Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Гос и мест упр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
567.81 Кб
Скачать

3 Қр Конституциялық қағидалар және олардың әлеуметтiк қызметi

ҚР Конституциясының II-шi тарауында “Адам және азамат” мына қағидалар көрсетiлген:

- ҚР азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады және оның қалай алынғанына еш әсер етiлмейдi;

- ҚР азаматы, ешқашанда және қандай жағдайда болмасын ҚР азаматтығынан айырылмайды және елден кетiрлмейдi;

- ҚР азаматтығына бөтен елдiң азаматтығы танылмайды;

- ҚР Азаматы бөтен елге берiлмейдi, егер халықаралық келiсiм-шартта көрсетiлмесе;

- ҚР өз азаматына елден тыс жерде қорғау және қамқоршылықты қамтиды;

- ҚР адам және азамат құқығына және бостандығына Конституцияға сәйкес кепiлдiк ету және танылатын болады;

- ҚР Конституцияға сәйкес адам құқығы мен бостандығы танылады және құқықтық кепiлдiк берiледi;

- ҚР Азаматы өзiнiң жағдайына байланысты құқыққа ие және мiндеттеме алады;

- Өз құқығын жүзеге асыру кезiнде бөтен бiреудiң құқығын бұзуға болмайды.

Әлеуметтiк қызметi:

- атқарған қызметi үшiн тиiстi еңбекақының төленуi;

- қиянат жылдары үшiн зейнетақының төленуi;

- денсаулығына байланысты жәрдемақының берiлуi;

- қоғамдық көмектiң көрсетiлуi;

- әлеуметтiк жағдайы нашар адамдарға материалдық жәрдем көрсетiлуi;

Әлеуметтiк қызмет - ол, мемлекеттiң материалдық көмек беруiн айтады.

Әлеуметтiк қызмет - ол, әрбiр мемлекет органында мемлекетттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк қорғауын айтады. Мысалы, мемлекеттiк қызметшi өзiнiң баспанасын жақсарту үшiн ширеттен тыс жер учаскесiн алуға құқылы. Кезектi демалысқа шыққанда мемлекетттiк қызметшiге лауазымдық қызмет ақшалай өлшем еңбек ақысының 2 не 3 айлық шамасындағы еңбек ақысы берiледi. Оған бiр мысал, полиция қызметкерлерi күнделiктi коммуналық төлемдi төлеуiн жеңiлдету үшiн ай сайын ақшалай компенсациялық жәрдем ақы берiледi.

Сонымен қатар әлеуметтiк үй-жайы нашар, көп жанұялы жанұяға әлеуметтiк жәрдем ақы төленуге тиiстi. Сонымен қатар 25 жыл қиянат еңбек еткен адамдар, жасы 58 және 63 жасқа келгендер зейнетақы алуға құқылы.

Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттiк басқару қағидаларын айтып берiңдер.

2 Мемлекеттiк басқарудағы қызмет саласын айтып берiңдер.

3 Әлеуметтiк қорғау дегенiмiз не?

4 Мемлекеттiк қызмет саласын айтып берiңдер.

5 Әлеуметтiк көмек дегенiмiз не?

3 ДӘРIС Тақырып: “Мемлекеттiк басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы”

Сабақтың мақсаты: студенттерге мемлекеттік басқарудағы ұйымдастырушылықтың алатын орны мен оның билік тармақтарымен байланысын анықтап, сонымен қатар мемлекеттік басқарудағы жүйелілік туралы түсіндіру

Жоспары:

1 ҚР 2030 жылға дейiнгi Стратегиялық бағдарламасында белгiленген

мемлекеттiк басқарудың жүйелiгi туралы.

2 Заң шығарушы, атқарушы және сот билiгі тармақтары органдарының құрылымы.

3 Мемлекеттiк бақылау - қадағалау органдары.

1 Қр 2030 жылға дейiнгi Стратегиялық бағдарламасында белгiленген мемлекеттiк басқарудың жүйелiгi туралы

“Қазақстан - 2030” стратегиялық бағыттар әр сала бойынша көрсетiлген. Мемлекеттiк басқару саласына ең алдымен экономика саласын қою қажет.

Экономика саласын нығайту үшiн 10 қағидалар осы аталған стратегия бойынша белгiленген. Экономиканың даму қағидалары:

- мемлекеттiң экономикаға тiкелей нақты шектелген түрде кiрiсуi;

- макроэкономикалық тұрақтылық;

- бағаны либеризациялау;

- ашық түрдегi экономика және ерiктi түрде сауданы өткiзу;

- жекеменшiк институтын нығайту;

- жекешелендіру;

- шетел инвестициясын сапалы түрде қорғауды қамтамасыз ету;

- энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарын өндiру;

- индустриялдық технологиялық стратегиясын қалыптастыру;

- өндiрiстi диверсификациялау.

Келесi мәселе - ол, ҚР ұлттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету.

Ұлттық қауіпсiздiктiң түрлерi:

- экономикалық қауіпсiздiк;

- саяси қауіпсiздiк;

- экологиялық қауіпсiздiк;

- ақпараттық қауіпсiздiк;

Ұлттық қауіпсiздiк - ол, мемлекет механизмдерiнiң өз қызметтерiн ойдағыдай дер кезiнде орындап, оның дайын болуын айтады.

Үкiмет алдына қойылған қағидалар:

- ұлттық және қоғамдық келiсiмдегi ынтымақтастығын сақтау;

- шынайы экономиканың нақты экономика аумағында сақталуы;

- мемлекеттiк бюджеттiң шынайы түрде болуы;

- жағдайы нашар тұлғаларға әлеуметтiк жәрдем көрсету;

- сыбайлас жемқорлықпен үнемi, тоқтаусыз күрес жүргiзу;

- қоғамның имандылыққа деген көңiл бөлу мәселесiн нығайту;

- сыртқы саясаттың көп қырлы болуы.

- жүйелiгi туралы.