
- •6. «Заңгердің кәсіби этикасы» пәні бойынша дәрістер жинағы
- •1. Заңгердің кәсіптік этика курсы ұғымы, пәні, мақсаты, мазмұны.
- •2. Этика өнегелік туралы ғылым ретінде.
- •3. Моральдің пайда болуы. Құқықтық моральдің мазмұны.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Этикалық категориялардың ерекшеліктері.
- •2. Этикалық категориялардың әлеуметтік функциялары.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Этикалық категориялардың ұғымы. Негізгі этикалық категориялардың сипаттамасы.
- •Заңгер қызметіңдегі этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы.
- •Кәсіби борыш. Кәсіби әділдік. Кәсіби ар-намыс. Кәсіби ұят. Кәсіби бедел.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1.Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі ізгілік негіздері.
- •3.Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері.
- •3.Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері
- •6. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
- •17. Құқық қорғау қызметінде адамгершілік мақсатқа жету.
- •Сот қызметінің өнегелік аспектілері.
- •Судья этикасының кодексі.
- •Судьяның мінез-құлқының негізгі принциптері.
- •Прокурордың этикасы.
- •Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі.
- •Алдын ала тергеу жүргізудің этикалық аспектілері.
- •Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әдептілігі.
- •Адамның iшкi iстер органдарында қызметте болуымен байланысты шектеулер.
- •Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мінез-құлқы.
- •Адвокаттардың кәсіби әдебі.
- •Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары.
- •Нотариустың кәсіби қызметінің қағидаттары.
- •Нотариустың кәсіби міндеттемелерін орындау.
- •Кәсіби (тәртіптік) әсер ету шаралары.
- •Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым қатынасы.
- •Іскерлік қарым-қатынас.
- •Тұлғааралық қарым-қатынастардың заңдылықтары.
- •1. Заңгердің қызметіндегі әдептілік, адамгершілік шиеленістер.
- •15. Дәріс сабағы
Адвокаттардың кәсіби әдебі.
Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары.
Адвокаттардың кәсіби әдебі
ҚР Конститутциясында кепілдік берілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның бұзылуын болдырмауға және құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдесу адвокаттың кәсіптік міндеті мен адами борышы болып табылады. Осыған байланысты, адвокаттық кәсіп қолданыстағы заңнама талаптарын дәл және сөзсіз орындауды, адвокаттың мінез-құлықтық әдептік нормаларын бұзбауды, өзіне заң көмегі және әдістермен қорғауды талап етеді. Жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін алудағы олардың, конститутциялық құлықтарын қамтамасыз ету адвокаттардың кәсіби қызметінің ірге тасын қалайды.
«Адвокаттардың кәсіби әдеп» ұғымы азаматтармен, мемлекеттік органдар мен және лауазымды тұлғалармен, әр түрлі коммерциялық және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ адвокатура органдарымен және әріптестерімен қарым-қатынаста мораль мен адамгершілік мәселелерін кең ауқымын қамтиды.
Адвокаттың әдеп нормаларын сақтауы – оның өз кәсіби міндеттері мен іс-әрекеттерін тиісті орындаудағы қажетті шарт.
Адвокаттың кәсіби қызметі беделінің түсуі адвокатура институтына қоғамдық сенімді жоғалтады және адвокат абыройын түсіреді.
Сондықтан, адвокат заң көмегін көрсету кезінде мынадай кәсіби тәртіптерді сақтауға тиіс:
көп күш-жігер не уақыт жұмсауды талап ететін қажетті әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс білдіру, бұл осы қызметті ешбір асығыстық жасамай және жеңіл-желпі қарамай, яғни тапсырылған істі адал, мұқият және білімдарлықпен орындап, кеткен уақытпен санаспай атқару керектігін көрсетеді;
заң мәселелерін қарап жатқан органдар мен лауазымда адамдарға қатысты өзін әдепті ұстау, яғни оның сөйлеген сөзі, кепілдемесі, өтініші және басқа да іс-әрекеті мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде болуға тиіс;
өз кәсіби мінез-құлқын көмек сұрап өтініш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, істі негізсіз сөзбұйдаға салуға, заң көмегін көрсетудің саңсыз әдістеріне, алдауға жол бермеуге, егер жүгінушінің талабы заңға қайшы болса немесе ол өз мүдделерін қорғау үшін заңға томпақ құралдар мен әдістерді қолдануды талап етсе, адвокат оған заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.
Көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделеріне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау, яғни адвокат жүгінушінің мүддесін қорғаудың барлық заңды құралдар мен әдістерін пайдалануға, ешбір жағдайда да бұрынғы, сондай-ақ енді өтініш жасаған адамдардың мүддесіне қайшы келетін әрекетке жол бермеуге, істің заңды шешілімі аяқталғанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемеден жалтармауға тиіс.
Осы қағиданың бұзылуы кәсіби әдептің бұрмалануы, ал кейбір жағдайда тәртіптік жазаның қолданылуына әкеп соқтыратын кәсіптік парызды орындамау болып саналады.
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау жөніндегі адвокат қызметі адвокаттардың процесуалдық құқықтарын анықтайтын, сондай-ақ адвокатураның ұйымдастырылуы мен адвокаттық қызметті реттейтін заңнама нормаларымен тәртіптеледі (атап айтқанда, “Адвокаттық қызмет туралы” 1997- жылғы 5-желтоқсандағы ҚР заңы). Заң көмегін көрсету барысында адвокат.Сонымен қатар, кәсіптік әдептің орныққан нормаларын және адвокаттық кәсіптің қалыптасқан практикалық тәртіптерін басшылыққа алуға тиіс, олардың мақсаты азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін жақсырақ қорғауға жәрдемдесу болып табылады.
Адвокаттардың әрбір алқасының жоғары органы адвокатура жүйесінің ортақ принциптеріне сүйене отыра, өз тәртіптерін қабылдайды. Осыған орай, 1998-жылғы 20-тамызда Алматы қалалық адвокаттар алқасы адвокатураның Конференциясында адвокаттардың кәсіптік әдеп тәртібі қабылданды.
Бұл тәртіптер әрбір адвокатты заң мен кәсіптік әдеп нормаларын басшылыққа алуға міндеттейді. Заңдылықтың кез келген бұзылуына төзбеушілік, имандылық, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтық табандылық, адалдық, әрбір заңгердің, әсіресе адвокаттың кәсіптік қасиеті болуға тиіс.
Адвокат заң көмегін адал көрсетуге, моральдық тазалықтың үлгісі мен адами мінез-құлықтың сүйеніші болуға, өзінің кәсіптік машығын ұдайы жетілдіруге, құқықтық білімдер мен қолданыстағы заңнаманы белсенді насихаттауға тиіс.
Адвокаттар процесінің тең құқықты кетінде өз кәсібінің абыройы мен беделін ұстауға тиіс.
Адвокат өзінің кәсіби міндетін атқару кезінде:
қоғам мүддесіне қайшы келмейтін азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау ғана ортақ мүддеге сай келетіндігін ескеруге;
заңнама нормаларын дұрыс және дәл қолдануға;
заң көмегіне жүгінушіге оның құқықтары мен міндеттерін, құқықтық жүйе қызметі принциптерін түсіндіре отырып кеңес беруге;
өз клиентінің мүдделеріне іш тартуға тиіс.
Адвокаттың мінез-құлқы ол заң көмегін көрсету кезінде де, күнделікті тіршілігінде де заң мен адамгершілік принциптеріне сай болуға тиіс.
Адвокат кәсіби мінез-құлықты ережелерінің рухын әрдайым ұстау керек. Оның негізгі қағидалары:
1. жеке адвокаттың тиіссіз мінез-құлықтары адвокатураның және сот төрелігі жүйесінің қоғам алдындағы беделіне зиян келтіруі мүмкін. Сол себептен адвокат жаңылысып, лайықсыз болып көрінетін мінез-құлықтан қашық болуы қажет
2. Сот жүйесі барлық істерді әділ және өз мәнінде қарау үшін арналған. Адвокат сот жүйеісне өзгертулер туралы адвокаттың өзінің және де заң кәсібінің, сондай-ақ сот төрелігінің қоғам алдында беделін түсіретін пікірлер мен ұсыныстардан қашу керек.
3. Адвокат клиент айтқан немесе тапсырысты орындау барысында белгiлi болған жағдайлар мен фактiлерге қатысты мәлiметтi, сонымен бiрге кез-келген клиенттің оған кеңес сұрап келген фактiсiн қатал құпияда ұстау керек және клиенттен айқын және бiр мағыналы тапсырыс берiлмейiнше және заңмен талап етiлген немесе заңмен қаралған жағдайлар туылғанға дейiн бұндай ақпаратты қатал құпияда ұстау керек.
Негiзгi қағидалары.
Клиент пен адвокаттың арасында өзара толық түсiнушiлiк орнатылмайынша адвокат клиентке нәтижелi кәсiби көмек көрсете алмайды. Сонымен қатар клиент адвокатпен қаралатын мәселелер және адвокатқа айтылған мәлiметтер клиент жағынан арнайы талапсыз немесе шартсыз құпия түрде сақталатындығынан шығатын әрекеттер жасауға шексiз сенiмдi және мүмкiндiктi сезiну керек.
Жасырын құпия туралы этикалық ережелер басқа тұлғалардың осындай ақпаратқа ие бола алатын фактiсiне қатыссыз қолдануы керек.
Негiзгi ереже ол: қаралып жатқан мәселенiң негiзiнен туындағанша кеңес алып жүрген немесе тапсырыс орындауға шақырып жүрген тұлғаның аты-жөнiн ашпауға тиiс.
Адвокат кез келген клиентке қатысты, ол тұрақты клиент болсын немесе бiр реттiк көмек алуға келген болсын, жасырын құпияны сақтауға тиiс. Бұл мiндет құқықтық (заңды) мәселелер бойынша қарым-қатынастардың тоқтатылғаннан кейiн де сақталады және клиент пен адвокаттың арасында қандай келiспеушiлiк туындағандығына қарамастан клиентке құқықтық көмек көрсетудiң тоқталған кезiмен шектелмейдi.
Жасырын құпия ақпаратты қолдануға жол бермейтiн жағдайлар.
Адвокат пен клиент арасындағы сенiм қатынастары адвокатқа этикалық ережелерiмен қарастырылған құпия ақпараттың қайсысын болса да жеке пайдасына немесе үшiншi тараптың пайдасына немесе клиенттің зиянына пайдалануға жiбермейдi. Әдеби қызметпен айналысатын, өмiрбаянын еске түсiру, немесе осы тәрiздiнi жазып отырған, немесе оқыту, ғылыми жұмыспен айналысып жүрген адвокат бұл жағдайларда да жасырын құпия ақпараттың таратылуына жол бермеуi керек.
Адвокат бiр клиенттен алынған немесе оған қатысты жасырын құпия ақпараттың басқа клиентке таратылу мүмкiндiгiне жол бермеу керек. Екiншi клиент адвокаттан осындай ақпаратты талап еткен немесе күткен жағдайға қарамастан, ол ақпаратты жариялаудан не қолданудан бас тарту керек.
Адвокат клиенттің iсiне қатысты мәселелер бойынша абайсыз қатынастардан, тiптi жұбайымен (зайыбымен) немесе жанұя мүшелерiмен ұстану керек және нақты орындап жүрген тапсырыстарға қатысты клиенттің атын атамай немесе клиентпен ұқсату мүмкiндiгi бар басқа әңгiмелерден абай болу керек. Адвокат клиенттің қара басы туралы және оның жұмыстары туралы байқаусызда естiген немесе оған айтылған өсектi және ақпараттарды қайтып айтуға болмайды. Адвокаттың абайсызда айтқандары және үшiншi адамның естiгенi клиенттің мүддесiне зиян келтiруi мүмкiн болғандықтан, үшiншi тұлғаның қатысуында адвокаттар арасында кәсiби мәселелердiң талқылануы, әсiресе клиенттердiң атын атап немесе нақты iстердiң жағдайларын айтылмағандығы дұрыс болып саналады. Сонымен қатар бұл қатысушының адвокаттың кәсiпке және жалпы юриспруденцияға деген сыйластығына әсер етуi мүмкiн.
Адвокат көмекшiлерiмен, ассоциацияларымен хатшыларымен және заң кеңесiнiң, адвокаттық бюроның (фирманың) басқа қызметкерлерiмен осы ереженiң тезистерiн сақтауына барлық қажетті шараларды қолдану керек.
Адвокаттың қоғамға маңызы бар мiндеттерi.
Адвокат кәсiптiң мәртебесiн өз дәрежесiнде ұстауға қолдау көрсету керек және осы мақсатқа жету үшiн маңызы бар қызметтiң әр түрiне қатысу керек.
Егер кәсiби қабiлетi құлдыраған адвокатты iстi жаңа бастап келе жатқан кезiнде тоқтатпаса, бұл клиентке маңызды шығын мен зиян келтiруi мүмкiн. Азғантай бұзуды айғақтайтын әрекеттердiң артында маңызды бұзулар болуы мүмкiн немесе клиентке маңыздылау бұзуға әкелуге мүмкiндiк туғызатын адвокаттың мiнез-құлығын көрсетуi мүмкiн. Сондықтан аумақтық алқаның басқарушы органына адвокатқа белгiлi басқа адвокаттың кәсiби этиканың ережелерiн және мiнез-құлық үлгiлерiн бұзуы туралы мәлiмдеуге болады және бұл жалпы корпорацияның талабына сай. Кәсiби мiнез-құлықтың ережелерiн бұзуы маңызды зиян келтiру мүмкiндiгiне (мысалы, сенiмдi мүлiктi басқаруға байланысты шығындар туралы iс) алқа мүшелерінің әрекеттерiнде қылмыс құрамының нышаны барын дәлелдейтiн негiзделген болжам болған жағдайларда бұл бұзу туралы хабарлау – адвокаттың кәсiби мiндетi, егер бұған заңмен тыйым салынбаса.
Әр адвокаттың міндетіне аумақтық алқаның басқарушы органының құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жолдауларына дереу жауап қайтару кіреді.
Адвокат өз қызметінде клиенттермен бақса адвокаттармен немесе тағы басқа тұлғалармен айыптаушы, қорқыту немесе қорлау түрінде немесе басқа да түрде хат алысу адвокаттың мінез-құлқының кәсіби нормаларымен сиыспайды.
Қоғамды тәуелсіз және құзырлы заң кеңесімен қамтамасыз ету үшін адвокат құқықтық жүйенің әдеттегі және нәтижелі жұмыс істеуіне көмектесу жағынан барлық мүмкіндікті жасау керек. Бұл мағынада қызметтің мынадай түрлерінде: құқықтық реформа, заң білімін жалғастыру, оқыту, құқықтық көмек бағдарламасы, қоғамның кедей мүшелеріне құқықтық көмек көрсету, тиісті кәсіби мінез-құлық және тәртіп, аумақтық алқаның басқарушы органы қызметінің басқа түрлерін де басқа мамандықтардың өкілдерімен жергілікті немесе жалпы мемлекеттік деңгейдегі қарым-қатынастар кішті, тәуелсіз және қоғамға пайдалы мамандықты қолдауына міндетті түрде қажет.
Сөйтіп, адвокаттық әдеп – бұл адвокатура туралы қолданыстағы заңнама, адвокаттар алқасы Жарғысы және адвокаттардың кәсіптік этика Тәртіптері шеңберінде реттелетін және адвокаттық мінез-құлқы нормасынан туындаған практика. Оның мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен міндеті абыройлы қорғау.
Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.
Қасақана қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; терiс себептер бойынша мемлекеттiк, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әдiлет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейiн үш жыл бойы адвокат бола алмайды.
Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi
Адвокаттың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн.
Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке айналысатын адвокатта жұмыс iстеуі мүмкін.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқауы бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы адвокаттың тағылымдамадан өтушісі болып табылады.
Тағылымдамадан өтудің мақсаты адвокаттық қызметтің кәсіптік білімдері мен практикалық дағдыларын игеру болып табылады.
Заңның 7-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келетін және тағылымдамадан өтуге ниет бiлдiрген адам Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің бұйрығымен бекiтілетiн Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеде тізбесі белгіленетін құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге жiберу туралы өтiнiшпен адвокаттар алқасының төралқасына жүгiнедi.
Адвокаттар алқасының төралқасы өтінішті қарау нәтижелері бойынша мынадай:
1) тағылымдамадан өтуге жіберу туралы;
2) тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлері санының көп жинақталуы себебiмен тағылымдамадан өтуге жiберуден бас тартуға жол берiлмейдi.
Тағылымдама кемiнде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттың басшылығымен жүзеге асырылады. Тағылымдаманың ұзақтығы алты айдан бір жылға дейінгі мерзімді құрайды. Бір адвокатта тағылымдамадан бір мезгілде екіден көп емес тағылымдамадан өтуші өте алады.
Тағылымдамадан өтушi ретiндегi жұмыс кезеңi заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледi.
Тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыруды Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілетін Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.
Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім дәлелді болуға тиіс және оған сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Тағылымдамадан өтпеген адам жалпы негіздерде тағылымдамаға қайта жіберіледі.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар тағылымдамадан өтпейді.
Адвокаттың көмекшісі мен тағылымдамадан өтушісінің адвокаттық қызметпен дербес айналысуға құқығы жоқ.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия
Тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары жанынан құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестаттаудан өтеді.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия жеті мүшеден, оның ішінде кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың адвокаттар алқаларының төралқалары айқындайтын үш адвокаттан тұрады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның жеке құрамы және олардың жұмыс регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтарымен бекітіледі.
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
3) теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;
2) отырыстардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның отырыстарында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында дыбыс- және (немесе) бейнежазбалар не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, дыбыс- және (немесе) бейнежазбалар отырыстың хаттамасына қоса тігіледі және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның материалдарымен бірге сақталады.
Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары
Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:
1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;
2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;
3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.
Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi
Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын адвокаттық қызметке араласуға не осы қызметке қандай да болмасын тәсілмен кедергі жасауға тыйым салынады.
Адвокатты ол заң көмегiн көрсетiп отырған адаммен теңдестiруге тыйым салынады.
Адвокаттан өз кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты оған мәлiм болған мән-жайлар туралы куәгер ретiнде жауап алуға тыйым салынады.
Адвокаттардан, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілерінен, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң басшылары мен қызметкерлерiнен, заңмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр адамға заң көмегiн көрсетуге байланысты қандай да болмасын мәлiметтер берудi талап етуге тыйым салынады.
Адвокаттық іс жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс құралдары, аудиоаппаратурасы, компьютерлік техникасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексеріске жатпайды.
Адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады.
Анықтау және алдын ала тергеу органдары, iс жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатпен келiсiлген мерзiмде тергеу және өзге iс жүргiзу әрекеттерiне оның қатысуы қажеттiгi туралы адвокатқа хабарлауға мiндеттi.
Мемлекеттiк қызметшiлер және мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi.
Адвокаттардың қызметiне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметтi жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Әдебиеттер тізімі:
Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы. 2011. -10б.
Сариев Б.А. Заңгер этикасы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 100 б.
Афанасьева А.В. Этика и психология профессиональной деятельности. - М.. 2004.
Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология. М.: ЮНИТИ -ДАНА, 2002.
Букреев В.И.. Римская И.Н. Этика права. - М., 1998.
Букреев В.И.. Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению: Учеб.пособие - М.. 1998.
Выгорбина А.Е. Культура дискуссии (требования этики и логики в обсуждении спорных проблем). - М.. 1999.
ГабитовТ.Х. Этика юриста.Учебное пособие. Алматы: Юридическая литература, 2003.
№11. Дәріс сабағы
Тақырыбы: Нотариат қызметкерінің әдептілігі
Дәріс мазмұны: