiз - ол, алда қойылған белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн және соны үздiк орындау үшiн, одан қажеттi нәтиженi алу үшiн жасалатын iс-шараларды айтады. Ұйымдастыру шарасы болмаған жерде ешқандай мақсатқа жету мүмкiн емес. Мемлекеттiк қызметтi басқару саласында ұйымдастыру мәселесi бiрден-бiр iс-шараның негiзi болып табылады. Ендiгi бiр маңызды мәселе - ол, жоспарлау. Жоспарлау дегенiмiз - ол, мақсат ретiнде алда қойылған алдын ала болжап, ақылдасып, мамандармен кеңесiп жазбаша түрде шешiм қабылданған iс-әрекеттi айтады. Жоспарлау - ол, алдын ала теория жүзiнде жорамалдап ой толғауды айтады. Ендiгi мәселе - ол, кадрлармен қамтамасыз ету. Кадрлармен қамтамасыз ету дегенiмiз - ол, қызмет органдарына қажеттi деген мамандарды даярлап, оқытып, қайта даярлықтан өткiзетiн iс-шараларды айтады. Мысалы: IIО (полицияны) кадрларын даярлау - ол ең алдымен арнайы ведомстволық оқу орындарында даярлықтан өтуi керек. Кадрларды реттеу және бақылау жұмыстарын мемлекет органдарының басшылары үнемi бақылау және оны ретiне келтiру жұмыстарымен айналысуы қажет болады.

3 Мемлекеттiк басқарудың нысандары

Мемлекеттiк басқарудың нысандары жалпы алғанда мынадай түрлерден тұрады: Президенттiк нысанда, Парламенттiк нысанда. Президенттiк басқару нысаны дегенiмiз - ол, республиканың үш билiк тiзбегiн реттеушi немесе атқарушы билiгiнiң басшысы болып табылады. ҚР бойынша мемлекеттiк билiк нысаны Президенттiк билiк нысанына жатады. Президент үш билiк тiзбегiн үйлестiрушi болып табылады. Президент елбасы, ең жоғарғы лауазымды тұлға, президенттi бүкiл халық болып немесе референдум арқылы сайлайды (Конституция). Ал АҚШ Президент тек атқару билiгiнiң төрағасы болып табылады. Ал Францияда Президент елбасы. Президент - ол, елбасы ретiнде мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын анықтаушы лауазымды тұлға. Елдiң экономикасын және әлеуметтiк жағдайларын жақсартуға нақты iс-шараларды жүргiзедi. Президенттiк нысанда елдiң билiгiн жүргiзушi тек бiр адамға жүктелген.

Келесi түрі, ол Парламенттiк нысандағы басқару. Парламенттiк нысандағы басқару дегенiмiз - ол, мемлекеттiк билiктi толық билiк жүргiзушi және ең жоғарғы лауазымды қызметтi атқарушы бiрнеше лауазымнан тұратын, мемлекеттiк билiктi жүзеге асырушы органды айтады. Парламенттiк басқару - ол, алқалы және бiрнеше адамнан тұратын және сол алқаның қабылдаған шешiмiнiң нәтижесiн айтады. Парламенттiк нысанда басқару - ол, әрбiр депутаттың дауыс беруi арқылы шешiледi. Парламент мiндеттi түрде депутаттардан тұрады және екi палатадан тұрады. Өйткенi, Парламент төрағасы өзi шешiм қабылдай алмайды. Ол үшiн депутаттардың қажеттi деген сан мөлшерi қатысуы керек. Ал саны жетпесе онда дауыс беру заңсыз болып табылады. Президенттiк нысан мен Парламенттiк нысанның айырмашылығы: Президенттiк нысандағы билiк онда тек бiр адам билiк жүргiзедi, ал, Парламенттiк басқаруда онда әр палатаның депутаттарының дауыс беруi арқылы шешiмге келедi. Яғни Президент бiр адам тұлғасы, ал Парламент алқалы (ұжымдық) орган болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiң саясатын кiм немесе қандай лауазымды тұлға анықтайды?

2 Басқарудағы мамандардың атқаратын ролi қандай?

3 Мемлекетте басқарудың қандай нысандары болады?

4 Мемлекет билiгiнде қандай нысандар бар?

6 ДӘРIС Тақырып: «Мемлекеттiк тұрғыдағы шешім шығару»

Сабақтың мақсаты: Студенттер қауымына мемлекеттік шешімнің ұғымын және оның нақты жүзеге асырылуын түсіндіру