Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Гос и мест упр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
567.81 Кб
Скачать

1 Әлеуметтiк жүйе және оның элементтерiнiң құрлымы

Әлеуметтiк жүйенiң негiзiн қалаушы - ол, адам болып табылады. Ал адамдар қоғамы халықты құрайды. Сондықтан халық ұйымы белгiлi бiр мемлекеттi құрайтын болады (Ф.Энгельс). Әлеуметтiк жүйе дегенiмiз - ол, адам қоғамынан тұратын және адамның iс-әрекет жасауының нәтижесiнде пайда болатын қоғамдағы iс-әрекеттер мен құбылыстарды айтады. Мысалы: ғылыми жұмыстар мен жаңалықтар, сол жаңалықтарды iс жүзiнде жүзеге асыру оны адам қоғамына тарату, iске асыру, адам өмiрiне қажеттi деген құрал-жабықтарды әзiрлеу, өндiргiш күштердiң пайда болуы, құрылыс пен өнеркәсiптiң т.б. Осыған орай әлеуметтiк жүйе неден тұрады? Әлеуметтiк жүйесiнiң элементтерi мынадан тұрады:

- адамнан;

- ұйымдардан;

- тұрғындарды аумақтық қағида бойынша бөлу (мемлекетке);

- адамдарды өндiрiстiк салалық қағидасына қарай бөлу (жұмыс түрiне);

- салалық және функционалдық мiндеттi атқару жағдайына байланысты;

- мемлекеттiк басқарудағы объектi мен субъектiнiң арасындағы өзара байланыстар;

- мемлекеттiк басқарудағы “сыртқы ортаның” (экономикалық жағдай, табиғат т.б.) әсер етуi. Адам - ол, адам қоғамының негiзiн қалаушы және қоғамдағы құбылысты өзгертушi, реттеушi, қалыптастырушы, көптеген iс-әрекеттердi атқарушы тұлғаны айтады. Ұйым дегенiмiз - ол, адамдар қоғамынан тұратын белгiлi топты айтады. Аумақтық қағида дегенiмiз - ол, белгiлi бiр адамдар тобының бiр жер аумағында топтасып өздерiнiң салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын сақтау нәтижесiнде мемлекеттiң пайда болуына негiз екенiн айтады. Мысалы: Ежелгi Рим, Афина және Германия.

Өндiрiс саласы дегенiмiз - ол, адамдардың әр салаға байланысты жұмыс iстеуiн айтады. Салалық және функционалдық дегенiмiз - ол, әр салаға байланысты, әрбiр қызметшiге жүктелген мiндеттi атқаруды айтады.

Мемлекеттiк басқарудағы субъектi мен объектiнiң арасындағы өзара байланыс дегенiмiз - ол, қоғамдық қатынастардағы мемлекеттiң басқаруына, бақылауына жататын белгiлi бiр объектiнi айтады. Субъектiге жататындар:

Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар. Объектiге жататындар: бағынысты немесе қызмет бабына байланысты тәуелдi жеке және заңды тұлғаларды айтады. Мысалы: ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi (субъект) болса, ал Қостанай МУ (объект) болып табылады. Өйткенi Министрлiкке бағынады. Ал министрлiк өз билiгiн жүргiзетiн болады.

2 Адам - әлеуметтiк жүйенiң негiзгi элементi және азаматтардың мемлекет iсiн басқаруға қатысуға заңдылық кепiлi

Адам дегенiмiз - ол, абстрактілiк құбылыс емес, ол нақты түрде қоғамда өмiр сүрiп, тиiстi iс-әрекеттердi жасайды (Ф.Энгельс). Адам – ол, қоғам құрлысының негiзiн қалаушы болып табылады. Ал халық адамнан тұрады. Мемлекеттiң билiгiн әкелушi және iске асырушы - ол, халық болып табылады. Халық мiндеттi түрде мемлекет билiгiне араласады. Халықтың мемлекеттiк билiкке қатысуы – ол, демократияның нақты орнауы деп аталады (Солон). Адам мемлекеттiк басқаруда әрi субъект, әрi объект болып табылады. Мемлекеттiк iстi басқару - ол, әр адамның нақты артылған қызметтiк мiндетiне, оның атқаруына байланысты екенiн айтады. Қоғамдық қатынастарда әр адамның өз орны болады. Адамның бiрi жұмысшы болса, ал ендi бiреуi бастық, ал басқасы ғалым, саяси қайраткер т.б. Адам туғаннан бастап өз орнын өмiрде табу үшiн бiрнеше iзденiстерден, тексеруден, сындардан яғни тар жол, тайғақ кешуден өтедi. Сондықтан адамның мемлекеттiк билiкке қатысуы заңды құбылыс. Оның себебi, тек адамның қатынасуы бойынша дүниедегi iс-әрекеттер жүзеге асырылады. ҚР азаматтары мемлекеттiк қызметке кiру қағидасы тек өз еркiмен орнатылады. Өйткенi мемлекеттiк қызметке әр азамат өзiнiң қалауы бойынша, еркi бойынша кіреді. Сондықтан азаматтарға мемлекеттiк қызметтi атқару кезiнде конституциялық және заңды кепiлдiк берiледi.

ҚР Конституциясында адамның әлеуметтiк жағдайы әр қилы түрлі болады. Оның себебi күнделiктi қоғамдық қатынастарда қызметтiк мiндеттерiне байланысты, қоғамдағы болып жатқан өзгерiстер мен басқа да табиғи құбылыстарға байланысты болады. Адам өмiрi ол – қоршаған қоғамдар мен адамдар қоғамына қарай айқындалады.

Адам туралы түсінікті алып қарасақ - ол, тек бiр адам туралы айтылмайды, ол барлық жалпы адам қоғамы туралы айтылады деген (К.Маркс).

ҚР Президентiнiң 2030 - Стратегиялық бағдарламасында: ”Қазақстанның болашағы жастардың қолында” деп айтылған. Ол дегенiмiз, алдағы уақытта Қазақстанның келешегiн алға апарушы болашақ жастар қоғамына жатады дегенді білдіреді. Жастар өсiп жетiледi, өз Отанына қызмет етеді және борышын өтеуге тиiстi болады.

Болашақ жастар бiздiң алдағы келешекте бiздiң елдi көркейту, дамыту, қорғау және атадан қалған мұра жолдан тайынбауды көксеу керек екенi айтылған. Бұрынғы қазақ ғұламалары мен мемлекеттiк қайраткерлер. Абылай хан, Әбiлхайыр хан, Тәуке хан, Қасым хан, Кенесары хан т.б. қазақ жерiн, даласын сырттан келген басқыншылыққа, жоңғар шапқыншылығынан қорғап қалғанын ғұмыр бақи ұмытпауымыз керек.

Жеке тұлға - ол, биологиялық тұрғыда басқару жүйесiнде объект және субъект болуы мүмкiн. Мысалы, мемлекеттiк басқаруда, мемлекет аппаратында адамдар қызмет етедi, ал сол қызметте әрқайсының лауазымы әр түрлi және әр деңгейде болады. Яғни бiрi бастық болса, ал екiншiсi соның қарауында iстейтiн қызметшi болып табылады. ҚР Президентi оның құрамында Президент әкiмшiлiгi, Президенттiң кеңесшiлерi. Сонымен қатар, Мемлекеттiк қызмет органында бастық және оның бағынысты қызметшiлерi болады. Мiне, осыған байланысты жеке тұлға әрi объект әрi субъект болуы мүмкiн.