Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ситуационные задачи-психиатри-каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.98 Кб
Скачать

1. Ауыр жұқпалы аурумен науқастанған 30 жасар ер адамда, улану нәтижесінде, кеңістік пен уақыт бойынша бағдары бұзылды. Кешкі уақытқа қарай үрей, мазасыздық күшейе түседі, науқастың жүріс-тұрысына әсер ететін сахна тәрізді галлюцинациялар ағыны байқалады Ұйықтамайды, мазасыз, медициналық персоналдың үнемі бақылауын қажет етеді. Күндізгі уақытта жүріс-тұрысы түзеледі, бірақ кешке қарай қайта мазасызданады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

2. 27 жастағы ер адамда иісті газбен уланғаннан кейін фиксациялық және ретроградты амнезия түріндегі ес бұзылысының формасы анықталды. Науқас естен шығарған жағдайларды жалған ойлармен толтырып, болмаған жағдайларды еске алады және әңгімелесу кезінде болып жатқан оқиғаны бұрмалап, уақытына немесе болған жеріне сәйкес емес қылып айтады. Бұл бұзылыс нейропатиямен бірге жүреді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

3. 30 жастағы ер адамда даулы жағдайдан кейін қарқынды қозғалыстық және вазо-вегетативті көріністермен, сананың күрт тарылуымен, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған жүріс-тұрыс мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональді реакция дамыды. Аталған реакция шамамен жарты сағатқа созылып, терең ұйқымен аяқталды. Оянғаннан кейін қозу кезеңінің толық амнезиясы бақыланды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

4. 47 жастағы ер адам иісті газбен уланғаннан кейін көңіл-күйі сөзшеңдікпен, шатасумен жүретін үрейлерге және қорқыныштарға дейін өзгеріп, мазасыздық күйі дамып, анық көріністер формасында елестер орын алды. Науқасты түнгі уақытта мазалайтын және жиі оянуға алып келетін, қорқынышты түстер көріп, ұйқысы беткей болды. Артынан айналаны иллюзиялы түрде қабылдап, тежелу жағдайы дамыды. Психиканың бұзылысы науқастың өзі қатысатын галлюцинаторлы бейнемен ауысты.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

5. 16 жастағы жасөспірімнің тәртібі өзгерген, ата-анасынан, достарынан бөлектеніп сөйлеспейді, көңіл-күйі түсіңкі, айналаға жиі және ұзақ уақыт өз бетімен қарап отырады. Пластикалық хирургияға қызығушылық танытады, өзінің сыртқы бейнесіне әсіресе, мұрынына, көзіне және құлақтарына көңілі толмайды,.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

6. 73 жастағы ер адам, бас-ми тамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, бөлімшеде тұйық, сезікті. Айналадағы адамдар «мені мүлікке ие болу үшін аңдиды, уландырғысы келеді», деген ойлар айтады. Науқастардан, әсіресе өзіне келушілерден қашқақтайды. Палатада науқастардың арасында «жалдап жіберілген адамдар» бар деп есептейді. Бұл ойды олардың айтқан әңгімелерінен жорамалдайды, «өзінің атына бағытталған қауіпті сөздерді естиді». Науқастар палатада өздері сөйлесіп отырады, ал ол кірген кезде олар тынышталып қалатын сияқты көрінеді. Өзін жазаламас бұрын ауруханадан тезірек шығаруын өтінеді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

7. 19 жастағы бозбала басының ішіндегі оның еркінсіз, жүйесіз өтіп жатқан ойлар ағынының ауыр жағдайын бастан кешіруде. Бұл сәтте ол ідеттегі жұмысын жалғастыра алмайды, айналасындағы адамдардың әңгімесіне қосыла алмайды, өз жағдайын түсіндіруге қиналады. Оның ойларын әлдекімдер «басқарып» тұрғандай сезім болады, оларды біресе «жылжытып», біресе «тоқтауға» мәжбүрлейді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

8. 18 жастағы бозбала, , әскери сараптамада. Балалық шағынан қозғалмалы, төбелескіш. Мектепте тәртіп бұзған, қатарластарымен төбелескен, мұғалімдермен жанжалдасқан. Өзін «өзіне тұра алатын» адам деп санайды, бірақ біршама ұстамсыз, ал шамадан тыс ұстамсыздық өміріне кедергі келтіруде. Бөлімде медициналық қызметкерлермен режимді бұзуға байланысты жиі жанжалдасады. Аффекті жағдайда санитарды ұрып жіберген.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

9. 42 жастағы ер адам 20 жыл бойы алкогольді қолданып, ал соңғы жылдары алкогольдің суррогаттарын қолданған. Салынып ішкен. Тәулігіне бірнеше реттен, аз дозадан қабылдаған. Табанындағы ауру сезімі төмендеген, жүрісі өзгерген. Соңғы уақытта ұмытшақ, айналасына бағдары жоқ және уақытты шатастырады, бірнеше минут бұрын өткен нәрсе есінде жоқ. Мүлдем болмаған нәрсені «есіне түсіреді».

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

10. 27 жастағы әйел күйеуімен болған жанжалдан кейін иығының үстінен бірнеше рет тіліп, айғайлап жылап, дәлізге жүгіріп шыққан. Көршілері жедел жәрдем шақырған. Қарап тексеру кезінде демонстративті, мәнерлі, театральді түрде басын артқа тастайды, самайын қысады, бетін қолымен жабады. «оны бағаламағаны, қатігез қарағаны» үшін барлығына күйеуін кіналайды. Суицидальді әрекетін кезекті ұрыс кезінде күйеуі ажырасуды талап еткендіктен, «мұндай қорлықты көтере алмағандығын» және «өзіне-өзі қол жұмсағысы» келгендігімен түсіндіреді.