
- •Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясының мақсаты
- •Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:
- •Нормативтік есеп әдісінің мәні:
- •Нормативтік және нақты шығындар есебі
- •Нормадан ауытқулар, өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •Шығындар есебінің нормативтік әдісін ұйымдастырудың үш варианты болады:
- •Нормативтік шығындарды есепке алу:
- •Есепті аралас өдіспен жүргізу:
- •Нормативтік шығын есебі жүйесінің схемасы
- •Кесте 1 Шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында жазу тәртібі
- •3. Нормативтік шығын есебі әдісі мен «стандарт-кост» жүйесін салыстыру
Есепті аралас өдіспен жүргізу:
Калькуляциялық есептеулердің әдістемесі екі жолдың біреуін пайдалануды меңзейді:
есеп беру мерзім ішінде анықталған нормадан болған ауытқуды толығымен өнімнің өзіндік құнына жатқызу;
мөлшерден болған ауытқуды дайын өніммен аяқталмаған өрдіріс арасында бөлу.
Нормативтік шығын есебі жүйесінің схемасы
-
Әр жауапты орталық
бойынша өндірістің нақты
көлемінің нормативтік
шығындары
Әр жауапты орталыққа
таратылған нақты шығын
-
Нормативтік және нақты шығындарды салыстыру және ауытқуларды талдау
-
Ауытқуларды зерттеу, олардың пайда болу
с ебебін жою
-
Фирманы жұмысының өзгерген жағдайын
қоса ескерудегі нормативтердің өзгеруі
Есеп 15
Фишер LTD фирмасы түрлі шахмат комплектілерін шығарады және өзіндік құнды калькуляциялаудың нормативтік әдісін қолданады.
«Спасский шахматтары» атты комплектілер туралы 2012 ж. наурыз айындағы мәліметтер келесідей:
1) 100 комплектіге нормативтік шығындар
шикізат:
фигуралар үшін гипс – 20кг бағасы 1кг 80 тг. – 1600тг.
0,5л бағасы 1л 300 тг. – 150тг.
негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы
2,5сағ. 100тг. 1сағ. – 250тг.
тұрақты өндірістік үстеме шығындары негізгі өндірістік жұмысшыларының еңбек
ақысының 400% - 1000тг.
3000тг.
2) Нормативтік сату бағасы 380тг.
3) Шикізат, аяқталмаған өндіріс қалдықтары, дайын өнімнің есебі нормативтік
шығындар бойынша жүргізіледі.
4) Қорлар қалдықтарының деңгейі 2012ж. наурыз айында келесідей:
01.03.2012 31.03.2012
Фигуралар үшін гипс, кг. 2800 2780
Бояу, л. 140 170
Дайын комплектілер, дана 900 1170
Аяқталмаған өндіріс қалдықтары бұл мерзімде болмаған.
5) Ай бойындағы жоспарлы өндіріс және өткізу көлемі – 30000 комплект
Нормативтік бағамен нақты сатылған – 28400 комплект
Нақты өндірілген көлемі – 28600 комплект
6) Ай бойында сатып алынған шикізат:
5400 кг. гипс, құны 432000 тг.
17 л. бояу, құны 58000 тг.
7) Негізгі өндірістік жұмысшыларының 730 сағ.жұмысы үшін бір сағатына 110 тг. жалақы төленді.
8) Тұрақты өндірістік үстеме шығындары 341200 тг. құрады.
Табу керек:
а) Барлық өнімнің нормативтік шығындарын
б) Барлық өнімнің нақты шығындарын
в) Нормативтік шығындар бойынша сауда операцияларының есебін құрастыру
г) Наурыз айындағы шикізат, аяқталмаған өндіріс қалдықтары және дайын өнім
шоттарын дайындау
15 есеп шешімі:
а) 30000 комплектінің нормативтік шығындары
шикізат :
гипс 300 х 20кг = 6000 х 80тг = 480000
бояу 300 х 0,5л = 150 х 300тг = 45000
еңбеккақы 300 х 250тг = 75000
тұрақты үстеме шығындары
300 х 1000тг = 300000
Барлығы: 300000
б) 28600 комплект өндірудің нақты шығындары
шикізат:
гипс 286 х 20кг = 5720 х 80тг = 4576000
бояу 286 х 0,5л = 143 х 300г= 42900
еңбек ақы 730сағ х 110тг = 80300
тұрақты үстеме шығындары 341200
Барлығы: 922000
в) Нормативтік шығындар бойынша сауда операцияларының есебі
- Нақты өткізу (сатылым)
(284 х 380тг) 107920
- Өткізілген өнімнің нормативтік өзіндік құны
(284 х 300тг) 85200
- Нақты өткізілген өнімнің нормативтік пайдасы – 22720