Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Гос и мест упр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
567.81 Кб
Скачать

Жоспары:

1 Мемлекеттiк басқару қағидаларының теориялық және тәжiрибелiк маңызы.

2 Мемлекеттiк басқарудың салалық қағидалары, олардың ерекшелiктерi.

3 ҚР Конституциялық қағидалар және олардың әлеуметтiк қызметi.

1 Мемлекеттiк басқару қағидаларының теориялық және тәжiрибелiк маңызы

Мемлекеттiк басқару қағидалары ҚР аумағында ҚР Президентiнiң “Қазақстан-2030” деген жолдамасында мына мән-жайлар айтылған:

- бiз мемлекетiмiздiң егемендiгi мен тәуелсiздiгiмiздiң негiзiн жасадық;

- басқарудың негiзгi генерациясын даярлау болды;

- мемлекеттiк басқару жұмысы бiлектi түрiп жұмыс iстеудi қажет етедi;

- көздеген мақсатқа жету;

- болашаққа деген жаңа мамандарды даярлау;

- мемлекеттiк басқару - ол, ҚР Конституция негiздерiн басшылыққа ала отырып, оны бұлжытпай орындау болып табылады.

Мемлекеттiк басқару қағидалары:

- заңдылық;

- Қазақстандық патриотизм;

- жүктелген мiндеттi бұлжытпай орындау;

- өз iсiне деген жауапкершiлiк;

- атқарған еңбегi үшiн есеп беру;

- адам мүддесiнiң мемлекет мүддесiнен артықшылығы;

- Мемлекет органдарының өзiнiң қабылдаған шешiмдерi үшiн адам алдындағы жауапкершiлiгi;

- адамның өз iсi үшiн жауаптылығы.

Теориялық маңызы:

- мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк қызметшiнiң барша халыққа деген маңыздылығы;

- мемлекеттiк басқарудың адам қоғамына қажеттiлiгiн таныту;

- мемлекеттiк басқарудың нарықтық экономиканы реттеу жөнiндегi маңызы;

- мемлекеттiң әрбiр азамат үшiн құқығын және бостандығын қорғау жөнiндегi кепiлдiгi;

- адам мен азаматтың субъективтiк құқығын жүзеге асыруға жағдай жасауы.

Тәжiрибелiк маңызы:

- мемлекеттiк басқарудың iс жүзiнде жүзеге асыру нәтижесiнiң маңызды болуы;

- пайдаланған тәжiрибе жолдарын үнемi жаңарту iс-шараларын жүргiзу;

- iс-шаралардың нәтижесi конституцияға және заңнамаларға сәйкес болуы;

- теория жолын қолдану кезiнде жаңа әдiс-тәсiлдерiнiң пайда болуы;

- жаңа пайда болған әдiс-тәсiлдерiн пайдаланған жағдайда нәтижесiне тиiстi баға беру.

2.Мемлекеттiк басқарудың салалық қағидалары, олардың ерекшелiктерi

Салалық басқару дегенiмiз - ол, мемлекеттiк деңгейдегi қоғамдық қатынастарда әрбiр жұмыстың түрiне, сипатына байланысты басқарушылық пен ұйымдастырушылық әдiс-тәсiлдерiн пайдаланатын iс-әрекеттерiн айтады. Өйткенi, мемлекеттiк басқаруда, қоғамдық қатынастарда көптеген шаруашылық түрлерi кездеседi. Мысалы: қаржы немесе экономика саласы, бiлiм және ғылым саласы, өнеркәсiп саласы, ауыл шаруашылық саласы, әскери және құқыққорғау, соттық iстер саласы т.б. Осы аталған салалардың бәрi мемлекеттiк басқару және реттеушiлiк әрекеттерiн қажет етедi.

Салалық қағиданың конституциялық қағидадан айырмашылығы:

- конституция негiзгi жалпыға бiрдей мақсатты көздейдi;

- салалық қағида арнайы мәселенi шешу немесе реттеу үшiн тек заңнамаларға байланысты жүзеге асырылады;

- кейбiр ерекшелiгiне байланысты болады.

Салалық қағиданың түрлерi:

- экономикалық салалар;

- әлеуметтiк салалар;

- әкiмшiлiк-саяси құрылыс саласы;

- әдiлеттi басқару саласы;

- бiлiм және ғылым саласы;

- денсаулықты сақтау және қадағалау саласы.

Салалық басқаруда өзiнiң материалық-техникалық базасы болады (баспана, ғимарат, көлiктер, құрал-жабдықтар т.б.) қоғамға қажеттi қызметтi атқару. Мысалы, медициналық көмек көрсету. Әрине медицина жеке меншiктер де бар. Оның айырмашылығы, мемлекетте оған бюджет қорынан қаржы бөлiнедi, ал жеке өз қалтасынан қаржыны жұмсайды.

Салалық басқаруда әрбiр сала бойынша өздерiнiң мамандалған мамандары мен кадрлары болады. Мысалы, бiлiм беру саласын алсақ, онда оқытушылар, доцент, профессорлар және докторлар, академиктер жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк басқаруда әртүрлi қызмет салалары бар, атап айтқанда:

-салық қызметi;

-кеден қызметi;

-әдiлет қызметi;

-әкiмшiлiк қызметi;

-денсаулық сақтау қызметi;

-ветеринарлық қызметi;

-қаржы қызметi;

-әскери қызмет;

-құқық қорғау қызметi.

Осы атаған қызмет түрлерiнiң әр саласына сай нақты және тиiстi заңдармен, ережелерiмен және жарғыларымен, нұсқауларымен бекiтiлген. Яғни тиiстi нормативтiк – құқық актiлерiмен бекiтiлген. Осы аталған актiлер бойынша мемлекеттiк органдар өз қызметтерiн атқарады.