Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253.79 Кб
Скачать

6. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.

7. Практикалық қызметте жұртшылықтың көмегін пайдаланудың моральдық-этикалық құрайтындары.

8.Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесудің ізгілікті аспектілері.

9. Заңгердің Ар – ождан кодексі.

10. Жеке заң мамандықтарының ізгілігі.

11. Құқық қорғау қызметкерлерінің негізгі мәні – Конституциялық міндеті.

12. Адамгершілік пен құқықтың өзара айырмашылықтары.

13. Еңбекшілердің жоғары құқықтың мәдениетін тәрбиелеу.

14. Гамлетизм.

15. Адамгершілік шиеленістің ерекшелігі.

16. Этикалық ой тарихы мақсат пен құралдардың өзара байланысы.

17. Құқық қорғау қызметінде адамгершілік мақсатқа жету.

18. Адамгершілік мағынасы.

19. Адамгершілік рұқсат етілген жүріс-тұрыс түсінігі.

20. Ақтаушылық пен рұқсат етілгендікті ажырату.

21. Құқық қорғау органының қызметкері адамгершілік нормалары.

22. Құқықтық тәртіпті сақтаушы лауазымды тұлғалардың жүріс-тұрыс кодексі.

23. Сыртқы және ішкі шиеленістер.

24. Құқық қорғау қызметі мақсат пен құралдардың арақатынасы.

25. Мақсатқа жету құралдарын таңдау.

26. Идеалды жүріс-тұрысқа қойылатын талаптар.

27. Адамгершілік рұқсат етілгендік.

7. Дәріс сабағы

Тақырыбы: Судьяның әдептілігі

Дәріс мазмұны:

  1. Сот қызметінің өнегелік аспектілері.

  2. Судья этикасының кодексі.

  3. Судьяның мінез-құлқының негізгі принциптері.

Сот қызметінің өнегелік аспектілері

Судья әділділіктің, заңдылықтың айнасы, ал оның әдептілігі, бет-бейнесі, түр сипаты, өзін-өзі таныту жолындағы іс-әрекеті, тура ұстаған жолы, адамгершілік пен парасаттылық қасиеттің молдығына байланысты болады.

Профессор К.Х.Халиқов мемлекеттік органдар жүйесінде сот ерекше орын алады деп өз еңбектерінің бірінде атаған болатын.

Ал адамгершілік өзара қарым-қатынастың қалыптасқан халықтың ережелерін мүлтіксіз орындау әдеп сақтау болып табылады. Адам баласы белгілі бір қоғамда өмір сүреді. Ал қоғам болса адамның кейбір нәрселердің орындалуын талап етеді, бұл талаптар орындалмайынша адам сол қоғамнан өзіне тиісті орнын таба алмайды, бұзықтық жасаған адамды шеттеуге тура келеді. Сол себепті әркім өзі өмір сүрген қоғаммен қалай болғанда да санасуға тиісті, яғни өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, оны адал орындауы қажет, солардың бірі судья болып табылады.

Негізі адам өмірге келгенде оның өсіп-өнген, ержеткен ортасы, айналасын қоршаған табиғи тіршілік сезімін, ойын, болмыс-танымын, тыныс-тіршілігін түйсік арқылы қозғап тыным бермей, сан алуан әрекет-қимыл жасауға итермелейді.

Мемлекет орнатқан тәртіпті бұзуға, ережеден шығып кетсе, Қазақстан Республикасының алдына қойған мақсаты құқықтық мемлекетке айналуы сияқты сара жолдан таюға ешкімнің де хақысы жоқ.

Негізінен құқық жолынан ауытқымай, заңға бағынып, оны бұзбай жүрген азамат мемлекеттік тәртіптің күшеюін қамтамасыз етеді, қоғамның даму қарқынын жылдамдатады. Мысалы, қылмыстық істі жүргізу заңында қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, іс бойынша жинақталған дәлелдемелер, бұлтартпау шараларын қолдану, айыпкерден жауап алу сараптама жасау, тінту жүргізу және қылмысқа байланысты айғақ затты алу, куәлердан, жәбірленушіден дер кезінде жауап алу, алдын – ала тергеу жұмысын уақытылы бастау, істі тоқтата тұру, аяқтау мерзімі толық көрсетілген, сондықтан да бұл заң барлық соттар, прокуратура, тергеу, анықтау қызметкерлері үшін мүлтіксіз орындалуы міндетті болып табылады.

Құқықтық жолмен реттелетін қоғамдық қатынастар алуан түрлі келеді. Мысалы: отбасы және неке құқығы, қылмыстық, азаматтық, қоршаған ортаны қорғау құқығы сияқты болып келеді. Сондықтан кез келген заңды дұрыс пайдалану үшін ол құқықтық қатынастың қай саласымен және нақты қандай нормалармен реттелетінін анықтап алу керек, содан кейін ғана бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін сотқа талап арызбен жүгінуге болады.

Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықтың шарт екендігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеуге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, олардың соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттілігін тануға негізделген.

Азаматтардың өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады. Кез келген құқық саласында құқық пен міндет қатар жүреді, бірін екіншісінен ажыратуға болмайды.

Әркім өзінің кәсіптік міндеттемесін орындаған кезде, ол ең алдымен мемлекеттің мүддесін қорғайды. Сондықтан да әрбір қызметкер өз жұмыс істеген мекемесінің атына кір келтірмеуге тырысады, ал керісінше болған жағдайда ондай жауапсыз қызметкерді кез келген мекеме орны ұстамайды, жұмыстан шығарылады, ал кейбір жағдайларда оның тиісті жауапқа тартылуын өтініп жоғары тұрған органға арызданады. Сондықтан кез келген заң қызметкері жүктелген тапсырманы адал әрі дұрыс атқарып отыруға міндетті.

Әсіресе заң қызметкері заңды дәлме-дәл, мүлтіксіз әрі өз мерзімінде, өз дәрежесінде орындалуын қамтамасыз етеді. Заңды қалай болса солай өз қалауы бойынша бұрмалауға, заңға қайшы келетін, яғни заңсыз қандай да болсын іс-әрекет жасауға еш уақытта да жол берілмейді.

Заң қызметкерлерінің негізгі жұмысы заңмен тікелей байланысты болғандықтан оларға екі түрлі міндет жүктеледі, бірі заңды өте жақсы меңгерген білікті маман ретінде заңды мүлтіксіз қатал сақтау болса, екіншісі адамгершілік тұрғыдаға түр сипаты ең жоғарғы дәрежеден көрінуге тиіс. Сондықтан өзнің еңбек жолында заңның қай саласын таңдауына қарамастан, алдыңғы тарауларды аса назар аударуды түсіндіріп, талдаған мән-жайларға айрықша көңіл бөліп, ондағы бұлжымас әрі аса қажетті қағижаларды жадына ұстап, оны күнделікті күйбең тіршілігінде дұрыс әрі тиімді пайдалана білгенді жөн санайды.

Мысалы, әділ сот қара қылды қақ жарып, ақ-қараны айырып, әділдігін істеп, немқұрайлылыққа, жүрдім-бардымға салынбай, азғыруға көнбей, параға сатылмай, тек қана заңға сүйеніп, айыпталушыға оның жасаған қылмысына сәйкес кінәлі екендігін анықтап отырып заң баптарында оның тиісті тармақтарында көрсетілген сан мөлшеріне пара-пар нақты жаза тағайындайтындығы бәрімізге белгілі нәрсе.Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады, ал судья сот билігін атқарушы болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.

Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.

Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.

Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

Судьяға мынадай талаптар қойылады:

    • Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға;

    • сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;

    • сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;

    • судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi;

    • Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруіне болмайды;

    • Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуге тиіс емес;

    • Судьяның лауазым атқаруының шекті мөлшері 60 жас, ерекше жағдайда ғана Әділет министрілігің әрі кеткенде бес жылға ұзартуы мүмкін.

Аудандық соттың судьясы болып: жиырма бес жасқа толған; жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар; Әдiлет бiлiктiлiк алқасында немесе мамандандырылған магистратурада бiлiктiлiк емтиханын тапсырған; медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған; сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн. Мамандандырылған магистратураны оқып бiтiрген адамдарға тағылымдамадан өту талап етiлмейдi.

Осы талаптарға сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он жыл жұмыс стажы бар, оның iшiнде, әдетте, кемiнде бес жыл судья болған азамат облыстық соттың судьясы бола алса.

    Ал, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс стажы бар, оның iшiнде, әдетте, кемiнде он жыл судья болған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.

Енді 1996 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы судьяларының съезінде қабылданған «Судья этикасының кодексі» бойынша судьяның мінез-құлқының негізгі принциптеріне тоқталып өтелік, олар:

      1. Судья міне-құлқының жоғары үлгілерін орнықтыру мен сот тәуелсіздігін және оған деген құрметті нығайтуға ұмтылуы тиіс.

      2. Әрбір судья құқықтық қоғамның ажырамас элементі болып табылатын сот билігінің тәуелсіздігі мен ар-намысын сыйлауға тиіс.

      3. Судья сот билігін құрметтеуші және оның мәртебесін сақтаушы болып табылады.

Әрбір судья өз қызметінде адал болуы, заңды бұлжытпай ұстануы, оларды қадірлеуі және сотта өзін сотқа деген қоғамдық сенімді ақтайтындай ұстауы, процеске қатысушыларға сабырлылық, әдептілік және кішіпейілділік білдіруі керек.

Судья өз отбасында, қоғамдық және басқа да байланыстарына судья ретіндегі өзінің қызметіне ықпал етулеріне жол берілмеуі тиіс.

Судья қызметіне тағайындалған немесе сайланған адам оның мамандығына қойылатын талаптарды сезінуі және оған сөзсіз бағынуы тиіс.

Судья кәсіби және басқа да қарым-қатынастарында, сондай-ақ тұрмыста өз жұмысымен байланысты адамға ғана емес, сондай-ақ басқа да сот қызметкерлеріне де ізеттлілік, төзімділік және әдептілік сияқты міне-құлық танытуы тиіс.

Сотта іс қарау барысында судья өз сөздерімен немесе іс-әрекетімен қандай да болмасын қате түсінік немесе жеткіліксіз түрде объективті, соның ішінде ұлты, нәсілі, діні, жынысы немесе жасына қарай кемсітушілік білдіруге құқы жоқ, сонда-ақ процеске қатысушы тараптар бұған жол бергізбеуі тиіс.

Қызметтен тыс кезінде судья өзінің судьялық міндеттеріне қатысты дау-шаралар мүмкіндігінше аз болатындай ретте ұстауы тиіс.

Сондықтан судья өз мінез-құлқына:

  • Оның бейтарап қызмет ету қабілетіне күмән келтіруге негіз болмайтындай;

  • Судья мамандығына кір келтірмейтіндей;

  • Судьяға өз міндеттерін лайықты түрде орындауға кедергі болмайтындай болуы тиіс.

Қорыта келгенде, Ата заңымыздың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс судьялардың өздері заңды аттап, көзге көрініп тұрған қылмысты жамап-жасқауға тырысса басқалардан не үміт, не қайыр күтуге болады?

Сот ісіндегі бір ғана әділетсіздік шешім қаншама адамдардың тағдырын тәркекке салатынына қатты қынжыласың.

Сондықтан да заңсыз жауапқа тарту, заңсыз ақтау немесе жазасын төмендету, орынсыз өте жеңіл жаза беруге ешуақытта да жол берлілмеуі керек.

Сотәділдігін жүзеге асыру барысында заңдылықты қатаң сақтау, әділдікті қамтамасыз ету, әрбір істі мұқият, жан-жақты, тиянақты зерттеп дұрыс шешуге қол жеткізу әрбір судьяның аса жауапты міндеті болуға тиіс.

Сот орындаушыларының қызметін үнемі тексеріп, орындалудың барысын сұрап отыру да судьяның басты міндеті, өйткені әр қызметкердің ойлау тереңдігі, істегі жеделдігі, жеке басының тазалығы бәрі де екшеленуі керек.

Мемлекеттік қызметкердің этикасының негізгі қағидалары.

Кәсіпкерлік этика осы кәсіпке тән арнайы нормаларды ғана оқытумен шектеле алмайды. Ол әр түрлі кәсіптегі өкілдердің әлеуметтік рөлінің ерекшелігін анықтайтын жалпы этикалық талаптарды іске асырудың нақты шарттарын зерттеуі және енгізуі қажет.

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлік этикасы ерекшелігінің объективті алғышарттарын ажыратып қарастыруға болады:

- жалпы этикалық «предписаний» іске асыру үшін әртүрлі жағдайлардың болуы.

- ерекше өнегелік нормалардың пайда болуына алып келетін қайталанбайтын осы кәсіпке тән мән-жайлардың болуы.

- Мемлекеттік қызметкер кәсібі өкілдері қызметінің мақсаты мен мазмұнының ерекшелігін анықтауды болжайтын этика категориясы ретіндегі кәсіптік борыштың ерекшеліктері

Мораль адамның мінез-құлқын, қызметін, нормативті реттейтін негізгі типтер қатарына жатады. Ол адамдар қызметінің бір тұтас жалпы әлеуметтік заңдарға бағынуды қамтамасыз етеді. Мораль және құқық – қоғамдық өмірді реттейтін қажетті, өзара байланысты және бір-бірін қамтитын жүйе. Олар адамдардың белгілі бір ережеге бағынуы, әр түрлі мүдделердің келісуі жолымен қоғамның қызмет етуін қамтамасыз ететін қажеттіліктер негізінде туындайды. Мораль және құқық нормативтік аяны (адамгершілік және құқықтық нормалар); қоғамдық маңызды қызметті; қоғамдық қатынасты (өнегелік және құқықтық); қоғамдық сананы (моральдік және құқықтық) қамтитын күрделі жүйені білдіреді, сонымен бірге мораль және құқық әрдайым өзара байланыста болады. Құқық моральға қарама-қайшы болмауы керек. Ол өз кезегінде өнегелік нормалардың қалыптасуына әсер етеді.

Мемлекеттік қызметкерлер үшін моральдік және құқықтық талаптардың жалпылығы гуманизм, әділеттіліктің жалпы талаптарына сондай-ақ мемлекеттің еркін сипаттайтын моральдік және құқықтық қағидалар мен нормалардың салыстырмалы тұрақтылығынан көрініс табады. Негізін қалаушы акт ретінде 2005 жылдың 3-мамырындағы мемлекеттік қызметкерлердің ар- намыс кодексін қарастырады. Судья кәсібінде өнегелік талаптардың ерекшелігі басқа тұлғалардың тағдырын шешудегі моральдік құқықтың бар болуында. Судья үшін өнегелік қасиет пен өнегелік мінез-құлық оның кәсіпкерлік қызметінің ажырағысыз шарты болып табылады. Судья- кәсіп емес, яғни судьялардың кәсіпкерлік қызметінде басшылыққа алынуы керек өнегелік мінез-құлық нормаларынан тұратын өмір кейпі. Бұл үшін судья жоғарғы дәрежедегі кәсіпкерлік мінез-құлық нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, қолдау, қалыптастыруда қатысып қана қоймай, сонымен қатар осы нормаларды өзі сақтауы керек. Осы аталған мақсатқа толық түрде жету тек судьяның адал ниетті кәсіпкерлік қызметінде қандай да бір күмәннің болмауында ғана мүмкін. Судьяның күнделікті сот төрелігін жүзеге асыруда құқықтық қатынас тек құқықтық ғана емес, сонымен қатар өнегелік қағидалары негізінде де қалыптасады. Судьяның нң маңызды қадыр қасиетінің біріоның шыншылдығы (честность) сонымен қатар қабылдаған міндеттеріне қатысты беріктілігі, моральдық тұрақтылығы мен өнегелік өзін-өзі бақылауы, саналы түрде моральдық қағидаларды басшылыққа алуы болып табылады. Судьяның сот төрелігін жүзеге асыру қызметінде басшылыққа алуы кепек өнегелік қағидаларының жүйесінде маңызды орынды судьяның тәуелсіздігі, әділдігі және адамгершілігі (ізгілігі, беспристрастности) алады.

Сот билігін жүзеге асыру барысындағы судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылай келіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының, заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, негізінен, сақталатынын атап өтеді.       Сонымен қатар, сот билігі туралы заңдарды қолдану тәжірибесінде кейбір кемшіліктер бар. Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі принциптерін бұзу жағдайлары кездеседі. Судьялардың тәуелсіздігін сақтау турасында мемлекеттік биліктің атқарушы тармақтары органдарының қызметтерінде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен соның негізінде қабылданған заңдардан алшақтауға орын берушілік бар. Республика судьялары өздеріне берілген тәуелсіздікпен қамтамасыз етілу өкілеттілігін толық пайдаланбайды, сот қызметіне араласу және сотты құрметтемеу фактілеріне заң бойынша әр кез көңіл бөле бермейді.

Сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өз қызметтерінде Республикада сот билігінің мемлекеттік билік тармағы ретінде басқа заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарымен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелері арқылы өзара іс-қимыл жасайтын туралы Конституция ережелеріне жүгінуге тиіс екендіктеріне соттардың назары аударылсын.

Конституцияның 4-бабы 4-тармағының талабына сай, азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты жарияланбаған нормативтік құқықтық актілерді қолдануға және өз шешімдерін онымен негіздеуге соттардың құқығы жоқ. Сондықтан сот істі қарау барысында қолдануға жататын нормативтік құқықтық актінің жарияланғаны туралы фактіні тексеруге міндетті.

Конституцияның 78-бабында көрсетілген талаптарды орындау кезінде бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысындағы сот Конституциямен бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заң немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске іс қараудың кез-келген кезеңінде жүгіне алады. Бұл арада соттар 1995 жылғы 29-желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңның 22-бабында белгіленген Конституциялық Кеңеске жүгінудің нысаны мен мазмұнын қатаң сақтауы тиіс.

Конституциялық Кеңеске ұсыныс жасаумен және осыған байланысты қылмыстық іс өндірісін тоқтата тұруымен қатар сот осы мезгілде Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі 322-бабының талаптарына сәйкес сотталушы қамауда болған жағдайда оған қолданылған бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселені талқылауға құқықты.

Сот төрелігін жүзеге асыруда судья бейтарап болуымен бірге тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы принципін қатаң сақтауы тиіс. Өзінің өндірісіндегі іс бойынша судьяның, қандай нысанда болмасын, алдын-ала пікір айтуына болмайды. Судья нақты іс бойынша өз пікірін кеңесу бөлмесінде ғана білдіреді. Тараптардың жарыспалығы мен тең құқылық принципіне сәйкес, соттар сот мәжілісінде тараптардың тең мүмкіндігін, сондай-ақ тараптардың өз мүдделерін қорғау жөніндегі іс жүргізу белсенділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Соттар судьялардың тәуелсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударып, олардың қызметіне араласуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға, судьяларға бақылау жасауға немесе оларға өкілеттіктерінен тыс міндеттер жүктеуге тырысушылықтарға тиым салуға тиіс. Соттардың нақты іс бойынша әділ және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі келтіру мақсатындағы кез-келген нысандағы іс-әрекеттерді сот қызметіне араласу деп түсінген жөн. Мұндай араласу түрлеріне, атап айтқанда, сот процесіндегі нақты тараптың пайдасына шешім қабылдау туралы әлдебіреулердің сырттан берілген тікелей нұсқауы немесе жанама өтініші, судьяларды белгілі бір шешім қабылдауына мәжбүр ететін жағдайлардың әдейі жасалуы және басқа да осындай іс-әрекеттердің жатуы мүмкін.

Мемлекеттік органдардың немесе ондағы лауазымды адамдарының сот өндірісінде жатқан істі бақылауға алуына сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтіру мақсатында сот қызметіне араласу деп бағалау керек.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиісті азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын ешбір басқа органдар, лауазымды және басқа тұлғалар іс жүзінде қарауға немесе бақылауға ала алмайды. Осы орайда, соттар әлдебір істерді шешуге байланысты ұсыныстар айтылған мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдардың жазбаша немесе ауызша өтініштерін қарамай тастайы тиіс, сонымен қатар қажетті жағдайда ол адамдарды жауапқа тарту туралы мәселе қоюы керек. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес, сот істері жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен арыз-шағымдары бойынша арыз иелеріне сот шешімдеріне арыздардың тек жоғары тұрған сотқа заңмен белгіленген тәртіп бойынша берілетіндігін түсіндірулері қажет.

Заңды күшіне енген соттың үкімі, шешімі немесе қаулысы, онда көрсетілген нұсқаулық, сондай-ақ сот белгілеген мән-жайлар мен олардың құқылық бағасы бәріне бірдей міндетті.

Сот шешімін өз бетімен бұрмалауға, кір келтіруге, оның орындалуына кедергі жасауға ешкімнің қақысы жоқ. Сот шешіміне келіспеушілік білдіру, оны жоғары тұрған сотқа шағымдау (наразылық білдіру) тек заңмен белгіленген тәртіп бойынша жүргізілуі тиіс.

Азаматтардың, мемлекеттік органдардағы және ұйымдардағы лауазымды адамдардың заңды күшіне енген сот актісін ерікті түрде орындаудан жалтарған жағдайында ол адамдардың әкімшілік жауаптылыққа тартылатыны түсіндірілсін.

Заңды күшіне енген сот актісін кәнігі түрде орындамау, сондай-ақ оның орындалуына кедергі келтіру жағдайында азаматтар, билік өкілдері мен қызметшілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.

Сотта іс қараудың жариялылық принципінің барлық азаматтардың, оның ішінде қаралып жатқан сот ісі жөніндегі процеске тікелей қатысы жоқтардың да, іс қарау барысында қатыстырылуын қамтамасыз ету екенін соттар ескеруі тиіс. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот мәжілісінің залына негізсіз жіберілмеу сияқты жағдайларды жариялылық принципіне қайшы келетін әрекет ретінде жою керек.

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының сотқа ықпал жасауы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қарастырылған жауаптылыққа әкеп соғады.

Аталған заң нормаларына байланысты сот талдауының нәтижелерін алдынала шешіп қоюға сот процесіндегі тараптардың бірінің шыншылдығы туралы және сот белгілі бір шешім шығарған жағдайда ғана алдағы болатын сот қаулысының заңдылығы мен әділдігі туралы тікелей немесе жанама түрде қоғамдық пікір туғызуға бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын жатқызуға болады.

Сотқа құрмет көрсетпеушіліктің, егер онда басқа арнаулы әкімшілік тәртіп бұзушылықтың немесе қылмыстың белгісі болмаса, кінәлі деп табылған адамдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, осыған сәйкес сотқа немесе сот белгілеген тәртіпке көпе-көрінеу менсінбеушілік әрекеттеріне айғақ боларлық кез-келген әрекеттің (әрекетсіздіктің) сотқа құрмет көрсетпеушілік болып табылатынын түсіндіру керек.       Сотқа құрмет көрсетпеушілік, егер ол судьяның және (немесе) алқабидің қызметтік істерімен байланысты қорлаумен астасып жатса, Қылмыстық кодексінің 342-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.       Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, сотқа іс қарау кезінде қоғамдық тәртіптің бұзылуы немесе сотқа құрмет көрсетпеу жағдайында соттың тікелей сот мәжілісі залында сот өз қаулысымен айыпты адамға әкімшілік заңында көзделген жаза шараларын қолдана алатынына соттардың назары аударылсын.       Тікелей соттың мәжіліс залында айыпты адамға әкімшілік жаза қолдану жөніндегі соттың (судьяның) іс-әрекеті сот мәжілісінің хаттамасында көрініс табу керектігі соттарға түсіндірілсін. Апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттарда осындай сот әрекеттері сот мәжілісі хаттамасында заңға сәйкес осындай хаттама жүргізілсе ғана көрсетіледі. Әкімшілік шара қолдану туралы шешім барлық жағдайда бір бөлек негізделген қаулы түрінде жасалады.

Судьялар Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабында көзделген негіз бойынша ғана тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл негіздің тізбесі толық және кеңейтілген түрдегі түсіндіруге жатпайды. Іс қараудың заңмен белгіленген мерзімін сақтамау - іс жүргізу заңының бұзылғандығына жатады.       Егер бұл ретте жоғары тұрған сот сатысының сот актiсiнде көрсетiлген өрескел заң бұзушылыққа жол берiлмесе, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабының 3-тармағына сәйкес, сот актiсiнiң күшiн жою немесе өзгерту өздiгiнен судьяның жауаптылығына әкеліп соқпайды. Аталған ережеге орай заңның дөрекі түрде бұзылуы деп судьяларын қасақана немесе тиянақсыздығының, салақтығының немесе заңды жете білмеуінің нәтижесінде жасалған айдан анық және айтарлықтай заң бұзушылығын түсіну керек. Заңның дөрекі түрде бұзылу фактілерін, осы негізде сот шешімін бұзған немесе өзгерткен соттың белгілеу тиіс және ол осы соттың қаулысында көрініс табу керек.       Дәлелді бағалауға байланысты сот шешімін бұзу немесе өзгерту судьяға кінә етіп қойылмайды. Судьяны қызметінен босату барлық жағдайда жариялы, заңмен белгіленген рәсім бойынша және тек заңда көзделген негіздер бойынша өтуі тиіс. Судья қауымдастығының органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы және оның жергілікті жерлердегі органдары сот төрелігін іске асыруда сот қызметтеріне араласпау мен тәуелсіздігі принципін қатаң сақтау жағдайында өз қызметтерін жүзеге асыратынын соттар ескеруі тиіс. Сонымен бірге, судьялар сот жұмысы мен судьялар мәртебесіне, маңызды мемлекеттік-құқылық мәселелерді шешуде судьялар қоғамдастығы позициясын айқындауға, өздерінің құқығы, ар-ожданы мен абыройын қорғау жөнінде шаралар қабылдауға қатысты мәселелер бойынша Судьялар Одағына жүгінуге қақылы. Әрбір судья өзінің сот билігінің жүктеушісі болып табылатынын, судьялық антына берік, судьялық ар-ожданың қасиет тұтатынын, сатылмайтынын және тәуелсіз, өз тәртібін қызметте және жеке өмірінде судья этикасының Кодексіне қатаң сәйкестендіріп құратынын үнемі сезініп жүруі тиіс. Әрбір судья өз қызметімен заңның үстемдігін, құқық пен әділдіктің салтанат құруын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты, мемлекеттік және қоғамдық мүддені қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, заңдылық пен демократияның кепілі болуға және зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға міндетті.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.

  2. Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.

  3. Афанасьева А.В. Этика и психология профессиональной деятельности. - М.. 2004.

  4. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология. М.: ЮНИТИ -ДАНА, 2002.

  5. Букреев В.И.. Римская И.Н. Этика права. - М., 1998.

  6. Букреев В.И.. Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению: Учеб.пособие - М.. 1998.

  7. Выгорбина А.Е. Культура дискуссии (требования этики и логики в обсуждении спорных проблем). - М.. 1999.

  8. ГабитовТ.Х. Этика юриста.Учебное пособие. Алматы: Юридическая литература, 2003.

8. Дәріс сабағы

Тақырыбы: Прокуратура қызметкерінің әдептілігі

Дәріс мазмұны: