
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
Егер мүшелер мен жүйелердің физиологиялық зерттеулер нәтижелерін хронометраждық мәліметтермен толықтыратын болса, онда аса бағалы құндылыққа қол жеткізуге болады. Хронометраж әдісі, яғни жекелеген жұмыс операцияларының орындалу ұзақтығын анықтау, еңбекке қабілеттілік өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді. Белгілі бір операцияға жұмсалынған уақыттың біртіндеп жоғарылауы, зорығудың пайда болғанына куәлік етеді. Хронометраждық бақылау әдісі еңбек үрдісіне (еңбек режимі, жұмыс ырғағы, жекелеген операцияларды орындау екпіні) баға беру үшін, еңбек жағдайының адам ағзасының функционалдық жағдайына мүмкін болатын әсерін анықтау, ЕҒҰ мәселелерін шешу үшін қолданылады.
Хронометраждық зерттеулер
Хронометраждық бақылау картасы №_________________
Кәсіпорын________________________Цех__________
Кәсіп__________________________________________
Орындалатын операциялардың қысқаша түсінігі___________
________________________________________________
Бақылау уақыты: басталуы____________аяқталуы_________
Хронометраждық есептеулер қорытындылары
Бақылау уақыты |
әрбір сағат бойындағы бір операцияның орташа ұзақтығы (мин, с) |
1-ші сағат |
|
2-ші сағат |
|
3-ші сағат |
|
және т.с.с. |
|
Жұмыс күнінің толтырылуы
Жұмыс опера -циялары |
Қосымша жұмыстар
|
Бос уақыттар
|
Алаңдаған кездері |
|||
өндірістік |
өздігінен |
|||||
Минуттар мен секундтарда |
||||||
|
|
|
|
|
||
Жұмыс ауысымының жалпы уақытынан пайызбен алғанда |
||||||
|
|
|
|
|
Ескерту. Жұмыс күнінің толтырылуы аз болып есептеледі, егер жұмыс операцияларына, қосымша жұмыстарға және өндірістік алаңдауларға кеткен уақыт қосындысы жалпы жұмыс ауысымының жалпы уақытының 75 % -ін алса, 75-85 % - жеткілікті, 86-95 % - қарқынды, 95% -тен асса өте қарқынды.
Бақылау жүргізер алдында еңбек үрдісімен, ескерілетін жұмыс операцияларының сипатымен немесе олардың элементтерімен, еңбек жағдайының ерекшеліктерімен танысу қажет. Зерттеуге алынатын операциялардың ретінің шамамен алынған сызбасы жасалынады, ол үшін зертелуге алынатын еңбек үрдісін немесе оның элементтерін жекелеген операцияларға дұрыс тармақтау керек.
Хронометражды секундомер көмегімен, жүріп тұрған уақытпен, яғни тілдің қозғалуын тоқтатпай, тек әрбір жұмыс үрдісінің, әрбір операцияның әрбір элементінің аяқталу уақытын белгілей отырып жүргізеді.
Хронометраж әдісі келесі мәліметтерге қол жеткізеді: 1)ауысым уақытынан, еңбек режимінен, жұмыс екпінінен тәуелділігін анықтай отырып, жұмыс күні бойындағы жекелеген операциялардың орташа ұзақтығына; 2) еңбек жағдайын және ұйымдастырылуын сипаттайтын негізгі және қосымша операциялардың орындалуына, бос уақыттарға және қондырғыларды жөндеу жұмыстарына, кеткен қателіктерді түзеуге, материалды күтуге, өзіндік және өндірістік алаңдауларға жұмсалынғын уақытты білуге; 3) жұмыс күнінің толықтығын.
Хронометраж нәтижелері кесте түрінде немесе график түрінде берілуі мүмкін.