
- •1. Негізгі синдром
- •1. Негізгі синдром
- •1. Негізгі синдром
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
32. 30 жастағы ер адам, бас-ми жарақатына байланысты емделіп жатыр. Госпитализацияның үшінші күнінде психикалық жағдайы өзгерді. Үрейлі, мазасыз, ұйқысы бұзылған. Қоршаған ортаны қате қабылдайды, персоналдарға, емдік процедураларға күдікпен қарайды. Артынан уақыт бойынша, қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды бағдарлауы бұзылды. Үйімде жатырмын деп есептейді, қозған, мазасыз, тоқтамастан бір нәрсені іздейді, ауадан қармайды, өзінен дәкені алып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. Бөлімшеден қашуға тырысады. Жолдастарының дауыстарын естиді.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
33. 23 жастағы студенттің жүріс-тұрысында оғаштық байқала бастады. Баяу қимылдайтын болған, сөзін созып сөйлейді. Күн сайын бірнеше рет бірнеше секундқа мелшиіп қалады, осындай жағдайда ешнәрсені естімейді, сұрақтарға жауап бермейді. Науқастың өзі бұл бұзылыстарды байқамайды және есінде қалмайды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
34. 30 жастағы ер адам, белгісіз бір халықаралық ұйым оны әртүрлі әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейтінін, өз ойларын оның басына салатынын, үнемі оны аңдып, басқаратынын сеніммен айтады. Сонымен қатар тек өзіне арналған дауыстарды басының ішінен еститінін айтады.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
35. 18 жасар бозбала өз бетінің «ұсқынсыздығына» шағымданады. Мұрнының, құлақтарының «ақауын» түзету үшін өзіне косметикалық операция жасауды талап етеді. Көндіруге келмейді. Көмек көрсетілмесе өзіне қол жұмсаймын деп туысқандарын қорқытады.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
36. 75 жастағы әйел, ми қантамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, жалпы дәрменсіздікке, бвс ауруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Көңіл-күйі жабырқаулы, тежелген, өзін күнәһармын, өмір сүруге хақым жоқ деп есептейді. Ойы түзетуге келмейді. Астениялық, ипохондриялық жағдайда, суицидальді әрекет байқалған.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
37. 33 жастағы әйел, шаршаған, тұнжыраңқы көрінеді. Үнемі бас ауруына, үрейленуге, бектей ұйқыға шағымданады. Миында жазылмайтын ісік бар деп ойлайды. Осы ойға байланысты нашар ұйықтайды. Күндіз бұл ой жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Дәрігерден осы ойдан құтылуға көмек сұрайды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
38. 20 жастағы бозбалада іс әрекеттерінің, қозғалысының және сөйлеуінің мәнерлілігімен, есерсоқтық пен бірге қозу байқалады. Науқас бетін тыжырайтып билейді, ерекше сөздер мен фразаларды айқайлап айтады. Алайда оның күлкісі, орынсыз қалжыңы, бос сөйлеуі айналасындағы адамдарға әсер етпейді.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
39. 25 жасар студенттің кейінгі кездері мінез-құлқы өзгере бастаған. Ол шамадан тыс баяу, сөзін созып сөйлейді. Кейде бірнеше секунд бір орнында қатып қалады. Бұл уақытта ештеңе есітпейді, ешқандай сұраққа жауап бермейді. Бірақ өзі бұны білмегендіктен есінде ештеңе қалмайды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
40. 40 жасар әйел жұмысында үлкен мөлшердегі қаржыны орынсыз жұмсағаны үшін соттық сараптамада жатыр. Тергеушімен әңгіме кезінде көзін бақырайтады, орынсыз ыржияды, өзінің аты-жөнін, жасын айта алмайды. Өзін жұмыста отырмын деп ойлайды. Аяқ киімін қолына киеді, қарапайым арифметикалық есептерді шығара алмайды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
41. 16 жасар бозбаланың кейінгі кездері мінез-құлқы өзгере бастаған. Достарынан және туған-туысқандарынан бөлектене бастаған. Көңіл күйі жабыраңқы. Уақытының көбісін айна алдында өзінің бет әлпетін қараумен өткізеді. Өзінің сырт көрінісіне, әсіресе мұрны мен құлағының формасына көңілі толмайды. Сондықтан пластикалық хирургияға қызыға бастаған. 1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
42. 17 жасар бойжеткен гриппен ауырған кезде температурасы қатты көтерілген. Дәрігер көрген кезде ол тынышсыз, мазасыз, үрейлі, болған. Өзінің қайда екенін, қай уақыт екенін білмейді. Төсектен жиі ұшып тұрады да жастықтың астынан бірдеңелерді іздей бастайды, кроваттың астына қарайды. Қолымен қабырғаны сипалап көзге көрінбейтін бірдеңелерді ұстап алғысы келгендей қармайды. Өзімен-өзі сөйлесіп, жан-жағына үрейлі түрде қарайды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
43. Стенокардиямен зардап шегетін 55 жасар науқасөз денсаулығын ойлап мазасызданады. Басынан жүрегі кенеттен тоқтап қалатын сияқты қорқынышты ой кетпейді. Оның негізсіз екенін, қорқынышының жөнсіз екенін түсінеді, бірақ өз бетінше ол ойдан құтылуға дәрменсіз. 1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
44. 30 жастағы ер адамда әр күні кенеттен қатты айқаймен басталатын ұстамалар болған. Оның алдында бірнеше сағат бұрын көңіл-күйі бұзылып, басы және асқазаны ауырып, мазасы кеткен. Соңынан 2-3 минутқа созылған тоникалық және клоникалық тырысулар болған. Бұндай тырысулардан кейін біраз уақытқа дейін өзіне-өзі келе алмай, соңынан ұйықтап кетеді. Ұйқыдан соң ештеңе есінде қалмайды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
45. 55 жастағы ер адам көп жылдар бойы алкогльді шамадан тыс қолданып келген. 7 жал бұрын инсульт болған. Соңғы жылдары әртүрлі суррогаттарды салынып ішкен. Тәулігіне аз мөлшерден бөліп-бөліп ішеді. Табанындағы ауырсыну сезімдері төмендеген, жүрісі өзгерген. Өте ұмытшақ, өзінің қайда жүргенін, уақытты білмейді. Бірнеше минут бұрын болған нәрсені есіне түсіре алмайды. Есесіне мүлдем болмаған нәрсені айтады.