- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
Жүйке іс әркетінің функционалдық жағдайына баға берудің арнайы әдістеріне зейінді, есте сақтауды, реакция шапшаңдығын, рефлекстердің қозғалғыштығын зерттеу, электроэнцефалография әдістерін жатқызады.
Зейінді зерттеу операторлардың жұмысына психофизиологиялық баға беруде маңызды болып табылады.
Зейіннің жинақталуын және тұрақтылығын “шатастырылған сызықтар” бланктік сынама әдісінің көмегімен анықтайды. Бланкіге сол жақтан басталып оң жақтан аяқталатын 25 шатастырылған сызбалар түсірілген. Сол жақтағы сызықтар нөмірленген. Зерттелуші көзімен сол жақтағы әрбір сызықтың жүрісін қарап алады да, сол жақтағы сызық қандай нөмірмен басталса оны оң жақтағы сызықтарға қояды. Тапсырмаға баға беруді оның орындалу уақыты және қателер саны бойынша эталонды бланк көмегімен жүргізеді.
Зейін көлемін “сандарды қою” әдісінің көмегімен анықтауға болады. Зерттелуші әрқайсысы 25 тордан тұратын екі төртбұрыш бейнеленген қағаз алады. Жоғарғы төртбұрыш торларында кездейсоқ тәртіппен әртүрлі екі мәнді сандар орналастырылған, төменгі төртбұрышта торлар бос. Зерттелушінің міндеті бос торларды өсу тәртібі бойынша жоғарғы төртбұрыштағы сандармен екі минут ішінде біртіндеп толтыру. Тексеру эталонды пайдалана отырып жүргізіледі. Дұрыс қойылған мәндердің сандары мен қателердің сандары есептелінеді. 12-13 сан дұрыс толтырылса зейін жеткіліксіз көлемде, 17-18 және одан да көп тор дұрыс толтырылса зейін жақсы көлемде деп айтуға болады. Сонымен қатар қойылған сандардың жалпы санына қате жауаптардың пайыздық қатынасы да есептелінеді.
Зейінді басқаға ауыстыру қабілетіне баға беру үшін келесі әдістемені қолданады. 49 тордан тұратын төртбұрыштың ішінде кездейсоқ тәртіппен қара түспен 1-ден 25-ке дейін сандар, қызыл түспен – 1-ден 24-ке дейін сандар жазылынған. Зерттелуші алдымен тікелей тәртіппен барлық қара сандарды көрсете отырып атап шығады, содан соң керісінше тәртіппен қызыл сандарды атап шығады. Тестті орындау уақыты 4 минуттан кем болғанда жақсы нәтиже, 4 минуттан жоғары болса – зейіннің жеткіліксіз ауысу деңгейі туралы айтуға болады.
Есте сақтауды зерттеу ақпараттың белгілі бір көлемін есте сақтау қабілетіне баға беруді қарастырады. “Сандарды есте сақтау” сынамасы тікелей есте сақтау қабілеттілігіне баға береді. Зерттелушіге 3 с бойына 10 екі мәнді сандарымен кесте көрсетіледі, содан соң ол 1 минут ішінде есінде қалған сандарды жазып шығуы керек. Олардың 30 немесе 40 минут өткеннен соң есіне түсуі ұзақ уақыттық еске түсіру қабілеті туралы айтады. Нәтижелерге баға беруде зерттелуші есіне сақтаған сандардың жалпы саны ескеріледі.
“Сандарды есте сақтау” сынамасы “сөздерді есте сақтау” сынамасымен алмастырылуы мүмкін. Бұл кезде зерттеуші біркелкі үнмен көп буынды емес және ойша бір біріне ұқсамайтын 10 сөз оқиды. Оқылып болғаннан кейін зерттелуші оларды дауыстап айтып шығуы керек. Есте сақтауға баға беруді 4-баллды жүйе бойынша жүргізеді: 8-10 сөзді (санды) есте сақтау өте жақсы есте сақтау қабілетіне, 6-7 – жақсы, 4-5 – қанағаттанарлық, 4-тен аз нашар есте сақтау қабілетіне көрсетеді.
Қарапайым көру (есту) – моторлық реакция шапшаңдығын тіркеу үшін әмбебап хронорефлексометр қолданады. Зерттелуші аспаптың жарықтық немесе дыбыстық сигналы берілетін және уақыттың электронды есептегішін тоқтататын тетігі бекітілген шығарушы блогының алдына отырады. Сыналушы тетікке саусағын қойып отырып, сигнал берілгеннен кейін тездетіп оны басуы керек. Зерттеуші басқару панелімен кілтті басқыштың (тумблердің) алдында отырады да осы немесе басқа сигналды береді. Сыналушымен тетік басылғаннан кейін сигнал өшіріледі, ал есептегіш реакцияның миллисекундтағы жасырын уақытын түсіріп алады. Бірінен кейін бірі жүретін 10 сигналдар топтамасын беруге болады, бұл кезде қарапайым қозғалыс реакциясының жасырын кезеңінің орташа көрсеткішін есептейді.
Көру немесе есту анализаторында жүйкелік үрдістердің қозғалғыштығын зерттеу ОЖЖ функционалдық жағдайын зерттеу үшін жүргізіледі. Жыпылықтар қосылысының ең шеткі жиілігін (ЖҚЕЖ) анықтау үшін жыпылықтау жылдамдығы потенциометр көмегімен өзгеріп тұратын жарық сигналдары топтамасын көрсетеді. Сыналушы оған жарықтық белгі үздіксіз болып қабылданатын ең минимальды жыпылықтау жиілігін анықтауы тиіс.
Дыбыс тербелістері қосылыстарының ең шеткі жиілігін анықтауды келесідегідей жүргізеді: зерттелушіге жиілігі біртіндеп өзгеретін генератордан дыбыстық импульстар беріледі. Импульстар олардың жиілігінің максимумға дейін біртіндеп жоғарылата отырып беріледі. Зерттелуші жекелеген дыбыс импульстерінің біртекті үнге ауысқан сәтін анықтауы керек.
Электроэнцефалография (ЭЭГ) ОЖЖ функционалдық жағдайын зерттеудің объективті аспаптық әдісіне жатады және бас миының биоэлектрлік белсенділігін тіркеу болып табылады.
