
- •6. «Заңгердің кәсіби этикасы» пәні бойынша дәрістер жинағы
- •1. Заңгердің кәсіптік этика курсы ұғымы, пәні, мақсаты, мазмұны.
- •2. Этика өнегелік туралы ғылым ретінде.
- •3. Моральдің пайда болуы. Құқықтық моральдің мазмұны.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Этикалық категориялардың ерекшеліктері.
- •2. Этикалық категориялардың әлеуметтік функциялары.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Этикалық категориялардың ұғымы. Негізгі этикалық категориялардың сипаттамасы.
- •Заңгер қызметіңдегі этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы.
- •Кәсіби борыш. Кәсіби әділдік. Кәсіби ар-намыс. Кәсіби ұят. Кәсіби бедел.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1.Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі ізгілік негіздері.
- •3.Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері.
- •3.Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері
- •6. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
- •17. Құқық қорғау қызметінде адамгершілік мақсатқа жету.
- •Сот қызметінің өнегелік аспектілері.
- •Судья этикасының кодексі.
- •Судьяның мінез-құлқының негізгі принциптері.
- •Прокурордың этикасы.
- •Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі.
- •Алдын ала тергеу жүргізудің этикалық аспектілері.
- •Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әдептілігі.
- •Адамның iшкi iстер органдарында қызметте болуымен байланысты шектеулер.
- •Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мінез-құлқы.
- •Адвокаттардың кәсіби әдебі.
- •Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары.
- •Нотариустың кәсіби қызметінің қағидаттары.
- •Нотариустың кәсіби міндеттемелерін орындау.
- •Кәсіби (тәртіптік) әсер ету шаралары.
- •Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым қатынасы.
- •Іскерлік қарым-қатынас.
- •Тұлғааралық қарым-қатынастардың заңдылықтары.
- •1. Заңгердің қызметіндегі әдептілік, адамгершілік шиеленістер.
- •15. Дәріс сабағы
Әдебиеттер тізімі:
Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.
Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.
№5. Дәріс сабағы
Тақырыбы: Мораль ізгілікті қызметті анықталатын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түсінігі. Моральдың кәсіптік-ізгілікті мәні және мақсаты.
Дәріс мақсаты: Мораль және құқық, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы, мораль факторлары мен факторларының заңгер қызметіндегі спецификасы туралы анықтау.
Дәріс мазмұны:
1. Моральдың әлеуметтік сипаты.
2.Мораль және құқық, олардың өзара байланысы айырмашылықтары.
3. Мораль факторлары.
4. Заңгердің қызметіндегі моральдық факторлардың ерекшелігі.
Моральдың әлеуметтік сипаты
Мораль дегеніміздің өзі (латын тілінен mores – қарым-қатынаста көрініс табатын мінез дегенді білдіреді) - адамдардың қоғамға қажетті мінез-құлқының қажеттігін айқындайтын және оның ортақ әлеуметтік нормаларымен реттелетін әлеуметтік сананың бір формасы және оның тәжірибедегі көрінісі. Моральдың талаптары қоғамның сана-сезімінде дәстүр, әдет және көпшілік таныған көзқарас ретінде сақталады.
Мораль нормалары көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Мораль нормалары арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.
Мораль құдайлық қағидалар, тұрғындардың тәжірибелік даналығы, адамдарды тәрбиелеу мектебі ретінде, адамдық рақымшылықтың түйіні, және индивидтің өз әрекетімен ең жоғары қанағаттануы, ар-ождандық қызметтің көтеріңкілігі, шүбәйсіз парыздың орындалуы, қоғамдық тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ету құралы ретінде, қоғамдық мүдденің талабы, әділетсіздікті жою және қоғамдағы әділеттілікті орнату құралы, адамдардың қызметтестігі мен бірін-бірін түсінуді қамтамасыз ету құралы, және ұят дауысымен жүру, адамдық өмірдің жоғары мәніне жету жолы және т.б. ретінде түсіндірілді.
Мораль және құқық, олардың өзара байланысы айырмашылықтары
Қоғамдық – саяси және заң баспасөздерінің беттерінде қазіргі күні ең өзекті және ауқымды мәселелердің бірі ретінде қоғамдық және жеке өмірдегі мораль мен құқықтың бірлігі, айырмашылықтары тақырыптары танылады. Және бұл кездей емес: құқық және мораль - мінезі нақты-тарихи жағдайлармен және қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымымен анықталатын әркезде біртұтас әрекет ететін адами мәдениеттің басты элементтері болып табылады.
Мораль – адамдардың әрекеттерінде және қозғалыстарында айқындалатын, жеке сенімдерінен, әдеттерінен, тәрбиелерінен, қоғамның, нақты кластардың немесе әлеуметтік топтардың әсерінен көрініс табатын, олардың арасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекеттің нақты әлеуметтік топтарына деген қатынастарды реттейтін нақты тарихи айқындалған көзқарастардың, нормалардың, бағалаулардың, сенімдердің жүйесі.
Құқық – әрекеттер мен қозғалыстардың жауапкершілігі мен еркінің өлшемі болып табылатын, қоғамдағы әртүрлі топтардың жалпы бірыңғай еркін білдіретін жалпы міндетті мемлекеттік қағидалар мен мақсаттардың бірлігі.
Сонымен, құқық – саяси-заңды құбылыс қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-ізгілік құбылыс болып табылады. Азаматтық қоғамның құқықтық өмірі адамгершілік, ақиқат, ұят пен ар-ождан, жақсылық, адамгершілік қасиеттір, еркіндік пен жауапкершілікті мораль категорияларынсыз дами алмайды.
Құқық пен моральдың қатынастары – көріністердің әр түрлілігімен: біріншіден, бірлілігі мен тұтастығы; екіншіден, айырмашылық; үшіншіден, тұтастай әрекеттерімен мінезделетін үрдіс.
Құқық пен мораль нормаларының бірлілігі мен тұтастығы мыналармен сипатталады: Қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде мораль мен құқық өз араларында өзара ұқсастықтарға ие, өйткені екеуі де ортақ әлеуметтік функцияларды атқарады: қоғамдағы адамдар арасындағы әрекеттерді реттеудің қажетті құралы болып табылады, нормативтік мінез танытады, және азаматтар ереже бойынша, ерікті және есті түрде осы нормалар мен принциптерді орындайды; ізгілік жіне құқық оларға ортақ жалпы адами құндылықтар негізінде дамиды. Бұған қарамастан, құқық нормалары, ерекшелік ретінде, жазбаша түрде болады, яғни мемлекетпен ресми бекітіледі, ал мораль нормалары көбінесе қоғам санасында өмір сүреді, - мораль да, құқық та әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның еркін, іс жүзінде қоғамдық қатынастардың барлық жақтарын қамтитын әрекеттер ережесінің жинақталған жүйесін, сонымен қатар айқындалған өлшемде жалпы қоғамдық санадағы ақиқатық пен міндеттілік туралы кейбір көзқарастарды көрсетеді. Бұл нормалар жалпылық мінез танытады, қоғамның барлық мүшелерін қамтиды. Бұдан басқа, моральдық және құқықтық талаптар бағалау-басымдық мінездеріменен біріктірілген. Құқық та, мораль да қоғамның әлеуметтік-тарихи қажеттілігін сипаттайтын қоғамдық сананың әрекеттер ережесінде қатаң айқындалған, қатаң түде тіркелген нормалардың жиынтығын құрайды.
Мораль мен құқықтың ұқсастықтары:
1) Қоғамдық сананың формасы;
2) жалпы адамдық құндылықтар фундаментінде мораль мен құқықтың ортақ даму;
3) моральдық және құқықтық қатынастар аясының ұқсастығы;
4) мораль және құқықтық қатынастар талаптарының мақсаттары, тапсырмаларының біртұтастығы;
5) қоғамда адами тәртіпті реттеу функциясы – басты
6) қоғамдағы адамдар тәртіптерін реттейтін нормалардың біртұтастығы;
7) мораль және құқық нормалары мен қағидаларын орындаудың міндеттілігі.
Мораль мен құқықтың айырмашылықтары:
1) мораль нормалары жазбаша емес түрде болады, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде рәсімделеді, ал құқық формальды анықталған және ресми құжаттарда бекітіледі;
2) Мораль нормалары халықтармен бекітіліп отырды, ал құқық нормалары мемлекетпен бекітіледі.
3) Мораль қоғамдық көзқарастарды қамтамасыз ету тетігі, ал құқық мемлекеттің биліктік санкциясын қамтамасыз ету тетігі;
4) Мораль ерікті таңдаудың кең ауқымдылығын қамтиды, ал құқық та нормативтік құжаттармен ерікті таңдау қатаң шектелген.
Мораль факторлары
Мораль факторы – бұл жеке тұлғалардың, ұжымның, әлеуметтік топардың қандай да бір тапсырмаларды орындау кезінде көрінетін ізгілік қасиеттерінің өлшемі.
Мораль факторлары – нақты-тарихи мазмұнға ие, шарттандырылған өндіріс тәсіліне, қоғамның рухани және материалдық мәдениетіне, кластардың қатынастарына, саяси режимге, басымды идеологияларға басымдық білдіретін оның обьективтік негізін құрайтын күрделі және динамикалық әлеуметтік құбылыс.
Моральдық фактордың анализінің шығатын базалық категориясы болып «адами фактор» түсінігі табылады. Адами фактор көпсалалы әлеуметтік білім ретінде өзіне көптеген «срездерді» қамтиды.
Біріншіден, бұл биологиялық, физиологиялық срез, халықтың денсаулық жағдайын, өлу және туу көрсеткішін, өмір сүру деңгейін және азаматтардың жұмыс қабілеттілік белсенділігін, кейбір ұлттық, тұрғындардың антропологиялық ерекшеліктерін, жыныстық-жастық құрамы және т.б. сипаттайды.
Екіншіден, бұл әлеуметтік срез, қоғамның әлеуметтік-топтық құрылымын, ұлттық құрамын, кәсіби және аумақтық әлеуметтік топтар және т.б. сипаттайды.
Үшіншіден, бұл интеллектуалды-кәсіби срез, халықтың білім және мәдениет деңгейін, оның кәсіби дайындығын, мамандығын ауыстыруға белсенділігін, өзін-өзі оқытуды, кәсіби деңгейінің жоғарылығын және т.б. көрсетеді.
Төртіншіден, шартты түрде аксиологиялық срез деп атауға болады. Ол адамдардың құндылық бейімділігін, олардың қоғамдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, оларды қанағаттандыру дәрежесін, көпшіліктегі азаматтардың өмір сүру басымдылығын мінездейді.
Бесіншіден, жандүниелік-ізгілік срезі, қоғамның жандүниесін, азаматтарының моральдық қасиеттерін, моральды-саяси климат, адамдардың тәрбиелілігін, қызметтерін және әрекеттерін реттеуде басымдық көрсететін нормалар мен қағидалар , тұрғындардың әдет-ғұрпы мен дәстүрлері.
Моральдық фактордың пайда болуы оны қолдану аясына, осы не өзге функционалдық жүйе спецификасының моральдық жағының қоғамдық күштеріне, оның әртүрлі әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға әсер етуіне байланысты. Бұл жағдайда моральдық факторлардың пайда болуының келесі деңгейлерін бөліп қарастыруға болады:
жалпы әлеуметтік (барлық қоғам масштабында);
әлеуметтік ( класс, ұлт, халық, аумақтық-әлеуметтік білім және т.б. масштабында);
салалық (қоғамдық өмірдің осы немесе өзге аясында, халықшаруашылығы саласында, кәсіби топтар және т.б. масштабында);
ұжымдық (осы немесе өзге жұмыстық ұжым масштабында);
жанұялық (жеке отбасы масштабында);
жекелік (жеке тұлға масштабында).
Заңгердің қызметіндегі моральдық факторлардың ерекшелігі
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі мораль факторын нақты моральдық күштің олардың тапсырмалар орындау процессі кезіндегі көрінісі ретінде сипаттауға болады. Дұрыс моральдық фактор қызметтік тапсырмалардың сәтті орындалуына, құқық қорғау органдары жүйесін нығайтуға, қоғамда моральдық беделдің өсуіне ықпал етеді. Құқық қорғау органдарының өздерінің моральдық факторлары туралы айтқанда, жеке құрамдағы моральдық күштің мәні мен пайда болуын көрсететін бірқатар белгілерді көрсеткен жөн болар. Олардың қатарына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жиі өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жоғары моральдық-психологиялық және физикалық қысымды қызметін айтуға болады.
Моральдық фактор құқық қорғау органдары өмірінің барлық жақтарына әсерін тигізеді: олармен орындалатын қызметтік тапсырмалардың тиімділігі, ұжымның бірлігі, қызметкерлердің өздерінің мамандағына даген қатынасы, кәсіби өсуі, өз еңбегімен қанағаттану, тәртіптік әрекеттер өлшеміне қатынасы және т.б.
Құпия емес, құқық қорғау органдарының әсер ету күші болып әкімшілік – құқықтық және реттеушілік әдістемелері жатады. Бірақта, бұл әдістер тек кейбір нақты жағдайларда ғана тұрақты оң нәтиже береді. Біріншіден, әсер ету обьектісі (жеке тұлға, топ, ұжым) жеткілікті деңгейде қарапайым және біркелкі болуы тиіс. Екіншіден, әсер ету субьектісі (басшы, жетекші, басқарушы орган) қасиеті бойынша әсер ету обьектісіне сәйкес болуы керек. Үшіншіден, ұжымның барлық мүшелерінің міндеттері нақты айқындалған. Төртіншіден, ұжымның барлық мүшелері арасында ақпараттық байланыс орнатылған. Бесіншіден, оның мүшелерінің жеткілікті білушілігі мен ізгілікті жауапкершілігіне негізделетін сыртқы әкімшілік әсер ұжымның өзіндік басқаруымен сипатталады. Егер бұл жағдайлар орындалмаса, онда құқықтық ықпал ету әдістемесі моральдық-тәртіптік мінездегі әдістемемен толықтырылуы тиіс.
Қызметтік ұжымның моральдық факторының басты шекарасы, келешекте тұрақты және ұжымның көптеген мүшелерінің әрекеттері үшін әдеттік нормаға айналатын және бір уақытты барлық бөлімшелер және жекелеген қызметкерлердің моральдық факторының құрылуы мен активтендірілуінің құралы болып оның дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, мінездері, табылады. Әдеттер, дәстүрлер прогрессивтік, оң нәтижелі және артта қалған, негативтік болатыны белгілі.
Моральдық фактордың қажетті аясы болып ұжымның моральдық-психологиялық климаты табылады. Қызметкерлердің сезімі мен көңіл-күйін, ұнату мен жек көруді, бағалау мен көзқарасты, басшының беделі, ұжым өміріндегі құқықтық және моральдық нормаларды қамтитын моральдық-психологиялық климат қызметкердің жеке өміріне, ұжымның бірлігіне, олармен орындалатын қызметтік тапсырмалардың тиімді болуына ықпал етеді. Қызметтік ұжымның моральдық климатты бағаламаушылығы жетекшінің тәртіптік тәжірибесін «жоққа» әкелуі, басшының әкімшілік жігерін кері нәтижелерге жеткізуі, ұжымды тұрақсыз етуі және тіпті оның жұмысын сал етуі мүмкін.
Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:
Мораль - (лат.moralis-әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі.
Адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы.
Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.
Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.
Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол — бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі.
Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар Мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта алатын субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс, ізгілік секілді жоғары Моральдық, кісілік қасиеттер қалыптасады. Моральдық сана тек таңдау мүмкіндігі бар жерде ғана әрекет етеді. Мәжбүрлеп істелген іске Моральдық баға беру қиын. Сондықтан Моральдық санада мотив, пиғыл, мақсат мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Моральдық сананың үш сатысы болады. Біріншісі, адамның ішкі тылсым дүниесін, яғни Моральдық қажеттіктер мен қабілеттерді, эмоциялар мен сезімдерді, т.б. қамтиды. Әдептік сананың екінші сатысына рационалды ақыл-ой елегінен өткен Моральдық түсініктер жатады. Рационалды Мораль, әдетте әр түрлі әдептілік ережелерінен, адамгершілік туралы этик. теориялардан тұрады. Моральдық сананың үшінші сатысы Моральдық интуиция (түйсік) болып табылады. Моральдың негізгі бөлігіне іс-әрекет, мінез-құлық жатады. Моральдық мінез-құлықта мотив-мақсатты, құрал мен нәтижені айыра білу қажет. Әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларына сәйкес кәсіптік, отбасылық, тұрмыстық, т.б. Мораль түрлері айқындалады.
Бақылау сұрақтары:
Мораль және құқық, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
Мораль факторлары қандай?