Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253.79 Кб
Скачать

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.

  2. Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.

4. Дәріс сабағы

Тақырыбы: Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері

Дәріс мақсаты: Моральдың түсінігі, мәні, құрылысының негізгі элементтері, функциялары және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптерін анықтау.

Дәріс мазмұны:

  1. Моральдың түсінігі және мәні.

  2. Мораль құрылысының негізгі элементтері.

  3. Моральдың функциялары.

  4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптері.

Моральдың түсінігі және мәні.

Мораль - теоретикалық абстракция мәселесі. Өнегелік қатынастарының негізгі құрылымдық элементі болып адамдардың қылықтары мен жүріс – тұрыстары табылады. Мораль сезімдер адамның оның өмірі мен қызметінің әр түрлі салаларында шығармашылық күштерді белсендіреді.

Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүруінің әр түрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Қоғамдық қатынастарды реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асады, ол нормалар өз кезегінде, әлеуметтік және техникалық болып бөлінеді. Ал әлеуметтік нормаларға құқықтық, мораль, діни, саяси, эстетикалық, әдет, корпоративтік нормалар жатады. Мораль нормалары дегеніміз – бұл жамандық пен жақсылық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан адамдардың мінез-құлықтарын реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі.

Ал мораль дегеніміздің өзі (латын тілінен mores – қарым-қатынаста көрініс табатын мінез дегенді білдіреді) - адамдардың қоғамға қажетті мінез-құлқының қажеттігін айқындайтын және оның ортақ әлеуметтік нормаларымен реттелетін әлеуметтік сананың бір формасы және оның тәжірибедегі көрінісі. Құқық нормаларынан айырмашылығы мораль нормалары адамдардың сана-сезімінде жазбасыз сақталады, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріледі. Оларды орындамағаны үшін заңды жауапкершілікке тартылмайды. Мораль нормалары мемлекет пайда болғанға дейін пайда болған, ал құқық нормалары менмлекетпен бірге пайда болған, сондай-ақ мораль нормаларының құрамы күрделі, кең мазмұнмен сипатталады және қоғамдық пікірмен немесе үйреншілікпен қамтамасыз етіледі. Мораль нормалары кез-келген қоғамда болады және адамдардың кез-келген тәртібі жан-жақты бағаланады. Мораль нормалары қоғамдық санада, әдет-ғұрып, салт-дәстүр түрінде көрініс табады. Мораль нормалары көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Мораль нормалары арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.

Мораль құрылысының негізгі элементтері.

Мораль – бұл өзіне үш элементті қамтитын күрделі құбылыс.Бұл элементтер:

  • моральдық сана

  • моральдық қызмет;

  • моральдық қарым-қатыныс.

Моральдық сана – жекелеген тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және бүкіл қоғамның көзқарастарын, пікірлерін және мінез-құлықтарын нормалармен бағалау қызметін атқаратын қоғамдық сананың бір формасы.

Моральдық санада екі негізгі деңгей ерекшеленеді: ол қоғамдық идеология деңгейі (этикалық теориялар, моральдық нормалар, қағидалар, бағалықтар, нормалар, кодекстер) және қоғамдық психология деңгейі (моральдық сезімдер, салт-дәстүрлер, ғұрыптар, жеке тұлғаның моральдық сапасы, әдеттер).

Моральдық қызмет – бұл мораль нормаларымен, қағидаларымен және әлеуметтік көзқараспен бағаланатын адамдардың, топтардың, қоғамдастықтардың кез-келген қызметі. Мысалы, соғысып жатқан екі мемлекеттің әрекеттерін алайық, бір мемлекет оны дұрыс деп бағалайды, ал басқалары бұл қатыгездік дұрыс емес бағалайды.

Моральдық қарым-қатынас – бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері.

Тұрақтылық деңгейіне қарай екі моральдық қатынастар ерекшеленеді: ұзақ мерзімді қатынастар (бұл әлеуметтік топтар арасында дәстүр бойынша бекітілетін, пайда болатын ұзақ мерзімге белгіленетін қатынастар) және қысқа мерзімді қатынастар (қозғалысты қатынас, яғни нақты жағдайларда адамдар арасында уақытша пайда болатын қатынастар).

Моральдың бұл үш элементтері бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді, оларды тек теориялық түрде ғана бөліп қарастыруға болады.

Моральдың функциялары.

Моральдың қоғамдағы қызметі, функциялары мыналар болып табылады:

Реттеушілік қызметі, мораль нормалары адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отырады, бірақ құқық нормалары сияқты толық реттемесе де, оны толықтырып отырады.

Бағалау (аксиологиялық) қызметі, адамдардың, топтардың арасындағы қатынастар мораль нормалары арқылы жақсы немесе жаман, қажетті немесе қажетсіз мінез – құлық деп бағаланады.

Бағыттау қызметі, яғни адамдарды, топтарды, қоғамды дұрыс жолға, жақсы жаққа бағыттап, итермелейді.

Дәлелдеу (мотивациялық) қызметі, мотив немесе мотивация моральдық немесе аморальдық, жақсы немесе жаман екенін айқындайды.

Танымдық (ақпараттық) қызметі, яғни ортақ этикалық білімдер: қағидалар, нормалар, кодекстер, ақпараттар беру арқылы әртүрлі жағдайларда, конфликт жағдайында және төтенше жағдайларда моральдық тұрғыдан дұрыс шешім жасауға көмектесу, жәрдемдесу.

Тәрбиелік қызметі, қоғамды мораль нормалары арқылы тәрбиелеу болып табылады.

Коммуникативтік қызметі, бұл ең негізгі қызметтерінің бірі болып табылады, мысалы, үлкен кемелерде, ұшақтарда және тез қоғзалатын обьектілерде арнайы құрылғыларда орнатылады, олар сәйкесінше келіп түскен сигналдарға “мен өзіміздікімін” деп жауап қайтарады, сол сияқты мораль құндылықтарының да жүйесі сондай қасиетке, қызметке ие.

Идеологиялық қызмет, яғни бұл қызмет арқылы кез-келген қоғамдар, адамдар арасында нақты бір бағыт, мақсат көздеуге жәрдемдесуі.

Дүниетанымдық қызметі, моральдың құндылық жүйесі арқылы адамдар арасында саяси, діни, эстетикалық, философиялық және басқа көзқарастар қалыптастырады.

Құқық қорғау органдары қызметшілерінің мораль нормалары мен принциптері

Құқық қорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күш құралдарды қолдануы нәтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиеленіс жағдайында мораль нормалары мен принциптерін сақтай отырып дұрыс мінез –құлық көрсетуін талап етеді.

Адамгершілік шиеленістің ерекшелігі мынада – белгілі бір жағдайдағы моральдық нормаға негізделген әрекеттің нақты бір норманы бұзуы. Бұл жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның оның моральдық талаптарды орындағы келмейтіндігі де емес, мәселе – осы талаптардың бір-біріне қайшы келмеуін болдырмаудың қажеттілігінде.

Мысалға, құқыққорғау органдарының қызметкері сезіктінің немесе айыпталушының пәтеріне тінту жасауға келгенде төсек тартып жатқан науқас адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болса дағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту.

Құқыққорғау органдары қызметкері үшін кәсіби мәні бар шиеленістердің қатарынан сыртқы және ішкі шиеленістерді атауға болады. Сыртқы шиеленістер адамдар арасындағы адамгершілік шиеленістер ретінде көрініс табады (тұлға – қоғам, тұлға-топ, тұлға-тұлға,иоп-топ,топ-қоғам). Олар жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және қоғамның құндылықты бағыт-бағдарының қайшы келуін білдіреді. Ал ішкі шиеленістердің табиғаты басқаша. Олардың қайнар көзі болып тұлғаның жүріс-тұрысының бір-біріне бағынышты себептерінің күрделілігі, әртүрлі сипатта болуы табылады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тағы бір ерекшелігі – кей кездері өзінің мемлекеттік құрылымдарға қатысын жасыра отырып, оған қылмыстық ортада жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жағдайларда адам санасында бір мезетте екі адамгершілік жүйелер қалыптасады: біріншісі-ол өзі қабылдаған көзқарастар жүйесі; екіншісі-қылмыстық ортада негізге алынған көзқарастар, ал қызметкер өз жүріс-тұрысын осы екінші жүйеге негіздеп, оңтайландыруы керек. Мұндай жағдайларда адамның санасында моральдық құндылықтардың әртүрлі жүйелері бір мезетте шиеленіске түседі.

Әдебиеттерде адамгершілік шиеленістердің алдын алуға және оларды шешуге жәрдем беретін ұсыныстарды жасау ұмтылыстары біршама. Моральтдық шиеленістерді шешуде қоғамдық мүдденің жеке мүддеден үстемдігі туралы ереже көп жағдайда орын алады.

Құқыққорғау органдары қызметкерлері өз қызметтерін атқаруда мынадай мораль қағидаларын басшылыққа алады: 1) Коллективтік және 2) адамгершілік. Коллективтік немесе ұйымдық қағидасы өз ішінде мынадай қағидаларға бөлінеді:

Мақсат пен еркінділіктің бірлігі қағидасы, бұл дегеніміз бірдей мақсат адамдарды жинап, олардың біртұтас еркін тудыра отырып, оған жетуге бағыттайды.

Қызметтестік және өзара көмек қағидасы, құқыққорғау органдарында “өзін өле бер, бірақ серігіне қол ұшынды бер” дегендей қызмет бабында өзінен қарағанда мұқтаж адамдардың жағдайын жасау қажеттігімен сипатталады.

Демократиялық қағидасы, яғни құқыққорғау органы қызметкерлерінгің өз қызметтерін заңға сәйкес қоғамның мүддесін, пікірін есепке ала отырып атқаруды көздейді.

Тәртіп қағидасы, яғни барлық құқыққорғау органдары қызметшілері бірыңғай ішкі тәртіпті сақтауы керек, ол қажетті нәтижеге жетуде негізі рөл атқарады. Ал енді гумандылық немесе адамгершілік қағидалары өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді:

Заңдылық қағидасы, өзі атынан айтып тұрғандай бұл қағида бойынша құқыққорғау органы қызметкерлері Ата Заңымызды, басқа заңдарды басшылыққа алып қызмет атқаруы тиістігін көрсетеді.

Ақиқат немесе шындық қағидасы, бұған сәйкес мысалы, тек заңда тыйым салынған әрекетті жасаған адам ғана жауапкершілік санкциясы қолданылуы керек; жасаған құқықбұзушылық әрекетіне сәйкес жаза қолданылуы керек; бір құқықбұзушылық үшін адамды қайталап жауапкершілікке тартуға болмайды деген сияқты қағидалар қолданылады.

Адамгершілік сезімдер - адамның өз-өзін бекітудің, оның ішкі дүниедегі байлықты, жан-жақты дамуын анықтаудың тәсілі болып саналады. Әрбір адамда мораль сезімдерінің қалыптасуы мораль тәрбиелеудің маңызды міндетті болып саналады.

Жақсылық - ұғымында адамдар өзінің мораль, құштауды талап ететін және қоғамда мораль нормаларға жауап беретін көріністерін білдіреді.

Зұлымдық - этиканың санаты. Өзінің мазмұны бойынша игілік пен жақсылыққа қарама-қарсы тұрады.

Ұят - адамдардың қатынас саласын қамтитын күрделі этикалық санаттарының бірі ар-ұят болып табылады.

Ар мен намыс - кәсіби этиканың жоғарғы санаттары. Олардың мазмұны адамның өз-өзіне және қоғамның оған деген қатынасын ашады.

Кәсіби ар - ұжымның және тығыздылықтың ізгілік негізі. Біз кәсіби ардың негізгі компоненттерін бөлуге болады.

Жауапкершілік - жеке тұлғаның мораль талаптарын орындау тұрғысында сипаттайтын, оның мораль қызметінің ізгілік борышына сәйкестігін тұлғаның мүмкіншілік тұрғысынан сипаттайтын этика категориясы.

Борыш - этиканың негізгі санаттарының бірі. Борыштың мораль бағасың тұлғаның қоғамға немесе басқа адамдарға деген қатынасы бойынша міндеті ретінде анықтауға болады. Адам әрқашан да қоршаған адамдарға, жанұяға, ұжымға, қоғамға «қарыз» болады. Борыш – адамның қоршаған әлеуметтік айналадан тәуелділігі.

Ерік - тіленетін нәтижеге жетуге бағытталған, тәртіп актісінің саналы реттеуінің психикалық процессі, яғни жеке тұлғаның өз әрекеті мен құқықтарының саналы реттелуі, мақсатқа жету кезіндегі қиыншылықтарды жеңе алу.

Ізгілік жауапкершілігі - деп өз қызметінің нәтижелерін терең көру қабілеттілігі мен ұжым және қоғамның мүддесіне сәйкес әрекет етуді түсіну керек.

Жауапкершілік - тұлға қызметінің борыш талабымен сәйкестігі. Ізгілік жауапкершілігінің пайда болу «механизмін» зерттесек, ол былай болады: мүмкін болатын нәтижені саналы түрде түсіну және қылықтардың кезектілегі; дәл осылай әрекет ету қажеттілегін түсіну, шешімді жүзеге асыру бойынша ізгілікті ерікті жағдай. Дұрыс шешімді қабылдап, оны жүзеге асыра алу қабілетті – ізгілік жауапкершілігінің айнасы.

Абырой - бұл этика санаты, адамның өзіне деген ерекше моральдік қарым қатынасты білдіреді, яғни қоғамнан, қоршаға ортадан, адамды тұлға ретінде қабылдауға негіз болады.

Намыс - этиканың дәрежесі ретінде адамның өзіне деген моральдік қарым-қатынасы, әсіресе адамдардың еңбектері моральдік құндылықтармен байланыста болғанда.

Гуманизм - адамның жоғарғы құндылықтарды тануы.

Альтуризм - адамзатқа, қоғамға, мемлекетке пайда табу мақсатынсыз қызмет ету, көмекті қажет ететін әрбір адамға қайырымдылықпен көмек көрсетуге дайын болуы.

Коллективизм - жалпы игілікке саналы түрде қол жеткізуге ықпал ету, жекешелеуден бас тарту-жеке тұлғаның қоғамға қарсы тұруы.

Эгоизм - өз мүддесін көпшіліктің мүддесінен басым қоюы.

«Мораль» ұғымы оны, бір жағынан, инстинктивті, импульсивті мінез-құлық қалпына, екінші жағынан, белгілі бір нәтиже алуға бағытталған рационалдық есепке қарсы қоюшылық арқылы ашылады. Ең алғашқы моральдық уағыздар: «Өзіңе қаламаған нәрсені өзгеге жасама» (адамгершіліктің алтын заңы) немесе сүйіспеншілік қағидасы: «өз жақыныңды өзінді-өзің сүйгендей сүй» - адамнан ізгілікті сақтауды талап етеді.

Қайрымдылық және оның антиподы зұлымдық өздерінің абстракциялық мағынасында адамгершілік пен имансыздықты білдіреді. Қайрымдылық ұғымы адамдардың ең жалпы мүдделерін, болашаққа деген үмітін, талап-тілектерін білдіреді. Қайрымдылық өмірдің сақталуы мен дамуына қызмет етеді. Зұлымдық, керісінше, өмірге кедергі жасап, оны жоюға тырысады. Этикадағы барлық жақсы және жаман қасиеттер салыстармалы мәнге ие. Мысалы, қорқыныштан тұған көнбістік өз құнын жоғалтады. Э.Фроммның айтуынша, жекелеген жақсылықтар мен жамандықтар емес, ізгілік пен күнәқарлық мінез-сипаты этикалық зерттеудің нағыз пәні болып табылады.

Жақсы адам пайдалы заттарды, өнер туындыларын және ой жүйелерін тудыра алғанымен, бұл игіліктің ең маңызыдысы оның өзі болып табылады. Егер физикалық өсу өзіне қажетті жағдайларда жүзеге асырыла беретін болса, ал адамгершілік деңгейдегі жаратылыс үдерісі автоматты түрде іске қосыла қоймайды. Э.Фромм жазғандай, «адам ахуалының қасіреті оның дамуының толық еместігінде. Адам әрқашан да толық туылуға үлгермей жатып-ақ өмірден өтеді». Адамның мәні мен жазмышы осында.

Аристотельдің айтуынша, адам мақсатын назарға алу арқылы ізгілікті анықтауға болады. Жақсы адам – бұл ақыл-ойдың көмегімен өз әрекетінде адам бойына тән мүмкіндіктерге жол ашатын адам.

Спинозаның көзқарасы бойынша, ізгілік адамның өз күшін пайдалануын білдіреді, ал күнәкарлық - өз күшін пайдалана алмаушылық, зұлымдықтың мәні-әлсіздік. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды, «қайрымдылықтың» анықтамасы – бұл қалыпты әлеуметтік құндылықтарды білдіретін жалпы этикалық ұғым ғана емес, адамдар қылықтарында жүзеге асатын адамгершілік.

Этикалық ой тарихында зұлымдықтың әртүрлі концепцияларын кездестіруге болады: оны ақтаудан бастап, «аз зұлымдық» теориясымен сипатталатын апологиясына дейін. Олардың арасында зұлымдық туралы діни ілім белді орынды иеленген. Оның бизнес этикасына тікелей қатысы бар. Егер нарықтың дамыған ошақтарын (Батыс және АТА) алар болсақ, онда христиандық пен буддизмнің (әртүрлі көріністегі) үстем ықпалын байқауға болады. Әлеуметтік зерттеулер мәліметіне сүйенсек, еуроамерикандықтар негізгі этикалық құндылықтар ретінде христикандықтың он өсиетін атайды.

Зұлымдықтың христиандық концепциясы бойынша зұлымдық Құдайдан емес, әлемнің Құдай жаратқан бейболмысынан шығады. Бүтіндей алғанда, әлем игілікті және әсем болып табылады, ал зұлымдық онда салыстармалы түрде өмір сүреді: жетіспеушілік, жоқшылық, терістеушілік және бейболмыс түрлерінде. Әлемде жетілмеген заттар-балшық, ірің, тұрпайлықпен қатар, моральдық зұлымдықтар да-күнә мен күнәқарлар да өмір сүреді. Күнәлі әрекеттердің мазмұны алуан түрлі: өтірік, адамсушылық, қулық, өзімшілдік, ыза, өлім, қырқыс, алдау, өсек, реніш, мақтаншықтық, тәкаппарлық, бірбеткейлік, сатқындық, қаталдық, маскүнемдік, ұрлық, жала және т.б. Олар жалпыадамзаттық адамгершілік нормалардың бұзылуын білдіреді, ал діни тұрғыда жаратылыстағы күнәқарлық туралы мифпен байланысты. «Қанауды, құлдықты, түрмені, қару мен бомбаны Құдай емес, адам ойлап тапты. Жоқшылық пен ауыр еңбекті Құдайдың еркі емес, адамның менмендігі мен ақымақтығы тудырады. Біз қаруымызды тастауға тиіс бүлікшілдерміз» (К.Льюис. Страдание – «Этическая мысль».М., 1992, 411-бет.).

Қайрымдылықтың нақтыланған формасының бірі әділеттілік болып табылады. Ол ізгіліктер арасында негізгі орынды алады, өйткені, адамдар арасында ізгіліктер мен зұлымдықтар бөлінісін сипаттайды және бағалайды. Әділеттілік адам өмір сүруінің тәсілдері мен шарттарының бағасы ретінде адамдар өмірі мәнімен тығыз байланысты. «Әділеттілік, - деп жазады Д.Роулс, - ғылым жүйесінде ең басты ізгілік ретінде ақиқат саналытыны сияқты, қоғамдық институттардың ең басты ізгілігі болып табылады» (Теория справедливости. – «Этическая мысль», М., 1990).

Қоғам өз мүшелеріне игілік беріп қана қоймай, ол әділеттілік қағидасымен тиімді реттелгенде ғана жақсы ұйымдасады. Жалған теорияның ертелі-кеш теріске шығатыны сияқты, әділетсіз қоғамдық қатынастар да жойылуы немесе түзетілуі тиіс. Әділеттіліктің кепілдікке берген құқықтары саяси сауда объектісі бола алмайды.

Әділеттілік ұғымы, сонымен қатар, салыстармалы, нақты-тарихи болып табылады. Алғашқы қауымдық мәдениетте әділеттілік «қанға-қан, жанға-жан» мағынасында табуға, талионға жақын тұрды. Ру игілігі құдайлардың мәнгіге бекітілген заңдары қамқорлығында болды. Әділеттілік осы қасиетті дәстүрлерге дұрыс катынаспен сипатталды. Оны бұзғандар жазаға тартылды. Оның көріністерінің біріне рулық кек институты жатады.

Рулық құрылыстан өркениетке өтуге байланысты әділеттіліктің жоғарыдағы ұғымы оның таратылушылық түсінігімен алмасты. Алдыңғы орынға әділеттілік – теңдік шықты. «Бәріне бірдей бөлу» идеясы мен көбірек алып қалуға ұмтылу адам-заттың кейінгі моральдық дамуына үлкен ықпал етті. Тек моральдық дамуда ғана емес, әділеттілік пен теңдік туы астында революциялар, бүліктер, басқыншылықтар болды. Әлеуметтік әділеттілік

Ұранымен большевиктер Ресей империясындағы бай және іскер адамдарды қырып-жойды. Жетпіс жыл бойы номенклатура КСРО-дағы бөлініс құралдарын қолдарында ұстады. Теңдікті жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің қандай да бір органына қоғамдық өнімді орталықтандырған басқару құқығын беру керек. Алайда, бұл моральдың салдары адамдардың орасан зор мөлшерінің жойылуына және қалғандарының кедейшілікке ұрынуына алып келді. «Әлеуметтік әділеттілік» деген тіркес те «халықтық демократия» сияқты жай семантикалық бос сөз ғана. Бөлінуші әділеттілік идеясы - әрбір индивид өз адамгершілік абыройына сай алуы тиіс деген мұндай кеңейтілген адамзат қауымдастығында өз мәнін жоғалтады.

«Менің байқауымша, - деп жазады Ф.Хайек, - «әлеуметтілік» анықтамасы кіріс айырмашылығын азайтуды немесе жоюды көздейтін әділеттілігіне қарай тағы да бір қадам итермелеу болып табылады. Ал бұл бәсекелес нарықтық тәртіппен сонымен бірге, тұрғылықты халық санын ұстаумен, өсуімен және жеткен байлық деңгейін сақтаумен сәйкес келмейді» (Пагубная самонадеянность. М., 1992, 203-бет). Қазіргі кездегі қазақстандық (және ТМД) «әлеуметтік қорғалған экономика» терминін де осылай бағалауға болады.

Абстрактілі теңдік пен бөлініс әділеттілігінің жарамсыздығы әділеттіліктің моральдық қағидасының кұнсыздануын білдірмейді. Д.Белл жазғандай, «адамзат санасының табиғатында әділеттіліктің моральдық схемасы барлық әлеуметтік тәртіптің қажетті негізі болып табылады: заңдылықтың болуы үшін билік ақталуы тиіс. Және, ақырында, дәл осы адамгершілік идеялар, яғни, қалаулы нәрсе туралы көзқарастар адамзат ұмтылыстары арқылы тарихты қалыстастырады» (Культурные противоречия капитализма. М., 1976).

Теңдік туралы идеяның өзі гуманистік әлеуетін сарқыған жоқ. Бұқаралық санада теңдіктің үш түрі кездеседі: Құдай алдында, мораль алдында және заң алдында. Теориялық ойдағы «мүмкіндіктер теңдігі» концепциясы қызығушылық тұғызады. «Нәтижелер теңдігін» талап ету байлықтың кедейлер пайдасына қарай радикалды қайта бөлінісін білдіреді, ал бұл бөлініс пен экономикалық өсімнің арасындағы байланысты бұзады. Кірістің шамалы болса да қайта бөлініс инвестиция есебінен тұтынуды ұлғайтады және экономикалық өсімнің қарқынын баяулатады. Кезінде Аристотель «мөлшер бойынша теңдік» пен «абыройы бойынша теңдіктің» айырмашылығын айтқан болатын және теңге теңсіз ретінде, теңсізге тең ретінде қатынас орнатар әділетсіздік пайда болатының айтқан еді. Д.Беллдің пікірінше, теңсіздік индивидтің қоғамдағы орнымен анықталатын өмір жағдайына, әлеуметтік ортаға, қызмет түріне, мұрасына сәйкес келуі тиіс. Сондықтан да, дәрігер мен санитардың, жұмысшы мен менеджердің, ассистент пен профессордың теңсіздігі туралы айту мүмкін емес.

Д.Белл бойынша, азаматтардың бұл категориялары арасындағы теңсіздікті олардың әлеуметтік мәртебесі, табысы мен беделінде, жеке қабілеттер теңсіздігі жағдайында қоғамдық еңбектің жойылмайтын нәтижесі ретінде мойындау керек. Тиімділігі жағынан да, әділеттілігі жағынан да дұрыс бөліністің жалғыз-ақ қағидасы төмендегідей; әркімге жеке қосқан үлесіне қарай және оның өз әрекет саласындағы өкілеттілігі мен сіңірген еңбегіне қарай беру. Адамдарға пайда әкелетін теңсіздіктер әділетті. Және әркімге де өмірде табысқа жетуге мүмкіндік беріледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мораль дегеніміз не?

  2. Моралдық қызмет деген не?

  3. Моральдың қандай қағидалары бар?

  4. Моральдық қызмет түрлерін ата?