Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ситуационные задачи-психиатри-каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.98 Кб
Скачать

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

24. Науқас, 36 жаста. Анамнезінде: екі жыл 12-елі ішек ойық жара ауруымен ауырады, осы ауруына байланысты 2-ші топ мүгедегі. Мінез-құлқы үрейлі, тұйық. Клиникалық, лабораториялық және рентгенологиялық зерттеулер соматикалық аурудың өршуін көрсетті. Әңгімелесу кезінде бағдары дұрыс, контакт шектелген: жай дауыспен, бірмәнді жауап береді. Асқазанның ауыр ауруымен ауырамын, ол жазылмайды деп есептейді. Көңіл-күйі төмен, жабырқаулы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидальді ойлар айтады. Критика жоқ.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

25. 16 жастағы жасөспірім, оқушы. Бес күн бұрын тұмаумен ауырып қалған, температурасы 40°C дейін жеткен, жөтел мазалаған. Мазасыз, үрейлі. Айналадағының барлығы «әдейі ойластырылып қойған», «қос ойын» жүргізіліп жатыр дейді. Біресе ол ауруханадамын, біресе тергеу изоляторындамын дейді. Айналадағы дәрігерлер – дәрігерлер емес, оған қылмыстық іс жүргізіп жатқан тергеушілер, ал медициналық персонал «киімдерін ауыстырып алған агенттер» дейді. Көндіруге келмейді, толығы мен өзінің дертті күйзелістерінің қармауында.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

26. 42 жастағы әйел, сауыншы. 5 жылдан бері бруцеллезбен науқастанған. Бас ауыруына, әлсіздікке, температураның жоғарылауына, бүкіл денесіндегі сырқыраған ауру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде тері жабындысы бозарған, перифериялық лимфа түйіндерінің барлық топтарының аздап ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ірі буындар аймағындағы ауру сезімі бар. Көңіл-күйі төмен, әлсіреген. Бөлменің түбінен оны «өлтіремін» деп қауіп төндірген әйел дауысын «естиді». «Дауыс» шынайы адамның дауысы тәрізді естіледі.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

27. 15 жастағы жасөспірімде үш жыл бұрынғы бас-ми жарақатынан кейін, әсіресе сабақ уақытында аса шаршағыштық, оқу материалдарын есте сақтау қиындығы, агрессиялық ұстамалар байқалады. Бас ауыруына, бас айналуына шағымданады. Ыстықты, транспортта жүргенді көтере алмайды, бір қызмет түрінен екіншісіне ауысқанда қиындық сезінеді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

28. 19 жастағы қыз бала күйеуімен жанжалдасқаннан кейін, туыстарының көз алдында диванга құлады, көздері айналды, артынан қолдарында тоникалық тырысулар пайда болды, олар 5 минутқа созылып, ірі сілтемелі, тілін тістеусіз тырысуларға ауысты. Еріксіз зәр жіберу байқалған жоқ. Ұстама кезінде қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған. Ұстама кезінде ол ыңырсыды, конфликтті ситуацияны бейнелейтін жеке сөздерді қайталады. Ұстама барлығы 30 минутқа созылды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

29. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, ем-дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар оны мазақтап ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып «өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін» көреді. Өз күйзелістерімен ешкіммен бөліспейді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталған, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональді суық, дұшпаншыл көзқараста.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

30. 37 жастағы ер адамда конфликтті ситуация нәтижесінде қарқынды қозу және вазовегетативті көріністермен, сананың алдымен күрт тарылып, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған іс-әрекет мақсаттылығының жоғалуымен, эмоциональді реакция дамыды. Аталған реакция қозу кезеңінің толық естен шығуымен, терең ұйқымен аяқталды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

31. 35 жастағы әйел, сатушы. Бала кезінен күдікшілдігімен, ұяңдығымен ерекшеленген. Тапсырмаларға өте ұқыпты қараған. Ерлермен қарым-қатынастан, әсіресе өзі танымайтын ер адамдардан үнемі алшақ жүруге тырысқан. Жұмысында таныс емес ер адам қолынан ұстап алғаннан кейін «оның тазалығы жөнінде» күдік пайда болды. Таныс емес ер адамдармен таңдаусыз контакттардың салдары жөнінде көп оқығандықтан бұл күдігі мерез ауруын жұқтыру қорқынышына ұласты. Өз күйзелістерінің негізсіздігін түсінеді, дегенмен олардан құтылуға күш-жігері жетпейді.