Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.23 Mб
Скачать

050113 «Биология» мамандығы үшін

Еңбек көлемі - 2 кредит (90 сағат)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы – 2006

Алғы сөз

1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогакалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН

2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22. 06. 2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН және ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

3. «Цитология» типтик оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің № 289 11.05.2005ж. бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген.

4. Типтік оқу бағдарламасы 050113 "Биология" мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

5. Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің География – экология факультетінің кеңесі ұсынған.

27.10.2006ж. Хаттама №2

Бұл типтік бағдарлама Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтіліп таратылмайды.

ТҮСІНІК ХАТ

Ұсыныльп отырған бағдарлама құрылымы жағынан да, мазмұны жағынан да едәуір толықтырылып, 2006 жылғы басылымының негізінде шығарылған.

Бұл бағдарлама университеттің жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналады. Бағдарламаның негізгі мақсаты цитология қурсын оқытудың жаңа белестері болып табылады. Демек, цитология - анатомия, эмбриология, генетика, физиология, биохимия т.б. ілімдерімен тығыз байланысты.

Университеттің оқу жоспарлары студенттерінің педагогикалық дайындықтарын арттыру мақсатында өңделіп талқылануға байланысты, арнаулы пәндерді оқуға бөлінген сағаттар көлемі әр түрлі мамандықтарда өзгере түседі.

Бұл бағдарлама алдымен 050113 – «Биология» мамандығының ең негізгі пәні ретінде жүретін болғандықтан, ғылымның соңғы жаңалықтарына негізделіп жазылған.

Цитология - клетка биологиясы жөніндегі ілімнен басталады. Клетка - ұлпалардың ең маңызды компоненті, тіршіліктің қарапайым негізі. Клетка биологиясының негіздері мен клетканың теориясын білместен эмбриондық дамуын, жануар құрылысының клеткалық және ұлпалық деңгейлерін түсіну мүмкін емес.

Цитологияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі, арнайы тәсілдермен дайындалған цитологиялық және гистологиялық препараттарды, яғни клеткалар мен ұлпаларды әртүрлі микроскоптар арқылы зерттеу.

Цитологиялық курста оқылған материалдар бойынша, лабораториялық сабақтар құрылған. Лабораториялық сабақта жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының, яғни көпклеткалы организмдердің органдары мен ұлпасының препараттары ұсьнылған. Сонымен қатар электронды микросуреттер, таблица, схема, атлас, көмекші оқу құралдары қолданылады.

Клетканың жеке құрылымдарының бірлігін, олардың өзара тіршілік байланыстарын, күрделі қатынастағы жеке жүйе екендігін, клетка компоненттерінің бірі екіншісіне тәуелді болатынын студенттердің логикалық жүйемен түсінуіне мүмкіндік жасайды.

Осылайша, аталған бағдарлама цитология курсының мазмұнын толық қамтиды.

Кіріспе

Клетка жөніндегі ілім XVII ғасырдан басталады. Клетканың құрылысының ашылуы микроскоптың шығуымен байланысты. Цитология - клетканың жалпы морфологиялық құрылысын, ішіндегі болатын зат алмасу процесін, сыртқы ортамен қарым қатынасын зерттейтін ғылым. Цитология пәнінің басқа пәндерімен байланысы, даму тарихы жөнінде қысқаша мәлімет.

Микроскоптың шығуы ХҮII-ХҮIII ғасыр. Клеткалық теория (Шванн, Шлейден, 1878). Ф. Энгельстің клетка теориясына берген бағасы, Вольф, Вер, Вирхов клеткалық теорияны одан әрі дамытудағы үлестері.

Прокариоттар эукариоттар клеткасы деп бөлуі, олардың бір-бірінен айырмашылығы.