Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253.79 Кб
Скачать
  1. Прокурордың этикасы.

  2. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі.

  3. Алдын ала тергеу жүргізудің этикалық аспектілері.

Прокурордың этикасы.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.

Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.

Прокурорлар мыналар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөнiндегi көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.

Прокуратура органдарының қызметкерлерi мыналар: прокурорлар қызметiне аттестациядан өткен адамдар және тiкелей ғылыми-зерттеу немесе оқытушылық жұмыс жүргiзетiн прокуратура ғылыми ұйымдардың және білім беру ұйымдарының аттестациядан өткен қызметкерлер.

Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте, жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн.

Прокурорлар болып жоғары заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады. Әскери прокурорлар сонымен бiрге әскери қызметшiлер болуы керек, оларға әскери қызмет және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнiң мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының заңдары толық көлемде қолданылады.

Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемiнде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады.

Прокуратура органдарының қызметкерлерi үш жылда бiр рет аттестациядан өткiзiледi. Аттестация тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгiлейдi.

Прокуратура органдарына қызметке тұңғыш рет тағайындалған адам ант бередi, оның мәтiнiн Республика Президентi бекiтедi

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының беделі оның қызметкерлерінің біліктілігі, кәсіби, моральдық-әдептілік сипатына және басқа адамгершілік қасиеттеріне тікелей байлансыты.

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында кадрлармен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында, 28 қыркүйек 2001 жылғы өткен алқа шешімін негізге алып, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі қабылданды.

Прокуратура органдарының қызметкерлері республиканың мемлекеттік билік жүйесіндегі конституциялық орны мен прокуратураның ерекше рөлін өз санасына енгізіп, қызметтік міндеттерін әділдікпен және саналы түрде орындау ақылы прокуратураның беделін нығайтуға ұмтылсын, сондай-ақ қызмет пен тұрмыста осы Кодекстің және жалпыға бірдей рухани ізгілк пен мораль қағидаларның талаптарын атқарады.

Прокуратура органдарының қызметкерлері өз іс-әрекетінде төмендегіні орындауға міндетті:

- өз антына адал болсын, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен және саналы түрде Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің актілеріне, жалпыға бірдей мораль қағидаларына сәйкес орындауға;

- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет мүдделерін қорғауға, Отансүйгіш болсын, халық пен қоғам алдында өзінің жауапкершілігін сезінуге;

- әділ, шыншыл және турашыл болуға, кімнің болмасын сыбайлас жемқорлық пен өзге құқық бұзушылық қылмыстарына тосқауыл қоюға;

- прокуратура органдарының жоғарғы білімін нығайтуға және өзінің кәсіби намысын сақтауға;

- қызметтік міндеттерін атқарған кезде қызметтік мүдделерді жеке басының мүддесінен жоғары ұстауға;

- берілген өкілетікті Конституция мен заң шеңберінде қатаң сақтауға;

- тұрмыста және жеке өмірінде қарапайым болуға, айналасындағылар үшін өз тәртібі мен адалдықтың, ұстамдылықтың үлгісін көрсетуге;

- ұжымдағы достық қарым-қатынасты жоғары ұстауға, қызметтестерінің сынға алуы мен ескертулерін дұрыс және ізгі ниетпен қабылдауға, қызметтік міндеттерін атқарып жатқан әріптестеріне көмектесуге;

- кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыруға, қызметтік міндеттерін атқарған кезде белсенділік пен шеберлік танытуға, ұтымды іс-тәжірибелерді пайдалануға;

- қызметтік міндетерін атқарған кезде өз әріптестеріне және өзіне шағымданған басқа азаматтарға құрметпен қарап, шыдамдылық пен әдептілік таныта білуге, олардың ар – намысын сыйлап, осындай қасиетті басқалардан да талап етуге;

- қызметтік қарым – қатынас ережелерін қатаң сақтауға, үнемі таза және ұқыпты болуға, формальдық киім кию тәртібін бұзбауға;

- әріптестері мен басшыларының сынға алуы мен ескертулерін дұрыс және ізгі ниетпен қабылдауға, жіберген қателіктерін уақытында мойнына алуға, сондай – ақ қарамағындағылармен әділ қарым – қатынаста болуға.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі бойынша прокурор лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • кәсіби білікті және саяси сауатты болуы;

  • адал, жоғары рухани таза және моральдік орнықты болу;

  • тәртіпті болу және өзіне - өзі сын көзбен қарай білу.

Прокуратура органдарының қызметкерлері өздерінің әс - әрекеттеріне жеке жауапкершілік береді.

Прокуратура қызметкері халықпен тығыз қоян – қолтық араласып жүретіндіктен, не нәрсеге де өте қырағы көзбен қарап, әдептілік қалып көрсетіп, байсалды мінез танытып, не нәрсенің болсын әділдігіне жүгінгені дұрыс.

Дөрекілік, озбырлық, әдепсіздік, менмендік, көргенсіздік, қызмет бабын асыра пайдалану сияқты жағымсыз, әрі өз басына зиянын тигізетін іс - әрекеттен аулақ болған жөн.

Кездей соқ қиын жағдайлардың бәріне де ақылға сыйымды, көңілге қонымды іс - әрекет жасап, істеген ісінің тек заңға сәйкес болуын ойластырғаны жөн.

Қолыңның жеткеніне тоқмейілсімей өз білгенін үзбей жетілдіріп, озық тәжірибеден үлгі алып, ұлағатты ғалым адамдардан үйреніп, үнемі ізденіс үстінде болған жақсы. Кімде – кімнің заңды жете білмей тұрған кемшілігі, білместігі болса оған түсіндір, табалама.

Әркімнің өмірдегі шыңдалу мектебі еңбек сүйгіштігі, қиыншылықтан қорықпауы, сапалы білімі, кәсіби шеберлігі, ұқыптылығы, икемділігі, алғырлығы, өз орнын табуда шешуші рөл атқарады.

Өзіне де, өзгелерге де биік талап қоя білетін адам ғана нәтижелі жұмыс істейді.

Алдын ала тергеу жүргізудің этикалық аспектілері

Қылмыстық іс жүргізу дегеніміз – қылмыстық істің іс жүргізу заңына сәйкес бір сатыдан екіншіге өтуі, іс бойынша өндірістің өзі десе де болады. Қылмыстық іс жүргізу шеңберінде алдын ала тергеу елеулі орын алады және маңызды рөл атқарады.

Алдын ала тергеу дегеніміз – тергеушінің тапқан іздері бойынша өтіп кеткен қылмыс оқиғасын қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылатын бағытты процесс.

Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртетін болсақ, барлық демократиялық қағидаға негізделген мемлекеттік заң жүйесінің ажырамас тетігі ретінде адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қарастырылады. Міне сондықтан 1995 ж. Қазақстан Республикасының даму тарихындағы жаңалық ретінде құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беру институты енгізілді. Конституцияға сәйкес бұл функцияны арнайы өкілдік берілген органдар жүзеге асырады, олардың қатарына құқық қорғау органдары жүйесінің ажырамас тетігі ретінде алдын-ала тергеу органдарында жатқызуға болады. Өйткені бұл органның негізгі міндеті қоғам мүшелерін құқық бұзушылықтардан қорғау болып табылады, ал бұл адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің бірден бір кепілі болып табылады. Ал бұл қызметтің жемісті жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін тергеушілердің жеке жеке басының ерекшеліктері үлкен рөл атқарады, атап айтар болсақ тергеушінің идеялық көзқарастарының жүйелілігі, тұтастығы, реттілігі оның қызметінің нәтижесіне әсер ететіні сөзсіз.

Терегеуші өз қызметі барысында басқа тұлғалармен араласады, тіптен оларға тәрбиелік әсер етуді жүзеге асырады десе де болады, ал осы қызмет барысында ол ұстанатын моральдық-саяси қағидалар тәрбие құралына айналады. Тәрбиеші бірінші кезекте өзі тәрбиелі болу керек емес пе, ал идеялық-саяси шынығу сананы тәрбиелеудің бір формасы, жеке тұлғаның рухани негізі десе де болады.

Қылмыстық іс жүргізу және соттық этика ғылымдарының рухани негізін салуда үлкен үлес қосқан В.Ф. Кони өз еңбегінің бірінде әр заңгер өз мамандығының рухани негіздерін игеруі міндетті деп көрсетті.

Тергеушінің маралдық сипатына құқықтық сана кіреді, ол қоғамдық нормаларды іс-жүзінде пайдалануда шешуші роль атқарады. Құқықтық идеалогия ретінде құқықтық сана дегеніміз – құқықтық білім, көзқарастар, идеялар жүйесі, ал құқықтық психологиялық тұрғыдан құқық әсерімен байланысты уайым, әдет сияқты саналық сезімдер жиынтығы. Құқықтық психология құқықтық құбылыстардың адам санасындағы барлық көрініс түрлерін, оның сол құбылыстарға деген пікірлерін зерттейтін ,ылым саласы. Тергеуші қызметінің бұл саламен байланыстылығы оның қызмет ерекшеліктеріне байланысты, атап айтар болсақ ол бөгде кей реттерде заңға қайшы ықпалдарға ұшырап отырады, мүдделі жақтардың әсерлеріне төтеп беруі тиіс, өз қызметін қауіпті нәтижелер болуы мүмкін деген үрейде атқаруы тиіс және т.б. Сондықтан тергеушінің психикалық қалыптасуында еріктік қасиеттер үлкен рөл атқарады.

Тергеушінің моральдық-еріктік түр сипатында қағидашылық қасиеті маңызды белгілердің бірі, яғни адамның нақты бір идеяға нық сенімділігі және сол мақсатқа жету жолында кедергілер мен қауіп қатерлерге қарамастан белсенділік танытуы. Осыған орай Л.Н.Толстой «Адам өз арының талаптарын қалай орындаса қоғамды жақсартуға сол дәрежеде қызмет етеді», деген. Бұл қасиет сыртқы теріс әсерлерге төтеп беруге көмектеседі. Жеке және қоғамдық мүдде қайшылықтарын қоғам мүддесіне шешуге жағдай жасайды. Күрделі даулы жағдайда тергеуші өз сезімі мен ұмтылыстарының иесі болуы керек және рухани қағидаларды ұстануы тиіс.

Биліктік өкілеттілік, тергеушілердің тәуелсіздігі, тергеу құпиялылығы тергеу қателіктерінің болу мүмкіндіктерін туындатады. Тергеу қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз еті, тергеушінің өз қызметіне көзбен қарауына байланысты. Бұл қасиетті қалыптастыру үшін моральдық-саяси тәрбие беру, кәсіби біліктілікті арттыру кезінде тергеуші өз шешімдері мен әрекеттеріне объективтік баға беруге, оларды сын көзбен талдауға үйретілуі керек, өйткені тергеушінің қателесуге құқығы жоқ, оның шешімі адам тағдырын шешуде маңызды.

Тергеу қызметі еңбекқорлықты, жоғары жұмыс қабілеттілігін, қажырлы еңбекті және шыдамдылықты талап етеді. Кей тергеушілер тергеудің бірінші сатысында жедел қимылдап, күн-түн демей бірнеше тәулік бойына өз қызметін қызығушылықпен атқара келе, іс бойынша ұзақ әдістемелік жұмыс басталған кезде іске деген қызығушылығын жоғалтып алып, істі соңына дейін әзер жеткізеді. Бұл жағдайда тергеушілерге шыдамдылық пен сабырлылық қажет қасиеттер.

Қажырлылық – еріктің өзекті қасиеті - әр кезде кедергілерді жеңуге дайындық, ұзақ уақыт бір мақсатты көздеу және оған жету үшін барлық күш қуатты жоғарыландыру қабілеті. Алдын ала жұмыстың барлық детальдарын болжау мүмкін емес, көп жағдайда тергеуші ағымдағы жұмысын тастап, жедел шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болады, ал бұл тергеуші қызметін тиімді ұйымдастыруда кедергісін тигізеді. Осы жағдайда шешуші рөлді тергеушінің ұйымдастырушылық қабілеті атқарады. В.Л.Василдевтің пікірінше: «Тергеушінің ұйымдастырушылық қызметі гипотезалар мен жоспарларды тексеру, тергеу мақсатында басқа адамдарды іске асыруға бағытталған ерікті әрекеттерден көрінеді. Оның мазмұнына жұмылдыру, өзін өзі ұйымдастыру, күштерді тиімді пайдалану, анықтама ұйымдарының қызметкерлерімен бірлесе әрекеттесу кіреді».

Тергеу қызметі үшін қажетті ұйымдастырушылық қабілеттер мен қасиеттерді үш топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Қажырлылық, жедел қимыл, өзін өзі ұйымдастыру, міндеттерді қалыптастыру, оны сатыларға бөліп, қызметін жоспарлау;

  2. Тапқырлық, жауаптылық, талап қоя білу, құпияны сақтай білу, қылмыстық істі қарау барысында процесске қатысушы адамдарға басшылық жасай білу;

  3. Ұстамдылық, тәртіптілік, өзін-өзі сын көзбен қарау, әріптестері мен басшылар арасында өзін өзі сыйлата білу.

Тергеу қызметіндегі шамадан тыс жүктеме, оның секірмелі қызметіне әкеледі, яғни ай соңында немесе істі қарау мерзімі аяқталар кезде айрықша ауыртпашылықпен жұмыс жасауы байқалады. Тергеу жұмысының нормативтік сипаты тергеушінің жеке басының формализм қасиетімен бірге отырып, тұрақты түрде шаблонды әрекет етуге әкеледі. Ал шығармашылық қызмет ету тергеушінің еркі мен ойлау қабілетінің дамуына байланысты. Белсенділік тергеушінің процессуалдық тәуелсізідігін қамтамасыз ететін қасиет. Адам тағдыры алдындағы жауаптылық тергеуші қызметіндегі шиеленістілікті ідете түседі, соның нәтижесінде тез ашуланшақ, ретсіз белсенділік, асығыстық пайда болады. Ал тергеуші қандай жағдай болмасын өзін-өзі ұстамды сипатта көрсете білу керек. Ол өз сезімін жүгендей біліп, ұстамдылық пен шыдамдылығын мінез-құлқы, көңіл-күйі, сөйлеуінде, әрекеттерінде пайдалана білу керек.

Қарапайым адам көзге өрескел түсіп тұрған нәрсені байқаса, тергеуші барлығын көруі керек. Психологияда адам бір сезім мүшесімен белгілі бір уақыт аралығында сезінген әсерлерін санау жүзеге асырылған, санау нәтижесінде бір күн ішінде адам он мыңдаған әсерлерді басынан кешіретіндігі анықталған. Ал тергеуші соның ішінен өзіне керекті сезіп, байқау керек. Ол оның назарына байланысты, яғни өз санасын қабылдауға, түсінуге есте сақтауға және қалпына келтіруге бағыттау қабілетіне байланысты.

Міне, біз қысқаша терегу қызметкерлерінің жеке басына қажетті моральдық-еріктілік қасиеттердің бір қатарына тоқталып кеттік. Оларды дамыту әрине әр тергеушінің мақсаты болуы керек, өйткені әр адам өз ісінің шебері болу үшін әр кезде өзінің бойындағы оң қасиеттер мен қабілеттерді дамытып отыруы тиіс, ал мемлекет өз тарапынан оған қолдау көрсетуі тиіс.

Тергеуші қызметінің психологиялық құрылымының негізгі құрамдас бөлшегі қылмыстың өткен оқиғасы, ол кездегі жақтардың қарым-қатынасы, қылмыс жасаған субъектінің жеке басын танып білу, әр түрлі фактілерді жинау және зерттеу барысындағы тергеушінің танымдылық белсенділігі болып табылады. Алдын ала тергеу барысында өткен қылмыс оқиғасының моделі жасалады. Фактілі мәліметтерді жинауды бастаған кезде тергеуші қорытынды нәтиже жөнінде хабардар болмайды, тек іздеу, анықтау, жинау және зерттеу барысында болған қылмыс оқиғасын қалпына келтіру арқылы ақиқатқа қол жеткізеді. Осы қызмет барысында таным прцессі өте қажет, өйткені іс бойынша фактілі мәліметтерді жинау кезінде іске қатысты емес те фактілер болады, солардың ішінде іске жарамдысын таңдау, олардың бір бірімен байланыстылығы арқылы іске қатыстылығын анықтау үшін тергеуші интеллектуалдық танымды пайдаланады.

Тергеуші қызметінде қолда бар ақпараттарды дұрыс түсініп, оларды, орынды таңдауына жағдай жасайтын криминалистік білім және тәжірибе елеулі орын алады.

Тергеу қызметін атқарып жүргендердің кәсіби қабілеттерін дұрыс бағалау тергеу қызметкерлерінің біліктілігін көтеруде үлкен рөл атқарады. Өкінішке орай, ғылымда тергеуші қызметіне үміткердің осы қызметке жарамдылығын, қабілеті мен икемділігін жүз пайызға анықтайтын әдіс, тәсілдер жоқ.

Адамның тергеу қызметіне жарамдылығы жөніндегі оң болжам жасау тәсілдері әлі де жақсарту қажет етеді.

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерінде қызмет атқару қоғам және мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру туралы болып табылады және прокуратура органдарының қызметкерлерінің адамгершілігі мен моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Прокуратура органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы прокуратурасының беделі мен абыройын нығайтуға, қызметтік міндеттерін адал атқаруға, сондай-ақ қызметте және тұрмыста Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің талаптарын және басқа да моральдық-этикалық нормаларды бұлжытпай сақтауға тиіс.

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексіне (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережесі), Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы №595 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережесіне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің міндетті түрде сақтауы тиіс мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Прокуратура органдарының қызметкерлеріне қойылатын жалпы талаптар

Прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекет, қоғам және азаматтар алдындағы жауаптылықты сезіне отырып, олар:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұлжытпай сақтауға;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін, азаматтар мен қоғамның мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;

3) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекет және қоғамның, заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, оларды бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеуге;

4) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қарым-қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

5) Қазақстан Республикасының, мемлекеттік биліктің және прокуратура органдарының беделін түсіретін іс-әрекеттердің жасалуына жол бермеуге;

6) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге;

7) мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

8) жалпы қабылданған адамгершіліктің қағидалары мен нормаларын сақтауға, қызметте және тұрмыста жоғары парасат пен мәдениеттің үлгісі болуға ұмтылуы тиіс.

Қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен байланысты прокуратура органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптар

Прокуратура органдарының қызметкерлері өздерінің қызметтік іс-әрекетінде:

1) өз қызметін адалдық, әділдік және турашылдықпен жүзеге асыруға, прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға;

2) кез-келген заң бұзушылықтарды, олардың себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге заңмен қарастырылған барлық шараларды қабылдауға;

3) өзінің кәсіби қызметінде мемлекеттік және қызметтік мүдделерді жеке мүддесінен жоғары ұстауға;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалуына жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, кімнен туындағанына қарамастан оның кез-келген көріністеріне төзбеуге;

5) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеу мақсатында қандай да бір адамдардың өтініштер білдіру фактілері туралы прокуратура органдарының басшыларына дереу хабарлауға;

6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тыйым салуларды және шектеулерді, сондай-ақ прокуратура органдарында қызмет атқарумен байланысты талаптарды бұлжытпай сақтауға;

7) мүдделер қақтығысының алдын алуға және реттеп отыруға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шараларды қабылдауға;

8) мемлекеттік құпиялардың, қызметтік немесе заңмен қорғалатын басқа мәліметтердің жариялануына жол бермеуге, басқа адамдар тарапынан мұндай фактілерді жасаудың жолын кесуге;

9) өтініштерді шынайылықпен, біліктілікпен, төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермей қарауға және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қажетті шараларды қолдануға;

10) әріптестері және басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерінің жолын кесуге;

11) қызметтік, әскери және еңбек тәртібін сақтауға, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің Антына адал болуға, прокуратура органдарының беделін және имиджін арттыруға, өзінің кәсіби ар-намысын қорғауға;

12) қоғам тарапынан сынға ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сын-ескертпелер негізді болған жағдайда оны кемшіліктерін жою үшін пайдалануға тиіс;

13) моральдық-психологиялық тұрғыдан ұстамды және төзімді болуға, субординацияны сақтауға, әріптестерімен тілектестік қарым-қатынаста жүруге, азаматтар және заңды тұлғалармен қарым-қатынас жасауда сыпайылық пен ұқыптылық танытуға;

14) нысанды киім киюдің тәртібін сақтауға, өзінің сыртқы келбетімен жалпы қабылданған іскерлік әдеп стандарттарына сәйкес келуге тиіс.

Прокуратура органдары қызметкерлеріне қызметтен тыс уақытта қойылатын талаптар

Прокуратура органдарының қызметкерлері қызметтен тыс уақытта:

1) теріс қоғамдық пікірталас тудыратын әрекеттерге жол бермеуге, олардың атағына нұқсан келтіруі мүмкін мінез-құлықтардан тартынып жүруге;

2) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) прокуратура органының қызметкері жоғары атағына нұқсан келтіретін кез-келген жеке қарым-қатынастарға бармауға;

4) кәсіби міндетін атқарудың шынайылығы мен мінсіздігіне ықпал етуі мүмкін іскерлік және қаржылық қарым-қатынастардан тартынып жүруге.

Ұйымдастыру-билік ету өкілеттігі берілген прокуратура органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптар

Ұйымдастыру-билік ету өкілеттігі берілген прокуратура органдарының қызметкерлері:

1) бағынысты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге және олардан қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;

2) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз тәртіптік жауаптылыққа тартуға, жұмыстан шығаруға, қызметі бойынша жоғарылауда кедергі жасауға, сыныптық шендер мен әскери атақтар беру, аттестациядан өту кезінде кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін шынайы бағаламау фактілеріне, дөрекілікке, адамдық қадір-қасиетін кемсітуге, жөнсіздікке жол бермеуге;

3) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін теріс қылықтар жасауға мәжбүр етпеуге;

4) бағынысты қызметкерлердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын сақтауына жеке бақылауды қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың көріністерінің алдын-алу бойынша уақытылы және түпкілікті шараларды қабылдауға;

5) қатардағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді көмек көрсететін бағынысты қызметкерлерді қудалаудан қорғау және оларды ынталандыру шараларын қабылдауға;

6) бағынысты қызметкерлердің осы Кодекстің талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге, оның бұзылу фактілеріне қағидаттық тұрғыдан назар аударып, кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселені шешуге;

7) бағынысты қызметкерлерді жоғары деңгейдегі жалпы және кәсіби мәдениетке тәрбиелеуге, осы Кодекстің талаптарын бұлжытпай сақтаудың үлгісін көрсетуге тиіс.

Прокуратура органдары қызметкерлеріне көпшілік алдында сөйлеу кезінде қойылатын талаптар

Прокуратура органдары қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында оның басшылары немесе бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары сөйлейді.

Қызметкерлер прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтірмей, пікірталасты әдепті түрде жүргізуге тиіс.

Прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;

2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпараттарды ашатын болса;

3) жеке және заңды тұлғалардың атына әдепсіз сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруге тиіс емес.

Прокуратура органының қызметкерін сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды теріске шығару, соның ішінде сот арқылы теріске шығару шараларын қабылдауы қажет.

Прокуратура органдары қызметкерлерінің кодекстің талаптарын білуі мен сақтауы олардың міндеті және прокуратура органдарында қызмет атқарудың шарты, сондай-ақ олардың іскерлік және моральдық-этикалық қасиеттерін бағалау белгілерінің бірі болып табылады.

Прокуратура органдарының қызметкерлері кодексте көзделген талаптарды бұзғаны немесе орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.

  2. Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.

  3. Афанасьева А.В. Этика и психология профессиональной деятельности. - М.. 2004.

  4. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология. М.: ЮНИТИ -ДАНА, 2002.

  5. Букреев В.И.. Римская И.Н. Этика права. - М., 1998.

  6. Букреев В.И.. Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению: Учеб.пособие - М.. 1998.

9. Дәріс сабағы

Тақырыбы: Ішкі Істер Органдарының қызметкерлерінің әдептілігі

Дәріс мазмұны: