Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253.79 Кб
Скачать

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.

  2. Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.

  3. Букреев В.И.. Римская И.Н. Этика права. - М., 1998.

  4. Букреев В.И.. Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению: Учеб.пособие - М.. 1998.

  5. Выгорбина А.Е. Культура дискуссии (требования этики и логики в обсуждении спорных проблем). - М.. 1999.

  6. ГабитовТ.Х. Этика юриста.Учебное пособие. Алматы: Юридическая литература, 2003.

  7. Гусейнов А.А.. Этика: Учебник для вузов- М.. 1998.

3. Дәріс сабағы

Тақырыбы: Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары

Дәріс мақсаты: Этикалық категориялардың ұғымы және катеогриялардың сипаттамасы анықтап білу.

Дәріс мазмұны:

  1. Этикалық категориялардың ұғымы. Негізгі этикалық категориялардың сипаттамасы.

  2. Заңгер қызметіңдегі этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы.

  3. Кәсіби борыш. Кәсіби әділдік. Кәсіби ар-намыс. Кәсіби ұят. Кәсіби бедел.

Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар катсгориялар бар. Категориялар заңдармен, қағидалармен, әдістермен 6ipire отырып, кез-келген ғылымның мазмұнының нёпізін құрайды. "Категория" сезінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсетін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады. Ол — адам танымының өзекті пунктерi.

Этика категориялары — моральдың ең маңызды жақтары мен тұстарын керсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика категориялары адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өміp сүрді. Олар — рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмысгың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген. теориялық білімдер жиынтығы.

Сонымен қатар, моральдық құбылыстардың көрінісі табуы тек теориялық деңгейінде ғана жүзеге асырылмайтындығын ескеру қажет. Олар нақты сезімдер, көзқарастар, арман-тілектер және т.б. түрде қарапайым сананың деңңгейінде де көрінісс табады. Жоғарыда аталған екі денгейінде де,көрініс тапкан элементтер бірдей сөздермен сипатталады. Мысалы, борыш категориясы бар екені белгілі сонымен қатар жеке тұлғапын борыш туралы көзқарасы да бар.

Негізгі этикалық катеогриялардың сипаттамасы.

Этикалық категориялар туралы сөз қозғайотырып олардың ғылымның кейбір "қыметтік функцияларын. Бішіден, олар қоғамдыққатынастардың ретіндегі танудыңтаусылмас баспалдақары. Екіншіден,олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшшншіден,этика кагориялары — моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәнннен екінші тәртіптегі мәнге және т.б.дамуының,қозғалысының нысыны.

Басқа ғылымдардың категорияларына тән белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен,этикалық категориялардың өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері де бар.

Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс -тұрысымен, олардың жакысылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес 6ip-6ipiнe, қоғамга, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар әркашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, ce6e6i, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып керсегеді.

Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатка ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жаксылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін адал, тәртіп, әділ, жауапкершілі мол адам және т.б.

Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реггеу құралы болып табылады, қоғамның адамгерішілік талаптарын керсетеді

Төртіншіден, басқа да адамгершілікк құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т.б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.

Бесіншіден, этика категорияларында, басқа ғылымдардьң категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық қатынастардьң эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.

Заңгер қызметіңдегі этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы.

Этиканың категориялары бip-бipiмен тығыз байланыстытықта болғаны соншалық, олар бip-бірінің, мазмұнын ашады. Яғни белгілі 6ip этикалық категориянын мазмұнын екінші 6ip этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т.б. категория оларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т.б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгештік және т.б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.

Жоғарыда аталған үш топтық категорияларын жеке-жеке талдауға тырысып көрелік. Бірінші топ — моральдық сана категориялары. Оларға мыналар жатады: моральдық кағида, моральдық норма, моральдық немесе этикалық категория, моральдық сешм. адамгершілік мақсат, моральдық тацдау және т.б.

Heгізгі этикалық категориялардың барлығын моральдық сана категориялары деп те атауға болады. ceбe6i, олар моральдың қандай жағын көрсетсе де солардың барлығы моральдық санада тіркеледі. Моральдық сананың мәнді категориялары: қайырымдылық, зұлымдық, борыш, абырой, ар-ождан және т.б. категориялар жүйeciндe орталық, орынды иеленген, бірақ, оларды адамгершілік қарым-қатынастар мен моральдық тәжірибеден бөліп қарастыруға болмайды, ce6e6i, мундай жагдайда олар ездершщ непздершен айырылады да, бос абстракцияларға айналады. қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіз туралы жай, өмірден тыс әңгімелердің ешбір мәні жоқ. Kерісінше, олар демагогияға, немқұрайдылыққаәкелуі мүмкін. Ал егер моральдық сана категориялары шынайы қатынастар мен әрекетгерді көрсетін, оларға белсенді түрде әсар етсе, он да олардьң маңызы да артатыны сөзсіз.

Екінші топ категориялары — бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуды болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиеллініс, моральдық бедел және т.б.ӨЗінің функционалдық ролі бойынша адамгершілік қатынастар моральдық субъектiлердің өзара қарым-қаты-настарыньң көрінісі болып табылады. Бұл қатынастардьң адамгершілік деп бағалануының ce6e6i мынада: олар достық, қастық, cepiтестік, ceнім, сыйластық.екіжүзілік және т.б. моральдық бағалаулармен сипатгалады. Үшінші топ категориялары — бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық-жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі 6ip моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық (немесе моральға қайшы) әрекет, моральдық салдар мен санкциялар. Олар арқылы моральдық борыш, абырой, батырлық немесе қорқақтық, әділдік немесе әділетсіздік, адалдық немесе сатқындық, кеңпейілділік немесе жауыздық және т.б. адамгершілік сана категориялары көрінісі табады. Бұл топ категорияларында моральдың адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші ретіндегі мақсаты ашылады.

Этикалық категориялардың ерекшеліктерін, түрлерін және мәнін қарастырудьң теорияльқ қана емес. жалпыәдістемелік те маңызы өте зор. Оларсыз кәсіби-этикалық категорияларды талдау мүмкін емес, ce6e6i, олар жалпы этика категорияларының нақтыландырушысы болып табылады. Бұл категориялардың сандық ауқымы өте кең, сондыктан да, 6iз олардың ішіндегі маңыздыларына ғана тоқталамыз, ce6e6i, құқыққорғау қызметкерлерінің қызметінде олардың алатын орны ерекше.

Кәсіби борыш. Кәсіби әділдік. Кәсіби ар-намыс. Кәсіби ұят. Кәсіби бедел.

Борыш категориясы - этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль санасын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды болу, адал болу, әділ болу. Бұл басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдеқайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен катар, оған бұйрықтық сипат береді: шақырады, талап етеді, оның жүзеге асырылуын қадағалайды. Адам болу - оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтауда.

Көптеген ғұламалар борыш сезімін жоғары бағалаған. И.Кант жазғандай, борыш - адамды өзінен өзін жоғары етіп коятын ұлылық. А.Блокгта оған қосылғандай: "Борышынды ұмытпа, ол әлемдегі жалғыз әуен. Борышсыз өмір де, құштарлық та жоқ'" деген.

Борыш категориясы кең колдауы тапқан сана болып ежелден бері әскери және кұқық қорғау қызметтері шамалады. Осы салаларда шынайы да, жалған да борыш адамдарға әсер етуші негізгі күш ретінде қолданылып келген және әлі де қолданылуда.

Қоғамдық борыштың құрамдас бөлігі бола тұра, өзінің объективтік және субъективтік көрінісі бойынша адамгершілік сипатқа ие. Борыштың обьективтік мазмұнының моральдық құндылығы оның ең жоғарғы және әділ міндетті шешуге бағыттауымен тыныз байланысты. Бұл міндет - тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, өз мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәргіпті нығайғу. Алайда әскери борыштың шынайы мүмкіндіктері субъективтік адамгершілік қатынаспен толықтырылғанда ғана айқып көрінеді. Себебі, адам қоғамдық міндеттерді өзінің жеке міндеттеріндей қабылдап, сезінгенде ғана. өз қызметіне бар жан-тәмімен беріледі онда ғана борыш туралы сөз қозғауға болады.

Құқыққоргау органдары қызметкерінің борышы - тұлғаны, қоғамды және мемлекетгті қорғаудың объективтік кажетіліктерінен туындайтын, мемлекетгік құқықтық талаптармен және адамгершіілік сезімдермен толықтырылатын ерекше міндет.

Негізгі тілек пен борыштың сәйкес келуі адамгершілік үшін ерекше бір мәселе. Борыш пен тілектің объективтік талаптарының сәйкес келуін түрлі ғалымдар түрліше түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың ойынша. міндетті нәрсе мен қалаулы нәрсенің арасында ешқандай қарама-кайшылықтар жоқ. Алайда. кез-келген адам эмпирикалық жол арқылы басқаша қорытындыға келе алады. Әрине, коғамдық міндеттілікті өзіндік талап ретіндс түсіну міндеттілік пен қалаушылықтың арасын біршама қысқартады. Мұндай жақындастыққа күмән жоқ.

Бірақ, ол ешкашан абсолюттік сипатқа ие бола алмайды және міндеттілік пен калаушылықтың арасындағы белгілі бір қарама-қайшылықтарды жоя алмайды. Сонымен катар, борыш пен тілекті бірін-бірі жоққа шығаратын талпыныс, оларды мәңгілік қарама-қайшылық ретінде қарастыратын көзкарас та дұрыс емес. Акиқат осы екі көзқарастың ортасында деген дұрыс болар.

Борыш пен тілек - бірін-бірі жоймайтын қарама-қайшылықтар. Олар бір-біріне жақындасуы немесе бір-бірінен алшақтауы мүмкін, бірақ іс жүзіндс бірін-бірі ешқашан жоймайды. Бұл жерде ерекше атап өтетін бір жайт ақыр-аяғында борыш белгілі бір тілекке жетуге негіз болып табылады, ал тілекті дұрыс түсіну борышты нәтижелі орындауға алып келеді. Борыш сезімі жоғары дамыған тұлға әрқашан өзінің субъективтік талапары мен құштарлықтарынан жоғары тұра алады.

Кәсіби этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызуға болады. Кәсіби абырой - бұл өз борышын жан-тәнімен орындаудаудың жоғары әлеуметтік құндылығын (қажеттігін және маңыздылығын) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерінің көзқараспен танылуы. Абырой сезімі - бұл құқық-қорғау қызметкерлерінің істері мен әрекеті етуінің қуатты қозғаушы күші.

Абырой категориясы қадір-қасиет категориясымен тығыз байланыста. Бұл категориялар іс жүзінде өздерінің (мазмұны бойынша сәйкес келеді, бірақ, оларды мысалдары бойынша ажыратуға болады. Абыройды бағалау - бұл қоғамдық көзқарасты бағалау. ал қадір-қасиетті бағалау ең алдымен тұлғанын өз қалауы бойынша жузеге асырылады. Әрине қадір-қасиетті бағалау қоғамдық көзқараста алшақ жүзеге аса алмайды алайда, бұл жерде өзіндік бағаға} ерекше ролін иеленеді. Ал бұл бағалау өз кезегінде, тұлғаның қоғам алдындағы жетістіктерін сезінуіне негізделеді.

Борышты орындауында көрініс табады. Оның ерекшелігі бейбіт өмір кезінде де қарапайымдылықты, ұстамдылықты, өз ісіне жан-тәнімен берілуді талап етумен сипатталады. Әрине олар өз қызметінің маңыздылығы, борышты орындаумен байланысты тұрақты қауіп туралы ешкімге жария салып айтпайды. Олар өз міндеттерін жай ғана атқарады, халық осы үшін де оларға риза. Құқық қоғау органдары қызметкерінің абыройын ол өзі қызмет етіп жүрген ұжымның, бөлімшенің абыройынан бөлім қарастыруға болмайды.

Сол себепті де, ол өзінің, қызметес серіктеріне қалдырарлықтай әрекеттер жасамауға тырысады. Ұжымның абыройы - жеке кызметкердің де абыройы. Абыройды құқыққорғау органдары қызметкеріне тән қасиет. Дұрыс түсінілген абырой жалпы іске кедергі жасамайды, керісінше оны орындауға қосымша күштер береді. Ал абыройға табыну жағымсыз сезімдер мен ұштасса, онда ол мансапқорлыкқа айналады. Мұндай жағдайда адам өзінің пайдакүнемдік мақсаттарына жету үшін кез-келген құралдар мен жолдарды пайдалануға дайын болады.

Қызметкер абыройы меи ұжым абыройының ұштасуы мақтаныш сезімін, яғни, құқық қорғау органдары қызметкерінің осы жүйеде кызмет ететіндігін сезінудің моральдық кана танған сезімін тудырады. Соңғы жылдары құқыққорғау органдарының беделі қоғамдық көзқарас алдында біршама төмендегенімен, құқық қорғау органдары жүйесін халық қажетті деп түсінеді және жалпы алғанда оған оң баға берілуде. Қызметкердің борышы - құқыққорғау органдарының беделін қоғамдық көзқарас алдында тұрақты түрде көтеріп отыру және бұл органдардың ең жақсы дәстүрлерін қайта жаңғырту. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің абыройы оның жақсы дәстүрлерге деген қатынасынан да көрініс табады. Дәстүрлерді ұмыту немесе оларды аяққа таттатпау қызметтік орайда қатаң сөгіс табатыны сөзсіз. Дәстүрлер - бұл тек тарих емес, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғаушы жас буынды тәрбиелеудің қуатты құралы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Этикалық категориялардың ерекшеліктерін атаңіс?

  2. Этика категориялары дегеніміз не?