
- •6. «Заңгердің кәсіби этикасы» пәні бойынша дәрістер жинағы
- •1. Заңгердің кәсіптік этика курсы ұғымы, пәні, мақсаты, мазмұны.
- •2. Этика өнегелік туралы ғылым ретінде.
- •3. Моральдің пайда болуы. Құқықтық моральдің мазмұны.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Этикалық категориялардың ерекшеліктері.
- •2. Этикалық категориялардың әлеуметтік функциялары.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Этикалық категориялардың ұғымы. Негізгі этикалық категориялардың сипаттамасы.
- •Заңгер қызметіңдегі этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы.
- •Кәсіби борыш. Кәсіби әділдік. Кәсіби ар-намыс. Кәсіби ұят. Кәсіби бедел.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1.Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі ізгілік негіздері.
- •3.Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері.
- •3.Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері
- •6. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
- •17. Құқық қорғау қызметінде адамгершілік мақсатқа жету.
- •Сот қызметінің өнегелік аспектілері.
- •Судья этикасының кодексі.
- •Судьяның мінез-құлқының негізгі принциптері.
- •Прокурордың этикасы.
- •Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі.
- •Алдын ала тергеу жүргізудің этикалық аспектілері.
- •Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әдептілігі.
- •Адамның iшкi iстер органдарында қызметте болуымен байланысты шектеулер.
- •Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мінез-құлқы.
- •Адвокаттардың кәсіби әдебі.
- •Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары.
- •Нотариустың кәсіби қызметінің қағидаттары.
- •Нотариустың кәсіби міндеттемелерін орындау.
- •Кәсіби (тәртіптік) әсер ету шаралары.
- •Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым қатынасы.
- •Іскерлік қарым-қатынас.
- •Тұлғааралық қарым-қатынастардың заңдылықтары.
- •1. Заңгердің қызметіндегі әдептілік, адамгершілік шиеленістер.
- •15. Дәріс сабағы
Нотариустың кәсіби қызметінің қағидаттары.
Нотариустың кәсіби міндеттемелерін орындау.
Кәсіби (тәртіптік) әсер ету шаралары.
Нотариустың кәсіби қызметінің қағидаттары.
Қазақстан Республикасы нотариусының ар-намыс Кодексі Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына, нотариустардың нотариаттық қызметке деген жауапкершілігін сипаттайтын және нотариустың кәсіби борышын орындауға қойылатын жоғары талаптарды ұғынуын білдіретін Республикалық нотариаттық палатаның Жарғысына сәйкес әзірленген.
Нотариустың ар-намыс Кодексі нотариаттық қызметтің және нотариустың жеке мінез-құлығының кәсіби және моральдық-этикалық үлгілерін, кәсіби тәртіп пен этиканы бұзу сипатын, жауапкершілік түрлерін, жаза қолдану және жою тәртібін, сондай-ақ нотариусты көтермелеу шарасын қалыптастырады.
Нотариустың кәсіби қызметінің қағидаттары.
Нотариус өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарға, нотариаттық палаталардың жарғылары мен шешімдеріне және осы Кодекске бағынуға міндетті.
Нотариус өз кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында келесі моральдық-этикалық міндеттемелерді сақтауға міндетті:
- заң талаптарын сақтай отырып, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қызығушылықтарын қорғау;
- өз іс-әрекеттерінде жалпы қабылданған адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелерін сақтау;
- нотариаттық қызметтің бейтараптығы мен тәуелсіздігіне қандай да бір күмән келтіретін, қоғамдық пікірде нотариустың беделін түсіруге және кәсіби абыройына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу;
- қарым-қатынас мәдениетін сақтау, шыдамдылық, ізеттілік, әдептілік, сыйластық көрсету, азаматтарға формальды-бюрократиялық қатынастың болуына жол бермеу, барлық жағдайда шыдамдылық пен жеке басының қадір-қасиетін сақтауға ұмтылу;
- заң кәсібіндегі әріптестеріне сыйластық, сенімділік және ізгі ынтамақтастық рухында қарау;
- өзінің кәсіби деңгейін әрдайым көтеру;
- кәсіби құпияны сақтау;
-нотариаттық қызметті міндетті сақтандыру талаптарын сақтау, өзінің кәсіби жауапкершілігінің деңгейі мен көлемін өз қызметінің тәуекелділігімен және көлемімен өлшемдестіру.
Нотариустың жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы
Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамаға сәйкес қамтамасыз етеді.
Нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасау барысында жеке және заңды тұлғаларға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, заңнан бейхабарлығының зияны тимеу үшін жасалынатын нотариаттық іс-әрекеттердің салдарын ескертеді.
Кәсіби қызметін жүзеге асыруға байланысты мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.
Нотариаттық іс-әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмеген жағдайда, нотариус ол іс-әрекетті жасаудан бас тартуға міндетті.
Нотариус әр нотариаттық іс-әрекет жасау алдында нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген тұлғаларға ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес тарифтер туралы ақпарат беруі тиіс.
Нотариус шыдамдылық, ізеттілік пен әдептілік, сонымен қатар сөйлеу мәдениетін, мінез-құлқы мен сыртқы бейнесін көрсетуі тиіс.
Нотариус кәсіби міндеттемелерін орындау барысында келесілерге жол бермеуі тиіс:
- дәлелсіз себеппен белгіленген жұмыс тәртібі мен кеңсеге қойылатын талаптарды бұзуы;
- заңнамада көзделген жағдайларда нотариаттық іс-әрекетті жасауға жүгінген тұлғаларға шығудан негізсіз бас тартуы.
Нотариус өзінің жоғары мәртебесі мен заңгерлік кәсібіне сәйкес мемлекет және сот билігінің органдарын құрметтеуі мінддеті.
Мемлекеттік биліктегі уәкілетті орган өкілдерімен тиісті кәсіби қарым-қатынаста болуы міндетті, сонымен қатар ұқыпты, жауапты, әдепті және сыпайы болуы керек.
Нотариус тәуелсіз болуы тиіс және Заң талаптарын қатаң сақтай отырып, өзінің кәсіби міндеттерін орындау барысында объективті болуы тиіс.
Заңнама талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде әрекет ететін уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалармен сұралатын құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынуы, ал қажет болған жағдайда нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың құпиялығы туралы заңнама талаптарын сақтай отырып, істерді қарау мен мәселелерді шешуге қатысу үшін өзі келуі міндетті.
Нотариус пен нотариаттық палатаның қарым-қатынастары
Нотариус нотариаттық палатамен қарым-қатынастарында, нотариустардың нотариаттық палатаға міндетті мүшелігі туралы заңнама талаптарын басшылыққа ала отырып, келесілерге міндетті:
- нотариаттық палатаға қойылған міндеттердің орындалуына қатысу;
- палата жиналысының жұмысына және онымен ұйымдастырылатын кәсіби іс-шараларға қатысу;
- кәсіби біліктілікті көтеру, оқыту және жұмыс тәжірибесімен алмасу шараларына қатысу;
- нотариаттық палатаға уақытылы және толық көлемде мүшелік жарналарды және нотариустардың жалпы жиналысымен бекітілген басқа да төлемдерді төлеу;
- нотариустың кәсіби міндеттерін орындау бойынша мәселелерді қарастыру және шешу үшін палата басқармасының шақыруы бойынша келу;
- палата басқармасының, төрағасының сұраулары бойынша құжаттарды ұсыну, сонымен қатар олардың құзыреті шегінде қаралатын мәселелер бойынша жазбаша және ауызша түсініктеме беру;
- бекітілген нысан бойынша белгіленген уақытта палатаға статистикалық мәліметтер беріп отыру;
- нотариаттық палата органдарының шешімдерін орындау;
- аумақтық нотариаттық палаталардың Жарғы ережелерінің талаптарын сақтау.
Нотариустың әріптестермен және нотариаттық қоғамдастықпен қарым-қатынастары
Нотариус әріптестері мен нотариаттық қоғамдастық арасындағы қарым-қатынаста келесілерге міндетті:
- кәсібі бойынша әріптестерімен өзара сыйластық, сенімділік және кәсіби өзара әрекеттестік қағидаттары негізінде қатынастар орнату, сыпайылық пен тілектестік білдіру;
- қызметіне әсер етуі мүмкін мәселелер бойынша және кәсіби әлеуетті қиындықтар туралы, сондай-ақ кәсіби ынтымақтастықты талап ететін басқа да мәселелер туралы ақпараттандыра отырып, әріптестеріне қатысты кішіпейіл және әдепті болу;
- нотариаттық қызметке қатысты әріптестерінің сұраулары мен жолданымдарына жедел және анық жауап беру;
- бірлескен және кәсіби ынтымақтастық пен қызметінің және барлық нотариаттық қоғамдастықтың беделіне деген қамқорлық аясында жас әріптестеріне көмек көрсету және кәсіби тәжірибе беру.
Нотариус әріптестері арасындағы қарым-қатынаста келесілерге құқылы емес:
- өз біліктілігін сипаттай отырып, әріптестерінің абыройын, кәсіби қадір-қасиеті мен беделін төмендетуге;
- теріс пиғылды бәсеке жүргізуге;
- жеке жарнамамен айналысу, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және/немесе ғаламтор қорларында, нотариаттық қызметке тікелей қатысы жоқ құрметті атақтарға, ғылыми дәрежелерге және өзінің біліктілігінің қосымша ерекшеліктеріне сілтеме жасау жолымен өзіне және өз қызметіне жарнама жасауға (нотариустың орналасқан жері мен жұмыс тәртібін көрсету жарнама болып табылмайды);
- басқарманың немесе палата төрағасының алдын ала келісімісіз кәсіби сұрақтар бойынша нотариаттық палата атынан бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуге.
Тәртіптік теріс қылықтар
Нотариустың өз кәсіби міндеттерін тиісті емес орындауы немесе орындамауы, сондай-ақ нотариустың мінез-құлқының этикалық нормалары мен Қазақстан Республикасының заңнамасымен және кодекспен белгіленген өзге де талаптарды бұзуы тәртіптік теріс қылықтар болып танылады.
Кодекске сәйкес тәртіптік теріс қылықтарға келесілер жатады:
- заңнамаға қайшы келетін нотариаттық іс-әрекеттер жасау;
- кәсіпкерлік қызметпен айналысу;
- шарт жасасу барысында делдалдық қызмет көрсету;
-нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесінде зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер бойынша, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырусыз нотариаттық қызметті жүзеге асыру;
- нотариустың жеке өзімен қатар нотариуста жалдамалы жұмыс істейтін тұлғалар жағынан нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың құпиялығын бұзу;
- Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 34 бабында қарастырылған нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудан заңсыз бас тарту;
- нотариустың жеке мөрін, нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға арналған тізілімін, нотариус мұрағатын, бланкілер мен басқа да қызметтік құжаттарын нотариустың кінәсі бойынша жоғалту немесе басқа тұлғаларға беру;
- аумақтық нотариаттық палаталардың Жарғыларымен қарастырылған мерзімде дәлелсіз себеппен нотариаттық палатаға мүшелік жарналарды уақытылы төлемеу;
- нотариус қызметінің аумақтық қағидатын бұзу;
- статистикалық есептілікті, қажетті ақпаратты немесе нотариаттық палатаның сұраулары бойынша мәліметтерді бермеу немесе уақытылы емес беру;
- дәлелсіз себеппен екі айдан астам нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың тұрақты орнының болмауы;
- мөрдің, құжаттар мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеу;
- өзінің атына және өзінің атынан жұбайының атына және атынан, оның және өзінің ата-анасының атынан, балалары, ағалары, әпкелері, немерелері, атасы және апасы аттарынан нотариаттық іс-әрекеттер жасау;
- нотариаттық палатаның жалпы жиналыстарына (бір реттен аса) немесе кәсіби біліктілікті арттыру және өзге де мәселелер бойынша өткізілетін іс-шараларға (бір реттен аса), шақыру бойынша палата Басқармасының отырысына дәлелсіз себеппен қатыспау;
- нотариаттық іс жүргізудің ережелерін, белгіленген жұмыс тәртібін дәлелсіз себеппен өрескел және бірнеше рет бұзу (күнтізбелік жыл ішінде екі және одан көп рет), нотариаттық іс-әрекеттер жасауға жүгінген тұлғаларды қабылдау және құжаттарды сақтау үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етпеу;
- теріс пиғылды бәсеке жүргізу, және де нотариустың орналасқан жері мен жұмыс тәртібін санамағанда жеке жарнамамен айналысу;
- нотариаттық іс-әрекеттер жасау барысында осы Кодекспен қарастырылған моральдық-этикалық нормаларды бұзу;
- нотариаттық палаталар съездінің, жиналыстары мен басқармасының шешімдерін орындамау;
- нотариустардың жалпы жиналысында мінез-құлықтың моральдық-этикалық нормаларын бұзу;
- мемлекеттік баж мөлшерлемесін ерікті өзгерту және Заңмен белгіленген мөлшерлемелердің көлемімен салыстырғанда нотариаттық тариф көлемін көтеру немесе төмендету, сонымен қатар Заңмен, заңға тәуелді актілермен және аумақтық нотариаттық палаталардың ұсынуларымен белгіленген төлеу ережелерін бұзу;
- аумақтық нотариаттық палатаға хабарламай жұмыс орнында екі күннен астам болмауы.
Кәсіби (тәртіптік) әсер ету шаралары
Кәсіби (тәртіптік) әсер етушаралары болып келесілер табылады:
- ескерту;
- сөгіс;
- қатаң сөгіс;
- ҚР Әділет Министрлігіне, прокуратураға, Республикалық нотариаттық палатаға нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;
-Республикалық нотариаттық палатаға нотариус лицензиясынан айыру туралы ұсыныстар енгізу.
Тәртіптік жазаларды салудың тәртібі.
Тәртіптік теріс қылықтар туралы мәселені қарастыру үшін азаматтардың, заңды тұлғалардың, нотариустардың жолданымдарында, сот, прокурор, тергеу органдарының тексеру материалдары мен ұсынуларында баяндалған фактілер негіз болып табылады.
Тәртіптік жаза нотариаттық палатаның Басқармасымен салынады.
Тәртіптік теріс қылықтар туралы мәселені қарау жалпы жиналыспен, басқармамен, нотариаттық палата төрайымымен қозғалуы мүмкін.
Тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық тікелей табылған жағдайда салынады, нотариустың ауырған уақытын, оның демалыста немесе басқа да дәлелді себеппен болмағандығын санамағанда, тәртіптік теріс қылық табылған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тәртіптік жаза салынады. Тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылықты жасаған күннен бастап алты айдан кешіктіріліп қолданыла алмайды.
Тәртіптік жауапкершілік туралы мәселе басқарма отырысының басталғанына дейін үш күн бұрын кешіктірмей мәселені қараудың күні мен уақыты туралы жазбаша түрде хабарланып, нотариустың қатысуымен қаралады. Нотариустың отырысқа дәлелсіз себептермен қайта келмеуі қолдағы бар материалдар негізінде істі қарауға кедергі болмайды. Істі қарау барысында нотариустан жазбаша түсініктеме талап етіледі және оны жауапкершілікке тартудың негіздері мұқият тексеріледі. Істің материалдары нотариусқа танысу үшін ұсынылады. Басқарма, нотариустың түсініктемелерін жан-жақты есепке ала отырып, барлық деректерді объективті және әділ зерттейді және нотариусты тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін негіздердің болуын, не болмауын белгілейді.
Тәртіптік әсер ету шаралары жол берілген тәртіп бұзудың ауыртпалық сипаты мен оның салдарының, оны жасаудың себептері мен шарттарының ерекшеліктерін негіздей отырып, жағдайларды түзеу мен бұзушылықтарды ескерту үшін таңдалған әсер ету шараларының тиімділігін есепке ала отырып, басқармамен анықталады.
Тәртіптік жаза қолдану туралы немесе жаза қолдану үшін жеткілікті негіз болмағандығы туралы басқарма шешімі отырыста қатысушы мүшелердің жартысынан кем емесі қатысқан жағдайда қабылданады. Тәртіптік жаза салуға негіздер болмаған жағдайда Басқарма тек талқылаумен шектелуі мүмкін. Егер отырысқа қатысушылардың жартысынан кем емесі оған дауыс берсе, шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, отырыста төрағалық етушінің дауысы шешуші болып саналады.
Тәртіптік жауапкершілік туралы мәселелерді қарау басқарма хаттамаларымен рәсімделеді. Хаттама көшірмелері нотариаттық палаталардың барлық мүшелеріне жолданады. Хаттама көшірмесі жауапкершілік туралы мәселесі қаралған нотариусқа жолданады. Тәртіптік жаза салған жағдайда хаттама көшірмесі аумақтық әділет органына жолданады. Тәртіптік теріс қылықтарды жасау бойынша барлық жазбаша материалдар нотариаттық палатада, нотариустың жеке ісінде сақталынады.
Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тек бір ғана тәртіптік жаза салына алады.
Тәртіптік теріс қылықтың әсер ету мерзімі оны қолданған күннен бастап алты айдан аспауы керек. Егер осы уақыт ішінде нотариус жаңа тәртіптік жаза салуға тартылмайтын болса, оның тәртіптік жазасы жоқ болып есептеледі. Нотариустың кәсіби міндеттеріне адал қатынасы, жіберілген бұзуларды қайта жасамауы және мінсіз мінез-құлық көрсеткен жағдайда жалпы жиналыс немесе палата басқармасы жаза қолданған күннен бастап, үш ай мерзім өтуі бойынша мерзімінен бұрын алып тастауы мүмкін.
Жаза қолданылған нотариус Басқарма шешіміне нотариаттық палатаның жоғарғы органына шағым беруге құқылы. Нотариаттық палатаның жоғарғы органы қолданған жазаны жоюға құқылы.
Нотариусты көтермелеу
Кәсіби міндеттерін жоғары дәрежеде орындағаны үшін, көп жылғы мінсіз кәсіби қызметі үшін, нотариаттық палатаның сайлау органдарындағы жұмысы үшін, нотариусты көтермелеу келесі түрде қаралады:
- алғыс білдіру;
- бағалы естелік сыйлығымен марапаттау;
- грамотамен марапаттау;
- «Нотариус бюллетені» журналында немесе газеттерде фотосуретімен бірге өмірбаянынан үзінді жариялау;
- «ҚР-ның еңбек сіңірген заңгері» атағын, «ҚР-ның құрметті нотариусы» атағын алуға ұсыну.
Көтермелеу туралы шешімдер нотариаттық палата басқармасымен қабылдана алады.
Әдебиеттер тізімі:
Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.
Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.
Афанасьева А.В. Этика и психология профессиональной деятельности. - М.. 2004.
Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология. М.: ЮНИТИ -ДАНА, 2002.
Букреев В.И.. Римская И.Н. Этика права. - М., 1998.
Букреев В.И.. Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению: Учеб.пособие - М.. 1998.
Выгорбина А.Е. Культура дискуссии (требования этики и логики в обсуждении спорных проблем). - М.. 1999.
ГабитовТ.Х. Этика юриста.Учебное пособие. Алматы: Юридическая литература, 2003.
№12.Дәріс сабағы
Тақырыбы: Заң кеңесшісігің әдептілігі
Дәріс мазмұны:
Заң кеңесшісі.
Заңгер
Заң кеңесшісі.
Лауазымдық міндеттері. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді және әзірлеуге қатысады. Кәсіпорында құқықтық жұмысты әдістемелік басқаруды жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелерге және қоғамдық ұйымдарға түрлі құқықтық құжаттарды дайындауға және ресімдеуге құқықтық көмек көрсетеді, шағым-талаптардан бас тарту кезінде негізді жауаптар дайындауға қатысады. Кәсіпорынның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, төрелік сотқа, тергеу және сот органдарына беру үшін жымқырулар, жұмсап қоюлар, кем шығулар, сапасыз, стандартты емес және топталмаған өнім шығарулар, экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдар дайындайды, өндірістегі және орындалуы аяқталған соттық және төрелік істерді есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртіптерін нығайту және кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Шағым-талаптарды, соттық және төрелік істерді, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінде анықталған кемшіліктерді жою және жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында шаруашылық шарттарын жасау және орындау практикаларын зерделейді, талдайды және түсіндіреді. Белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды ресімдейді. Шаруашылық шарттарын жасау, оларға құқықтық сараптама жүргізу, ұжымдық шарттар мен салалық тарифтік келісімдердің талаптарын әзірлеу, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы мәселелерді қарау бойынша жұмысқа қатысады. Құрылымдық бөлімшелердің анықтамаларды, есеп айырысуларды, түсініктемелерді және шағым-талаптарға жауаптар дайындауға арналған басқа материалдарды уақтылы беруін бақылайды. Басқа бөлімшелермен бірлесіп кәсіпорында шығарылған қолданылып жүрген немесе күшін жойған бұйрықтар мен басқа нормативтік актілерді өзгерту немесе жою туралы ұсыныстар дайындайды. Қолданылып жүрген заңнамалық нормативтік актілерді жүйелендірілген есепке алу және сақтау бойынша жұмыс жүргізеді, оларды қабылдамау, өзгерту және толықтыру жөнінде белгілер жасайды, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және есептеу құралдарын қолдану негізінде анықтамалық құжаттама дайындайды. Кәсіпорынның қызметінен туындайтын құқықтық мәселелер, қайтаруға келіп түскен нормативтік актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады. Кәсіпорын қызметкерлеріне қолданылып жүрген заңнама және оларға өзгерістер туралы хабарлауды, кәсіпорынның лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады. Кәсіпорын қызметкерлеріне ұйымдық-құқықтық және басқа заң мәселелері бойынша кеңес береді, қорытынды дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі.
Білуге тиіс. Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін заң актілері, кәсіпорынның құқықтық қызметі жөніндегі нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік материалдар, азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік құқықтар, салық заңнамасы, экологиялық заңнама, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметі туралы есепті есепке алуды жүргізу және жасау тәртібі, шаруашылық шарттары, ұжымдық шарттарды, тарифтік келісімдерді жасау және ресімдеу тәртібі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу тәртібі, экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндірісті басқару негіздері, жабдықты жөндеуге өткізу және жөндеуден кейін қабылдау ережесі, есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
Заңгер
Лауазымдық міндеттері. Құрылтай құжаттарын әзірлеуді жүзеге асырады. Заңды тұлғаларды тіркеуді, бағалы қағаздар эмиссиясының, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді. Акционерлер тізілімдемелерін енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді (басқа ұйымдармен), кәсіпорын органдарының құқықтық негіздерін белгілейді (Жалпы жиналыстың құзыреті, директорлар кеңесі туралы, басқарма туралы, тексеру комиссиясы туралы ережені әзірлейді). Мүлікті сатып алу немесе бас тартуға байланысты мәмілелер (шарттар) туралы ережені әзірлейді. Кәсіпорын акцияларымен мәмілелерді үйлестіреді. Кәсіпорындағы дивиденттік саясаттың құқықтық негіздерін анықтайды және оны үйлестіруді жүзеге асырады. Кәсіпорынды кәсіпорынның қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша, нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Кәсіпорын бөлімшелерін, жекелеген мамандарды өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнамаларға сәйкестігін тексеруді, құжаттар жобаларының жауапты қызметкерлермен келісу кезеңдерін сақтауды тексеруді, құжат жобаларына қол қоюды, кәсіпорынның жауапты қызметкерлеріне заңнаманың өзгерісімен шартталған актілерге өзгерістер енгізу немесе бас тарту туралы ұйғарымдарды беруді жүзеге асырады. Кәсіпорында шартпен келісілген жұмысты жүргізеді шарт қатынастары нысанын анықтайды, кәсіпорынның қарсы агенттері ұсынған шарт жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді, шарт жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдайды, шарттардың жекелеген түрлерінің нотариалды куәлігін және (немесе) тіркеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Кәсіпорындағы шартпен келісілген жұмыстарды талдайды, оны қайта қарау мен өзгерту бағдарламасын әзірлейді, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріндегі шарт бойынша жұмыстардың жағдайын тексереді. Кәсіпорындағы наразылық жұмыстарын жүргізеді, қарсы агенттерден түсетін наразылықтарды есепке алуды, оларды қарауды қамтамасыз етеді. Түскен наразылықтарға жауап дайындайды және түскен наразылықтарды қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешім жабаларын қабылдайды. Наразылықтарды дайындауды, оларды қарсы агенттерге жіберуді және қарсы агенттерге жіберілген наразылықтардың қанағаттандырылуын жүзеге асырады. Ізденіс жұмыстарын жүргізеді. шарт дауларын реттеудің тәртібін сотқа дейінгі тәртіпте сақтау бойынша шараларды қабылдайды. Талап-арыз өтініштері мен материалдарды дайындайды және оларды сотқа береді. Кәсіпорынға қойылған талаптар бойынша талап өтініштері көшірмелерін зерттейді, талап жұмыстары бойынша деректер қорын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сотта кәсіпорын мүддесін білдіреді. Кәсіпорын қызметін жүзеге асыруға қажетті лицензиялар, рұқсаттар алу үшін өтінімдерді, өтініштер мен басқа да құжаттарды дайындайды. Өз кәсіпорнын сақтауды қамтамасыз ету, материалдық жауапкершілік туралы шарттарға қатысты, кәсіпорынға материалдық құндылықтардың түсуі мен қабылдануы тәртібін белгілейтін нұсқаулықтарға, олардың қозғалыстарын есепке алатын, дайын өнімді шығару мен жіберуді есепке алу нұсқаулығына мәселелерге қатысты құжаттарды әзірлеуге қатысады, жұмысшылардың материалдық жауапкершіліктері туралы шарттарды тексереді және қол қояды. Жұмысшылардың жұмыстан босатылу мен ауысу заңдылығын тексеруді, оларға тәртіптік жазаны қолдануды жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының кәсіпорынға жүргізген тексерістері кезінде тексерушілердің процессуалды әрекеттерінің сақталуын, негізділігін және тексерушілер шығарған қорытындылардың дұрыстығын, процессуалды құжаттарды құрастырылуы мен нәтижелерін тексеруді ресімдеуді құқықтық бақылау мақсатында кәсіпорынның мүддесін білдіреді. Кәсіпорындарда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға құзыретті мемлекеттік қадағалау органдарында кәсіпорын атынан өкілдік білдіреді, мемлекеттік қадағалау органдарында лауазымдық тұлғалардың кәсіпорынға заңсыз салынған әкімшілік өндіріп алуларға бағытталған әрекеттеріне арыздар дайындайды және жолдайды. Кәсіпорынның азаматты істер жөніндегі сотында төрағалық етеді. Талаптарды қабылдауға, талаптар бойынша жауап беруге және бітімгершілік келісімдерге қол қоюға құқылы. Кәсіпорын жұмысшыларына әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңесті жүзеге асырады, заңды құжаттарды құрастыруға құқықтық көмек көрсетеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметін регламенттейтін әдістемелік материалдар, кәсіпорынның профилі, мамандануы және құрылымының ерекшелігі, заңнаманың азаматтық, кәсіпкерлік, әкімшілік, еңбек, қаржылық, салықтық және өзге де салалары, төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы, құқықтық құжаттар жөніндегі іс жүргізу стандарттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымы, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құқықтық құжатты жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі, әкімшілендіру негізі, іскери байланыс этикасы, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар.
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және заңгер-консультант лауазымы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі:
Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.
Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.
Афанасьева А.В. Этика и психология профессиональной деятельности. - М.. 2004.
Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология. М.: ЮНИТИ -ДАНА, 2002.
Букреев В.И.. Римская И.Н. Этика права. - М., 1998.
Букреев В.И.. Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению: Учеб.пособие - М.. 1998.
Выгорбина А.Е. Культура дискуссии (требования этики и логики в обсуждении спорных проблем). - М.. 1999.
ГабитовТ.Х. Этика юриста.Учебное пособие. Алматы: Юридическая литература, 2003.
№13Дәріс сабағы
Тақырыбы: Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым қатынас жасау мәдениеті.
Дәріс мақсаты: Іскерлік қатынастардың табиғаты және мәні, іскерлік қарым-қатынас жасау этикасының негізгі принциптері, хаттың мәдениеті, телефон арқылы сөйлесудің этникалық нормалары анықтап білу.
Дәріс мазмұны: