
- •«Менеджмент» кафедрасы
- •Пәннің типтік бағдарламасы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пән бойынша оқу бағдарламасы силлабус (syllabus)
- •1.Оқытушы туралы мәліметтер:
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •3. Пререквизиттер:
- •4. Постреквизиттер:
- •5. Курстың қысқаша сипаттамасы:
- •6. Студенттің білімін бағалау туралы мәлімет:
- •7. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1. Пәннің тақырыптық жоспары:
- •10. Сөж және соөж тапсырмаларының орындалу кестесі және тапсыру уақыты:
- •11. Аралық және қорытынды бақылау тақырыптары
- •Қорытынды бақылау
- •12. Әдебиеттер тізімі
- •4.Пән бойынша тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі
- •5.Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтылуы
- •Дәрістік кешен
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк билiктiң түсiнiктемесi
- •2 Мемлекеттiк басқарудағы жалпылық пен ерекшелiк
- •3 Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк басқару қағидаларының теориялық және тәжiрибелiк маңызы
- •3 Қр Конституциялық қағидалар және олардың әлеуметтiк қызметi
- •Жоспары:
- •1 Қр 2030 жылға дейiнгi Стратегиялық бағдарламасында белгiленген мемлекеттiк басқарудың жүйелiгi туралы
- •2 Заң шығарушы, атқарушы және сот билiгі тармақтары органдарының құрылымы
- •3 Мемлекеттiк бақылау - қадағалау органдары
- •1 Әлеуметтiк жүйе және оның элементтерiнiң құрлымы
- •2 Адам - әлеуметтiк жүйенiң негiзгi элементi және азаматтардың мемлекет iсiн басқаруға қатысуға заңдылық кепiлi
- •3. Мемлекеттiк басқарудағы салалық және функционалдық бастама
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк басқарудағы саясат пен мақсат
- •2 Басқару функциялары: ұйымдастыру (басқару жүйесi мен үдiрiстер), жоспарлау (болжамалар мен бағдарламалар жасау), кадрлармен қамтамасыз ету, реттеу, бақылау
- •3 Мемлекеттiк басқарудың нысандары
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк тұрғыда шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi
- •2 Орталық атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу
- •3 Орындалған шешiмге баға (нәтижесiне) беру
- •Жоспары:
- •1 Әкiмшiлiк тәртiптер: түсiнiгi және басқару қызметiне қатыстылығы
- •2 Бақылау және оның түрлерi
- •3 Мемлекеттiк басқарушылық қатынастарының субъектiлерi
- •1 Мемлекеттiк басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету
- •2 Мемлекеттiк басқаруда заңдылық пен тәртiптiлiктi қамтамасыз ету
- •3 Мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн ғылыми негiзде талдау тәсiлдерi
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк қызмет азаматтардың кәсiби қызметтерiнiң бiр түрi
- •2 Мемлекеттiк қызмет қоғамдық еңбектегi ұйымдастырудағы атқаратын рөлi және алатын орны
- •3 Қр 2030 жылға дейiнгi стратегиялық бағдарламасына сәйкес, жаңа тұрпатты шенеуніктердi даярлау
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшiнiң түсiнiгi
- •2 Мемлекеттiк қызметшiлердi саяси және әкiмшiлiк деп бөлу, олардың бiртұтастығы және бiр бiрiнен айырмашылығы
- •3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру кепiлдiктерi олардың құқықтық жағдайларының айрылмас элементтерi
- •Жоспары:
- •1 Азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруі және мемлекет iсiн басқаруға конституциялық құқықтары
- •2 Мемлекеттiк қызметке кiретiн тұлғаларға қойылатын талаптар (азаматтығы, жасы, бiлiктiлiгi) және олардың ерекшелiктерi
- •3 Мемлекеттiк қызмет аясындағы шектеулер мен тыйым салу
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк органдарының жұмысын ұйымдастырудың жалпы негiздерi
- •2 Дербес және алқалы мемлекет органдарының қызметi
- •3 Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылықтары
- •Жоспары:
- •1 Мемлекеттiк қызметтi тоқтату негiздерiнiң жалпы сипаттамасы
- •2 Мемлекеттiк қызметшiлердi жұмыстан босату тәртiптерi
- •3 Заңсыз жұмыстан босатудан сот арқылы қорғау (материалдық және моральдық шығындарды өтеу)
- •Жоспары:
- •1 Қр Мемлекеттiк қызмет және кадр саясатын қайта қараудың концептуальды негiздерi
- •2 Республикадағы мемлекеттiк кадр саясатының басты мақсаты, қағидалары және басымдылығы
- •3 Мемлекеттiк қызметтi қайта қарауды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету
- •Семинар (тәжірибе) сабақтарының жоспары
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқаулар
- •Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары
- •Студенттің өзіндік жұмыстар (сөж) тақырыптары
- •Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелер, есептік құжаттардың формалары бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау (жазбаша бақылау жұмыстары, тест, өзіндік дайындық үшін сұрақтар, емтихан билеттері, тағы басқа). Өзін өзі тексеру сұрақтары
- •Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамсыздандыру.
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялардың тізімі
2 Заң шығарушы, атқарушы және сот билiгі тармақтары органдарының құрылымы
Заң шығарушы дегенiмiз - ол, мемлекет билiк тiзбегiнiң бiр түрi ретiнде және оның мiндетiн ҚР Парламенті органын айтады.
Атқару билiгi дегенiмiз - ол, мемлекеттiк билiктiң бiр тiзбегi ретiнде мемлекеттiң мәселесiн, шығарылған заң мен басқа да нормативтiк құқық актілерiн жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн ҚР Үкiмет органын айтады.
Сот билiгi дегенiмiз - ол, мемлекет билiгiнiң бiр тiзбегi ретiнде, ҚР аумағында әдiлдiк пен теңдiктi қамтамасыз ететiн және әлеуметтiк әдiлдiктi орнатудағы заңды шешiм қабылдау нәтижесiнде жүзеге асыратын ҚР Жоғарғы сотынан бастап төменгi деңгейдегi сот органдарын айтады.
Мемлекеттiк билiк мiндеттi түрде үш билiк тiзбегiнен тұру себебi мынада:
- мемлекет билiгiнiң демократиялық айқындығын байқату;
- құқықтың жоғары деңгейде болуы;
- тек заңдылықтың нәтижесiнде әдiл шешiм қабылдау.
ҚР Конституциясына жүгiнсек, онда IҮ-тарауда Парламент деген бөлiмiнде 49-баптан бастап, 63-бапқа дейiн ҚР Парламентiнiң құзыреттiк мiндетi мен қызметi туралы айтылған.
ҚР Конституциясының 49 бабында: ҚР Парламентi Республика бойынша жоғарғы өкiлеттi орган, заң шығару функциясын жүзеге асырады деген. Өкiлеттi орган дегенiмiз - ол, халықтың сайлауы бойынша жасалатын мәселенi айтады. Мысалы ҚР Парламентiнде депутаттар қызмет атқарады. Ал депутаттар екi палатаға бөлiнедi, атап айтқанда Мәжiлiс және Сенат палатасын.
ҚР Конституциясының Ү-тарауында: 64-баптан бастап 70-бапқа дейiн ҚР Үкiметi туралы айтылған. 64-бапта: Үкiмет ҚР аумағында атқару билiгiн жүзеге асырады.
ҚР Үкiметi ҚР Президентке бағынады және ҚР парламент алдында есеп бередi.
ҚР Үкiмет құрамын Премьер –министр тағайындалған соң 10 күн iшiнде құрып, оның тiзiмiн ҚР Президентiне ұсынады. ҚР Үкiмет мүшелерi халық және Президент алдында ант бередi. Үкiмет құрамына барлық салалық министрлiктер кiредi. ҚР саясатын және экономикасын ұйымдастырушы және оны жүзеге асырушы Үкiметке жүктеледi. ҚР Сот билiгiн ҚР Жоғарғы сотынан бастап төменгi деңгейдегi аудандық және оған теңестiрiлген сот органдары кiредi. ҚР Конституциясынынң ҮII-тарау: 75-баптан бастап 84-бапқа дейiн көрсетiлген.
3 Мемлекеттiк бақылау - қадағалау органдары
Мемлекеттiк бақылау дегенiмiз - ол, мемлекеттiң атынан белгiлi бiр объектiлердiң тексеруiн қажет ететiн, оның қызметiне баға беретiн iс-әрекеттi айтады. Бақылаудың түрлерi:
- Президенттiк бақылау;
- Парламенттiк бақылау;
- Үкiметтiк бақылау;
- жергiлiктi бақылау;
- салалық (ведомствалық) бақылау;
- салааралық (ведомствадан тыс) бақылау.
Қадағалау дегенiмiз-ол, бақылаудың бiр түрi ретiнде, қатаң түрде бақылау жұмыстары жүргiзiлетiн iс-әрекеттерiн айтады.
Қадағалаудың түрлерi:
- Прокурорлық қадағалау;
- Соттық қадағалау;
- Әкiмшiлiк қадағалау.
Бақылау мен қадағалаудың айырмашылығы:
- бақылау жасау кезiнде тек қызметтегi жетiстiктердi тексеру нәтижесiнде түзету және қалпына келтiру және басқа да ұсыныстар айтылады.
- тексеру нәтижесiнде жiберiлген кемшiлiктердiң ауырлығына және оның маңыздылығына қарай тексеру жүргiзiлген объектiлердiң лауазымды және басқа да қызметшiлерiне тиiстi жазалардың түрлерi қолдануы мүмкiн.
Яғни прокурорлық қадағалаудың нәтижесiнде мынадай заңды жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн: қылмыстық, материалдық, әкiмшiлiк және тәртiптiк. Соттық қадағалаудың нәтижесiнде мынадай шешiм шығарылуы мүмкiн: сотталған адам жауаптылықтан босатылуы мүмкiн, сот үкiмi, шешiмi бұзылуы немесе қайта қаралуға жатады. Әкiмшiлiк қадағалау дегенiмiз - ол, мемлекет органдарының кейбiр қызмет саласының және шаруашылық саласын бақылау жасаудың нәтижесiнде шығарылатын шешiмдi айтады. Әкiмшiлiк қадағалаудың түрлерi: жол қауіпсiздiгiн, өрт қауіпсiздiгiн, санэпидемиялық, техникалық, атом қуатын қадағалау. Арнайы әкiмшiлiк қадағалау - ол, бас бостандығынан айырылып келген тұлғалардың екi рет және одан да көп рет сотталған, рецидивистердi IIО есепке алу және үнемi бақылауын айтады.
Ендiгi мәселе - ол, бақылаудың түрлерi туралы айтылады.
Бақылаудың түрлерi:
1. Президенттiк бақылау- Бұл бақылауда ҚР Президентi немесе оның әкiмшiлiк қызметi бақылауды жүзеге асырады.
2. Парламенттiк бақылау - ол, тек Парламент депутаттарының палатасы не тұрақты комитетi бақылау жұмысын жүргiзедi, мысалы, Сенат палатасы бюджеттiң шығыс - кiрiсiн бақылауды жүзеге асырады.
3. Үкiметтiк бақылау - ол, Премьер-министрдiң тiкелей нұсқауы бойынша не үкiмет құрамының бiрауыздан шешiм қабылдауы бойынша жүзеге асырылады.
4. Ведомстволық бақылау;
5. Ведомстводан жоғары бақылау;
6. Жергiлiктi бақылау.
Бақылау сұрақтары:
1 ҚР 2030-Стратегиясында мемлекеттiк басқару туралы қандай бағдарлама айтылды?
2 Мемлекеттiк бақылаудың қандай түрлерi бар?
3 Қадағалаудың қандай түрлерi бар?
4 Әкiмшiлiк қадағалудың қандай түрлерi бар?
5 Ведомстводан жоғары бақылау дегенiмiз не?
№ 4 ДӘРIС Тақырып: “Әлеуметтiк жүйе мемлекеттiк басқарудың объектiсi ретiнде”
Сабақтың мақсаты: әлеуметтiк жүйеге жалпы түсінік бере отырып, оның мемлекеттiк басқарудың объектiсi ретінде қаралуына тоқталу.
Жоспары:
1 Әлеуметтiк жүйе және оның элементтерiнiң құрлымы.
2 Адам - әлеуметтiк жүйенiң негiзгi элементi және азаматтардың мемлекет iсiн басқаруға қатысуға заңдылық кепiлi.
3 Мемлекеттiк басқарудағы салалық және функционалдық бастама.