
- •6. «Заңгердің кәсіби этикасы» пәні бойынша дәрістер жинағы
- •1. Заңгердің кәсіптік этика курсы ұғымы, пәні, мақсаты, мазмұны.
- •2. Этика өнегелік туралы ғылым ретінде.
- •3. Моральдің пайда болуы. Құқықтық моральдің мазмұны.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Этикалық категориялардың ерекшеліктері.
- •2. Этикалық категориялардың әлеуметтік функциялары.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Этикалық категориялардың ұғымы. Негізгі этикалық категориялардың сипаттамасы.
- •Заңгер қызметіңдегі этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы.
- •Кәсіби борыш. Кәсіби әділдік. Кәсіби ар-намыс. Кәсіби ұят. Кәсіби бедел.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1.Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметіндегі ізгілік негіздері.
- •3.Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері.
- •3.Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері
- •6. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
- •17. Құқық қорғау қызметінде адамгершілік мақсатқа жету.
- •Сот қызметінің өнегелік аспектілері.
- •Судья этикасының кодексі.
- •Судьяның мінез-құлқының негізгі принциптері.
- •Прокурордың этикасы.
- •Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп кодексі.
- •Алдын ала тергеу жүргізудің этикалық аспектілері.
- •Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әдептілігі.
- •Адамның iшкi iстер органдарында қызметте болуымен байланысты шектеулер.
- •Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мінез-құлқы.
- •Адвокаттардың кәсіби әдебі.
- •Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары.
- •Нотариустың кәсіби қызметінің қағидаттары.
- •Нотариустың кәсіби міндеттемелерін орындау.
- •Кәсіби (тәртіптік) әсер ету шаралары.
- •Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым қатынасы.
- •Іскерлік қарым-қатынас.
- •Тұлғааралық қарым-қатынастардың заңдылықтары.
- •1. Заңгердің қызметіндегі әдептілік, адамгершілік шиеленістер.
- •15. Дәріс сабағы
ГЛОССАРИЙ
Оқу әдістемелік кешенде кездесетін терминдер мен ұғымдарға түсінік беру
Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым.
Этика – адамдардың моральдық сана-сезімдеріне, олардың өзара қатынастарына, қимылдарына ғылыми-теориялық дәлелдеме беретін және зерттейтін ғылым.
Этикет – осы қоғамда қабылданған адамдардың қимыл тәртіптері және байланыстары.
Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.
Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады.
Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
Әдеп – қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады.
Теориялық этика – моральдық мәні мен пайда болуын зерттеумен айналысады.
Нормативтік этика – заты болып адамның моральдық нормалар мен принциптерді ескере отырып қалай істеу керек деген сұраққа беретін барлық жауабы есептелінеді.
Кәсіптік этика - адамдардың нақты еңбек қимылдары шеңберіндегі этикалық принциптер мен нормалар анықтайды.
Медициналық этика. Гиппократ – дәрігер әр жағдайда әділ, әдемі және кең жүректі адам болуы керек деп айтқан.
Педогогикалық этика –басты мақсаты адамның ішкі рухани байлығына еркін еңбек тәрбиелеу арқылы ықпал жасау.
Әскери этика. Армияның әскери күшін нығайту мақстандағы оның басқару және ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Басқару этикасы – бұл профиссионалдық этиканың бір түрі. Басқару этикасы – ол басқару іс-қызметіне бағытталған., этикалық ұғымдар және тәрбиелік нұсқаулар жүйесі.
Педагогикалық еңбек - өзіндік қарым-қатынасты басқаратын қоғамдық өмірдің қажетті сферасы.
Қарым-қатынас – бұл адамның өзара қарым-қатынаста болу тәсілі, және де басқа адамдармен өзара қарым-қатынаста болуы.
Іскерлік хат- бұл жалғыз іскерлік құжат, бұған атау берілмейді
Әлеуметтілік міндеттілік – жеке бизнестен түскен пайда арқылы ұйымның қоғамға пайдасы.
Дәстүрлі философия – бұл философияға сәйкес кәсіпкерліктің мақсаты – кәсіпорынның пайдасын максимилизациялау және ұйымның ұзақ мерзімдік жұмыстарын қарастыру. Мұнда әлеуметтік міндеттілік қоғамға арнап төмен бағамен тауарлар мен қызметтерді ұсыну ретінде түсіндіріледі. Бұл философияға сәйкес ұйым емес үкімет әлеуметтік проблемалармен айналысуы керек (яғни әлеуметтік проблемаларды үкімет шешсін, неге мен шешемін деген пікірді ұстанады).
Қызығушы топтар философиясы – бұл философияға сәйкес менеджер ұйымның мақсатымен байланысты немесе байланысты болуы мүмкін топтар үшін міндеттілігін айқындайды. Мұндай топтарға акционерлер, тұтынушылар, үкімет институттары, бәсекелестер т.б жатады. Бұл философия әлеуметтік топтардың бар екендігін дәлелдейді.
Дәлелдеуші философия – бұл философия менеджер фирма үшін, қызығушы топтар ұшін және қоғам үшін белгілі бір міндеттілігі бар екендігін дәлелдейді. Дәлелдеуші философия әрбір ұйым ерікті түрде әлеуметтік проблемаларды шешуге міндетті екендігін дәлелдейді.
Педагогикалық мораль – ұжымдық мораль, гуманистік мораль, белсенді іскер мораль кәсіптік педагогикалық қызметтің ілгері адамгершілік мазмұнын құрайды.
Моральдық сана – жекелеген тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және бүкіл қоғамның көзқарастарын, пікірлерін және мінез-құлықтарын нормалармен бағалау қызметін атқаратын қоғамдық сананың бір формасы.
Моральдық қызмет – бұл мораль нормаларымен, қағидаларымен және әлеуметтік көзқараспен бағаланатын адамдардың, топтардың, қоғамдастықтардың кез-келген қызметі. Мысалы, соғысып жатқан екі мемлекеттің әрекеттерін алайық, бір мемлекет оны дұрыс деп бағалайды, ал басқалары бұл қатыгездік дұрыс емес бағалайды.
Моральдық қарым-қатынас – бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері.
Этнос – ішкі трансформациялық үдеріспен сипатталатын, тұрақты түрде өзгеріп, дамып отыратын, бірақ осы өзгеруінен белгілі бір тұрақтылық байқалатын жүйе.
Мораль – адамның ерікті түрде өз мойнына алған ауыр жүгі.
Бақыт – жемісті әлеуметтік идеалардың бірі.
Әділеттілік – қайырымдылықтың нақтланған формасы.
Ар-ұят – адамның ішкі дауысы «қайырымдылықты іштей анықтау үрдісі».
Миф – адамның өзін-өзі, қоғамды, әлемді сипаттауының түрге бөлінуінің және түсіндіруінің терминдері көрініс тапқан сипаттау тілі.
6. «Заңгердің кәсіби этикасы» пәні бойынша дәрістер жинағы
№1. Дәріс сабағы
Тақырыбы: Этика ұғымы және оның заты
Дәріс мақсаты: Этика ұғымының пайда болу кезеңін анықтап білу.
Дәріс мазмұны:
1. Заңгердің кәсіптік этика курсы ұғымы, пәні, мақсаты, мазмұны.
2. Этика өнегелік туралы ғылым ретінде.
3. Моральдің пайда болуы. Құқықтық моральдің мазмұны.
Заңгердің кәсіби этикасының түсінігі және түрлері
Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.
Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез – құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін - өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады.
Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың жыл бұрын «мінез – құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе қандай қарым – қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым – қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым – қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.
Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез – құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым – қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты.
Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі.
Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель.
Этика деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан.Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:
1.Этикалық ізгіліктер.
2.Дианоэтикалық ізгіліктер.
Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық,батылдық,шыншылдық.
Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі:Ақыл мен парасат.
Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады.Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды.
Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.
Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.
Этика ғылым ретінде ежелгі Грецияда қалыптасқан.Этиканың негізгі элементтері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Этика Грек тілінен аударғанда «Әдеп» дегенді білдіреді.
Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді.Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды.Мысалы:Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.
Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.
Аристотель Этикасында «Құбатөбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды.Өиткені Аристотельдің айтуынша екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке жетеді – деген екен.
Мысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені, Батылдық, Көзсіз батылдықпен Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы.
Жалпы Антикалық этикаға байланысты оған тиесілі ең негізгі 3-мұрат бар.
1.Адам мен Полис бірлігі.
2.Адамның құдіретіне өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейліншесену.
3.Эвдомоманы яғни бақытты адам мұраттарының ең биік шыңы деп тану.
Қазіргі этика теориялары.
Қазіргі этика адамзат тарихының ежелгі кезеңімен өте тыгыз байланысты. Қазіргі кезде этиканың ең басты пәні Мораль.Ол күнделікті этикетпен тығыз байланысты.
Коптеген философиялық,теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады.Олар: Достық,Махабат,Жомарттық, ізгілікпен пен зұлымдық,ұят,абырой,парыз, Әділеттілік бақыт.
Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады.Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.
Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
Әдеп – қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады.Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады.Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары,Министрлер,Елшілер кездесу өткізгенде белгілі-бір әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу жүргізеді. Қазіргі кезде дін,құқық, өнер сияқты Моральда қоғамдық сананың бір формасына айналды.Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды.
Қазіргі біздің қоғамда Этика дін мен де тығыз байланысты. Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастырған өлшемдері Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті,бейбітшілікті кеңінен марапаттайды.
Қазіргі этика күнделікті адамдар арасында кеңінен этикет түрінде қолданылады.
Мысалы: Бақыт дегеніміз бұқара санасында бақытқа мынадай 4 түсініктеме берілген.
1. Бақыт дегеніміз – жолы болып жұлдызы жаңғандық.
2. Бақыт дегеніміз – Қуаныш, Ләззат және жан қызығы.
3. Бақыт дегеніміз – Ең жоғарғы ізгілікке қол жеткізу.
4. Бақыт дегеніміз - өз-өзіңе,жалпы өмірге көңілі толған төрт құбылаң түгелдік күйі.
Ғылыми тұрғыда кәсіби этика түсінігі әбден тұрақтанды, яғни алғашқы түсінігі бойынша тәжірбиелік мораль ретінде қабылданып, мынадай жұмыс түрін реттейтін, оның пәні ретінде адам, ал кейіннен ғылыми бағыт болатын, ондағы айрықша қағидалармен мораль кодексінің нормаларының қолдану жағдайларын зерттеуге бағытталған болатын. Этика түсінігін түгелдей алғанда кәсіби этика түсінігі ерекше. Ол өзіне моральдік процестерді, адамның іс әрекеттерін және іс-қимылын, қағидаларды, яғни адамның белгілі бір өмір сүрумен байланысты, дәлірек айтсақ кәсібімен байланысты болады. Көптеген кәсіптік этика бар- ғылыми этика, мәдениет этикасы, жеке бизнес этикасы, мемлекеттік қызметкерлер этикасы, дәрігерлердің кәсіби этикасы. Кәсіби этикаға заңгердің де этикасы кіреді. Ол өзі адвокаттық этика және сот этикасы т.б. болып бөлінеді. Әр бір кәсіптің пәні ретінде қоғамдық кәсіби мүдделерді жүзеге асырумен тікелей байланысты тұлғалардың іс әрекетінде көрініс табатын белгілі бір мүдделер тобы. Жеке кәсіптің мүддесі қоғамның мүддесіне кедергі етпейді, себебі әр бір қызмет белгілі бір саласында ғана өз міндеттерін жүзеге асырады. Мазмұны бойынша ұқсас кәсіптер мәдениетімен ерекшеленеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:әлеуметтік құндылықтар, салт-дәстүрлер. Сондықтан кәсіби қызығушылықтар негізінде заңдастырылмаған этикалық тәртіп номалар жүйесі қалыптасады. Тарихта екі кәсіп түрі белгілі, олардың өкілдері өздерінің қызметтерін мінез-құлық арқылы реттеуге тырысқан, яғни моральдік ережелерді белгілі бір тәртіпке келтіруарқылы параграфқа бөлу, кодекс жасап жинақтау болатын. Соңғылардың пайда болуы ант берумен негізделетін, осы кәсіпке кірудің салтының бір бөлігі ретінде қарастырылатын. Бұл кәсіптер дәргер мен заңгерлердің кәсібі болып табылады.Оған бірнеше себеп бар. Дәргер мен заңгер адамға маңызды құндылықтарды қорғау мақсатында тұрған, яғни өмір мен денсаулық, бостандық пен абыройлы ат. Кәсіптің міндеті мен намысына бағыттаушы болып кәсіби мораль кодексі блатын. Заңгерлердің кәсіби этикасы құрамдаушы бөліктерге бөлінеді.Заңгер болып белгілі бір мақсат пен міндетті орындайтын адамдар болады, сондықтан этика нормасы барлығына бірдей емес. Осы мақсатта адвокат этикасы, сот этикасы, мемлекеттік қызметкер, прокурор, ІІО қызметкелері және т.б. этикалары қарастырылады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіпкерлік этикасы- олардың өз кәсіпкерлік аясында өзіне, бір-біріне сондай-ақ басқа тұлғаларға және лауазымды тұлғаға қатысты туындайтын өзара қатынастарын реттейтін өнегелік талаптар, нормалар мен ережелер жиынтығы.
Бұл талаптар жүйесі өздерінің лауазымды міндеттерін атқаруда жол берілетін және көтермелеуге жататын сондай-ақ рұқсат етілмейтін мінез-құлықты анықтайды. Бұл жүйе құқық қорғау қызметінде болатын өзгерістерге байланысты мазмұны жаңадан толықтырылып әрдайым өзгеріп отырады. Моральдік нормалар тиым салынатын жағымсыз түрде сондай-ақ позитивті (жағымды) түрде (шыншыл бол, досыңа көмектес, қызмет бабында әріптесті құрметте, жастайыңнан намысыңды сақта және т.б.) құқық қорғау органдары үшін маңызды болып табылады. Адамгершілік мазмұнын ашатын өнегелік талаптар моральдік қағидалар арқылы сипатталады. Олар мінез-құлық жеке нақты нормаларына негізделген және қызметкерлердің жалпы қызметінің бағытын анықтайтын, құқық бұзушылық пен құқықтық қатынас қатысушыларының өзара қарым-қатынасын сипаттайтын, өнегелік мәніне қатысты негізгі талаптарды сипаттайды. Бұл қатынастарда олар өнегелік (адамгершілік) өлшемдері ретінде қызмет етеді. Егер моральдік норма нақты жағдайларды өзін қалай ұстау керек екендігін, қызметкерлердің нақты қандай іс-әрекеттер жасау керектігін сипаттайтын болса, ол моральдік қағидалар адамның қызметінің жалпы бағытын береді.
Моральдік қағидалар қатарына өнегеліктің жалпы негіздері ретінде: гуманизм- адамның жоғарғы құндылықтарды тануы, альтуризм- адамзатқа, қоғамға, мемлекетке пайда табу мақсатынсыз қызмет ету, көмекті қажет ететін әрбір адамға қайырымдылықпен көмек көрсетуге дайын болуы, коллективизм-жалпы игілікке саналы түрде қол жеткізуге ықпал ету, жекешелеуден бас тарту-жеке тұлғаның қоғамға қарсы тұруы; эгоизм-өз мүддесін көпшіліктің мүддесінен басым қоюы.
Өнегеліктің мәнін сипаттайтын қағидалардан басқа моральдік талаптарды орындау тәсіліне жататын формальды қағидаларды да ажыратады. Мысалы: түйсіну және оған қарама-қарсы формализм, фетимизм, фатализм, фанатизм, догматизм. Бұл қағидалар мінез-құлықтың нақты формаларының мазмұнын анықтамайды. Адамдарға қойылатын өнегелік талаптар сипатталатын моральдік сананаң өнегелік идеалдары жоғарғы моральдік қасиеттерді өзіне қамтыған тұлға кейпінде көрінеді. ¤негелік идеал құқық қорғау орган қызметкерлерінің өзін-өзі тәрбиелеуін білдіреді, яғни гуманизмнің, әділеттіліктің жоғарғы талаптарына негізделуі керек.
Құқық этикасының пәні. Қазіргі кезде біздің коғамда адамды танып-білуге деген ұмтылыс күннен-күнге артуда.. Этика да. құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек - адам. Осындай тоғысудың нәтижесіндеғгылыми талдаудың жана бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тәжірибедегі кұқықты орнықтырумен байланыссты жеке кұқық, жергілікті кұкық және т.б. қалыптасады. Кұқық философиясына жүгіну - казіргі заманға адам өмірінде құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы — құқықтың танымдық, құндылықты және әлеуметгік негіздері туралы ғылым, кұқықтың мәні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда. адамның қандай себептердің нәтижесінде және қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындыгы туралы ғылым.
Құқық такгикасы белгілі бір дәрежеде құкық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия әртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлык кұқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетнымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзкарас калыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні таңадайды. Ол. біріншіден, құқықты емес, кұқықтагы адамды қарастырудан, екіншіден, адамнын құкыққа деген құмдылық қатынасын талдаудан кұралған. Бұл қатынас адамның кұқықтық қиындыкты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау әрқашан жекелік сипатқа ие және іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді. әділдік жақсылық. пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.
Құқық этикасының пәніне аныктама берместен бұрын этиканың пәні мен құқықтың пәнінің анықтамаларын келтіріп өтер жөн болар.
Мораль дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабы зерттеуші объектоцентристік немесе субъектоценгристік бағытты ұстануына байланысты әртүрлі болады.
Объектоцентристік дүниетаным адамды табиғи-тарихи дістің (процеестің) нэтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқрасқа сәйкес адамның дамуы экономикалық, саяси. техникалық жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың жоғары сатысы болып адамның ақыл-парасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеғен мәселелерді түсіну киынға соғады: тарих көп жағдайларда адамды ғуманизациялаудан алшақттады, неге адам нақты әлеуметтік жағдайларға нашар бейімделеді, ол қарама-қайшылықсыз бақытты көтере алмайды және т.б.
Субьектоцентристік дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бүл бағығқа сәйкес адамның бойында болмыстың барлық құпиялары көрініс тапқан. Оны тек ұтымды әдістермен танып білу мүмкін емес. Адам әлемінің нақты айқын шегі жоқ. Тарих дегеніміз адамның өзін-өзі дамытуының "соқыр тәуекелі". ал объективтік шындық — адамның күш-қайратының дамуының көрініс табуының нәтижесі.
Құқықтың пәніне жүгінуде. Құқық туралы эдебиетте оң түсінудің кем детенде екі жолы бар екендігін ескеріп өтке жөн: құқықты кең мағынада түсіндіру және тар мағынада түсіндіру. Кең магниада құқық әдет-ғүрыпты (әдет кұкығы( дінді (канондық құкық), табиғи құқықты, позитивтік құкықты тірі құқықты және т.б. қамтиды. Тар мағынада құқық мемлеке жариялаған нормалар мен заңдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, іс жүзінде құқықты түсінудің жолы қалыптасқан. Заңдар жекелеген адам санаттарына қатысты қатал, моральға қайырлы, қайырымсыз болуы мумкін. Неге? Бұл сұраққа ,кауап беру үшін. мораль мен құқықтың өзара әсерін талдауға тырысып көрелік. Яғни, алдымен. құкықтың адамгершілік кұндылыктар мсн моральдық нормалар туралы көзкараста калай көрініс табатынын, содан кейін. моральдың құқыққа калай эсср ететініп қарастырайық.
Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының белгілі бір кезеңінде, яғни. филогенезде және онтогенезде пайда болады. Моральдан бұрын адамдық "Менің" қалыптасуының сатылары орын алады:
а)Табыну сатысы адамның "Біз"феноменінен көрініс табатын әлеммен біртұтастығының, оның әлем мен басқа адамдардан ажырамайтындғын адамның дүниетанымылың басқалармен біртұтастығын білдіреді;
ә) Мәдениет сатысы адам қызметінің және адамдық ерекшеліктердің алуан түрлілігі жағдайындағы мәдени нысандарды іріктеуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп айтайтын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік. жаксылық, жамандық, әділдік пайда болады. Мәдениет сатысы өркениеттің пайда болуымен аяқталады.
б)Социум тысында жақсылык, жамандық, еркіндік құнлықгары борыштың әеуметтік түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда әлеумеггендіріледі де, элеуметтік және құқықтық нормаларға айналады, Бұл кезде олардың адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, жойылып кетеді. Егер алдыңғы сатыда біз гуманистік этика (фр. һштіапііе - адамды сүю) туралы сөз козғасак, бұл сатыда әлеумеіптік этика жөнінде пікірлер айтылды. Әлеуметтік этиканың ерекшелігі – ол жекелеген, нақты бір адамның емес, социумның мүдделеріне бағытталған. Адам бұл этикада коғам әсер ететін объект ретінде немесе басқа социум (қоғамның немесе белгілі бір әлеуметтік институттың бөлігі) ретіндс көрініс табады.
Әлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүріс-тұрысының сыртқы келбетіне,оның этикетгік имиджіне назар аударады. Ол адамдагы сыртқы мен ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп қарастырады, сейтіп. оны еркіндіктен айырады. Осыған байланысты адамға сырткы әсер мен жеке мінез-құлық арасындағы ішкі шиелініс қайнар шегіне жетіп, ол сыртқы қарама-қайшылықтардан көрініс табады.
Бақылау сұрақтары:
Этика дегеніміз не?
Этика бойынша ізгіліктің қандай түрлері бар?
Антикалық этикада неше мұрат анықталған?
Әдеп дегеніміз не?