
- •1. Негізгі синдром
- •1. Негізгі синдром
- •1. Негізгі синдром
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
- •1. Негізгі синдром
- •2. Дәрігердің тактикасы
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
18. Зерттелуші ер адам, 35 жаста, үйлену тойы күнінде, алкогольмен жеңіл масаю жағдайында кенеттен жүріс-тұрысы өзгерді. Ызалы, үрейлі күйге түсті, қорқыныш сезінді, қонақтардың бірін «шайтан, робот» деп атады. Жолдастарының сұрақтарына «ия, жоқ» деп қысқа жауап берді. Көздері біресе күдікшіл, бірде немқұрайлы, бірақ қимыл-әрекеттері сенімді сияқты болды. Кенет ас бөлмесіне шығып, жылдам қайтып келді, жолдасына жақын келіп, «сен шайтансың» деп, үш рет кеудесіне пышақ салды. Осы жағдайына байланысты байланып, полицияға жеткізілді. 2 сағаттан кейін өз-өзіне келді, қайда және не болғанын түсіне алмады.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
19. 30 жасар ер адам, әйелімен бірге қызының туылған күнінде алкоголь қабылдап отырды. Отырыс кезінде әйелі оның көзіне шөп салғанын айтты. Нәтижесінде ұрыс-керіс басталды. Әйелін кеудесінен ұстап алып бірнеше рет жұдырықпен ұрды, әйелі құлап, басын соғып, санасын жоғалтты. Бірақ ол тоқтамастан әйелінің бүкіл денесін аяқ-қолымен ұруды жалғастыра берді. Бұл әрекеті үйге кірген үй иесімен тоқтатылды. Науқас қарсылық көрсетпестен құлап түсті. Өзіне келген соң болған жайтты есіне түсіре алмады. Өзіне тағылған кінәға қатты таң қалды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
20. Ер адам 37 жаста, соматикалық ауруы бойынша 2-ші топ мүгедегі. Соңғы жылдары физикалық денсаулығы әлсіреген, тітіркенгіш, өз өміріне күдіктеніп, үрейленеді. Құқық бұзушылық күнінде 30-жасар әйелі, онымен ажырасатынын, өйткені өзге адамды жақсы көретінінін айтады. Осыған реакция ретінде науқас дірілдеп, әйелін қолына кездойсоқ түскен мүсінмен ұра бастағанын бұлыңғыр есіне алады. «Ары қарай барлығы басымда күңгірттеніп кетті, есімде жоқ» дейді. Шамамен таңғы 6-да диванда жатқан жерінен оянды. Жанында еденде қан-жоса мүсіннің жатқанын көріп таң қалған.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
21. 16 жасар жасөспірім, оқушы. Крупозды пневмонияға байланысты амбулаторлы ем қабылдап жүр, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдаған. Қарау кезінде тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жағында жекелеген құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақтық пневмонияның қалдық белгілері бар. Орын, уақыт бойынша бағдары бұзылған, бірақ өз есімін дұрыс атайды. Үреймен мазасызданып айналаға көз тастайды. «Көптеген жылжып жатқан бақаларды, жыландарды, биттерді көретінін» айтады. Үнемі өз денесінен бірдемені қағады.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
22. 70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөліміне түсті. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, басымен, аяқ-қолдарымен үнемі қимылдар жасайды, қолдарымен жаялықты тартады. Кезеңмен жылайды, біресе күледі, сөзі байланыссыз, өзінің қайда және кіммен әңгімелесіп отырғанын, фамилиясын айта алмайды. Спонтанды түрде жеке сөздер айтады, қандай-да бір фамилияларды атайды. Кешкі уақытта мазасыздық күшейеді, қорқыныш сезінеді: көзіне «бақалар, жыландар, тышқандар» көрінеді.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
23. 17 жасар қыз балада тұмау кезінде температурасы жоғары болған. Қарау кезінде мазасыз, үрейлі, зейіні тез ауысады. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы жағдайды бағдарлауы бұзылған. Жиі төсектен ыршып тұрады, жастық астынан әлденені іздейді, төсек астына қарайды, көз алдына елестеген жәндіктерді ұстауға тырысып, қолдарымен қабырғаны сипалайды. Қорқынышпен жан-жағына қарайды, өз-өзімен сөйлеседі.