Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер

МСЭҚБ мен емдік мекемелер дәрігерлерінің бірлесіп жүргізілетін кәсіптік аурлардың алдын алу шараларының ішінде алдын алу медициналық тексерулері ерекше орын алады. Жұмысқа қабылдану кезінде алдын ала және зиянды және қауіпті еңбек жағдайының әсеріне ұшырайтын жұмысшыларды алдын-ала кезеңдік медициналық тексерулерден өткізу міндеттілігі ҚР-ның «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» заңымен және «Еңбек туралы» заңымен анықталған. Медициналық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі №243 12.03.2004ж. ҚР кәсіпорындық медициналық денсаулық министрлігінің «Жұмысшыларды алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерін өткізу міндетті болатын зиянды өндірістік факторлардың, мамандықтардың тізімін бекіту туралы» бұйрығымен регламенттеледі, оларда келесі нұсқаулық материалдар келтірілген:

  • жұмыс істеу кезінде кәсіптік аурушаңдықтың алдын алу мақсатында жұмысқа қабылдануда алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізу міндетті болатын зиянды, қауіпті өндірістік орта факторларының (химиялық, физикалық, биологиялық) және еңбек үрдісінің тізімі;

  • осы медициналық тексерулерді жүргізуге қатысатын дәрігер-мамандар және еңбек үрдісіндегі белгілі бір этиологиялық факторлар бойынша қажетті зертханалық және функционалдық зерттеулер, сонымен қатар емдік-профилактикалық мекемелердегі және кәсіптік патология орталықтарындағы тексерулердің кезеңділігі; зиянды, қауіпті заттармен және қолайсыз өндірістік факторларымен байланысты жұмыстарға жіберудің медициналық қарсы көрсеткіштерінің тізімі;

  • аурулардың, бақытсыздық жағдайларының алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын қорғау, жұқпалы және паразитарлы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында жұмысқа қабылдануда алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерді өткізу міндетті болатын жұмыстардың тізімі; тексерулерді жүргізуге қатысатын дәрігер-мамандардың және қажетті зертханалық және функционалдық зерттеулердің тізімі, сонымен қатар тексерулердің кезеңділігі;

  • аурулардың, бақытсыздық жағдайларының алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еңбекшілерді жұмысқа жіберудің медициналық қарсы көрсеткіштерінің тізімі;

  • жұмысқа қабылдануда алдын ала және жұмысшылардың кезеңдік медициналық тексерулерін жүргізу туралы нұсқау және басқа да құжаттар.

Жұмысқа қабылданудағы алдын ала медициналық тексерулер ортамен еңбек үрдісінің қауіпті және зиянды факторлары бар өндірістерде жаңадан жұмысқа қабылданғандар үшін келесі мақсаттарда жүргізіледі: 1) жұмысшылар мен қоршаған адамдар үшін жауапкершілік және қауіптілік дәрежесі бойынша ерекшеленетін жұмысқа тек, денсаулық жағдайы бойынша берілген кәсіпке қойылатын талаптарға жауап беретін адамдарды ғана жіберу керек. Мысалы портты және балқыту крандарының краншыларында вестибулярлы аппараттың бұзылыстары, көру алаңының 20° аса шектелуі және т.б. болмауы керек; 2) денсаулық жағдайында, өндірістік зияндылықтардың әсерінен күшеюі мүмкін және кәсіптік аурулардың дамуына алып келуге қабілетті ауытқулары жоқ адамдарды жіберу керек. Мысалы, созылмалы бронхитпен немесе созылмалы өкпе қабынуымен ауыратын адамдар асбест шаңы әсер ететін өндірістік жағдайларда жұмыс істей алмайды, себебі ол аурудың ағымын нашарлатуы мүмкін және асбестозға алып келуі мүмкін; 3) денсаулық жағдайында жұқпалы аурулардың немесе паразитарлы аурулардың таралуына алып келуге қабілетті ауытқулары жоқ адамдарды жіберу керек. Мысалы, жұқпа қоздырғыштарын тасымалдаушылар қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, тамақ өнеркәсібіне, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорнына, балалар мекемелеріне және т.б. жіберілмейді.

Медициналық тексерулер кез келген жекеменшік түріндегі, сәйкес лицензиясы және сертификаты бар емдік-профилактикалық мекемелермен жүргізіледі (аймақтық емханалар, кәсіпорындардың медициналық-санитарлық бөлімдері және т.б.). Психиатрдың тексеруі зерттелушінің тұрақты тұратын жері бойынша психоневрологиялық диспансерде (бөлімшеде, кабинетте) жүргізіледі. Мамандар мен зертханалық зерттеулер сәйкес тізімдермен анықталады (№ 243 ҚР ДМ бұйрығының сәйкес тізімдерімен).

Медициналық тексеруге жолдама, берілген мамандықта әсер етуі мүмкін зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың тізімі емдік профилактикалық мекеменің емдеуші дәрігеріне (денсаулық пунктінің, аймақтық бөлімнің және басқалардың дәрігер-терапевті) ұсыну үшін жұмысшыға жұмыс беруші арқылы беріледі.

Берілген мамандықта денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы мәселелерін шешуде емдік мекеменің дәрігері қауіпті және зиянды заттармен және де қолайсыз өндірістік факторлармен жұмыс істеуге жалпы медициналық қарсы көрсеткіштер тізімін (ҚР ДМ №243 бұйрығы), сонымен қатар әрбір өндірістік факторға, оның әсер ету ерекшеліктері ескерілген қосымша қарсы көрсеткіштерді басшылыққа алады.

Медициналық тексеру мәліметтері амбулаторлық медициналық картаға түсіріледі, бұл кезде дәрігер-маман жұмысшының кәсіптік жарамдылығы туралы өзінің қорытындысын береді.

Берілген жұмысқа жарамды болып табылған адамдарға емдеуші дәрігер қолын қойған және емдік мекеменің мөрі басылған сәйкес қорытынды беріледі. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлармен жұмыс істеу қарсы көрсетілген немесе күмәнді жағдайларда клиникалық-сараптамалық комиссияның (КСК) қорытындысы жұмысшының қолына беріледі және көшірмесі 3 – күндік мерзімде жолдама берген жұмыс берушіге жіберіледі.

Алдын ала медициналық тексерулердің тиімділігі көбінесе олардың мақсатымен, жүргізу мұқияттылығымен және медициналық құжаттардың толықтығымен анықталады.

Берілген кәсіпорында санитарлық қадағалауды іске асыратын еңбек гигиенасының дәрігері, жұмыс берушіге, берілген мамандық бойынша жұмыс істеуге тек алдын ала медициналық тексерулерден өткізілгеннен кейін жіберілуі тиіс мамандықтардың тізімін даярлауы және тапсыруы (кәсіпорынның мамандар бөліміне) керек және жаңадан жұмысқа қабылданып жатқандар үшін бұл тексерулердің міндетті түрде жүргізілуіне бақылауды іске асыруы тиіс (қамту толықтығы, медициналық комиссияның құрамы және зертханалық зерттеулер жиынтығы, қарсы көрсеткіштердің ескерілу дәрежесі).

Осы тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу сапасын тексеру материалдары бойынша сәйкес нұсқамен акт толтырылады. Медициналық тексерулерден өтпеген немесе медициналық қорытынды бойынша кәсіптік жарамсыз болып табылған адамдарды жұмысқа жіберілуіне әкімшілік жауап береді. Медицицналық тексерулерден өтуден бас тартқан адамдар жұмысқа жіберілмейді.

Кезеңдік медициналық тексерулер, яғни зиянды факторлар әсер етуі жағдайындағы жұмысшылардың денсаулық жағдайына ретті түрде мұқиат бақылау жасау, келесі мақсаттарда жүргізіледі: 1) кәсіптік ауруларды дер кезінде анықтау және соның негізінде патологиялық үрдістің одан әрі дамуын тоқтататын шараларды қабылдау; 2) зиянды еңбек ету жағдайларында жұмыс істеуіне кедергі келтіретін, шалдыққан жалпы ауруларын анықтау (яғни қарсы көрсеткіш болып табылатын); 3) зерттеу мәліметтеріне қарай жеке емдік-профилактикалық шараларды қамтамасыз ету. Тексерулер мәліметтері сондай-ақ өндірістік ортаның зиянды факторларын жоюға және еңбек жағдайын сауықтыруға бағытталған шараларды өңдеу үшін қолданылады.

Кезеңдік медициналық тексерулерді ұйымдастыруда, медициналық тексерулерден өткізілуі тиіс контингенттерді анықтаудан бастап және одан әрі осы жұмыста істеу уақыты бойына, тіпті нәтижелерге талдау жасауға дейін және ұсынылған емдік-профилактикалық және гигиеналық шаралардың орындалуына бақылау жасауда, негізгі орынды еңбек гигиенасы дәрігері алады. МСЭҚБ нақты санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайды басшылыққа ала отырып сараптама жасау барысында медициналық тексерулерді (адамдар тобын немесе бір адамды) сәйкес тізімдерге келтірілгендерге қарағанда жиірек жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдауға құқылы болады.

МСЭҚБ жыл сайын желтоқсан айында, ҚР ДМ-нің № 243 бұйрығын басшылыққа ала отырып, өз қарамағындағы әрбір өнеркәсіп орнындағы келер жылда медициналық тексерулерден өткізілетін контингенттерді анықтайды. Тексерулерді жүргізу мерзімдері қалыптастырылған кезеңділікке сәйкес келуі керек. Медициналық тексерулерден өткізілуі тиіс контингенттер МСЭҚБ –мен құрылатын комиссиямен жүргізіледі және оның құрамына еңбек гигиенасы дәрігерінен басқа кәсіподақ ұйымының өкілі және жұмыс берушінің өкілі (кәсіпорын әкімшілігінің) кіреді.

Санитарлық тексеру нәтижесінде акт толтырылады, онда цехтардың, бөлімдердің, берілген мамандардың тексеруден өткізілу қажеттетілігін қамтамасыз ететін мамандықтардың және қолайсыз факторлардың аталуын және әрбір мамандықтағы жұмысшылар санын көрсетеді. Кәсіпорынның әкімшілігі (цехтардың, бөлімдердің бастықтары) тексеру актілерінің негізінде бір ай мерізімінде мамандықтары, олар әсеріне ұшырайтын өндірістік факторлар, берілген жағдайларда жұмыс істеу өтілі көрсетілген, медициналық тексерулерден өткізілуі тиіс, жұмысшылардың аты-жөні көрсетілген тізімін жасайды. Тізім МСЭҚБ мекемелерімен келісіледі.

Емдік-профилактикалық мекеме (медициналық-санитарлық бөлім, емхана және басқалар) МСЭҚБ мекемелерінен алынған медициналық тексерулерден өткізілуі тиіс контингенттер тізімі мен әкімшіліктен алынған жұмысшылардың аты -жөні көрсетілген тізімінің негізінде осы жұмыстың күн тізбелік жоспарын жасайды. Медициналық тексерулерді өткізу жоспары белгілі бір нұсқамен құрастырылады және міндетті түрде еңбек гигиенасы дәрігерімен келісіледі.

Кәсіпорын әкімшілігі медициналық тексерулерді өткізу туралы бұйрық шығарады, онда тексерулер өткізілетін цехтар, мерзімдері, өткізілу орындары көрсетіледі. Әкімшілік осы тексерулерге жұмысшылардың дер кезінде және ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етеді және жауапкершілікке алады.

Берілген кәсіпорынға қызмет көрсететін емдік-профилактикалық мекеме, талап етілетін көлемге сәйкес, әрбір тексерілушіге жеке медициналық тексеруді қамтамасыз етеді және медициналық тексерулердің сапасына және қорытындылардың негізділігіне жауапкершілік алады. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізетін дәрігерлер қалай кәсіптік аурулар саласында (әсіресе оны дер кезінде анықтауға) жақсы дайындалған болса, солай куәландырылудан өтіп жатқан жұмысшылар әсеріне ұшырайтын өндірістік зиянды факторларына қатысты еңбек гигиенасынан да жақсы дайындалынған болуы керек. Дәрігерлердің дайындығын емдік-профилактикалық мекемелер мен МСЭҚБ мекемелерінің бас дәрігерлері қамтамасыз етуі тиіс. Емдік мекеме дәрігерлерінің дайындық деңгейіне медициналық тексерулердің сапасы тікелей тәуелді болады.

Кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізуші негізгі адам, ереже бойынша, цехтік дәрігерлік бөлімнің бөлімшелік дәрігер-терапевті немесе аймақтық дәрігерлік бөлімшенің бөлімшелік дәрігер-терапевті болып табылады. Медициналық тексерулерге қатысуы ҚР ДМ №243 бұйрығымен анықталған дәрігер-мамандардан басқа, жекелеген жағдайларда басқа да мамандар қатыстырылуы мүмкін (аллергологтар, онкологтар және т.б.). Барлық әйелдер міндетті түрде дәрігер-гинеколог тексеруінен өткізіледі.

Кезеңдік медициналық тексерулер нәтижелері амбулаторлық науқастың медициналық картасына түсіріледі. Сонымен бірге осыған қаралушы өткен әрбір кезеңдік тексерулерде анықталған, еңбек іс-әрекетіне байланысты туындаған өзгерістер жазылады.

Тексерулерден кейін медициналық тексерулер барысында анықталған әрбір науқасқа қатысты емдік-сауықтыру шараларын тағайындайды: денсаулық жағдайында аса айқын емес ауытқулары бар адамдарды динамикалы түрде дәрігерлік бақылауға алу немесе денсаулық жағдайының бұзылу себебі болып табылатын фактормен қатыспайтын басқа жұмысқа уақытша ауыстыру. Қажеттілігіне қарай стационарлы немесе санаторлық-курорттық емдеуге жолдама береді, ем-дәмдік тамақтану және т.б. тағайындайды. Жұмысшыда берілген мамандық бойынша жұмыс істеуге қарсы көрсеткіш болып табылатын ауру анықталған жағдайда, оған оның еңбекке жарамдылығы, мүгедектікке ауыстырылуы және т.б. туралы мәселелерді шешу үшін, сәйкес дәрігерлік-сараптамалық комиссияға жолдама береді.

Медициналық тексерулер кезінде жұмысшыда кәсіптік ауру белгілері анықталынған жағдайларда, оған қойылған диагнозын және аурудың мамандығымен байланыстылығын растау мақсатында кәсіптік патология орталықтарына (ауруханалардың, медициналық институттардың, еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар институттарының кәсіптік-патологиялық бөлімшелеріне) арнайы тексеруден өтуге жолдама береді.

Кәсіптік ауру диагнозын бекітумен, медициналық көрсеткіштері бойынша кәсіптік жарамдылығы туралы қорытындымен және т.б. байланысты күрделі жағдайлар мен күмәнді жағдайларды шешуде ҚР ДМ еңбек гигиенасы және кәсіптік патология ғылыми орталықтарымен сараптамалық кәсіптік патологиялық шиеленісті шешу үшін комиссия құралады.

Емдік мекеменің сұранысы бойынша МСЭҚБ мекемелері зерттелетін адамның еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасын құрастырады, оған МСЭҚБ басқарма бастығы қолын қояды және кәсіптік аурудың ақырғы диагнозын қою үшін медициналық құжаттарымен бірге кәсіптік патология орталықтарына жолдайды. Сипаттамада жұмысшының еңбек іс-әрекеті мен еңбек үрдісі, факторлардың берілген мамандықта максимальды мүмкін болатын жұмыс істеу мерзімінің динамикасындағы мөлшерлік сипаттамасы егжей-тегжейлі баяндалады. Бұл кезде СЭС-дың, ғылыми-зерттеу институттарының, медициналық жоғарғы оқу орындары кафедраларының зертханалық-аспаптық зерттеу нәтижелерін, ал қажет болғанда кәсіпорындардың, өкілеттіліктердің және т.б. санитарлық-гигиеналық зертханаларының мәліметтерін қолданады. Хронометраждық мәліметтерді пайдалана отырып ауысым бойындағы фактордың әсер ету уақытын көрсетеді. Жұмыс кезінде қолданылатын жеке басты қорғау құралдарын, олардың тиімділігін атап көрсетеді. осы материалдардың негізінде жұмысшының еңбек ету жағдайлары (қолданудағы санитарлық заңдылықтарға сай және «Еңбекті гигиеналық жіктеу» нұсқасын ескере отырып) туралы, сонымен қатар мүмкіндігінше өндірістік орта мен еңбек үрдісінің берілген аурудың дамуындағы әсері туралы қорытынды беріледі.

Жұқпалы табиғатты ауру кезінде (мысалы, мал шаруашылығында істейтіндердің күйдіргі, сарып аурулары) аурудың науқастың еңбек іс-әрекетімен байланыстылығын, жұқтыру ошағында жұқпалы ауру жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізетін, аймақтық МСЭҚБ мекемесінің дәрігер-эпидемиологы анықтайды. Жұқпалы немесе паразитарлы жұқтырудың кәсіптік сипатын растайтын негізгі құжат эпидемиологиялық зерттеу картасы болып табылады.

Кәсіптік аурулар анықталған барлық адамдар, сонымен қатар этиологиясында негізгі орынды кәсіптік фактор алатын денсаулық жағдайында ауытқулары бар адамдар цехтік терапевттер мен анықталынған патологиялық үрдістің сипатына қарай сәйкес мамандарда диспансерлік бақылауда болады. мысалы, нейротропты улармен (сынап, марганец, тетраэтил, қорғасын, күкірткөміртек) уланудың, сонымен қатар діріл ауруының клиникалық көріністері бар науқастар невропотологтарда, қарқынды өндірістік шудың әсеріне ұшырайтындар отоларингологтарда диспансерлік бақылауда тұрады. Жұмысшылардың басым көпшілігі бөлімшелік терапевттерде диспансерлік бақылауда болады.

Медициналық тексеру барысында еңбек гигиенасы дәрігері тексерулер жүргізілуінің талап етілген мерзімдерінің сақталуына, жұмысшыларды қату толықтығына, сонымен қатар қорытындылық комиссияның алдыңғы актісінде ұсынылған сауықтыру шараларының орындалуына бақылауды іске асыруы тиіс.

Кезеңдік медициналық тексерулер мен цехты (кәсіпорынның) гигиеналық тексеру нәтижелерінен туындайтын жұмыстың маңызды бөліміне еңбек жағдайын сауықтыру шаралары жатады. Дәрігер-гигиенист кезеңдік медицицналық тексерулердің нәтижелеріне жан-жақты баға бере алуы тиіс және гигиеналық және емдік-профилактикалық сипаттағы қажетті шараларды тағайындай алуы тиіс.

Кәсіпорындағы кезеңдік медициналық тексеру нәтижелері жыл сайын жалпыланады және кезеңдік медициналық тексерулерді дайындауға және жүргізуге қатысатын комиссия (емдік-профилактикалық мекеме, МСЭҚБ мекемесі, кәсіпорын әкімшілігі, кәсіподақ ұйымы) қорытынды актіні толтырады.

Бұл актіде медициналық тексерулермен қамтылған жұмысшылар саны, медициналық тексеру нәтижелері (жалпы аурулар анықталғандар мен кәсіптік ауруларға күмән туғызғандардың саны туралы) туралы мәліметтер болуы керек. Анықталынған адамдарға қатысты қалай емдік-профилактикалық сипатта (стационарлық немесе саноторлық-курорттық емдеуді, демалыс орындары немесе санаторий-профилакторийлерде сауықтыруды, ем-дәмдік тамақтануды қажет ететіндер) болса, солай жұмысқа орналастыру қатысында (уақытша немесе тұрақты басқа жұмысқа ауыстыру) ұсыныстар көрсетілуі тиіс. Бұдан басқа, актіде медициналық тексерулер нәтижелеріне және санитарлық дәрігердің санитарлық-гигиеналық қорытындысына қарай цехтарда (бөлімшелерде) еңбек жағдайын сауықтыру бойынша ұсыныстар, сонымен қатар алдыңғы актімен қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беріледі.

Актіде басқа жұмысқа ауыстыру, стационарлық емдеу, ем-дәмдік тамақтану және т.б. ұсынылғандардың толық аты-жөні көрсетілген тізімі беріледі.

Қорытынды акт төрт дана толтырылады және әкімшілікке, емдік мекемеге, кәсіпорынның кәсіподақ ұйымына, ОМСЭҚ мекемесіне орындау және бақылау үшін беріледі.