
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
Гигиеналық зерттеу тәжірибесінде жүйке-бұлшықет аппаратының (ЖБА) еңбекке қабілеттілігін және зорығуын анықтау үшін динамометрия, треморометрия және электромиография ең жиі қолданылады.
Динамометрия жекелеген бұлшықет топтарының өз еркімен жиырылуының негізгі көрсеткіштерін анықтау әдісі болып табылады. Оларға максимальды ерікті күш (МЕК), статикалық күштеуге шыдамдылық және интегральды көрсеткіш – максимальды бұлшықеттік жұмыс қабілеттілік (МБЖҚ) жатады.
Бұлшықет күші, ол дамыта алатын ең үлкен кернеулікпен анықталынады. Бұл кездегі негізгі өлшеу аспаптарына әртүрлі динамометрлер – қол күшін өлшеуге арналған гидравликалық және механикалық, арқа жазғыш бұлшықеттер күшін өлшеуге арналған аяқтық динамометр. Күшті өлшеу кезінде зерттелуші динамометрдің сәйкес құрылымына максимальді күш (жәймен, шектен тыс күштенусіз) түсіреді. Қол жеткізген максимальды күш 1-2 секундқа белгіленуі тиіс.
Статикалық күштенуге шыдамдылық зерттелушінің күшін ұстап тұра алатын кезеңінің ұзақтығымен анықталады, ол МЕК-тен 75 % құрайды. Шыдамдылықты өлшеу кезінде, зерттеуші күшті шыдамы жеткенше максимальды ұзақ ұстап тұруын өтінеді. Зертелуші күштенудің қажетті деңгейіне жеткен кезде, зерттелуші секундомерді қосады және оны күшті ұстап тұруға шыдамы біткен кезде өшіреді. Секундпен алынған, күштенуді ұстап тұру уақыты статикалық шыдамдылық көрсеткіші болып есептеледі.
МБЖҚ берілген күшті ұстап тұру уақытындағы күштің туындауы сияқты екі өлшенген динамометрлік көрсеткіштер негізінде анықталынады.
Еңбекке қабілеттілік төмендегенде, зорығу пайда болған кезде динамометрлік көрсеткіштер де ереже бойынша төмендейді. Статикалық шыдамдылықтың төмендеу шамасы еңбек кезіндегі физикалық зорығу деңгейінің бір көрсеткіші болып есептеледі. Кәдімгі еңбек күні үрдісіндегі шыдамдылықтың 5-10 % -ке төмендеуі қолайлы, 20% - шекті рұқсат етілген болып табылады. Бұл деңгейден асып кетуі ЖБА-ның айқын зорығуын көрсетеді және еңбек операцияларын механизациялау және автоматизациялау, еңбек нормаларын өзгерту (өндіру, уақыт, жұмысшылар саны нормаларын және т.с.с.), еңбек және демалыс режимдерін рационализациялау жолдарымен еңбек жүктемесін төмендету шараларын жүргізуге негіз болады.
Треморометрия - қол бұлшық еттерінің тұрақты еріксіз ұсақ тербелістерін тіркеу. Треморометрияға талдау жасау тербелістердің амплитудасы және жиілігі бойынша жүргізіледі. Электротреморометрде гигиеналық зерттеулер тәжірибесінде амплитуда мүсінді паздар жиектеріне тию санымен көрінеді. Өлшеу жүргізу барысында зерттеуші электротреморометр есептегішінің көрсеткіштерін жазып отырады және оны қосады. Зерттеуші белгісімен (бұл кезде ол секундомерін іске қосады) зерттелуші темір таяқшаны барлық мүсінде паздардың үстімен жүргізіп өтеді. Тапсырма орындалғаннан кейін секундомер тоқтатылады және тағы да есептегіш көрсеткіші тіркеледі. Есептегіш көрсеткіштерінің айырмашылығы паз жиегіне таяқшаны тигізу санын көрсетеді. Жиекке тиюдің жалпы санын тесті орындау уақытына бөлгенде жиілік – 1 с тигізу саны анықталынады.
Зорығу пайда болғанда тремор күшейеді, бірақ зерттеу нәтижелерін талдағанда антогонист-бұлшықеттер кернеулігінің теңдесу дәрежесінің әсерін, сонымен қатар көру және қозғалу анализаторларының бірлесіп теңдесу нәтижесін де ескерген дұрыс.
Электромиография (ЭМГ), яғни бұлшықеттердің биоэлектрлік белсенділігін тіркеу, ЖБА-ның функционалдық жағдайын объективті баға беретін ең бір парапар әдістемелерге жатады. Өткізу сипатына қарай қосынды ЭМГ (терілік электродтар көмегімен өткізіледі) және жекелеген қозғалыс бірліктерінің ЭМГ (өткізу инелі электродтар көмегімен іске асырылады) ажыратады. Гигиеналық зерттеулерде, ережеге сай, қосынды ЭМГ қолданылады. Ол құрамына мотонейрон, оның аксоны және бірнеше бұлшықет талшықтары кіретін бірқатар қозғалтқыш бірліктердің әсер ету потенциалдарын қосу нәтижелері болып табылады. Зерттеушінің міндетіне осы потенциалдарды өткізу, күшейту және тіркеу жатады. Осы мақсатта электромиографтар қолданылады. ЭМГ жазбаға түсірер кезде тері кедергісін төмендету үшін бұлшықеттің қозғалтқыш нүктесі аймағында (қозғалту бірліктерінің ең көп жиналған жері) оны өңдейді, теріге жабыстырғыш көмегімен электродтарды бекітеді (әрбір бұлшық етке 2 электродтан - биполярлы өткізу) және шағылысуды төмендету үшін сыналатынды арнайы электрод арқылы “жерлетеді”. Барлық өткізуші электродтар тіркегіш блокпен байланысқан күшейткіштің аузына қосылады.
ЭМГ сандық талдау жасауға осцилляциялар шамасын және олардың жүру жиілігін анықтау кіреді. Дамыған аспаптарда бұл үрдіс микропроцессорлық техника көмегімен іске асырылады және дисплей экранына жиіліктік спектр және ЭМГ енуші сигналының орташа шамасы туралы әріптік-сандық ақпарат түседі.
ЭМГ механизмін өңдеу тісшелер биіктігінің жоғарылайтын тізбегін миллиметрлермен өлшеу және тербелістердің орташа амплитудасын анықтауды тұрады. Микровольттағы мм мәнін біле отырып (ЭМГ тіркемесіне дейін жасалынатын калибрлік сигнал бойынша жазылады) осцилляция шамасын табады.
Осцилляцияның таралу жиілігін уақыт бірлігіндегі (1 с импульс) тісшелер санын есептеу арқылы табады.
ЭМГ амплитудасының өсуі және осцилляция таралуының азаюы зорығуды диагностикалауда ең ақпартты көрсеткіштер болып табылады, бірақ тек міндетті түрде келесі шартты орындалса ғана, яғни – тұрақты жүктемеде. Өндірістік жағдайларда салынатын күштің төмендеуі, жұмыс қалпының, жұмыс қозғалыстары сипатының өзгеруі, жұмысқа басқа да бұлшықет топтарының қосылуы және т.с.с. мүмкін болуы себепті бұл шарт бұзылуы мүмкін, ол ЭМГ-көрсеткіштері бойынша зорығуға баға беруді қиындатады. Осыған байланысты бұлшықет зорығуына баға беру үшін мөлшерленген физикалық жүктемесі бар тесттер қолданылады, мысалы белгілі бір уақыт аралығында (30 с немесе “бас тартқанға” дейін) МЕК- тен 50,75 %-ін ұстай отырып, бір мезгілде ЭМГ тіркеу. Жұмыс күні бойында мөлшерленген жүктемелерді ұстап тұру уақытындағы бұлшықеттердің биоэлектрлік белсенділігін салыстыру ЖБА-ның функционалдық жағдайы туралы объективті сипаттама алуға қол жеткізеді.