Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ситуационные задачи-психиатри-каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.98 Кб
Скачать

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

46. 30 жастағы науқас, бала кезінде ауыр бас-ми жарақатын алған. Соңғы кездері жұмысы көп болғандықтан дұрыстап ұйықтай алмаған. Тексерген кезде тітіркенгіштікке, шаршағыштыққа, зорығу күйіне шағым айтады. Әсіресе интеллектуальді-ойлау қызметтерін жасағанда тез шаршайды, басының ауырғаны күшейеді. Жарақат алғаннан бері көлікте жүргенді, ыстықты көтере алмайды. Кейінгі кезде бір істен екіншісіне ауысқанда қиналатынын айтады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

47. 66 жастағы науқас, гипертониялық кризден кейін өз денсаулағына аса көңіл бөле бастаған. Өзінің қан қысымын күніне бірнеше рет өлшеп, бақылап отырады. Денесіндегі шаншу, тартылу, кернеу, қозғалу, жыбырлау сияқты сезімдерге шағымданып, үйіне дәрігерлерді жиі негізсіз шақыратын болған.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

48. 35 жасар науқас психиатриялық клиникаға жедел психотикалық жағдайда түскен. Бойында үрей, қорқыныш бар, тынымсыз және қобалжыған. Терісі мен денесінде жәндіктердің жүргенін сезеді, оларды іздеп, ұстап, қанағанша қасып тастайды. Айналасының бәрі оны өлтіруге талпынып жүрген жаулар деп санайды. Бөлме ішінен қорқынышты бет-әлпеттер көріп, сырттан сені өлтіреміз деген жаман дауыстарды естігендіктен түнімен ұйықтай алмайды. Күндіз кішкене тынышталғандай болады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

49. 41 жастағы жүргізушіде гаражда улану жағдайынан кейін үрей пайда болды, көңіл-күйі төмендеп, күдікшілдігі күшейді. Айналасында заттар түсі бойынша жарқырап, олардың ара қашықтықтары мен формалары өзгеріп кеткендей әсер пайда болды. Ерекше, өзгеріп және қозғалатын суреттер пайда болған. Науқас үрейленген, тынымсыз, қорқыныш сезімінде отыр. Аурулық сезімдерге критикасы жоқ.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

50. 40 жастағы әйел өз үйі өртеніп кеткеннен кейін жедел жәрдем көлігімен әкелінген. Одан бері 5 сағат өтсе де әлі қозғалыссыз қалыпта отыр, жанары кеңістікке қадалған, айналасында болып жатқан жайттарға қатыспайды, қойған сұрақтарға жауап қатпайды. Бет-әлпетінде қайғыру пішіні бар.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы