Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕгТоызбаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.74 Mб
Скачать

17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау

Жұмысшылардың аурушаңдығын зерттеудің негізгі үш әдісі бар:

  • емдік-профилактикалық мекемелерге дәрігерлік көмекке қаралу мәліметтері бойынша. Бұл кезде амбулаториялық-емханалық мекемелерге бірінші рет қаралғандарды тіркеу материалдары немесе уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға алып келген жағдайларды тіркеу мәліметтері (жұмыстан босату) қолданылады;

  • профилактикалық медициналық тексерулер нәтижелері бойынша;

  • өлім себептері бойынша.

Ең жиі қолданылатын және ең ақпаратты болып бірінші екі әдіс табылады.

Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне байланысты уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен жүретін аурушылдық 16-ВН нұсқасы бойынша немесе терең жеке есепке алу әдісімен (есепке алу мәліметтері бойынша) зерттелуі мүмкін.

Екі әдістің де бақылау бірлігіне жұмысшының ауруымен байланысты еңбекке жарамсыздықтың әрбір жағдайы, ал есепке алу құжатына – еңбекке жарамсыздық қағазы жатады. Ол кәсіпорынның бухгалтериясында сақталады, себебі ол тек заңдық құжат болып қана емес, сондай-ақ қаржы құжаты болып табылады. Еңбекке жарамсыздық қағазынан ауру туралы және оның ұзақтығы туралы мәліметтерді көшіріп алып, кәсіподақ ұйымы және медициналық-санитарлық бөлімнің дәрігері (денсаулық пунктінің) тоқсандық есеп беру құжаттарын жасайды және 16 - ВН нұсқасы бойынша талдау жүргізеді.

Есеп беруде кәсіпорынның паспорттық мәліметтері (атауы, саласы, министрлігі), жұмысшылардың есеп беру тоқсанындағы орташа айлық саны (қабылданғандар мен жұмыстан шығарылғандардың саны), соның ішінде әйелдердің саны көрсетіледі. 16 – ВН есеп беру нұсқасында қалай жекелеген аурулар және аурулар тобы бойынша еңбекке жарамсыздық жағдайлары мен күндерінің нақтылы саны болса, солай қосынды саны да болады.

16 – ВН нұсқасы бойынша аурушаңдыққа талдау жасау кезінде қарқынды (100 жұмысшыға шаққанда барлығы және аурудың жекелеген түрлері мен топтары бойынша еңбекке жарамсыздық жағдайларымен күндер саны, бір жағдайдың орташа ұзақтығы) және экстенсивті (құрылымдық) көрсеткіштерді (барлық жағдайлар немесе еңбекке жарамсыздық күндері ішіндегі қандай да бір аурумен байланысты жағдайлармен күндердің меншікті салмағы) есептейді.

Аталған көрсеткіштердің ақпараттылығы шектеулі. Олар берілген өнеркәсіп орнындағы уақытша еңбекке жарамсыздықпен жүретін аурушаңдықтың динамикасы туралы айтуға, сонымен қатар саланың басқа да кәсіпорындарымен, цехтармен және т.с.с. салыстыра отырып баға беруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа құрылымдық көрсеткіштер, жұмысшылардың аурушаңдығындағы негізгі меншікті салмақты құрайтын ауруды анықтауға мүмкіндік береді.

Жұмысшылар аурушаңдығының құрылымы мен қарқындылығы туралы жалпы түсінік бере отырып 16-ВН нұсқасындағы есеп беру нәтижелері оған терең талдау жасауға мүмкіндік бермейді. Ол есеп беру нұсқасында жұмысшының еңбек өтілі, жасы, мамандығы, жынысы туралы мәліметтерінің болмауымен байланысты, яғни олардың аурушаңдыққа тигізетін әсеріне баға беру мүмкін емес. Одан әрі бір жыл және одан да көп жұмыс істегендер, қайтадан жұмысқа қабылданғандар мен жұмыстан шығарылғандар есепке алынады. Байқалған нақты жағдай аурушаңдықтың еңбек өтіліне тәуелділігін анықтауды қиындатады. 16 – ВН нұсқасы бойынша есеп берудегі аурулардың тізімі үлесіне қазіргі кезде ауру жағдайларының негізгі салмағы келетін ауру түрлерімен шектеледі. Соған байланысты берілген өндіріске (мамандыққа) тән аурулар нұсқада көрсетілген топтарға жатпай, «басқа да» аурулар тобына жатқызылады.

16 – ВН нұсқасының байқалған кемшіліктерін жоюға уақытша еңбекке жарамсыздықпен жүретін аурушаңдықты жеке есеп беру мәліметтері бойынша терең талдау жасау әдістемесі қол жеткізеді.

Көрсетілген әдіспен зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын негізгі талаптар ҚР денсаулық министрлігімен бекітілген «Уақытша еңбекке жарамсыздықпен жүретін аурушаңдықты терең зерттеу бойынша әдістемелік ұсыныстарында» келтірілген.

Уақытша еңбекке жарамсыздықпен жүретін аурушаңдықты тереңдетіп зерттеу әдістемесі аурулар номенклатурасы бойынша белгілі бір өндірістік-кәсіптік жағдайларда тұрақты жұмыс істейтіндердің (1 жылдан кем емес) жынысын, жасын, еңбек өтілін, мамандығын міндетті түрде ескере отырып ауруларды талдауды қарастырады.

Аурушаңдықты «жеке» есеп беру мәліметтері бойынша талдау үшін еңбекке жарамсыздық қағаздары немесе «жұмысшының жеке картасы» қолданылады. Соңғысы кәсіпорынның әрбір жұмысшысына жеке-жеке толтырылады. Онда аты жөні, тегі, жынысы, жасы, мамандығы мен еңбек өтілі (берілген мамандықтағы жалпы) көрсетіледі. Медициналық-санитарлық бөлім жұмысшыларымен (немесе денсаулық тұрағымен) еңбекке жарамсыздық қағаздарының көшірмесі жасалынады, ол осы картаға бекітіледі. Аурушаңдықты талдау үшін орта шамамен 3 – 5 жылдық зерттеу кезеңіндегі мәліметтерді қолдану мақсатты болып келеді. Алынған көрсеткіштер еңбек жағдайы мен сипатының маңызы туралы толық түсініктер алуға қол жеткізеді, бұл орташа көрсеткіштерде кездейсоқ факторлардың әсері, жекелеген жылдардағы аурушаңдық көрсеткіштеріне қарағанда едәуір аз көрінеді.

Уақытша еңбекке жарамсыздықпен жүретін аурушаңдыққа жеке есеп беру мәліметтері бойынша талдау жасау кезінде қолданылатын негізгі көрсеткіштердің тізімі 17.1. кестеде келтірілген.

Аурушаңдықты тереңдетіп зерттеудің келтірілген әдісі, толық күн тізбелік жылда нақты өндірістік-кәсіптік жағдайларды жұмыс істеген адамдардың ең тұрақты контингентінің жеке есебіне негізделеді. Мамандар құрамының шамалы ғана ауыспалылығында жыл бойғы адамдар жұмысшылардың негізгі салмағын құрайды және олардың аурушаңдық көрсеткіштері тұтастай жұмыс ұжымының аурушаңдығына аса толық сипаттама береді.

Дегенмен, өнеркәсіптік игерілу аудандарында қалыптасқан жұмыс ұжымдары, ереже бойынша, мамандардың жоғары ауыспалылығымен ерекшеленеді, ол еліміздің орталық аудандарында орналасқан кәсіпорындарға қарағанда 3 – 5 есе жоғары болып келеді. Мұндай ұжымдарда жылдың бір бөлігінде жұмыс істегендер саны жыл бойы жұмыс істегендер санынан басым түседі және соңғылардың аурушаңдығы жұмысшылар ұжымының аурушаңдық жағдайын жеткілікті түрде сипаттай алмайды.

Кесте 17.1. Біржылдық жұмысшылардың уақытша еңбекке жарамсыздығымен жүретін аурушаңдыққа талдау жасау кезінде қолданылатын негізгі көрсеткіштердің тізімі

Рет-тік №

Көрсеткіштердің аталуы

Көрсеткіштердің танымдық маңызы

Есептеу тәсілі

1

Жұмыс ұжымының ауысу коэффициенті

Мамандардың қозғалу қарқындылығын сипаттайды

Жылдың бір бөлігінде жұмыс істеп кеткен адамдардың саны (шығарылғандар + қабылданғандар) ( ) / Жұмысшылар контингенттерінің

бір жылдық саны ( ) * 100

2

Аурулардың әр түрлері (топтары) бойынша еңбекке жарамсыздық жағдайларының құрамы

Аурушаңдық құрамы

Берілген аурумен байланысты (аурулар тобымен) уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны / Барлық аурулар бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының жалпы саны *·100

3

Аурулардың әр түрлері (топтары) бойынша уақытша ең бекке жарамсыздық күндерінің құрамы

Аурушаңдық құрылымы (ауруы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық күндері бойынша)

Берілген ауруы бойынша уақытша еңб екке жарамсыздық күндерінің саны / Барлық аурулар бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің жалпы саны * 100

4

Ауырған адамдардың көрсеткіші

Бір жылдық контингенттер ішіндегі ауырғандардың жиілігі

Ауырған адамдардың саны (Б) / Жұмысшылардың бір жылдық контингенттерінің саны (Рк) *100

5

Ауырғандардың жалпы санындағы созылмалы ауру түрлерімен ауырғандардың пайызы

Ауырғандардың жалпы санына шаққанда созылмалы ауру түрлерімен ауыратындар қандай үлес құрайтынын көрсетеді

Аурудың созылмалы түрлерімен ауырғандардың саны / Ауырғандардың жалпы саны *100

6

Ауырмағандардың саны (денсаулық индексі)

Бір жылдық контингент ішіндегі ауырмағандардың саны

Ауырмағандардың саны (Н) / Жұмысшылардың бір жылдық контингеттерінің саны (Рк) *100

7

Ауруы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының көрсеткіші

Жұмысшылардың бір жылдық контингенттері арасындағы ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының жиілігі

Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсздық жағдайларының саны (С) / Жұмысшылардың бір жылдық контингенттерінің саны (Рк) *100

8

Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің көрсеткіші

Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің жиілігі

Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны (Д) / Жұмысшылардың бір жылдық контингенттерінің саны (Рк) * 100

9

Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздықтың 1 жағдайының орташа ұзақтығы

Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайының ұзақтығы

Бірге алынған барлық аурулар бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны / Барлық аурулар бойынша уа қытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны *100

10

Жыныс, жас шамасы, өндірістік-кәсіптік және т.б. топтар бойынша жіктелінген жоғарыдағы көрсеткіштер

Әртүрлі зерттелінетін топтағы ауырғандардың, уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының, күндерінің жиіліктері

Есептеу тәсілдерін № 4, 5, 6, 8 көрсеткіштерден аламыз

11

Ауырған бір адамның уақытша ебекке жарамсыздығының жалпы орташа ұзақтығы (барлық жағдайлар бойынша бірге)

Ауырған бір адамда жыл бойына орта шамамен қанша еңбекке жарамсыздық күндері болды

Барлық жағдайлар бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің жалпы саны (Д) / Ауырғандардың жалпы саны (Б) *100

12

Ауру жағдайының жиілеуі бойынша еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтқан адамдарды бөлу

Бұл адамдардың ауруларының жиілеуі бойынша уақытша еңбекке жарамдылығын жоғалтқандардың құрамы

а) Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздықтың 1 жағдайы орын алғандардың саны (1 рет) / Барлық ауырғандар (Б) *100

б) Ауруы себепті еңбекке жарам сыздықтың 3 және одан да көп жағдайлары орын алғандардың саны ( 3 рет және одан да көп) / Ауырғандар саны (Б)

13

Бір жыл бойы жұмыс істегендердің уақытша еңбекке жарамсыздғының 0, 1, 2, 3 және одан да көп жағдайлар санының жиілік көрсеткіші

Жұмысшылардың бір жылдық контингенттеріндегі жағдайлардың әртүрлі санының жиілігін сипаттайды

Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының белгілі бір саны орын алғандар саны (0, 1, 3 рет және одан көп) / Жұмысшылардың бір жылдық контингенттерінің саны (Рк) * 100

14

Жедел аурулар жағдайларының қайталану көрсеткіші

Жедел ауырғандардың 1 шаққандағы осы аурулармен еңбекке жарамдылықты уақытша жоғалту жағдайларының орташа саны

Берілген жедел ағымды нозологиялық түрмен уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны / Берілген нозологиялық ауру түрімен ауырғандар саны * 100

15

Созылмалы аурулардың өршуінің қайталану көрсеткіші

Созылмалы аурулармен ауырғандардың 1 шаққандағы уақытша еңбекке жарамсыздықпен болатын созылмалы аурулар өршуінің орташа саны

Уақытша еңбекке жарамсыздықпен жүретін созылмалы аурулардың өршу жағдайларының саны / Берілген созылмалы аулармен ауырғандар саны

16

Ауруы себепті еңбекке жарамдылықты уақытша жоғалту ұзақтығы бойынша ауырғандардың құрамы,%

Уақытша еңбекке жарамсыздықтың сол немесе басқа ұзақтығы орын алған адамдар ауырған жұмысшылардың жалпы санының қандай үлесін құрайтынын көрсетеді

Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздығы 10 күннен аз уақытты құраған ауырған адамдар саны (10-19, 20-29 күн және т.б.) / Ауырған адамдардың саны (Б)

40 күн және одан да көп уақыт бойына еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтқандар пайызы аса қызығушылық туғызады.

17

Бір жылдағы 100 жұмысшыға шаққандағы ауруы себепті еңбекке жарамсыздықтың белгілі бір ұзақтығымен ауырғандар жиілігі

Жыл бойғы 100 жұмысшыға шаққандағы белгілі бір уақытша еңбекке жарамсыздық ұзақтығымен ауруырғандардың жиілігі туралы айтуға мүмкіндік береді

Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздығы 10 күннен аз уақытты құраған ауырған адамдар - саны (10-19, 20-29 күн және т.б.) / Жұмысшылардың бір жылдық контингенттерінің саны (Рк) * 100

18

Уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының құрамы (ауруы себепті еңбекке жарамсыздық жағдайларының жалпы санына пайызбен алғанда)

Сол немесе басқа ұзақтықты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайлардың жалпы санының қандай үлесін құрайтынын көрсетеді

Ауруы себепті уақытша еңбекке - жарамсыздығы 10 күннен аз уақытты құраған жағдайлар саны (10-19, 20-29 күн және т.б.) / Ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының жалпы саны (С) * 100

19

Зерттелетін жылдағы ұжым жұмысының адам-күндерінің жалпы санындағы ауруы бойынша жіберілген күндер үлесінің көрсеткіші

Ауруы себепті жіберілген күдердің үлесін көрсететін көрсеткіш

Ауруы себепті еңбекке жарамсыздық күндерінің саны / Жалпы ұжым жұмысының адам-күндерінің жалпы саны (жоспар бойынша) (N · Pк)

мұндағы N – жылдағы жұмыс күндерінің саны

Қалыптасып жатқан еңбек ұжымдарының құрамында жаңадан қабылданғандар мен жұмыстан шығарылғандар санының басым болуына назар сала отырып жұмысшылардың барлық үш контингенгентінің де аурушаңдығын зерттеу мақсатты болады: жыл бойғы, жаңа қабылданғандар және жұмыстан шығарылғандар.

Бұл әдістеме ҚР ДМ-мен бекітілген «Мамандардың жоғары ауыспалылығы жағдайында еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтумен жүретін аурушаңдықты зерттеу бойынша әдістемелік ұсыныста» анығырақ келтірілген.

Еңбек іс-әрекетінің жағдайы мен сипатының ауруы себепті уақытша еңбекке жарамсыздыққа әсері әдетте келесі топтардың аурушаңдық көрсеткіштерін салыстыру кезінде анықталады:

  • негізгі және бақылау (фактор болмайды);

  • әр түрлі қарқындылықты сол бір фактордың әсеріне ұшыраған бірнеше өндірістік-кәсіптік топтар;

  • нақты өндірістік-кәсіптік жағдайлардағы әртүрлі еңбек өтілі бар жұмысшылар тобы, ол осы жағдайлар мен факторлардың әсер ету ұзақтығын көрсетеді. Бұл топтар жынысы, жасы және басқа да көрсеткіштері бойынша біркелкі болуы керек.

Алынған көрсеткіштерді талдауды ең алдымен жалпы, жас және еңбек өтілі бойынша бөлінбеген мәліметтерді қолдана отырып жүргізу ұсынылады.

Салыстырылатын кәсіптік топтар үшін алынған көрсеткіштер айырмашылығының статистикалық дәлелділігіне Стьюдент критерийінің (t) көмегімен баға беруге болады:

,

мұндағы және - 100 жыл бойлық адамдарға шаққандағы ауырғандардың (жағдайлардың) салыстырмалы көрсеткіштері; және - келесі өрнектермен есептелетін көрсеткіштердің орташа қателіктері:

ауырғандар үшін,

еңбекке жарамсыздық жағдайлары үшін,

мұндағы - ауырғандардың (жағдайлардың) саны; ; - берілген өндірістік-кәсіптік топтағы жыл бойығы адамдар саны. Егер ,онда ықтималдылығы 0,95 (95%) асатын салыстырылатын көрсеткіштердің айырмашылықтарының дәлелділігі туралы тұжырым жасауға болады.

Ауырған адамдар көрсеткіші 25-тен аз немесе 75%-дан көп болатын жағдайларда айырмашылықтар дәлелділігіне Фишер критерийінің көмегімен баға беру ұсынылады («фи» әдісі).

Құбылыстар арасында (мысалы жас мөлшері мен аурушаңдық арасындағы) байланыстың болуы немесе болмауы туралы болжамды сәйкестік көрсеткішінің ( ) көмегімен тексеруге болады, бірақ ол байланысты күші (оның мәні) туралы айтуға мүмкіндік бермейді.

Уақытша еңбекке жарамсыздықпен жүретін аурушаңдық көрсеткіштеріне әртүрлі факторлардың (биологиялық және әлеуметтік) әсер ету маңыздылығы мен үлесін мөлшерлік анықтау үшін дисперсионды, корреляциялы, дискриминантты талдау түрлері және басқа да математикалық-статикалық әдістер қолданылуы мүмкін.

Талдау жасауға арналған статистикалық материалдардың үлкен көрнекілігі үшін оларды графикалы (сызықтық, бағаналық, дөңгелек диаграммалар) түрде ұсыну мақсатты болып келеді.

Аурушаңдық пен еңбек іс-әрекеті жағдайы мен сипаты арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы мәліметтерді негізге ала отырып, дәрігер мақсатты түрде сауықтыру шараларының жүйесін негіздеп және өңдей алады, олардың өндіріске енгізілуі жұмысшылардың денсаулығын сақтауға ықпал жасайтын болады.

Кәсіптік аурушаңдыққа талдау жасау. Кәсіптік аурушаңдық еңбек іс-әрекетінің жағдайы мен сипатының еңбек ұжымының денсаулық жағдайына әсерін өте дәл анықтайды.

Олардың құрылымдық ерекшеліктерін, таралуын, жұмысшылардың белгілі бір еңбек өтілдік, жастық, кәсіптік топтарын қамтуын анықтау, кәсіптік аурулардың даму себептері мен жағдайларын зерттеу мақсатты түрде алдын алу шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Кәсіптік аурушаңдықты зерттеу кезіндегі ақпараттар көзіне «Кәсіптік уланулар мен кәсіптік аурулар туралы есеп беру» мәліметтері жатады, ол МСЭҚБ дәрігерлерімен жылына екі рет жасалынады. Бұдан басқа, статистикалық есеп беру құжатына «Кәсіптік улану мен кәсіптік ауру жағдайларын тексеру актісі» жатады, ол жәбір көрген адам, кәсіптік ауру орын алған кәсіпорын, осы жағдайдың даму себебі және жағдайы туралы ақпараттардан тұрады.

Бұдан басқа, ҚР мемлекеттік сан-эпидқадағалау комитетімен арнайы карталарды толтыра отырып кәсіптік ауруларды жеке есептеу жүйесі өңделінген.

Карта жәбір көруші адамның паспорттық мәліметтері, оның мамандығы, мөлшерлік көрсеткіштері ескерілген еңбек іс-әрекетінің сипаты мен жағдайы туралы, кәсіптік ауру (улану) даму себептері мен жағдайлары туралы мәліметтерден тұрады (№317/е нұсқасы). Көрсетілген әрбір белгінің өзіндік шифры болады, ол картаны ЭЕМ-да өңдеуге мүмкіндік береді.

Жалпы түрде кәсіптік ауруларға талдау жасау кезіндегі ақпараттарды жинау және өңдеу тәртібі уақытша еңбекке жарамсыздықпен жүретін аурушаңдыққа талдау жасаудан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дегенмен бірқатар өзгешеліктері болады. Мысал үшін, кәсіптік аурушаңдық туралы материалдарын, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне байланысты кем дегенде 5 жылға зерттеу қажет. Ол бақылаулар санын үлкейтуге мүмкіндік береді, ал соның салдарынан таңдамалар көрнекілеу бола түседі, ол болса аурушаңдық заңдылықтары туралы үлкен дәлелділікпен айтуға қол жеткізеді. Кәсіптік аурушаңдыққа талдау жасау кезіндегі мұндай қадам, егер зерттелінетін өндірістегі (салада) көрсетілген кезеңде, аурушаңдық құрылымының өзгерістеріне алып келуі мүмкін, технологиялық үрдістің, алдын алу шаралары жүйесінің енгізілуінің түбірімен өзгеруі жүргізілмеген жағдайларда ғана құқылы болады.

Кәсіптік аурушаңдықты зерттеу кезінде кәсіптік зияндылықпен қатынас жасау өтіліне қарай оның таралуына талдау жасау елеулі қызығушылық тудырады.

Сол бір кәсіптік зияндылық әр түрлі ауруларды туғызуы мүмкін (мысалы, этилацетат созылмалы бронхиттің, бронх демікпесінің, аллергиялық дерматиттің дамуында себептік фактор болуы мүмкін және т.с.с.). Осымен байланысты науқастың еңбек іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін аса тереңдетіп зерттеу қажет болады.

Кәсіптік аурушаңдықтың кәсіптік зияндылық қарқындылығына байланыстылығы туралы дәлелділіктің белгілі бір дәрежесінде айту үшін, міндетті түрде олардың мөлшерлік көрсеткіштеріне аурудың жиілігімен және ауырлығымен бірге талдау жасау керек.

Аса зақым көретін контингенттерді анықтау үшін кәсіптік аурушаңдықты зерттеуді жас шамасын, жынысын, кәсібін ескере отырып, осы топтардағы аурулардың нозологиялық түрлері бойынша құрылымдық көрсеткіштерін одан әрі есептеумен жүргізу қажет.

Кәсіптік аурушаңдық салдарларына талдау жасау шүбәсіз қызығушылық тудырады. Кәсіптік науқастар өзінің жұмысында еңбекке жарамды болуы мүмкін, ал басқа жұмыста – мүгедектік алуы мүмкін және т.б. науқастарды мүгедектікке немесе басқа жұмысқа ауыстырудың едәуір пайызы, ереже бойынша, толығымен емделінбейтін аурудың белгілі бір ауырлығымен байланысты.

Жұмысшылардың кезеңдік медициналық тексерулерінің сапасына баға беру мақсатында кәсіптік аурулардың анықталғыштығына баға беру керек. Бірінші рет қаралуда қойылған «Кәсіптік ауру» диагнозының біріншілік үстемділігі, медициналық тексеру сапасының жеткіліксіздігі туралы куәлік етеді.

Кәсіптік аурушаңдыққа талдау жасау кезінде аурудың дамуына алып келетін себептерді зерттеу аса маңызды, себебі ол сауықтыру шараларын өңдеудегі өзектілікті анықтауға қол жеткізеді. Кәсіптік зақымдаудың ең кең таралған себептерінің ішінде технологиялық үрдістің, жабдықтардың, санитарлық-техникалық құрылымдардың (мысалы желдендірудің) жетілдірілмеуі, жеке басты қорғау құралдарының болмауы және т.б. атап өту керек.

Осылайша, кәсіптік аурушаңдықты зерттеу еңбек гигиенасы дәрігеріне кәсіптік ауру даму мүмкіндігі жоспарында ең қолайсыз болып келетін жұмысшылар контингентін мақсатты түрде сауықтыруды жүргізуге мүмкіндік береді.

Аурушаңдықты төмендетудің экономикалық тиімділігін анықтау. Өндірістегі сауықтыру-алдын алу шараларына шығындалудың экономикалық тиімділігі пайдалы экономикалық нәтижені, оған қол жеткізу үшін шығындалуымен салғастыра өлшеумен анықталады.

Қазіргі кезде жұмысшылардың аурушаңдығын төмендетудің экономикалық тиімділігін анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Еңбек гигиенасы мәселелерімен айналысатын дәрігер қажетті есептерді жүргізе білуі (кәсіпорын экономистінің сәйкес көмегімен) қажет. Бұл кезде кәсіпорын әкімшілігі үшін экономикалық көрсеткіштер жеткілікті түрде сенімді екенін ескеру керек.

Ереже бойынша, кәсіпорында сауықтыру шараларын енгізгеннен кейін 3 – 5 жылдан соң уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен жүретін кәсіптік аурушаңдыққа қайтадан талдау жасайды. Оның көрсеткіштерінің анықталынған төмендеуі экономикалық тиімділікке баға беруге негіз болады.

Аурушаңдықтың алдын алудың пайдалы экономикалық нәтижесін есептеу. Берілген жағдайдағы пайдалы экономикалық нәтиже аурулар жағдайын төмендету есебінен жол берілмеген потенциалды нұқсанға эквивалентті болады.

Алдын алу шараларын жүргізуге дейінгі бірқатар кезеңдерге тән аурушаңдықты N1 деп алсақ, ал мұндай шараларды жүргізгеннен кейінгі кезең үшін - N2 және әрбір ауру жағдайынан келген экономикалық нұқсанның орташа мәнін теңгемен К арқылы белгілесек, онда аурушаңдықты болдырмаудан түскен экономикалық ұтыс (Е) мына формуламен көрінеді:

.

Аурушаңдықты төмендетудің жалпы экономикалық тиімділігін есептеу. Бұл әдістің негізінде, өткен жылға қарағандағы берілген жылдағы еңбекке жарамсыздық күндерінің санын төмендету салдарынан үнемделген жұмыс уақытын анықтау жатыр. Жалпы үнемділікті өнімнің өзіндік құнының төмендеуі және еңбекке жарамсыздық қағаздарын төлеуге кеткен шығындарды азайту заттарының қосындысы ретінде есептейді. Есептеу үшін келесі бастапқы мәліметтер қажет болады:

  • жұмысшылар саны (бір жылдағы орташа);

  • еңбекке жарамсыздық күндерінің абсолютті саны (Ф. 16-ВН нұсқасы бойынша);

  • ауруы себепті жоғалтылған адамдар-күндер саны;

  • 1 жұмысшыға келетін жұмыс күндерінің орташа саны;

  • жылына орта шамамен 1 жұмысшыға келетін өнімнің шығарылуы (теңгемен);

  • жылына орта шамамен 1 жұмысшыға келетін шартты-тұрақты шығындар (теңгемен).

Экономикалық көрсеткіштерді есептеу тәртібі 17.2. кестеде келтірілген.

Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындарда ЭЕМ-мен жабдықталған есептеу орталықтары бар. Материалдарды машиналарда өңдеу үшін дайындау күрделі емес. Оның негізгі элементтеріне біріншілік құжаттарды ерекше таңбалау және шифрлі құжаттарды толтыру жатады. ЕО-да жұмыс істейтін инженерлер үшін бағдарламаларды математикалық өңдеу аса қиындық туғызбайды. ЭЕМ қолдану зерттеушілердің мүмкіндіктерін біршама кеңейтеді және математикалық статистиканың дамытылған әдістерін қолдануға қол жеткізеді.

Кесте 17.2. Уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен жүретін аурушаңдықты төмендетудің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері

Көрсеткіш

Есептеу тәсілі

Аурушаңдықты төмендету есебінен үнемделген жұмыс уақыты, %

(Өткен жылдағы еңбекке жарамсыздық күндерінің көрсеткіші – берілген жылдағы еңбекке жарамсыздық күндерінің көрсеткіші) * Жұмысшылардың орташа саны / Өңделінген адам-күндер саны

Үнемделген уақыт есебінен алынған өнім, теңгемен

Жылдағы бір жұмысшы мен шығарылған, теңге * Бір жылда үнемделген уақыт, адам-күндер / бір жылдағы бір жұмысшыға келетін жұмыс күндерінің саны

Өнімнің өзбағасын төмендету экономиясы

Бір жылдағы бір жұмысшыға шаққандағы шартты – тұрақты шығын * Бір жылда үнемделген уақыт, адам-күндер / Бір жылдағы бір жұмысшыға шаққандағы жұмыс күндерінің орташа саны

Еңбекке жарамсыздық қағаздарын төлеу шығынының төмендеуі:

жоспарға қарсы

өткен жылдың шығындарына қарсы

Жоспармен қарастырылған шығындар, - іс жүзіндегі шығындар

Берілген жылдың шығындары - өткен жылдың шығыны