
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
Физиологиялық-гигиеналық зерттеулер тәжірибесінде гемодинамикалық көрсеткіштерді өлшеу және электрокардиография әдістері жиі қолданылады.
Еңбек гигиенасы дәрігерінің кең іс тәжірибесінде қол жеткізуге болатын, қан айналым жүйесінің функционалдық жағдайының негізгі көрсеткіштеріне артериалды қысымды, жүрек соғу жиілігін, жүректің соғу және минуттық көлемін, орташа динамикалық қысымды анықтау жатады.
Жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ) – жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық жағдайының лабильді және ақпаратты көрсеткіші. Ол қолмен сезумен, ЭКГ-мен немесе көзбен пульсотахометр бағанасында саналуы мүмкін. Жүрек соғу жиілігі бойынша статикалық жүктемесі басым операцияларда, сонымен қатар жалпы, аймақтық және жергілікті динамикалық жұмыста шектік рұқсат етілген физикалық кернеулілік шамасы нормаланады.
Қазіргі уақытта ЖСЖ жұмыс кезінде анықтау оттегін максимальды жарату (ОМЖ) деңгейіне жанама баға беру үшін қолданылады. Бұл жұмыс кезінде жүрек соғу жиілігі мен оттегін жаратудың жоғарылау дәрежесі арасындағы параллельдікке негізделген. Бұл кезде физикалық еңбекке қабілеттілік көрсеткіші қолданылады PWC170 (physical working capacity):
МПКшығ = 1,7 PWC170 + 1240 (мг/мин).
ОМЖ мәні адамның физикалық еңбекке қабілеттілік деңгейін көрсетеді. Сонымен бірге, ОМЖ шамасы белгілі дәрежеде, сыналушыда жүректің минуттық көлемінің мүмкін болатын өсу шектерін анықтай отырып жүрек-тамыр жүйесіне баға береді. Шынықпаған адам үшін (ер адам) ОМЖ 2,8 - 3,03 л/мин (σ = 0,4±0,46 кезінде) құрайды.
Артериалық қысым (АҚ) Ривва-Роччи аппаратымен, немесе Н.С. Коротков әдісімен сфигмоманометр арқылы өлшенеді. Систолалық және диастолалық қысым мәліметтері бойынша келесі гемодинамикалық көрсеткіштер есептелуі мүмкін:
Пульстық қысым (ПҚ) өзгерістері бойынша жүрек жұмысы туралы жанама көріністер құрастыруға болады:
ПҚ = СҚ – ДҚ,
мұнда, ПҚ – пульстық қысым, мм. с. б. б.; СҚ – систолалық (максимальды) қысым, мм. с.б. б.; ДҚ – диастолалық (минимальды) қысым, мм. с. б.б.;
Орташа динамикалық қысым (ОДҚ) тұрақтылықпен сипатталады, оның өзгерісі қан айналым реттелу механизмдерінің тұрақсыздығын көрсетеді:
ОДҚ = ПҚ +ДҚ;
3
жүректің соғу көлемі (СК), Старр формуласымен анықталынады:
СК = 101+0,5СҚ – 1,09ДҚ – 0,6 ·В
мұнда СК – соғу көлем,мл; СҚ - систолалық қысым; ДҚ - диастолалық қысым, В – зерттелушінің жасы, жылдармен.
жүректің минуттық көлемі (МК) – соғу көлем мен жүрек соғу жиілігінің туындысымен анықталынады:
МК = СК ·ЖСЖ.
Жүрек тамыр жүйесінің функционалдық жағдайына нақтырақ баға беру үшін қажетті минуттық көлемді анықтау да мақсатты (ҚМК):
ҚМК = 2,2 · S,
мұнда 2,2 – жүректік индекс, л; S зерттелушінің денесінің беткейі, келесі формуламен есептеледі:
МК мен ҚМК-ді келістіру, жүйедегі әртүрлі факторлардың әсерімен болған функционалдық өзгерістердің арнайылығын дәлірек сипаттауға мүмкіндік береді.
,мұнда
– дене салмағы, кг; h – бой ұзындығы, см;
– әйелдер үшін 0,162, ал ерлер үшін – 0,167
тең болатын коэффициент. Есептеулерді
жеделдету үшін дене беткейлерін
номограмма бойынша анықтауға болады
(2.1 сурет).
Гемодинамикалық көрсеткіштер жұмыс істеуші мүшелердің оттегімен, қоректік заттармен, гормондармен және басқа да реттегіштермен қамтамасыздалуы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістердің сипаты мен айқындылығы еңбектің ауырлық және кернеулік дәрежесін көрсетеді. Мысалы, өте аз бұлшықет жүктемесі кезінде СК-нің жылдамдықсыз немесе ЖСЖ-нің болар болмас жылдамдауы кезінде жоғарылауы ең рационалды және тиімді реакция болып табылады. Осы жоғарылау есебінен қан айналудың МК-і жоғарылайды және жұмыс істеуші бұлшықеттер қанның қажетті мөлшерін алады.
Ауыр бұлшықет жүктемесі, әсіресе, қолайсыз гигиеналық жағдайларда, аз рационалды реакция туғызады. Ол МК-нің жеткілікті шамада жоғарылауы ешқандай жүрек бұлшықет күшінің және СҚ-нің жоғарылау есебінен емес, көп дәрежеде пульстің жиілеуі есебінен болатынын көрсетеді.
Қанағаттанарлықсыз еңбек жағдайларындағы одан да ауыр жүктемелерде қанайналу жүйесінің реакциялары одан да аз рационалды және адекватты болады. Ең ауыр еңбекте, қалай дене еңбегі болсын, сондай-ақ ой еңбегінде де қан айналу жүйесі жағынан парадоксальды патологиялық реакциялар анықталады.
Жұмысшыларда СК көрсеткіші азаяды, ол болса сәйкес пульс жиілігімен қалпына келтірілмейді. Кейде бұл, тұрақты жұмысқа қабілеттілік кезеңімен немесе оның орташа ауысымдық жиілігімен салыстырғанда салыстырмалы түрде пульстің баяулауымен жүреді. Соның нәтижесінде МК жоғарыламайды, ал кейде тіптен азаяды. ОДҚ көрсеткішінің қарама қайшы жақтарына парадоксальды ауытқулар пайда болады, әсіресе ой еңбегімен айналысатын жұмысшыларда.
Көп жағдайларда аталған патологиялық реакциялар уақытша сипатта болады. Жұмысшылардың бір бөлігінде әртүрлі себептермен байланысты бұл ауытқулар тоқтатылады және уақыт өте сәйкес жүрек-тамыр ауруларына айналуы мүмкін.
Электрокардиография (ЭКГ) дене беткейлерімен өтетін жүрек потенциалдары айырмасын тіркеуге негізделген.
Физиологияда және еңбек гигиенасында екі жиекті өткізулер қолданылады және жиірек үш классикалық, немес стандартты, өткізулер: 1) қол-қол; 2) оң қол – сол аяқ; 3) сол қол – сол аяқ.
Өндіріс жағдайларында ЭКГ тіркеу “Салют” портативті электрокардиографының көмегімен іске асырылуы мүмкін.
Дені сау адамдара ЭКГ ағзаның жағдайы туралы салыстырмалы түрде аз ақпарат береді. Қазіргі кезде ЭКГ мәліметтерін өңдеуге арналған бірқатар әдістемелік нұсқалар жасалған, олар адамның еңбек іс-әрекеті үрдісінде зерттеу жүргізу маңыздылығын едәуір жоғарылатады. Соның ішінде вариациялық пульсометрия әдісін жатқызуға болады.
В
ариациялық
пульсометрия R-R аралығының өлшеу
мәліметтеріне негізделген. Ол үшін
зерттелушіден 2½-3 минут бойына үздіксіз
ЭКГ жазбасын жүргізеді. Бірінен кейін
бірі 75-100 R-R аралықтарын өлшейді.
Осы алынған мәліметтер негізінде вариациялық қисық тұрғызылады (2.2.сурет).
Сызбадағы вариациялық қисық сұлбасы және оның түрі жүйкелік әсерлердің жүрек іс-әрекетіне сипаты туралы мәлімдеме береді. Симпатотония вариация қисығының солға жылжуымен сипатталады, бұл кезде қисық тарылған және үшкір шыңы біреу болады. Ваготония кезінде қисық оңға жылжыған, кеңейген және бірнеше шыңдары болады. Вегетативті жүйке жүйесінің жағдайын сипаттайтын үш қисық типін бөлуге болады: нормотоникалық (аралық модасы 0,7-0,9 с шамасында), симпатотоникалық (0,5-0,7 с модасында) және ваготоникалық (аралық модасы 1,0-1,2 с шамасында). Вариациялық қисық жеткілікті түрде толық мода көрсеткіштері (Мо), мода амплитудасы (АМо) және вариациялық серпіліс ∆х бойынша бейнеленуі мүмкін. Мо - ең жиі кездесетін R-R аралығының мәні, АМо - R-R-аралығы шамасының талданатын аралықтардың жалпы санынан пайызбен алынған ең жиі кездесетін мөлшері, ∆х – максимальды және минимальды аралықтардың айырмашылығы.
Жүрек ырғағының математикалық талдау көрсеткіштері бойынша реттелу механизмдерінің кернеулік дәрежесі туралы да айтуға болады. Бұл мақсатта кернеулік индексін (КИ) пайдаланады, ол арнайы формула арқылы есептелінеді:
.
Бейімделу механизмдерінің кернеулігі кезінде басқару үрдісіне аса жоғары деңгейлердің қосылуы басқарудың орталықтандырылуына және кернеулік индексінің сәйкес өзгерістеріне, мода амплитудасының жоғарылауына, мода шамасының және вариациялық серпілістің азаюына алып келеді.
КИ-нің мәні тыныштық жағдайда 20-70-тен физикалық немесе эмоционалдық стресс кезінде 500-1000-ға дейін өзгереді. Кардиоаралықтарды талдау жұмыс үрдісінде реттеу механизмдерінің кернеулігінің жоғарылағаны және оның еңбек сипатына тәуелділігі туралы куәлік береді. КИ-нің өзгерістері бірқатар операторлық жұмыстарда және физикалық жүктемеде тіркеледі.
Жүрек іс-әрекетінің жағдайы, сондай-ақ есептеуі өте қарапайым басқа да әртүрлі индекстер мен коэфициенттер көмегіменде сипатталынады.
Жүрек индексі (ЖИ) қан айналым қарқындылығын сипаттау үшін қолданылады және МК шамасының дене беткейлері бірлігіне (ДБ) қатынасы болып табылады:
.
Негізгі алмасу жағдайында дені сау адамда ЖИ 2,2± 0,3л/мин· м² құрайды.
Кердо вегетативті индексі (КВИ) парасимпатикалық жүйкеленудің жүрек әрекетіне әсер ету дәрежесін көрсетеді. Ол келесі формуламен есептеледі:
.
КВИ оң шамасы симпатикалық әсердің басымдылығын, теріс – парасимпатикалық әсердің басымдылығын көрсетеді.
Шыдамдылық коэффициенті (ШК) жүрек-тамыр жүйесінің физикалық жүктемелер орындауға шынығу дәрежесіне баға беру үшін қолданылады. Ол ЖСЖ-нің ПҚ-ға қатынасымен көрінеді:
ПҚ-ның азаюымен байланысты ШК-і шамасының жоғарылауы жүрек-тамыр жүйесінің шынықпағандығының көрсеткіші болады.
Реакция сапасының көрсеткіші (РСК) сол мақсатта қолданылады және қарқынды жұмыс атқарғаннан кейін қалпына келу кезеңіне сипаттама береді. РСК келесі формула бойынша анықталынады:
,
мұнда
және
–
жүктемеге дейінге пульстік қысым және
пульс;
және
-
жүктемеден кейінгі пульстік қысым мен
пульс.
Дені сау адамда РСК бірден аз. РСК шамасының жоғарылауы жүрек-тамыр жүйесінің жүктемеге қолайсыз реакциясы туралы айтады.