Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253.79 Кб
Скачать

3.Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері

Заңгерлік этика заңгердің кәсіптік беделіне негізделген. Судьяның, прокурордың, тергеушінің кәсіптік қызметінің ерекшелігі соншалықты, олар азаматтардың құқықтары мен қызуғышылықтарына әсер етеді.

Патрульдық қызметкерлер жасөспірімдермен үлкен азаматтармен сияқты сыпайы түрде қарым-қатынас жасау керек.

Азаматтардың төлқұжаттарын тексеру кезінде оларды ұқыпты қарау қажет. Егерде құжаттың ішінде бағалы қағаздар болған жағдайда оны иесіне алуына рұқсат етілуі керек.

Қазқстан Ресупбликасында мекендеп жүрген шетел азаматтармен қарым-қатынасты Ішкі істер қызметкерлері ҚР-ның заңды күші бар Жарлығы негізінде және «Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» заң негізінде әрекет етуі тиіс.

Заңдық этика – құқық қорғау қызметінде яғни заңдылықты жүзеге асыруда моральдық көрініс табуында пайда болатын ғылыми тәртіп.

Соттық этика – судьялардың және қылмыстық, азаматтық немесе төрелік, аралық сот өндірісінің өзге кәсіби қатысушыларының өзінің кәсіби қызметінде және одан тыс қызметте оның адамгершілік мінезін, жүріс-тұрысын айқындайтын тәртіптердің жиынтығы.

Заңдық этиканың мағынасы прокурорлық қызмет функцияларын атқаруда, заңдылықты жүзеге асыруда, тергеу жұмысында және де кәсіби заңгерлер атқаратын өзге де қызмет түрлерінде адамгершілік мінез құлқының сақталуын қамтамасыз ету.

Құқықтық тәрбиелеу және заңға деген сыйластық қатынас бойынша жұмыстың тиімділігі жастық, білімдік, кәсіби және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың әр түрлі санаттарын қамтитын және заңнама мен нақты құқықтық нормалардың негіздерімен танысудағы белгілі бір мақсаттылық пен кезектілікті көздейтін жүйенің болуымен анықталады

Жеке заң мамандықтарының ізгілігі.

Полиция қызметкері кез келген жағдайда азаматтармен сыпайы олармен «сіз» деп тілдесу керек, өзінің талаптары мен ескертулерін түсінікті және жеткілікті нысанда жеткізуі керек, оларды дауға айналдырмай, адамдардың ар – намысын қорғауға жол бермеу керек. Патрульдық полиция қызметкерлері азаматтармен қарым-қатынаста қалың бас киімін қойып амандасып өзінің қызмет дәрежесін лауазымын, шенін және аты-жөнін айтып келген себебін және мақсатын айту керек.

Азаматтар патрульдің көмек сұрағанда оларды тиянақты тыңдауға міндетті және олардың шағымдарына шаралар қолданып, керек болса түсініктеме беріп қойған сұрақтарды шешу үшін қайда жүгіну керектігін айтады.

Азаматтар мен қарым-қатынас кезінде патрульдық қызметті жүзеге асыратын тұлға өзінің аты - жөнін, жұмыс орнын, қызметтік куәлігін көрсетуі қажет. Жас өспірімдер мен патрульдық қызметкер қарым- қатынаста да сыпайы, үлкендер қалай араласса солай. Балаларға ескерту олардың жасы мен даму дәрежесіне байланысты жасайды.

Көшеде және қоғамдық орындарда тұлғаларды ұстаған кезде, егер дәрменсіз жағдайда болса жарақат және өзге де дене жарақаты болса органдар тарапынан сол жерге тез арада жедел медециналық көмекті шақырады.

Адвокаттармен заңгерлік көмек көрсету туралы жадынама

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес әділет органдары адвокатураның жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметiнiң сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Азаматтар білікті заң көмегін сұрап жүгінген жағдайда «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен жазбаша шарт жасаудың келесі тәртіптері белгіленген ( Заңның 5-бабы).

1. Шарт адвокат пен білікті заң көмегін сұраған азамат арасында екі данада, жазбаша түрде жасалады.

2. Шартта қорғау мен өкілдік етуге байланысты адвокат көрсететін заң көмегіне ақы мөлшері көрсетіледі.

3. Шарттың бір данасы заң көмегін көрсету туралы шарт жасасқан адамға беріледі.

4. Мыналар шарттың маңызды талабы:

1) қорғаушы не өкіл ретінде тапсырмаларды орындауға қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын көрсету;

2) адвокаттық қызмет ұйымының нысанын және өзі мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету;

3) тапсырмалардың нысаны;

адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібі;

шартты бұзу тәртібі мен жағдайлары шарттың маңызды талаптары болып табылады.

5. шарт жасасу кезінде адвокатқа:

1) адвокат көрсететін заң көмегіне істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің табыстылығына байланысты ақы төлеу мөлшерін белгілеуге; 2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды білдіретін тараптардың мүліктік даулары туралы істер бойынша шарттарды қоспағанда ұйғарылған соманың бір бөлігін алуға;

3) заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына тиісті қаржы құжатынсыз жол берілмейді.

Адвокаттар тегін заң көмегін (Заңның 6-бабы):

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдарға;

2) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге;

3) І және ІІ топтағы мүгедектерге;

4) жасы бойынша зейнеткерлер, кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса;

5) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға көрсетеді.

басқа азаматтар мына сұрақтар бойынша:

1) асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істер;

2) алименттер өндіріп алу;

3) зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау;

4) ақтау;

5) босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде.

Азаматтарға заң көмегін көрсету барысында адвокаттарға мындай құқықтар берілген (Заңның 14-бабы):

1. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады.

2. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып:

1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;

2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;

3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;

4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;

5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;

6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;

7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;

9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;

10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.

Адвокаттар өз кәсіби қызметтерін атқару кезінде (Заңның 15-бабы):

1) егер адвокат осы iс бойынша мүдделерi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның (тараптардың өзара келiсiмi бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға заң көмегiн көрсетiп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер iстi тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.

2) адвокат заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.

3) адвокат сенім білдірушінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қолайлы әсерін тигізетін іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау жөніндегі кез келген, заңмен тыйым салынбаған іс-әрекеттерді орындауға міндетті.

Адвокатқа тиым салынады:

1) іс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына;

2) Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған жағдайда оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi;

3) адвокатқа мемлекеттік қызметте болуға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға.

Адвокатқа заң көмегін көрсету үшін жүгінген азаматтардың мәліметтері, адвокат құпиясы болып табылады осыған байланысты адвокатқа заң көмегін көрсету кезінде алыған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ. Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес лицензиясынан айрылады (Заңның 18-бабы).

Заңның, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң, талаптарын бұзғаны үшiн адвокаттар алқасының мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

Тәртiптiк iс жүргiзу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретiне жатады. (Заңның 30-бабы).

Адвокаттар заң көмегін көрсетпесе немесе қажетті деңгейде көрсетпесе Сіз аумақтық әділет органдарына келесі мекен-жай бойынша жүгінуініңізге болады: (аумақтық әділет органдарымен адвокаттар алқалары толтырады).

Бақылау сұрақтары:

  1. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің имандылық негіздері қандай?

  2. Заңгердің борыш кодексі негізгі жағдайлары қандай?

  3. Полиция қызметкерлерінің құқықтылық негізі қандай?

  4. Ар ождан кодексі құқық қорғау саласындағы жұмыскерлер ізгілік пен кәсіптік негізі.

  5. Қызметшілердің этикасы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.

  2. Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.

  3. Афанасьева А.В. Этика и психология профессиональной деятельности. - М.. 2004.

  4. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология. М.: ЮНИТИ -ДАНА, 2002.

  5. Букреев В.И.. Римская И.Н. Этика права. - М., 1998.

  6. Букреев В.И.. Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению: Учеб.пособие - М.. 1998.

  7. Выгорбина А.Е. Культура дискуссии (требования этики и логики в обсуждении спорных проблем). - М.. 1999.

  8. ГабитовТ.Х. Этика юриста.Учебное пособие. Алматы: Юридическая литература, 2003.

Мамандардың этикасi ол ортақ мiнездемелiк түсiнiк.

Мамандардың этикасынның түрi және түсiнiгi. Жоғарғы маман заңгердiң көз қарасынның түсiнiгi.

Соттың этиканың түсiнiгi және ерекшелiгi. Мамандардың мiндет темелiгi. Моральдiк бағанның объективтiк мазмұнын мiндеттемелiгi. Моральдiк мазмұнның ортақ тәртiптiлiгi және iс-әрекеттiлiгi.

Жалпы мемлекеттiк ортақ мәселесi ол жүйе. Заңгердiң жалпы түсiнiгi ол моральдiк сайлау. Моральдiк сайлаудың мазмұны және структурасы. Ортақ конфликт. Моральдiк жауапкершiлiк. Заңгердiң ортақ сапалығы.

Iс –жүргiзудегi жалпы қажеттiлiк ол мiндеттiлiк болып табылады. Маманның жалпы iс-жүргiзуi мен көз қарасы ол ортақ аспект болып табылады. Жеке iс-жүргiзудегi мiндеттемелiгi ол жеткiлiктi жауапкершiлiк болып табылады. Жалпы этикалық iс-жүргiзуде жеңiлдiктер мiндеттi түрде қарастырады. Этикалық мiнездеме процессте дұрыстығын қайталандырады. Iс-жүргiзуде тұлғанық, тұп-нұсқасының уақытша бостандығын қарастырады. Iс – жүргiзуде қарым-қатынас ортақ нормалы және құқылы түрде болу керек. Iс-жүргiзуде дұрыстықтың аз болуына моральдiк көз-қарас қажет тiлiктi қанағат етедi.

Iс-жүргiзушi процесс кезiнде барлық мәлiметпен таныстырады. Iс –жүргiзушi моральдiн түсiндiрмелердiң сайлау болып табылады.

Әдiлеттi соттың қалпына келтiру қағидалары.

1.Сот алдында әдiлеттiлiкке жеткiзу. Сот билiгi дұрыс тапсырмаларды қажет етуi. Сот отырысындағы мәдениеттiлiктiн қалпына келтiрiлуi. Сот процессiнде сот төоағасы үлкен қызмет атқарады.

Процессте сот билеушiсi бiрiңғай iсте тұлғалармен, басқа да тұлғалар мен қарым-қатынас жасайды. Сот процессiнде этика сұрақтары жалпылама және басқа тұлғалармен ескерiледi.

2. Соттың басқа да шешiмдерiмен үкiмнiн мазмұны әр қилы болады. Заң мен моральдiктiн қажеттiлiктерi заң үкiмiмен байланысты. Соттың қаталдығы этикалық соттың кодексi.

(Этикалық сот алқасы. Сот алқасынның этикасы.)

Этиканың жалпы принципi процессте

Прокурор процесс кезiнде мемлекеттiн сенiмдi тұлға болып келедi. Сот алқасынның бiлiктi көрсеткiшi. Этикалық мiнездiн принципi процессте тендiлiктi қадағалайды. Прокурордың этикалық бiлiтiлiгi. Процесс кезiнде адвокат өз қорғауындағы және де басқа да тұлғалармен жұмыс жасайды. Адвокаттың құпия адвокат процесс кезiнде бiрiңғай жауапкершiлiктi қадағалайды. Адвокаттың қорғаныш сөзi этикаға жүктеледi.

Бақылау сұрақтары:

1. Құқық қорғау органдары қызметкерінің қызметіндегі ізгілік негіздері.

2. Адвокат, заңгер кеңесшісі ізгілік негіздері.

3. Прокуратура қызметкерінің этикасы.

4. Қаржы полициясы қызметкерінің және т.б. қызметінің ізгілік негіздері.

5. Ар – ождан кодексі құқық қорғау саласындағы жұмыскер қызметінің ізгілік – кәсіптік негізі ретінде.