Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253.79 Кб
Скачать
  1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым қатынасы.

  2. Іскерлік қарым-қатынас.

  3. Тұлғааралық қарым-қатынастардың заңдылықтары.

Құқық қорғау органдарының кәсіби қызметі – мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекет бұл органдар алдына азаматтарды, меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, басқару тәртібіне нұқсан келтіретін қылмыстың алдын алуға бағытталған мақсаттар мен міндеттер қояды. Құқық қорғау қызметі мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы десе де болады, сондықтан мемлекет құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту мақсатында қайта дайындау және қызметкерлердің білімін, кәсіби деңгейін, біліктілік дәрежесін арттыру болып табылады. Бұл талап барлық құқық қорғау жүйесінің буындарына және жеке әр-бір қызметкерге қатысты талап болып табылады.

Құқық қорғау органдары қызметінің негізгі мәні олардың атауынан айқын көрінеді: бұл мемлекеттің маңызды конституциялық міндеті — адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және сақтауды жүзеге асыру. Олардың басқа да қалған функциялары — қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған құбылыстардың алдын алу және т.б.— осы маңызды міндеттің элементтері. Құқық қорғау органдарының өзі де мемлекеттің элементі, оның негізгі құрылымдарының бірі-белгілі бір қоғамның қалыпты өмір сүруін ұйымдастыратын, әлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесі ретінде құқықтың кепілі қызметін атқаратын билік құрылымы — болып табылады.

Құқық қорғау органдары өз қызметін жүзеге асыруда мынадай негізгі әдістерді қолданады: құқықбұзушылықтардың алдын алу (яғни, азаматтармен тәрбие жұмыстарын жүргізу) және ерекше жағдайларда тікелей зорлау нысанын иеленетін мәжбүрлеу санкцияларын қолдану. Жоғарыда келтірілген анықтамадан көрініп тұрғандай, “биліктік күш” түсінігі (яғни, мәжбүрлеуге, зорлауға негізделген әрекет) құқық қорғау органдары қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.

Құқық қорғау органдарының қызметі туралы нақты білмейтін тұлғалар бұл жұмыстың адамгершілік мазмұны туралы ойланбайды да. Қарапайым, бұл қызметке қатысы жоқ адамның көзқарасы бойынша бұл құрылымдар тек қорқыту және зорлау құралдарын ғана қолданады. Және олардың ойынша, бұл саладағы талаптар — осы құралдарды қолдану қабілетіне қойылатын талаптар. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында төмендегідей адамгершілік қасиеттердің ерекше роль атқаратынын білмейді де: адалдық, адамдарға деген махаббат, әділеттілік, батылдық, қоғам алдындағы өз әрекеттері үшін жоғары жауаптылық және т.б. Қызметкерде аталған қасиеттердің болуы оның кәсібилігінің міндетті өлшемі болып табылады. Олардың бойында осы қасиеттерді тәрбиелеуге басшылардың, тәрбие және кадр апараты қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың барлық іс-әрекеттері бағытталған. Қызметтің бұл жағына талаптарды қоғам да, қызметтік құжаттар да қояды. Мысалы, “Ресей Федерациясының ішкі істер органдарындағы қызмет туралы Ереженің” 58 бабының “Л” тармағына сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жеке, адамгершілік қасиеттеріне қойылатын талаптарға қайшы әрекет жасаған қызметкер өз қызметінен босатылады.

Сол себепті де, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өз әрекеттерінің қаншалықты әділ екендігі жөнінде тұрақты түрде ойлануы заңды да. Мұндай жағдайда өз әрекеттеріне заң тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, адамгершілік, ар-ұят тұрғысынан да баға бере алған қызметкерді ғана жоғары кәсібилік ерекшелендіреді.

Адам күнделікті нан үшін, материалдық игіліктер үшін ғана өмір сүрмеуі керек. Ол үшін, ең алдымен, шындық пен бостандық, ар-ұят пен қадір-қасиет, адамгершілік пен гуманизм жоғары тұруы тиіс. Сол себепті де, жеке тұлғаның жоғары моральдық қасиеттері ретінде қарастырылатын адам мінезінің түрлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік іс-әрекеттерінің ажырамас бөлігі, олардың кәсіби шеберлігінің, адамгершілік және мәдени даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Кез-келген қоғамда өмір сүріп, еңбек ету — бұл өз мақсаттарына жетуге ұмтылған қазіргі күнгі адамдардың қызметі ғана емес. Бұл — ғасырлар бойы қалыптасқан қатынастар жүйесі де, адам ескеріп-сыйлауға міндетті қоғамдық адамгершілік қағидалары да, әрбір еңбек үдерісімен қатар жүретін, қоғамда үстемдік құрған идеялар, теориялар, көзқарастар да. Сондықтан, құқық қорғау органдарының жеке құрамы, олардың қызметтік іс-әрекеттері туралы оң көзқарас, ол ұлттық дәстүрлерге, адамгершілік нормаларына сәйкес келген жағдайда ғана, халықтың қолдауын тауып, сыйластығына бөленеді.

Б.э. дейінгі ІV ғасырда Аристотель азаматтың қалыптасуы қалай жүретіні туралы жазған. 18 жасқа толғанда бозбала Халық жиналысына келіп, ант береді: “мен заңдардың талаптарын бұзбаймын, ұлтымның қасиетті ережелерін сақтаймын, қажет болған жағдайда, Отаным үшін күресемін”. Бұдан кейін ол екі жылға әскерге кетеді. Осыдан кейін ғана ол толыққұқылы азамат деп танылған. Ежелгі заманның өзінде адамдар мемлекеттегі әскердің маңызды ролін түсінген. Ал қазіргі кезде көптеген адамдардың мемлекет алдындағы кез-келген міндеттерден бас тартуын байқауға болады. Сылтаулар мынадай: еш пайдасы жоқ, қиын, қауіпті...

Бүкіл әлемде мемлекеттік қызметтің кәсіпкерлікке қарағанда пайдасы азырақ екендігі белгілі. Алайда, қоғамның саған билікті бергенін сезіну, мемлекеттік қызметтің кейбір артықшылықтары (мысалы, зейнетақы, әртүрлі жеңілдіктер және т.б.) белгілі бір материалдық шығындардың орнын толтырады. Қоғамды, мемлекеттік қызметкерлерді сыйлау — қоғамның рухани және адамгершілік жағдайының, мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктілігінің маңызды көрсеткіші.

Әрине, қызметтің негізгі мәні болып заңға қызмет ету табылады. Алайда, бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, заң өз бетімен мақсат болып табылмайды, ол қоғамның игілігі үшін қызмет етеді. Және қоғам заңды әділеттіліктің, яғни, қоғам мен мемлекеттің қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін жоғарғы адамгершілік бастаманың, көрінісі деп таныған жағдайда ғана ол игілік болып саналады.

Егер азаматтар заңды әділетсз, адамгершілік пен адамдыққа қарсы деп тапса, онда оны орындау қарама-қайшы, яғни, қоғамды тұрақсыздандыратын нәтижеге алып келеді.

Неге бұл жерде мәселе осылай қойылған? Себебі, ең алдымен, құқық қорғау органдарында заңға қызмет етемін деп ойлап, өз міндеттерін ешбір жүрексіз, заң әріптерінің артынан тірі адамды көрмей орындайтын қызметкерлердің болуы. Жоғарыда келтірілген талдаудан көрініп тұрғандай, қызметтік міндеттерді осылай орындау, көп жағдайларда, заңдарға көңілдің толмауына, ал кей кездерде ммелекеттің ішкі саясатына деген қарсы қатынсақа алып келеді.

Бұл жерде мәселе мемлекет пен белгілі бір тұлғаның мүдделерін қарсы қою, заң талаптарын ескермеу туралы емес. Заң — қасиетті ережелер. Сол себепті де, құқық қорғау органдары қызметекрлерінің қасиетті міндеті болып қандай жағдайда болмасын заңға қайшы әрекеттер жасамау болып табылады. Алайда, егер неміс үшін қоғамдық өмір сүрудің басты қағидасы болып “орднунг”, яғни, тәртіп, заң табылса, егер Иса адамдарға деген махаббатын иудаизм дінінің заңдарына қарсы қойғаны үшін өлтірілсе, ресейлік азамат үшін ең басты болып “шындық пен ар-ұяттың негізінде” өмір сүру табылады және ол осы көзқарасының негізінде заң да осы қағидаға қызмет етеді деп күтеді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басты міндеттернің бірі — өзінің қызметтік борышын орындау, басқаша айтқанда, заң талаптарын орындауда, оның нәтижесі адамгершілік сипатта болатындай және әлеуметтік әділеттілік талаптарының өмірге енуіне жағдай жасайтындай қызмет ету.

Сонымен, құқық қорғау органдары қызметкері тұрақты түрде қоғам мен өзінің қызметтік құрылымының адамгершілік тұрғыдан бір-біріне әсер ету саласында қызмет атқарады. Бір жағынан, ол қоғамның адамгершілік-тәрбиешілік әсерін сезінеді, екінші жағынан, ол өзі азаматтарға тәрбиелік әсер етеді: егер оның заң талаптарын орындауы әлеуметтік әділеттілік ісіне қызмет етсе және оны адамдар терең адамгершілік сипатта деп сезінсе, оның тәрбиелік әсері оң сипатта болады; ал егер азаматтар бұл әрекеттерді әділетсіз және адамгершілікке қарсы деп қабылдаса — кері әсері тиеді.

Міне, құқық қорғау органдарындағы тәрбие қызметі осындай негіздерге сүйенген. Оның көптеген аспектілері бар, бірақ, адамгершілік сипаттағы тәрбиелеу — органдардың және бөлімдердің басшыларының, тәрбиелеу және кадрлық аппарат қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың тәрбиелік қызметінің маңызды нысаны болып табылады. Адамгершілік сипаттағы тәрбиелеудің құрамына қызметкерлерде патриоттық және ұжымшылдық сезімдерін, әлеуметтік әділеттілік, адамдарды сыйлау сезімдерін тәрбиелеу кіреді. Құқық қорғау органдары қызметінің бұл саласындағы талаптар бірқатар қызметтік құжаттарда олардың қызметінің басында-ақ бекітілген. Алғашқылардың бірі болып адамдарға деген дұрыс қарым-қатынас талабы орын алды. Тәрбиесіздіктің, өз билігін асыра пайдаланудың органда қызмет етуге қайшы келетіндігі айтып өтілді. Қызметкер кезкелген жағдайда өзін мәдениетті, сыпайы ұстануы тиіс. Оның әрекеттері қатаң әрі шешуші болуымен қатар, әрқашан әділетті және халыққа түсінікті болуы тиіс.

Сонымен, заңды сыйлау оның нормаларына сәйкес жүріс-тұрысты білдіреді және оның талаптарын саналы түрде орындауға дайындықтан көрініс табады.

Алайда, осы мәселеге қатысты, халық арасында оң нәтижелерге жету үшін, оны құқықтық тәрбиелеумен қатысты мәселені кешенді түрде шешу қажет. Және бұл жерде басты роль құқық қорғау органдары қызметкерлеріне беріледі.

Бұл мақсаттарда олар жазбаша насихатты, теледидар көрсетілімдерін, құқықтық білім беруді, құқықтық әсер етудің көркем құралдарын белсенді түрде қолданады. Құқықтық насихат — көпшілік идеологиялық жұмыстың белгілі бір түрі.

Дәл осында мемлекет, демократия және құқық туралы білімді тереңдету қорлары жинақталған. Біздің елімізде жалпы білім беретін мектептердегі құқықтық білімдердің негізімен таныстыратын сәйкес кластардың, заң колледждерінің кеңінен таралуы бекер емес; инженерлік, шаруашылық мамандардың біліктілігін көтеру курстарына да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуы үйреншікті болды.

Сонымен қатар, халықты құқықтық тәрбиелеу үдерісінде маңызды рольді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің төменгі буыны иеленген. Мұндай тұлғалардың қатарынан полицияның учаскелік инспекторын атауға болады. Учаскелік инспектор — сөздің тура мағынасында әрбір үйге кіретін, көптеген азаматтармен тікелей қатынасқа түсетін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ішінде халыққа ең жақын қызметкер. Оның жұмыс орны — нақты ықшамаудан, нақты әкімшілік учаске. Оның жұмысының нәтижесіне, ең алдымен, қылмыстылықпен күрестің жалпы нәтижелері тәуелді болады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғам мен мемлекетке қызмет етуінің адамгершілік мәні — адамдарда заңға деген сыйлы қарым-қатынасты қалыптастырудың, тәрбиелеудің маңызды факторларының бірі. Халықты құқықтық тәрбиелеуді нығайтудың қажеттігін құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролінің артуымен, мемлекеттік-құқықтық құрылыс саласындағы халықтың белсенділігінің өсуімен байланыстыруға болады. Құқық қорғау органдары қызметекерлері өздеріне тән арнайы нысандар мен әдістер арқылы азаматтарды қолданыстағы заңнама туралы кеңінен ақпараттандыруды жүргізеді, оларда заңдардың қажеттігі мен әлеуметтік әділеттігі туралы сенімді қалыптастыруды, заң талаптарын саналы түрде орындауын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуды қамтамасыз етеді.

Құқықтық тәрбиелеу және заңға деген сыйластық қатынас бойынша жұмыстың тиімділігі жастық, білімдік, кәсіби және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың әртүрлі санаттарын қамтитын және заңнама мен нақты құқықтық нормалардың негіздерімен танысудағы белгілі бір мақсаттылық пен кезектілікті көздейтін жүйенің болуымен анықталады.

Ең алдымен, өсіп келе жатқан буынды құқықтық тәрбиелеуге, оқу және еңбек ұжымы жағдайларында жұмысты оңтайландыруға, лауазымды тұлғалардың, шаруашылық басшылардың, әртүрлі коммерциялық құрылымдардың басшыларының құқықтық дайындығын көтеруге ерекше көңіл бөлу қажет. Халықтың құқықтық санасын қалыптастыру бойынша жұмыста ерекше роль бұқаралық ақпарат құралдарына — баспаға, радиоға, телекөрсетілімдерге, сонымен қатар, әдебиет пен өнерге берілген.

Еңбеккерлердің жоғары құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, олардың заңға деген сыйлы қарым-қатынасын қалыптастыру қызметінде ерекше жауаптылық заң орындары мен мекемелеріне — соттарға, прокуратураларға, полицияға, адвокатураға, банктік, коммерциялық және басқа да құрылымдардың заң қызметтеріне жүктелген.

Заң мекемелерінің қызметінде заңдылықты қатаң сақтау, олардың қызметіндегі алдын-алу жұмыстарын жан-жақты нығайту, сот өндірісінің тәрбиелік мәнін және кәсіби мәдениетін көтеру, азаматтарды қабылдауды жақсарту, олардың шағымдары мен арыздарын қарау — азаматтардың құқықтық санасы мен олардың заңға деген сыйлы қарым-қатынасын нығайтудың маңызды алғышарты.

Құқық қорғау органдары мен олардың қызметкерлерінің алдында тұрған мақсаттар қылмыстылықпен күрес міндеттерімен тығыз байланысты, олар әлеуметтік маңызды сипатқа және терең гуманистік мазмұнға ие. Алайда, бұл құқық қорғау органдары мен олардың қызметкерлерінің алдына қойылған мақсаттардың кез-келгені оң адамгершілік мазмұнға ие дегенді білдірмейді. Бұл мазмұн заңдылықты сақтауға, құқықтық сананың деңгейіне, қызметтің нысандары мен әдістеріне және басқа да көптеген факторларға байланысты. Сол себепті де, әрбір нақты жағдайда пайда болған мақсатты жаңаша бағалау қажет.

Іскерлік қатынастардың табиғаты және мәні.

Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті өзі келесі компоненттерді қамтиды:

  • техникалық іскерлік қатынас;

  • психикалық іскерлік қатынас;

  • іскерлік қатынас этикасы;

  • қызметтік этика.

Бұл компонентер практиканың кез-келген іскерлік қатынасында бір-бірімен өте тығыз байланысты, олар тек теориялық деңгейде ғана шектеулі.

Қарым-қатынас – бұл адамның өзара қарым-қатынаста болу тәсілі, және де басқа адамдармен өзара қарым-қатынаста болуы. Қарым-қатынаста адамдар ақпаратпен, ойлармен, эмоцияларымен алмасады, нәтижесінде адамдар арасында өзара қандайда бір форма қалыптасады және өзара әсерлер, бұл қандайда әртүрлі мақсаттағы іскерлік қарым-қатынас нәтижесінде жетудегі бағыт. Іскерлік қатынастағы этка – бұл ғылымның, практикада және әлемдік тұрғыдан этникалық талаптарды, қағидаларды, нормаларды, заңдылықтарды сақталуы іскерлік қатынастағы субьектілер арасында өзара түсінушілік пен өзара сенімді қалыптастырады, бұл қатынастың жоғарғы эффектісі мен өзара істегі соңғы нәтижесін көрсетеді.

Іскерлік қарым-қатынас негізінде маңызды қызметтік сұрақтар, іске қатысты жауапкершілік, материалдық ақшалай шығын, кейде шағын бизнес субьектілерінің құқықтық қатынастары шешіледі. Сонымен қатар, жетекші туралы сөз болғанда, оның этникалық қарым-қатынасы қол астындағыларына әсер ететіні сөзсіз белгілі, сонымен қоса олардың қызметтік дәрежесіне әсер етеді. Сондықтан, іскерлік қарым-қатынас туралы білім мен оны билеу құқық қорғау органдарының кәсіпқойлығын және қазіргі заманғы талапқа сай дәрежесін көрсетеді.

Зерттеулер көрсеткендей, жұмыс уақытында адам іскерлік өмірінің көп бөлігінде 70-85 % іскерлік қарым-қатынас алады. Басқаша айтқанда, адамдардың қызметтік істің нәтижесін басқа адамдар мен қарым-қатынасқа түсу арқылы қол жеткізеді. Мұнда адам жақсы жетекші болуы қажет. Мына факторлар: жетекшінің жан-жақтылығы, қол астындығыларымен өзара қызметтік тапсырманы шешу кезінде оның дәрежесі (тиімділігі, біліктілігі), коллективтің моральдық-психикалық ортасы жетекшіге байланысты.

Іскерлік қарым-қатынас жасау этикасының негізгі принциптері

Іскерлік қарым-қатынас қандайда бір принциптерге негізделген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар:

  • іскерлік байланыс негізінде іске деген ниет білдіру, бірақ ол жеке және өзінің амбициясына байланысты болмауы керек;

  • адалдық, ол өтірікке баралмайтын, әдепті сондай-ақ адамгершілік сапасын тудырады;

  • ақ-ниет, ол адамдарға жақсылық жасау қажеттілігі (жақсылық-этиканың басты категориясы).

  • қадірлеу (сыйлау), сөйлеушінің беделін қадірлеу. Ол адамның ізеттілігі, тактикалық ескертпелері, мейірімділігі бұның бәрі сыйластыққа немесе қадірлеуге жатады.

Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді.

Күнделікті қызметтік араласу.

  • әңгімелесу, кездесу, келіссөздер;

  • келушілерді қабылдау;

  • жиналыстарға, мекемелерге бару;

  • азаматтардың тұрған орындарына бару;

  • жиналыс, конференция, отырыстар;

  • кезекшілік, күзет.

Спецификалық қызмет араласуы.

  • жұмыс кезінде коллективімен араласу:

а) субординациялық араласу түрі;

б)жұмыскерлер арасында араласу;

  • үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу.

  • шет азаматтармен іскерлік қатынас.

Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу.

  • өзара келіспеушілік қарым-қатынасы;

  • митинг, демонстрация, қатысушылармен араласу;

  • спецконтингентермен араласу.

Невербалдық және неспецификалық араласу түрі.

  • публикалық қатынас және интерьвю;

  • баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу;

  • телефон, телесайт, радиохабар;

  • іскерлік жазу.

Іскерлік хаттың мәдениеті

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жұмысын құжаттармен тығыз байланысты. Мамандардың айтуынша, жұмысн құжаттарын жасау және әртүрлі деңгейдегі жұмыскерлер жұмыс істеу кезінде 30 проценттен 70 процентке дейін уақыттары кетеді.

Талапқа сәйкес, қызметтік құжат қатаң қалыптасқан. Олар нақты жасалған, көп тілде және артық, керексіз сөздер болмауы қажет.

Іскерлік қарым-қатынас қағидасына сәйкес тәжірибеде құжаттар мен жұмыс істеуде бүкіл әлемде бірдей және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттің қызметкерлері мен, халықаралық қылмыспен күрес қызметкерлерімен байланыста болады.

Барлық қызметтік құжаттарды былай бөлуге болады: нұсқаулы (нұсқау, шешім, бұйрық); анықтама (қызметтік хаттар, жазба, телефонограммалар және т.б) және ұйымдық (жарғы, дәреже, нұсқау). Қызметтік құжаттардың ішіндегі ең көп таралған түрі бұл – бұйрық. Бұйрық нақты, түсінікті және талапқа сәйкес болуы керек. Оның құрамы тақырыпша сияқты және көмектес септігінде тұрады. Қылмыстық құжаттардың ішіндегі үлкен орын алатын құжаттың бірі бұл іскерлік хат,ол әртүрлі себептерде қолданылады. Сауатты-түсінікті құралған хат керекті нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Қызметтік құжатты құрған кезде маңызды талаптарды орындау керек.

  • орындаушы жеткізетін хабарды, қоятын сұрағын өзі нақты білу керек;

  • хат нақты, дәл, қисынды болу тиіс;

  • хат түсінікті, жеткілікті аргументті болуы тиіс;

  • хат бейнетарапты жазылуы тиіс және эмоциялық рең болмау керек;

  • қыметтік хаттың көлемі;

  • салақ жасалған хат, орфографиялық, синтактистік және стилистикалық қателермен жаман әсерлер болмауы керек.

Хатты бағалау хаттың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ конвертпен және жазылған бланкаға байланысты болады.

Қызметтік хат белгілі бір бланкта, стандартарға сәйкес, керекті ревервтері бар қағазда жасалады. Оған келесі реквезиттер қолданылады: ведоство атауы, ұйымның атау, почта және телеграф мекен-жайы, телефон және факс нөмірі, күні, құжат индексі.

Іскерлік хат - бұл жалғыз іскерлік құжат, бұған атау берілмейді. Мұнда ұйымның атын қысқартуға болмайды, бірақ ресми қысқарту рұқсат етіледі, бұл іскерлік хаттың реквизиті ретінде қажет. Хатты алушының аты және адресі бланктың үстінгі оң жағында белгіленеді.

Іскерлік әдепті құжаттын анық, дәлелденген, обьективті және түсінікті болу керек. Қызметтік құжаттарда дұрыс жазылмаған сөздермен, терминдермен, қысқартылған сөздермен, шет сөздерді қолданудың дұрыссыздығымен күресу керек. Әрине, әрбір құқық қорғау органдарында және бөлімшелерінде құжаттарды жөндеудің өз дәстүрі бар, бірақ әрбір құжат, дәл, нақты, дәлелдемелі, обьективті жазылу тиіс, ал мазмұны іскерлік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Сұхбат. Шет елде іссапарында, құқық қорғау органының қызметкері өз қызметін ресми адамдармен тиісті қызметтік дәреже деңгейінде, басты мақсатынан және іссапар тапрсымасынан орындаудан бастайды.

Бұл байланыс кезінде, сұхбат өзіне мұқият дайындықты талап етеді. Байланысқа дайындалғанда және байланысты өткізу уақытында үш негізгі тірек орынды еске түсіру қажет. Біріншіден, пайдалы іскерлік көрісу, бұл әңгімелесушінің тыңдауына шеберлік қызықтыру. Екіншіден, өзара кездесу құбылысында, сенімділік ортасын жасау.Және үшіншіден, бұл іскерлік уақыт кезінде ақпаратты өнерлі пайдалану әдісі. Сұхбат ең алдымен алдына қойған мақсаттарға және нұсқауларға байланысты әртүрлі сипатқа ие болады.

Телефон арқылы сөйлесудің этникалық нормалары

Жұмыс бойынша керекті мәселелерді телефон арқылы тез шешуге болады, ал егерде жеке мәселеге келсек ол көп уақыт алады. Сондықтанда іскер адамға телефон арқылы сөйлесу ережесін сақтау керек, керексіз мәліметтерді телефон арқылы шешсе ол жұмыс уақытының тәртібін бұзып, керекті сұрақтарды қиындатып, қасындағы әріптестерге кедергі жасайды. Телефон жұмыс уақытында психологиялық тітіркендіргіш болып есептеледі. Тағыда телефон адамның өміріне өте қауіп төндіреді, себебі ол сөйлесер алдында немесе күтіп отырғанда немесе оның даусынан адамның психологиялық клеткалары бұзылады. Телефон мен сөйлесер алдында біріншіден не айту керек екенін дайындалып алу керек. Есте сақтау қабілетінің жақсы болсада телефон арқылы сөйлесіп отырған сұрақтарыңызды жазып алуыңыз жөн. Жазылған сұрақтарыңызды сізге бірден есте болмауы мүмкін. Телефон шығарылған кезде сіз тұтқаны аласыз. Неден бастау керек? Егерде үйдің телефонына звандаса онда қиналмай «Алло» деуге болады, ал егер жұмыстың телефонынан звандаса онда амандасып сыпайы түрде сөйлесу керек. Жұмыс телефонмен жұмыс уақытында тек жұмысқа байланысты мәселелерді талқылау керек. Мысалы: сәлеметсіз бе, сіз қандай жұмыспен телефон соғып тұрсыз. Егерде сөйлесіп жатқанда телефон үзіліп қалсаонда, тұтқаны қою керек. Ереже бойынша телефон соққан кісі қайта звандау керек. Мына ереже ұзақ сөздің арасында да қолданылады. Егерде телефон бос болмаса немесе шақырған кісіңіз келмесе онда қоя тұрып телефон шалғаныңыз дұрыс. Телефонмен сөйлесіп жатқанда кішкене үзіліс жасау керек. Себебі, тыңдап отырған кісі сұрақтарыңызға жауап беру үшін. Сұрақтарыңыздың шешімін тапқаннан кейін, қайтадан сқрақты қайталау міндетті емес. Сөздің соңында телефонмен сөйлесіп отырған көршіңізге қызық жауаптары үшін алғыстарыңызды білдіру керексіз. Сөйлесер алдында айқайламай жайлап сөйлесу керек, егерде сөйлесіп жатқанда сөзің даусы естілмей кетсе ондаонда телефон дұрыс істемей тұр.

Бақылау сұрақтары:

  1. Іскерлік дегеніміз не?

  2. Іскерлік қарым қатынас деген не?

  3. Телефонмен сөйлесудегі мәдениет?

  4. Сұхбат деген не?

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.

  2. Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.

  3. Афанасьева А.В. Этика и психология профессиональной деятельности. - М.. 2004.

  4. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология. М.: ЮНИТИ -ДАНА, 2002.

  5. Букреев В.И.. Римская И.Н. Этика права. - М., 1998.

  6. Букреев В.И.. Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению: Учеб.пособие - М.. 1998.

  7. Выгорбина А.Е. Культура дискуссии (требования этики и логики в обсуждении спорных проблем). - М.. 1999.

  8. ГабитовТ.Х. Этика юриста.Учебное пособие. Алматы: Юридическая литература, 2003.

14. Дәріс сабағы

Тақырыбы: Әдептілік заңгердің кәсіптік қызметінде

Дәріс мақсаты: Кәсіби этика, іскерлік қатынас этикасы туралы, өзін - өзі таныстыру, заңгердің қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстауы тұралы анықтап білу.

Дәріс мазмұны:

  1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикеті және имиджі. Сәлемдесу және танысу этикеті. Адамдардың сыртқы келбеті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыртқы келбет ерекшеліктері.

  2. Өзін - өзі таныстыру. Заңгердің қоғамдық орындарындағы өзін - өзі ұстауы.

  3. Іскерлік қабылдаудың этикеті. Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасау ерекшеліктері. Комплимент айту шеберлігі. Сыйлық ұсыну ережесі.

  4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикеті және имиджі. Сәлемдесу және танысу этикеті. Адамдардың сыртқы келбеті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыртқы келбет ерекшеліктері.

Кәсіби этика – белгілі қызмет аясындағы адамдардың өзара қарым – қатынастарының өзіндік шарты негізінде әрекет ететін моральдық нормалар мен принциптердің жүйесін зерттейтін этикалық ғылымның саласы.

Құқық қоғау органдары қызметкерлерінің кәсіби этикасы басқа кәсіптерден өзінің деонтологиялық белгісімен ерекшеленеді.

Кәсіби деонтология – нақты императивтік белгісі бар және белгілі кәсіп аясында жеке тұлғаның қажетті мінез құлықтарын регламенттейтін, моральдық нормалардың жиынтығын зерттейтін кәсіби этиканың бір бөлігі. Жай этиканың нормаларынан ерекшелігі бұл нормалар қызметтік құжаттарда белгіленіп, әкімшілік санкциясымен бекітілетін таңдауға құқық бермейді. Сәйкесінше құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бірқатар өзіндік моральдық талаптар қойылады. Кейбірде олар ар – намыс Кодексі сияқты қызметтік нормативтік құжаттарда кездеседі және оның деонтологиялық белгісі болады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қойылатын жалпы түрдегі моральдық талаптар келесідей:

  • адамға жоғары құндылық ретіндегі қатынас, моральдың және отандық құқықтық нормалар мен жалпы адамдық қағидаларына сәйкес адамдардың абыройы мен бостандығын, олардың құқықтарын қадірлеп, қорғау;

  • қоғамның қауіпсіздігі, көптеген адамдардың өмірлерін, денсаулықтары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін құқық қорғау жүйесінің қызметшісі ретінде қоғам мен мемлекет алдында жауаптылығын, жоғарғы кәсіби және өзінің әлеуметтік рөлінің қажеттілігін терең түсіну;

  • құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне заңмен белгіленген құқықтарын әлеуметтік әділдік, азаматтық, қызметтік және мінез – құлықтық міндет принциптеріне сәйкес ақылмен және адамгершілікпен қолдану;

  • қылмыспен күресуде табандылық, ерлік, ымыралылық, жігерлілік, шешім қабылдау кезінде объективтілік;

  • құқық қоғау органдары қызметкерлерінің қоғамдық абыройы мен кәсіби намысын қамдау және тұрмыс пен қызмет кезінде жеке мінез – құлқының мінсіз әділдігі;

  • тындырымдылық және бастамашыл, кәсіби салиқалылық, өзара көмекткстік, қолдау, батылдық және төтенше жағдай кезінде қисынды тәуекелге дайындылық;

  • отандық және шетелдік қызмет тәжірибесінде қажетті қызметтік этикет саласындағы білім мен кәсіби біліктілігін жиі жетілдіру, зияткерлік ой - өрісін кеңейту.

Жоғарыдағы талаптар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қандай мінез – құлықтарға ие болуы қажет екендігін көрсетеді. Бұлар адамгершілік, шыдамдылық, әділділік, батылдылық, ерік – жігерлілік, шынайылық, патриоттылық.

Өзін - өзі таныстыру. Заңгердің қоғамдық орындарындағы өзін -өзі ұстауы

Заңгердің қызметінде, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде дау, әңгіме, диалогтың ғылым мен күнделікті өмірде алатын орны жоғары.

Дау - өз пікірлерін сақтай отырып екі немесе бірнеше тараптардың арасындағы ауызша жарысы. Дау көбінесе сұхбат ретінде басталады, ал сұхбат әртүрлі болады.

Заңгерлердің кәсіби қызмет саласында қызметтік сұхбаттар, жауап алу( мысалы: қылмыс болған туралы куәлардан), тергеу, сот жарыссөзі, дау және с.с.. Олар өз кезегінде іскерлік қарым – қатынастың ерекше түрі.

Диалогты, дауды, сұхбат пен пікір таласты қатаң түрде жүргізу үшін кейбір ережелерді сақтаған жөн. Осылайша пікірлесуші тараптар бірінші кезекте даудың пәнін, яғни дау не жөнінде болмақ, соны білу қажет.

Егер адам дауласатын болса, онда ол қарсы жақтыңдәлелдерін шыдаммен тыңдап, түсініп және оларды бағалап, өзі сенімді дәлелді қабылдауы керек. Адамдардың өз өмірінің мәнін табу – бұл бақытқа жол болып табылады. Дұрыс түсінілген өмірдің мәні адамға әлеуметтік бағдар жасауына, өзінің жетілуі мен шығармашылығына ықпал жасайды.

Көбінесе, сұхбаттасу кезінде жоспар құрып алған жөн. Сұхбат, пікір талас кезінде мүмкіндігінше келесі ережелерді сақтауы қажет:

  • дәлелді айғағы болатын болса, өз ұстанымдарынан бас тартпау;

  • өз ұстанымдарын ұстануда табандылық танытпау, егер олар жоққа шығарылған болса;

  • әртүрлі, қиын сұрақтарды шешу кезінде тарихи даму қисынын сақтап, қазіргі заман мен әдет – ғұрыптың арасындағы үзілмес байланысты есте сақтау.

Іскерлік қабылдаудың этикеті. Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасау ерекшеліктері. Комплимент айту шеберлігі. Сыйлық ұсыну ережесі.

Іскерлік қатынас этикасы – мінез-құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы.

Іскерлік қарым-қатынас белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады:

  • іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек;

  • адамгершілік;

  • мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі;

  • құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет.

Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау – өзін-өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы.

Кәсіби такт – бұл қарым-қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі.

Шетел азаматтарымен іскерлік қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидалары мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді.

Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым-қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту – бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді. Қабылданған нормалардан қандай да болмасын бас тарту мемлекеттердің абыройына нұқсан келтіру сияқты бағаланады. Тіпті белгісіз бір кеткен қателік қасақана жасалған қорлауға тең.

Қазіргі кезде мемлекеттер қарым – қатынастарының арасында 1991 жылы қабылданған «дипломптиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар.

Дипломатиялық хаттаманың ережелері «халықаралық әдептілік» қағидасына негізделген, яғни мемлекетті таныстырып, көрсеттетін құрметтеулер мен қадірлеулердің барлығын сақтауды білдіреді.

Хаттамамен шет мемлекетке келген ресми тұлғалардың өзін - өзі ұстауы, ресми жағдайларда киінуі және т.б. белгіленеді. Халықаралық этикет нормаларынан ауытқу шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол беріледі. Бірақта осындай қарым – қатынас кезінде әдепсіздік таныту сияқты бағаланатын жағдайлардан аулақ болған жөн. Қызметтік немесе қоғамдық кездесу мен өзара сөйлесу барысында сыйлық сыйлау туралы ой келеді. әр бір мекемеде өздерінің сыйлық силау ережелері қалыптасқан дәстүрлері болады, бірақ осындай дәстүрлерге қарамастан барлығына ортақ негізгі ережелер де бар.

Егер сізді біреу үйіне түстенуге немесе қонаққа шақырған болса, онда кішігірім сыйлық алып барған жөн. Сыйлық кімге сыйланса сол адамның талғамына байланысты болуы керек.

Сыйлық қабылдар кезінде өзіңізді келесідей ұстауыңыз тиіс. Сыйлаған сыйлық қандай түрде болмасын оны қонақ кеткенге дейін ашпау қажет, себебі сыйлық туралы ойламаған басқа адамдарды ыңғайсыз жағдайға қалдыруыңыз мүмкін. Сыйлықты алғаннан кейін құр ризашылық аз болады, сондықтан өз ризашылығыңды ашық хат арқылы білдірген жөн.