Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253.79 Кб
Скачать

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.

  2. Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.

6. Дәріс сабағы

Тақырыбы: Құқыққорғау органдарының жеке мамандықтар қызметінің ізгілікті-этикалық негіздері

Дәріс мақсаты: Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іскерлік беделімен таныстыру.

Дәріс мазмұны:

1.Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі ізгілік негіздері.

2.Ар-ождан кодексі құқық қорғау саласындағы жұмыскер қызметінің ізгілікті-кәсіптік негізі ретінде.

3.Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері.

1.Құқық қорғау органдарының кәсибі қызметі - мемлекеттік қызмет. Мемлекет бұл органдардың алдына белгілі мақсаттармен міндеттер қояды, олар азаматтар мен мүлікті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға басқару тәртібіне қарсы қылмыстарды ескертуге бағытталған. Мемлекеттік құқық қорғау органдарын қайта дайындайтын және жетілдіретін арнайы жүйелерді жасайды. Бұл талаптар құқық қорғаудың букіл жуйесіне және оның өр қызметкеріне қойылады.

Құқыққорғау қызметі қылмыскерлерден күресуінің арнайы күш-құралдарды қолдануы нәтижесінде қызметкерлерін адамгершілік шиеленіс жағдайына жиі алып келелі. Аталған шиеліністер себептердің қарама-қайшылық бағытлығы жағдайында жиі болады. Мұндай жағдайда субъектіге борыш талаптарынан көрініс тапқан қоғамдық қажеттік пен өзінің жағдайға байланысты пайда болған көзқарастарын алыс және жақын мақсаттың біреуін үлкен және одан азырақ қауіптің біреуін таңдауға тура келеді.

Адамгершілік шиеліністің ерекшелігі мынада - белгілі бір жағдайдағы моральдық нормаға негізделген әрекеттігін басқа бір норманы бұзуы. Бұл жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның, моральдық талаптарды орындағысы келмейтінінде де емес, мәселе - осы талаптардың бір-біріне қайшы келмеуін болдырмаудың қажеттілігінде. Мысалға, құқыққорғау органдарының немесе айыптау жасауға келгенде төсек тартып жатқан науқас адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болса сол тұлғаны тінту жасаса немесе адамгершілік көзкарастар шегінде тоқтата тұру.

Құқыққорғау органдары кәсіби мәні бар шиеліністердің қатарынан сыртқы шиеленістерді атауға болады. Сырттқы шеленістер адамдар арасындағы адамгершілік шиелінстер ретінде көрініс табады. Жеке тұлғалардың әлеуметіік топтардың және қоғамның құндылықты бақыт-бағдарының қайшы келуін білдіреді. Э.Фромм жазғандай, "адам ахуалының касіреті оның дамуының толық еместігінде. Адам әрқашан да толық туылуға үлгермей жатып-ақ өмірден өтеді. Адамның мәні мен жазмышы осында.

Аристотельдің айтуынша, адам мақсатын назарға алу арқылы ізгілікті анықтауға болады. Жаксы адам - бұл ақыл-ойдың көмегімен өз әрекетінде адам бойына тән мүмкіндіктері де жол ашатын адам. Спинозаның көзқарасы бойынша, ізгілік адамның өз күшін пайдалануын білдіреді, ал күнәхарлық өз күшін пайдалана алмаушылық. Зұлымдықтың мәні-әлсіздік. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды "қайырымдылықтың анықтамасы - ұлы қалыпты әлеуметтік құндылықтарды білдіретін жалпы этикалық ұғым ғана емес, адамдар қылықтарында жүзеге асатын адамгершілік.

Жақсылық пен жамандықты одан әрі талдау "Адам қайырымды ма әлде зұлым ба?" деген түрлі сұраққа жауап іздейді. Гуманистік этиканың көпгеген өкілдері адам жаратылысынан қайырымдылық және зұлымдық оның табиғатынан тыс деген тұжырымды жауапты ұстанады. Ізгілікті адам концепциясының айшықты көрінісі XX ғасырдын ұлы гуманисі А.Швейцердің өмірлік қастерлеу туралы ілімінде байқалады. Оның негізгілеріне тоқталайық.

Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан келгенше көмектесуге тырысқанда қана кез-келген ірі нәрсеге зиян келтірмеуді ұстанғанда ғана нағыз адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір қасиетті. Ол ағаштың жапырағын жұлмайды, бірде-бір гүлді үзбейді, бірде-бір жәндікті басып кетпейді. Жазғы түнде шаммен жұмыс істеп отырғанда отқа ұмтылған көбелек қанатының күйгенін көрмес үшін терезені жауып отырғанды дұрыс көреді.

Өмірді қастерлеу этикасы өзге адамдар алдындағы парыздан бас тартып, өздерін еркін сезінген адамдарды мақтау да, даттау да керек емес деп есептейді. Ол қандай формада, қандай жағдайда болмасын біздің өзге адамдарға қатынасымызда адам болып қалуымызды талап етеді. Сен бақыттысың сондықтан, көп нәрсені құрбандыққа шалуға тиіссін. Өзгелерге қарап анда-санда денсаулық, қабілет, талант, табыс, байлық және т.б. көп мөлшерде берілген мұның бәрін сен өз-өзінен келді дем есептеуге тиіс емессің. Сен оның ақысын өтеуің керек. Сен өзіңе өмір үшін өз өміріңнің күшін беруге міндеттісің.

"Пайда" адамдардың экономикалық ұмтылыстарының соңғы мақсатын білдіреді. Бұл әсіресе ұзақ жылдар бойы теңестірілу мен аскетизм рухында тәрбиеленген айлық, ләззат алу, табыс туралы ойлаудың өзі әдеттен тыс саналған кешегі посттоталитарлық қоғам мүшелері үшін маңызды.

Қайырымдылық пен пайданы қарсы қоюдың бұрыннан келе жаткан дәстүрі бар. Кезінде Аристотель өзінің "Нмкомах этикасында" этиканың айналысатын мәселесі жай игіліктер емес, жоғары игіліктср деген болатын. Еуропалық әртүрлі ойшылдар моральдық әрекет пен тилигарлық әрекет арасын ажырата зерттеген.

Утилитаризмнің негізін қалаушы И.Бентам ізгілік пайдаға қарсы тұрмайды. өйткені мүдделер әртүрлі, ізгілік үлкен мүдде үшін кіші мүддені құрбан етуді білдіреді деп санайды. Утилитаризмнің негізгі құндылықтарын мынадай қанатты сөздер арқылы аңғарута болады: "Табысқа ұмтыл". Барлығынан пайда тап. "Мақсатқа жетуге тиімді құралдарды қолдан". Мұндай адамның бойында тартымды қасиеттер болады: мақсаткерлік және тәуекелшілдік, тәуелсіздік. Батылдық, үнемшілдік, тәртіптілік және т.б. Егер пайданы өзімшілдікпен араластырмаса, онда пайда қағидасы жеке мүдделер үйлесімділігінің маңызды тетігі ретінде көрінеді. Оның үстіне мұндай синэнергетикаландырылу жалпы игілікке жақындатады.

Әрине, пайдалылық қағидасын абсолюттендіріп, оны жоғарғы ізгілік ретінде идеал тұтуына болмайды. Пайдалылық қағидасы сөз жоқ, жоғары гуманизмнің абсолюттік мораліне қайшы келеді. Мысалы алкоголь, темекі өнімдері, экологияға зиянды техника өндірісі сияқты бизнес түрлері тұрғындардың бір бөлігі үшін пайдалы.

Мемлекеттік қызметкердің этикасының негізгі қағидалары.

Кәсіпкерлік этика осы кәсіпке тән арнайы нормаларды ғана оқытумен шектеле алмайды. Ол әр түрлі кәсіптегі өкілдердің әлеуметтік рөлінің ерекшелігін анықтайтын жалпы этикалық талаптарды іске асырудың нақты шарттарын зерттеуі және енгізуі қажет.

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлік этикасы ерекшелігінің объективті алғышарттарын ажыратып қарастыруға болады:

- жалпы этикалық «предписаний» іске асыру үшін әртүрлі жағдайлардың болуы.

- ерекше өнегелік нормалардың пайда болуына алып келетін қайталанбайтын осы кәсіпке тән мән-жайлардың болуы.

- Мемлекеттік қызметкер кәсібі өкілдері қызметінің мақсаты мен мазмұнының ерекшелігін анықтауды болжайтын этика категориясы ретіндегі кәсіптік борыштың ерекшеліктері

Мораль адамның мінез-құлқын, қызметін, нормативті реттейтін негізгі типтер қатарына жатады. Ол адамдар қызметінің бір тұтас жалпы әлеуметтік заңдарға бағынуды қамтамасыз етеді. Мораль және құқық – қоғамдық өмірді реттейтін қажетті, өзара байланысты және бір-бірін қамтитын жүйе. Олар адамдардың белгілі бір ережеге бағынуы, әр түрлі мүдделердің келісуі жолымен қоғамның қызмет етуін қамтамасыз ететін қажеттіліктер негізінде туындайды. Мораль және құқық нормативтік аяны (адамгершілік және құқықтық нормалар); қоғамдық маңызды қызметті; қоғамдық қатынасты (өнегелік және құқықтық); қоғамдық сананы (моральдік және құқықтық) қамтитын күрделі жүйені білдіреді, сонымен бірге мораль және құқық әрдайым өзара байланыста болады. Құқық моральға қарама-қайшы болмауы керек. Ол өз кезегінде өнегелік нормалардың қалыптасуына әсер етеді.

Мемлекеттік қызметкерлер үшін моральдік және құқықтық талаптардың жалпылығы гуманизм, әділеттіліктің жалпы талаптарына сондай-ақ мемлекеттің еркін сипаттайтын моральдік және құқықтық қағидалар мен нормалардың салыстырмалы тұрақтылығынан көрініс табады. Негізін қалаушы акт ретінде 2005 жылдың 3-мамырындағы мемлекеттік қызметкерлердің ар- намыс кодексін қарастырады.

Судья кәсібінде өнегелік талаптардың ерекшелігі басқа тұлғалардың тағдырын шешудегі моральдік құқықтың бар болуында. Судья үшін өнегелік қасиет пен өнегелік мінез-құлық оның кәсіпкерлік қызметінің ажырағысыз шарты болып табылады. Судья - кәсіп емес, яғни судьялардың кәсіпкерлік қызметінде басшылыққа алынуы керек өнегелік мінез-құлық нормаларынан тұратын өмір кейпі. Бұл үшін судья жоғарғы дәрежедегі кәсіпкерлік мінез-құлық нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, қолдау, қалыптастыруда қатысып қана қоймай, сонымен қатар осы нормаларды өзі сақтауы керек. Осы аталған мақсатқа толық түрде жету тек судьяның адал ниетті кәсіпкерлік қызметінде қандай да бір күмәннің болмауында ғана мүмкін. Судьяның күнделікті сот төрелігін жүзеге асыруда құқықтық қатынас тек құқықтық ғана емес, сонымен қатар өнегелік қағидалары негізінде де қалыптасады. Судьяның нң маңызды қадыр қасиетінің бірі оның шыншылдығы (честность) сонымен қатар қабылдаған міндеттеріне қатысты беріктілігі, моральдық тұрақтылығы мен өнегелік өзін-өзі бақылауы, саналы түрде моральдық қағидаларды басшылыққа алуы болып табылады. Судьяның сот төрелігін жүзеге асыру қызметінде басшылыққа алуы кепек өнегелік қағидаларының жүйесінде маңызды орынды судьяның тәуелсіздігі, әділдігі және адамгершілігі (ізгілігі, беспристрастности) алады.

Құқық қорғау орган қызметкерлерінің мінез-құлық ережесі мен талаптары мазмұндалған заңдық және локальдық актілердің жалпы сипаттамасы.

Әр түрлі құқық қорғау органы қызметкерлерінің қызметін реттейтін нормативтік актілердің қабылдануы. (ІІМ, ¦ҚҚ, жол полициясы, кеден органдары және т.б.), өкілеттіліктерінің ұлғаюы не шектелуі, жауапкершіліктің артуы, қандай да бір құрылымдардың қайта құрылуы – бұның бәрі кәсіпкерлік этика нормаларында көрініс таба алмайды.

Сонымен қатар оларға бірден құқық қорғау қызметінің ерекше құндылықтарын қорғау және бекіту үшін қызмет ететін, екіншіден құқық қорғау қызметінің ерекшелігіне қолданылатын нақтыланған жалпы азаматтық моральдік талаптар қамтылған негізгі этикалық құндылықтар тән.

Моральдік еркшелігі оның өмірдің барлық аясында соның ішінде құқық қорғаушылық және құқық қолданушылық қызметте адамдардың санасы мен мінез-құлқын реттеу болып табылады. Мораль осы қызметті жүзеге асыратын органдар қызметкерлер топтар арасында және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарға тарайды. Моральдік қағидалар барлық заңгерлер үшін жалпы маңызға ие.

Адамның барлық мінез-құлқы, іс-әрекеті әр түрлі мағынада болады. (құқықтық, саяси, эстетикалық және т.б.). Бірақ оның өнегелік жағы моральдік мазмұны бірдей өлшем бойынша бағаланады. Моральдік нормалар көпшіліктің пікірінен қолдау тауып, күнделікті қоғамдағы дағдыдан қалыптасады. Олардың орындалуы барлық адаммен бақыланады. Моральдік жауапкершілік рухани, идеалдық сипатта (іс-әрекетті қолдау не талқылау) болады. Яғни, адамның түйсініп, ішкі қабылдауы және мінез-құлқын іс-әрекетін жөндеуге бағытталуы. Мораль қоғамдық және жеке сана дәрежесімен анықталады. Адамның мінез-құлқын реттейтін басқа формалармен қатар мораль белгілі бір анықталған әлеуметтік заңға бағынып көпшілік қызметінің келісімі болып табылады. Әр түрлі қызметтегі заңгерлер өздерінің лауазымдық міндеттерін іске асыра отырып, моральдік реттеушілік, тәрбиелеушілік, танымдық, бағыттаушылық, коммуникативтік, болжаушылық және т. б. функцияларын іске асырады. Олардың ішінде маңызды орынды реттеушілік және тәрбиелеушілік функция алады.

Мораль басқа тұлғалардың, қоғамның мүддесін іске асыра отырып, адамның практикалық қызметін бағыттайды және жөндейді. Бұнда моральдік қоғамдық қатынастарға белсенді әсер етуі жеке тұлғалардың мінез-құлқы арқылы жауапқа алынады. Бұдан реттеуші фукцияны көруге болады.

Моральдік тәрбиелеушілік фукциясы жеке тұлғаның және оның санасының қалыптасуында көрінеді. Мораль өзінің, басқа тұлғалардың қадір-қасиетін, құқықтарын құрметтеу қажеттілігін, басқа адамдар мен қоғам алдындағы борышын ұғынуға, өмірдің мәні мен мақсатына көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл фукцияны гуманистік сипатта қабылдау қалыптасқан. ¤негелік таным кәсіпкерлік этикадағы аса маңызды орынды алады және моральдың бір элементі болып, оның идеалдық субъективтік жағын сипаттайды.

Өнегелік таным (сана) заңгерлердің борышы ретінде белгілі бір мінез-құлық, іс-әрекетті қалыптастырады. Ол моральдік талаптар көзқарасына сәйкес әртүрлі әлеуметтік шындыққа баға береді. ¤негелік сана (сознание) қоғамдық сананың формасы ғана емес сонымен қатар өнегелік сезімдермен байланысты адамның өзін бағалауында маңызды орын алатын тұлғаның жеке санасының аясы.

Моральдік норма - әлеуметтік топқа, қоғамға тән белгілі бір жағдайда қандай іс-әрекет жасауы керектігін және мінез-құлқының мазмұнын анықтайтын, адамдардың мінез-құлқын реттейтін әлеуметтік нормалар. Олар қоғамдағы реттеушілік фукциясын атқаратын өзге де нормалардан (экономикалық, саяси, құқықтық, эстетикалық және т.б.) нормадан ажыратады. Олардың негізінде жақсылық және зұлымдық және т.б. идеалдар, түсініктер, қағидалар қалыптасқан. Моральдік нормалар ерікті түрде орындауға бағытталған. Бірақ оны орындамау рухани түрде әсер ететін мінез-құлықты талқылау және теріс баға беруден тұратын санкцияға алып келеді. Олар нақты бір тұлғаға сондай-ақ қоршаған ортаға бағытталған болашақта сондай іс-әрекеттерді жасауға өнегелік тұрғыда тиым салуды білдіреді. Бұл санкцияның мақсаты моральдік нормалары мен қағидаларында мазмұндалған өнегелік талаптарды бекіту болып табылады. Моральдік нормаларды орындамау моральдік санкциялардан басқа (қоғамдық ұйымдардың нормаларында қарастырылған немесе тәртіптік) өзге де санкциялардың қолдауына алып келуі мүмкін.

2. Ар-ождан кодексі құқық қорғау саласындағы жұмыскер қызметінің ізгілікті-кәсіптік негізі ретінде

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекiтілді. Ар-намыс кодексі - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1180 Жарлығымен өзгерістер енгізілді.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. 

Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда - орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшылары ар-намыс кодекс талаптарының орындалуын, ар-намыс кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін бір ай ішінде ар-намыс кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары.

Мемлекеттік қызметшілер:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

  • заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;

  • қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге;

  • мемлекеттің мүддесіне залалын тигізетін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

  • сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;

  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;

  • мемлекеттік қызметке және мемлекет институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;

  • өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

  • адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;

  • Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

  • мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, тұралықпен және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;

  • жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салуға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді әдістерін қолдануға;

  • мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

  • кадрларды туысқандық, жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;

  • бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін дәл айқындауға, анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге, бағынысты қызметкерлерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;

  • бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге;

  • бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге;

  • кәсіби дайындықтың, оның ішінде орындалуы бағынысты қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне жатқызылған мәселелер бойынша, қажетті деңгейіне ие болуға;

  • басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және жолын кесуге;

  • өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасысын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.

Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттік қызметшілер бағынысты қызметкерлерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы.

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.

Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесу жөнінде қажетті шаралар қолдануы тиіс. Қажетті шараларға уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету және жоғары тұрған басшыны, мемлекеттік орган басшылығын хабардар ету жатады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат алғаннан кейін мемлекеттік органның басшылығы олар бойынша, оның ішінде, егер оның іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметшінің қызметін одан әрі жалғастыруға теріс ықпал ететін заңнама бұзушылықтар болмаса, мемлекеттік қызметшіні заңсыз қудалаудан, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.

Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға тиісті.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануы тиіс.

Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

Көпшілік алдында сөйлеу.

Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

  • мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес немесе;

  • жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;

  • мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.

Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, біреулердің мүдделерін қолдаған, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің табысымен сәйкеспейтін заңсыз табыс пен мүлік алған деп негізсіз көпшілік алдында айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзім ішінде оны теріске шығару, оның ішінде сот арқылы теріске шығару жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған этикалық нормаларды ұстанулары, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер қарапайымдылық танытуға, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауға тиіс.