
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
Өнеркәсіп орындарының желдендіру жобаларына сақтық санитарлық қадағалау жасау үрдісінде еңбек гигиенасы дәрігері келесі қызметтерді атқарады:
жобалық материалдарға (техникалық жобалар мен сызуларға) желдендіру схемасы мен көрсеткіштерінің дұрыс таңдалынғаны туралы қорытынды жасайды (жобаларға сараптама);
желдендіру жүйелерін орнату және оларды жөндеуге бақылау жасайды;
пайдалануға берілетін қайта құрастырылған желдендіру жүйелерін қабылдауға және олардың санитарлық-гигиеналық ережелермен регламенттерге сәйкестігі туралы қорытынды жасауға қатысады.
Әрбір пайдалануға берілетін жаңа жасалынған немесе қайта құрастырылған желдендіру қондырғысына келесі құжаттар толтырылуы тиіс: паспорт, эксплуатация журналы, жөндеуден өткізу журналы, пайдалану бойынша нұсқау.
Жобаға сараптама жасауда жобаның технологиялық бөліміне сараптама жасау керек, содан кейін негізгі есептеулерді тексеру керек және жобаға келесі схема бойынша баға беру керек.
Желдендіру жүйесін таңдау дұрыстығына баға беру.
Үрмелі жүйенің сипаттамасы және оған баға беру.
үрмелі ауа жинау тәсілі және орыны;
үрмелі ауаны тазалау, жылыту және ылғалдандыру құрылымы;
бөлмедегі үрмелі тесіктердің құрылымы және олардың орналастырылуы;
үрмелі ауаның температурасы және берілу жылдамдығы;
үрмелі ауа бойынша ауа алмасудың жеткіліктілігі (оның тексермелі есебі);
бөлменің бір адамға есептелген текшесі, ауа текшесі және алмастыру жиілігі;
рециркуляцияның болуы, оның мүмкіндігі және ауқымы.
Жергілікті үрмелі құрылымдарға баға беру:
ауа шашыратпасы ағымының бағыты;
үрмелі ауа температурасы;
ауаны беру жылдамдығы.
Сормалы жүйенің сипаттамасы және оған баға беру:
жалпы сормалы желдендіру тесіктерінің құрылымы және орналастырылуы;
жергілікті қаптардың құрылымы;
қаптардың тесіктеріндегі бастапқы ауа жылдамдығы;
бөлмеден алып кетілетін ауаны тазалауға арналған құрылым;
алып кетілетін ауаны шығару орнының сипаттамасы;
сору бойынша ауа алмасу (оның тексермелі есебі).
5. Желдендіру жүйесіне біртұтас сипаттама және баға беру:
үрмелі ауаны жинау орыны мен алып кетілетін ауаны шығару орнының ара қатынасы;
бөлмедегі үрмелі және сормалы тесіктерінің орналастырылу ара қатынасы;
бөлменің ауалық тепе-теңдігі (яғни, алып келінетін және алып шығарылатын ауаның жалпы мөлшерінің ара қатынасы).
6. Желдендіру жүйесіне жалпы санитарлық баға беру.
Желдендіру жобасына қорытынды.
Өндірістік желдендіру және кондиционерлеу жүйесін жобалау және құрылысын салу кезіндегі негізгі гигиеналық ұсыныстар. Өндірістік бөлмелерді желдендіру және кондиционерлеу жүйелерінің мақсаты – оларда санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес ықшам климаттық жағдайларды ұстап тұру және жұмыс аумағының ауасынан зиянды заттарды ШРЕК деңгейлеріне дейін төмендету.
Артық жылу мөлшерімен (бөлмедегі жылу бөлу мен жылу жоғалту айырмасы) күресудегі желдендірудің міндеті - бөлмеде тұтасымен немесе жұмыс орынының шектелген бір бөлігінде (ауалық шашыратпалар) тиімді және рұқсат етілген ауа температурасын ұстап тұру (жалпы алмасулық желдендіру көмегімен). Ол үшін тұтас жұмыс бөлмесінде аэрация, жалпы алмасулық жергілікті үрмелі табиғи немесе механикалық желдендіру және т.б. қолданылуы мүмкін.
23 Вт/м жоғары жылу кернеулікте айқын артық жылудың едәуір мөлшерінің бөлінуімен жүретін, едәуір жылу бөлінетін (ыстық цехтарда) бөлмелерге жататын цехтар үшін, аэрация – ең арзан және сенімді желдендіру тәсілі болып табылады.
Желдендірудің артық ылғал мөлшерімен күресудегі міндеті – бөлменің салыстырмалы ылғалдылығын басқа да метеорологиялық жағдайларға және ағзаның қалыпты жылулық тепе-теңдігінің жұмысының сипатына байланысты қамтамасыз ететін деңгейде ұстап тұру. Сонымен бірге желдендіру су булары конденсаттарын түзуін болдырмауы тиіс (ауада және қоршамалардың ішкі беткейлерінде).
Артық ылғал бөлінумен жүретін бөлмелерді желдендіру қағидалары мен схемалары туралы мәселелерді шешуде ең бірінші кезекте ылғал бөлуші агрегаттардан артық ылғал мөлшерін алып кететін герметикалы жергілікті желдендіру қаптарын қарастыру керек.
Егер қандай да бір себептерден жергілікті желдендіру құрылымдарын қолдану мүмкін болмаса немесе олар жеткілікті түрде толығымен артық ылғал мөлшерін алып кетуді қамтамасыз етпейтін болса, артық ылғалдылықты сыртқы үрмелі ауамен ассимиляциялау және ылғалдандырылған ауаны сыртқа алып шығару есебінен жалпы алмасулық үрмелі-сормалы желдендіруді қолданады.
Жалпы алмасулық желдендіру кезіндегі ылғал бөлінумен күресудегі жалпы қағидаларға жылытылған құрғақ ауаны жұмыстық және жоғарғы аумақтарға беру және ылғалды жылы ауаны бөлменің жоғарғы аумағынан алып кету жатады.
Ылғалдың конденсациясы мен тамшылардың түзілуін болдырмау үшін сыртқы қоршамалармен суытылатын ауа температурасы шық нүктесінен жоғары температурада болуы қажет.
Зиянды булармен және газдармен күресу үшін жергілікті сормалы желдендіру ең тиімді болып табылады (зиянды факторды бөлетін, тікелей герметикалы жабылған агрегаттан).
Бірқатар жағдайларда, технологиялық, құрастырылымдық және басқа жағдайлар бойынша жергілікті сормалы желдендіруді қолдану мүмкін болмаса, жалпы алмасулық желдендіруді қолданады, ол таза ауаны бере отырып бөлмедегі зиянды заттарды ШРЕК дейін сұйылтады. Бөлінетін зиянды булар мен газдардың бөлменің жоғарғы немесе төменгі аумақтарында жиналуы тек олардың салыстырмалы түрде жоғары мөлшерлерінде және ауаның шамалы ғана қозғалуында мүмкін болады, ал бұл жағдайлар болмаған жағдайда машиналардың, адамдардың қозғалуы және конвективті жылу ағымдарының болуы салдарынан, өндірістік бөлмедегі ауа мен газдардың диффузиясы және белсенді араласуы жүреді және түзілген газды-ауалы қоспа іс жүзінде меншікті салмағын өзгертпейді. Мұндай жағдайларда ластанған ауаны алып кету аумағын таңдау негізінен, ластанған ауаны жылытуға және жоғары көтеруге қабілетті бөлмедегі жылудың артық мөлшеріне тәуелді болады. Зиянды заттардың бөлінуі мүмкін болатын жерлерге ең жақын аумақтардан ауаны алып кету ұсынылады, ал артық жылу бөліну кезінде – тіпті ауыр газдар мен булар бөліну кезінде де дәл солай жоғарғы аумақтан алып кету ұсынылады.
Үрмелі ауаны жұмыс аумағына ереже бойынша, ең аз ластанған жерлерге беру керек (еденнен 1,2-1,5 м биіктікте). Газ бөліну жергілікті сорғыштармен оқшауланатын болса, ауа әдетте жоғарғы аумаққа бағытталып беріледі.
Шаңмен күресу үшін ең тиімді, шаңды оның түзілу аумағынан алып кететін жергілікті сормалы желдендіру болып табылады. Желдендіру жобасында шаң түзу және шаң бөлу көздерін максимальды түрде толық жабу және сору тесігін шаңтүзу көзіне жақындату шараларын қарастыру керек.
Жалпы алмасулық желдендіру көмегімен шаңмен күресу, ереже бойынша, қажетті гигиеналық әсер бермейді. Бірқатар жағдайларда, конденсация аэрозольдері түзілгенде (дәнекерлеу) және жұмыстар бекітілмеген жұмыс орындарында атқарылатын болса, ал цехтың әр түрлі бөліктерінде шаңды жергілікті сормалы желдендіру көмегімен алып кету мүмкін болмаса, күрделі дәнекерлік аэрозольды (темір, марганец, титан тотықтары және т.б.) сұйылтуға есептелген жалпы алмасулық үрмелі желдендіруді қолдануға тура келеді.
Үрмелі желдендіру жүйесі. Сыртқы ауаны қабылдау құрылымын тұрақты қар жабындысы деңгейінен 1 м аспайтын биіктікте, бірақ жер деңгейінен 2 м төмен емес және құмды дауыл аудандарында жерден 3 м төмен емес биіктікте орналастыру керек.
Сыртқа ауаға арналған жалпы қабылдау құрылымдарын үрмелі желдендіруді жабдықтау үшін жобалауға және оларды бір бөлмеде орналастыруға рұқсат етілмейді.
Қабылдау құрылымдарын өсімдік тектес ауада қалқып жүретін қосындылармен ластанудан қорғауды, жобалауға тапсырмада нұсқаулар болған жағдайда қарастыру қажет.
Артық жылу бөлінетін бөлмелер үшін жылдың жылы мезгіліндегі үрмелі ауаның шығындалуын, сыртқы ауаның тікелей немесе жанама булана сууын және жұмысты орындау жағдайлары бойынша ауаның жоғарғы ылғалдылығы талап етілетін бөлмелерде, ауаны қосымша ылғалдауды қарастыра отырып анықтайды.
Ауа таратқыштардан үрмелі ауаны, ережеге сәйкес, адамдардың болуы тұрақты бөлмелерге, тұрақты жұмыс орындарына береді және ауа үлкен ластану аумақтарынан аз ластанған аумақтар арқылы түспейтіндей және жергілікті сорғыштардың жұмысын бұзбайтындай етіп бағыттайды.
Үрмелі ауа жұмыс аумағына, оның деңгейінде немесе одан жоғары деңгейде жіберілетін көлденең ағымдармен, соның ішінде құйынды желдендіру кезінде, еденнен 2 м және одан да жоғары биіктікте жіберілетін еңістейтін ағымдармен (төмендейтін) және еденнен 4 м және одан да жоғары биіктікте жіберілетін тік ағымдармен беріледі.
Артық жылу мөлшері шамалы болғанда үрмелі ауаны өндірістік бөлмелерге жоғары аумаққа келесі ағымдарда береді: тік, жоғарыдан төменге бағытталған, көлденең немесе еңіс (төмен). Едәуір ылғал бөлінетін бөлмелерде жылу ылғалдылық қатынасы 4000 кДж/кг және одан да төмен болғанда, ереже бойынша, үрмелі ауаның бір бөлігін ғимараттың қоршамалы құрастырылымдарындағы ылғалды конденсациялау аумақтарына беріледі.
Шаң бөлінумен жүретін бөлмелерде үрмелі ауаны жоғарғы аумақта орналастырылған ауатаратқыштардан жоғарыдан төмен қарай бағытталған ағымдармен беру керек. Шаң бөлінбейтін бөлмелерде үрмелі ауаны қызмет көрсетілетін немесе жұмыс аумағында орналастырлған ауа таратқыштардан төменнен жоғарыға бағытталған ағымдармен беруге рұқсат етіледі.
Жасанды айналымды және суытылмалы немес ауаны суытуынсыз желдендіруді артық жылу мөлшері 23 Вт/м³ асатын бөлмелердегі крандардың кабиналарында немесе краншының беткейлік тығыздығы 140 Вт/м² асатын жылу ағымымен сәулелену кезінде қарастыру қажет.
Егер краншының кабинасын қоршаған ауада зиянды заттардың концентрациясы ШРЕК жоғары болатын болса, онда сыртқы ауамен желдендіруді қарастыру керек.
Төбелік желдеткіштер мен желдеткіш-шашыратпаларды (жұмыс орындарын ауалы шашырату үшін қолданылатындардан басқалары) жылдың жылы мезгілінде ауаның жылдамдығын рұқсат етілген деңгейлерден жоғары деңгейде кезеңді түрде, бірақ 0,3 м/с көп емес жоғарылату үшін жұмыс орындарында немесе бөлменің жекелеген бөліктерінде: беткейлік тығыздығы 140 Вт/м² асатын жылу ағымымен сәулелену кезінде тұрақты жұмыс орындарында, үрмелі желдендіру жүйелеріне қосымша түрде қарастыру керек.
Жергілікті үрмелі қондырғылар. Тұрақты жұмыс орындарын сыртқы ауамен ауалы шашыратуды келесі жағдайларда қарастыру керек:
беткейлік тығыздығы 140 Вт/м² асатын сәулелі жылу ағымымен сәулелену кезінде;
зиянды заттардың бөлінуімен жүретін ашық технологиялық үрдістер кезінде, және тұрақты жұмыс орындарына зиянды заттардың таралуын болдырмайтын қаптарды немесе жергілікті сормалы желдендіруді орнату мүмкін болмаса. Сыртқы ауамен тұрақты жұмыс орындарын ауалы шашырату кезіндегі ауаның температурасы мен қозғалу жылдамдығын 4.02-05-2001 ҚНмЕ-не есептейді.
Ауалы шашыратпалар жобасына баға беру кезінде келесілерді есте сақтау қажет: бастың, мойынның және кеуденің жылулық сәулеленуі аяқ-қол белдеулерінің сәулеленуіне қарағанда ауырырақ тиеді; дененің сәулелену беткейі қаншалықты үлкен болса, сезімдер соншалықты ауырлау болады; үздіксіз сәулелену үзілісті сәулеленуге қарағанда ауырлау тиеді (жұмысшының күйі жақсарады, егер қысқа уақытта болса сәулеленусіз аралықта, жұмысшы жылу беру үшін қолайлы жағдайларда болады).
Ауалы немесе ауалы-жылулық бастырмалар орнатылуы тиіс:
бөлмелердің сыртқы қабырғаларында үнемі ашық тұратын ойықтарда, сонымен қатар дәліздері жоқ және бес реттен көп немесе сыртқы ауаның есептік температурасы минус 15°С және одан да төмен аудандарда ауысымына кем дегенде 40 минуттан ашылатын қақпалар мен ойықтарда;
ылғалды тәртіпті бөлмелердің сыртқы есіктерінде, қақпаларында және ойықтарында;
негіздеулер болса – кондиционерлері бар немесе арнайы технологиялық талаптары бар бөлмелердің есіктері, қақпалары мен ойықтарында.
Кезеңдік әсерлі ауалы бастырмалармен берілетін жылу ғимараттардың ауалы және жылулық тепе-теңдігінде ескеру керек емес.
Ғимаратта 100 немесе одан да көп кезеңді түрде жұмыс істейтін жергілікті сорғыш жүйелердің болуында ауалы-жылулық бастырмаларды, сыртқы ауаның есептік температурасы минус 15°С және одан да төмен елді мекендер үшін сыртқы есіктер арқылы кіретін адамдардың саны 200 адам/сағ. және одан да көп болатын болса жобалау керек.
Ауалы-жылулық бастырмалармен берілетін ауаның температурасы сыртқы есіктерде 50° жоғары емес және сыртқы қақпалар мен ойықтарда 70°С жоғары болмауы керек.
Ауалы және ауалы-жылулық бастырмалардың саңылаулары мен тесіктерінен ауаны жіберу жылдамдығы сыртқы есіктерде – 8 м/с көп емес; қақпалар мен технологиялық ойықтарда – 25 м/с аспауы керек.
Сормалы желдендіру жүйесі. Бөлмелерден желдендіру жүйесімен ауаны, ауасы ең жоғары ластанған немесе ең жоғары температуралы аумақтардан алып кетуді қарастыру керек. Шаңдар мен аэрозольдердің бөлінуі кезінде төменгі аумақтардан жалпы алмасулық желдендіру жүйелерімен ауаны алып кетуді қарастырады, ластанған ауаны адамдар болатын аумақтар арқылы бағыттауға болмайды.
Зиянды немесе жанғыш газдардың немесе булардың бөлінуімен жүретін өндірістік бөлмелерде ластанған ауаны жоғарғы аумақтан 1 сағатта кем дегенде бір рет ауа алмастырумен, ал биіктігі 6 м асатын бөлмелерде – 1 шаршы метр бөлмеге 6 м³/сағ кем емес есеппен алып кету керек.
Жылудың, ылғалмен зиянды газдардың артық мөлшерін өндірістік бөлмелердің жоғарғы аумағынан алып шығару үшін жалпы алмасулық сормалы желдендірудің қабылдау тесіктерін төбенің астына немесе шатырдың астына, бірақ еденнен тесіктің төменгі ернеуіне дейін 2 м төмен емес және жарылыс қауіпті газдарды, буларды және аэрозольдерді (сутектің ауамен қоспасынан басқасы) алып кету кезінде тесіктің жоғарғы ернеуіне дейін 0,4 м төмен емес, биіктігі 4 м және одан да аз болатын бөлмелерде төбенің немесе шатырдың жазықтығынан тесіктердің жоғарғы ернеуіне дейін 0,1 м төмен емес немесе биіктігі 4 м асатын бөлмелерде – сутектің ауамен қоспасын алып кетуде 0,025 биіктіктен ( бірақ 0,4 м көп емес) төмен емес орналастыру керек.
Өндірістік бөлмелердің жұмыстық аумақтарынан ауаны алып кету үшін жалпыалмасулық желдендіру жүйелерінің қабылдау тесіктерін еденнен тесіктердің төменгі ернеуіне дейін 0,3 м деңгейде орналастыру керек.
Жұмыс аумағы шегінде орналастырылған жергілікті сорғыштар арқылы ауаның шығындалуын осы аумақтан ауаны алып кеткен сияқты ескеру керек.
Жергілікті сормалы желдендіру зиянды заттарды түзілген жерлерінен алып кету үшін қолданылады, ол зиянды заттардың бөлмеге таралуына жол бермейді.
Зиянды заттарды бөлу көздері мен жергілікті сору құрылымдарының өзара орналасуына байланысты жергілікті сорғыштардың екі түрін ажыратады: ашық және жабық типті.
Жабық типті жергілікті сорғыштарда зиянды заттардың бөліну көзі қаптың ішінде орналастырылады, мысалы, бөлшекті ағымды немесе бояу камералары, сормалы шкафтар, қаптамалар, шаңды қондырғылы жапқыштар және т.с.с. Мұндай сорғыштар ең аз алып кететін ауа көлемінде зиянды затты толығымен тұтып қалады. 15.1 кестеде қаптардың жұмыстық ойықтарындағы ұсынылатын ауаның қозғалу жылдамдықтары келтірілген.
Ашық типті жергілікті сорғыштарда қабылдау тесігі зиянды заттардың бөліну көзінен біршама қашықтықта орналастырылады. Мұндай сорғыштарға сорғыш шатырларды, бортты сорғыштарды, сору панельдерін, бүйірлік, бұрыштық және сақиналы сорғыштар және т.с.с. жатады.
Шатырлар жұмысшының басы зиянды заттардың бөліну көзі мен шатырдың қабылдау тесігінің арасындағы аумаққа келмейтін кездерде қолданылады.
Оларды ереже бойынша, тек үстінен шатырдың қабылдау тесігіне зиянды заттардың түсуіне ықпал жасайтын жылу ағымдары пайда болатын көздердің жанына орналастыру ұсынылады.
Шатыр, әдетте, адамның бойынан жоғары еденнен 1,85 – 2 м биіктікте орналастырылады, сол себепті бөліну көзі мен шатырдың қабылдау тесігінің арасында салыстырмалы түрде үлкен аралық пайда болады. Бұл аралық қанша үлкен болса жоғары көтерілетін жылу ағымы қоршаған ауаның сонша үлкен көлемін қамтиды және үлкен сору көлемі талап етіледі.
Кесте 15.1 Жабық типті жергілікті сорғыштардың жұмыстық ойықтарындағы ұсынылатын ауаның қозғалу жылдамдықтары
Қаптарда жүргізілетін операциялар |
Бөлінетін зиянды заттар |
Ұсынылатын сору жылдамдықтары, м/с |
Металлдарды термиялық өңдеу |
||
Майлы ванналарда металлдарды суару және беру |
Май булары және оның ыдырау өнімдері |
0,3 |
350-1100 °С температурада тұзды суда суару |
Тұз аэрозольдері, жылу |
0,5 |
400 °С температурада қорғасынды ваннада өңдеу |
Қорғасын булары мен аэрозольдері |
1,5 |
Металлдарды гальваникалық өңдеу |
||
Қанықтыру: |
|
|
а) азот қышқылымен |
Азот қышқылы мен тотығының булары |
0,7 – 1,0 |
б) тұз қышқылымен |
Қышқыл булары мен тұмандары |
0,5 – 0,7 |
Майсыздындыру: |
|
|
а) бензинмен |
Бензин |
0,5 |
б) хлорланған көмірсутектермен |
Хлорланған көмірсутектердің булары |
0,7 |
в) электролиттік |
Сілтілердің тұманы |
0,3 – 0,5 |
Хромдау |
Хром қышқылының ангидриді |
1,0 – 1,5 |
Мырыштау, мыстау, кадмилеу |
синил қышқылының булары |
1,0 – 1,5 |
Бұйымдарды бояу |
||
Бояуыштармен, біліктермен, малып алумен және төгумен |
Бояуларда ароматты көмірсутектер болмайды |
0,5 |
Сондай |
Бояуларда ароматты ккөмірсутектер болады |
1,0 |
Пульверизациялық сырлау |
Бояуларда ароматты көмірсутектер және қорғасынды қосылыстар болмайды |
1,0 |
Сондай |
Бояуларда ароматты көмірсутектер және қорғасынды қосылыстар болмайды |
1,3
|
Шатырды қолдану кезінде (15.1. сурет) бөлмедегі көлденең ауа ағымдары тік көтеріліп келе жатқан жылу мен газдардың ағымын ауытқытып және оны шатырдың астынан шығарып жіберуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін шатырдың жиегінен зиянды заттардың бөліну көзіне дейінгі «в» аралық мүмкіндігінше аз болуы керек. Тиімді қаптарға күмбезі және төмен түсіп түратын мұржалары бар қаптар жатады, олардың биіктігі көріктегі көмірдің жану қарқындылығына және конвекциялық ағымдардың көтерілу жылдамдығына байланысты регламенттеледі.
Қарапайым
шатырдың соратын ашық ауданының шамасы
оның «в» аралыққа периметрінің туындысы
ретінде есептеледі. Күмбезді шатырлар
үшін сору ауданы ашық жақтар ауданының
(күмбезсіз) қосу күмбез маңдарындағы
тығыз емес жерлердің ауданы болып
есептеледі. Шатырдың дұрыс жұмыс істеуі
үшін соңғысы жылу бөліну көзінің ауданын
жауып тұруы тиіс. «а» қалпақшасының ұшы
кем болмауы керек (15.1 сурет). Шатырдың
қабылдау тесігіндегі жылдамдық 0,5-0,7
м/с болуы керек. Ұстаханаларда оқшаулағыш
жергілікті шатыр тәрізді желдендіруді
қолдануда жылу мен газдардың бір бөлігі
бәрібір бөлмеге түседі, сол жерге қаптың
өзінің қабырғаларынан бөлінетін жылу
да түседі. Бұл зияндылықтарды алып кету
үшін қосымша бөлменің жоғарғы аумағында
жалпы сормалы желдендіруді орнатады.
Ылғалмен күресуіге арналған жергілікті сормалы құрылымдар. Егер өндірістік үрдістің сипаты бойынша ылғал бөлінетін барлық жағдайларда ылғал бөлетін қондырғыны қаптау және одан жергілікті сорғыш құралды орналастыру қарастырылады. Қаптың құрастырылымы әр түрлі болуы мүмкін және бу бөлетін қондырғының ерекшеліктеріне байланысты болады.
Қаптрдың ең қалаулы түріне сормалы шкаф жатады. Ауа шығыны 1 кг буға 12 – 15 кг құрайды; бөлінген су булары тікелей шкафтан алып кетіледі. Бұл кезде шкафтың ішіндегі ылғалдың мүмкін болатын конденсациясының гигиеналық маңызы болмайды.
Зиянды газдармен және булармен күресуге арналған жергілікті сормалы құрылымдар зиянды газ тәрізді және бу тәрізді бөлінген заттарды жергілікті соруға ықпал жасауы керек. Ол үшін әр түрлі қаптарды қолданады: сормалы шкафтар, шатырлар, ванналар және т.б.
Ванналардан, ашық резервуарлардан (мысалы, гальваникалық төсемелер үшін) және т.с.с. зиянды газдар мен буларды алып кету үшін борттық сорғыштарды қолданады, ол ваннаның ұзын жағынан орналасқан саңылау тәрізді тесігі бар сорғыш құбыр түрінде орналастырады. Ваннада, ауаның саңылауға ағыммен келуіне кедергі келтіретін, сиымдылықтың ішіне қарай шығыңқы тұратын бөліктері болғанда (электродтар, штангілер және т.с.с.) екі бортты сорғыштар жасау керек. Ваннадан бөлінетін зат қаншама улы болса, ластанған ауаның ағымы сұйықтықтың бетіне соншама төмен тигізіліп келтірілуі тиіс. Ваннаның бетінен зиянды затты тиімді түрде жинап және алып кету үшін сорғыштың саңылауы арқылы алып кетілетін ауаның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету керек. Зиянды заттар бөлінділерінің жоғары көтеріліп келе жатқан ағымының жылдамдығы ваннаның электролитінің және ауа температурасының айырмасына тәуелді болады: бұл айырманы ескере отырып ваннадан алып кетілуі тиіс ауаның көлемі есептеледі.
Сорғыш
саңылауының биіктігі (ені) ваннаның
енінен кем болмауы керек және ешбір
жағдайда 50 мм аз болмауы тиіс; саңылауының
ені 100 және 150 мм болатын сорғыштар аса
тиімді жұмыс істейді.
Шаңмен күресуге арналған жергілікті сормалы құрылымдар, жұмыстық бөлмелерде шаңның бөлінуімен күресудің негізгі әдістерін (жабдықты герметизациялау, өңделінетін материалдарды ылғалдандыру және т.б.) қолдану мүмкін болмаған жағдайларда, шаңды түзілеген жерінен алып кететін, жалғыз ғана тиімді шаңсыздандыру құралы болып табылады.
Шаңмен күресуге арналған желдендіру жобасында шаң түзілу көзін максимальды түрде толық қаптауға және сору тесігін шаң түзілу мен шаң бөлу көзіне жақындату бойынша шаралар қарастырылуы тиіс. Шаңды соруға арналған ауажолдары оларда шаңның қонып қалуын болдырмау үшін көлденең емес, керісінше көкжиекке 50 – 60° бұрышпен орналстырылуы тиіс және қонып қалған шаңдардан кезеңді түрде тазалап тұруға арналған тесіктері болуы керек.
Талап етілетін ауа алмасуға баға беру кезінде, қаптың тесігіне ауаның түсуін қамтамасыз ететін қаптың ішіндегі ауаны сору жылдамдығы жеткілікті ме соны анықтап алу қажет. Сору жылдамдығын әдетте 1,5 тен 4 м/с-қа дейін қабылдайды (шаңның пайда болу жағдайларына, оның сипатына және т.б. байланысты).
Ауаның жеткілікті қозғалу жылдамдықтары ауа жолдарында да шаңның қонып қалуын болдырмау үшін қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жылдамдықтар 10 – 20 м/с шамасында болады.
Бірқатар жағдайларда алып шығарылатын шаңды ауа мөлшері мен бірқатар техникалық мәліметтер арасындағы белгілі ара қатынас та қажет болады. Мысалы, эксперименттік зерттеулермен, егегіш, тегістегіш және қайрайтын тастар мен дөңгелектердің сорғыштарынан тастармен дөңгелектердің диаметрінің әрбір миллиметріне 1,6-дан 2 м/сағ дейін ауаны алып кетуді қарастыру қажеттілігі анықталды.
Жобаларға сараптама жасау кезінде, алып кетілетін ауаның көлемін және жылдамдығын есептеу жолымен және басқа да жоғарыда көрсетілген талаптардың ескерілу дәрежесін тексеруден басқа, шаң қабылдағыштың құрастырылымына баға беру қажеттілігін де есте сақтау маңызды.
Егер конденсация аэрозольдерінің түзілуі орын алса және жұмыстар бекітілмеген жұмыс орындарында орындалатын болса, ал цехтың әр түрлі бөлімдерінде шаңды жергілікті сормалы желдендіру көмегімен алып кету мүмкін болмаса, онда осы күрделі аэрозольді (темір, марганец, титан тотықтары және т.б.) сұйылтуға есептелген жалпы алмасулық үрмелі желдендіруді де қолдануға тура келеді.
Өндірістік бөлмелердің жергілікті сорғыштарымен және жалпы алмасулық желдендірумен атмосфераға шығарылатын, зиянды ластаушы заттардан тұратын ауаны (одан әрі – «шаңдыгаздыауалы қоспа»), ереже бойынша, тазалау керек. Бұдан басқа, зиянды заттардың қалдық мөлшерін атмосфераға таратып жіберу керек. Берілген нысанның желдендірілуімен тасталынатын қалдықтардан тұратын атмосферадағы зиянды заттардың концентрациясы басқа қалдықтардың қорлық концентрацияларын ескергенде келесілерден жоғары болмауы тиіс:
а) ҚР Мемсанэпидқадағалау басқармасымен қалыптастырылған елді мекендердің атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың максимальды бір реттік шектік рұқсат етілген концентрацияларынан, немесе 0,8 ШРЕКм – курорттардың, ірі санаторийлердің, демалыс үйлерінің және қалалардың демалыс үйлерінің санитарлық-күзет үйлерінде, немесе берілген нысан үшін қарастырылған кіші мәндерден.
ҚР Мемсанэпидқадағалау басқармасымен максимальды бір реттік концентрациялары қалыптастырылмаған зиянды заттар үшін ШРЕК ретінде елді мекендердің атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың шектік рұқсат етілген орташа тәуліктік концентрацияларын қабылдау керек: өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың бөлмелеріне ауаны алып келу үшін қолданылатын қабылдау құрылымдары, ашылатын терезелер мен ойықтар арқылы түсетін ауадағы өндірістік бөлмелердің жұмыс аумағына арналған зиянды заттардың 0,3 шектік рұқсат етілген концентрациясы (одан әрі – ШРЕК б.р.).
Егер жобаның «Атмосфералық ауаны ластанудан қорғау» бөлімімен қалдықтарды тазалау талап етілмесе және жоғарыда аталған талаптар орындалса табиғи желдендіру жүйелерінен, сонымен қатар жасанды желдендіру жүйелерінің қуаттылығы аз көздерінен түсетін шаңдыгаздыауалы қоспадан тұратын қалдықтарды тазаламауға рұқсат етіледі.
Апаттық желдендіру жүйелерінен зиянды заттарды атмосфераға таратуды технологиялық жобалау нормалары бойынша жобалау керек.
Өндірістік бөлмелердің желдендіру жүйелерінен атмосфераға қалдықтарды тастау орындарын есеппен немесе сыртқы ауаға арналған қабылдау құрылымдарынан көлденеңінен 10 м кем емес немесе 10 м аз болатын көлденең қашықтықта тігінен 6 м аралықта орналастыру керек. Бұдан басқа, зиянды заттардың жергілікті сорғыштарынан қалдықтарды тастау орындарын ғимараттың ең биік бөлігінің шатырының үстінен, егер оның шығыңқы жеріне дейінгі аралық 10 м аз болса 2 м кем емес биіктікте орналастыру қажет.
Апаттық желдендіру жүйелерінен қалдықтарды тастау орындарын, жерден тесіктің төменгі ернеуіне дейін 3 м кем емес биіктікте орналастыру керек.
Бөлмелердің ауалық балансы (үрмелі және алып кетілетін ауаның жалпы мөлшерлерінің ара қатынасы)
Ауаның артық қысымын ұстап тұру қажет «таза» бөлмелерден басқа, А және Б категориялы бөлмелер үшін, сонымен қатар зиянды заттар бөлінетін немесе жағымсыз иістер айқын сезілетін өндірістік бөлмелер үшін теріс дисбаланс қарастыру керек.
Ауаны кондиционерлеу қарастырылған бөлмелерде, егер оларда зиянды және жарылыс қаупі бар газдардың, булардың және аэрозольдердің бөлінуі немесе айқын білінетін жағымсыз иістер болмаса оң дисбаланс болуы керек.
Жылдың суық мезгілінде өндірістік ғимараттарда технико-экономикалық негіздеулер болғанда биіктігі 6 м және одан да аз бөлмелерде 1 сағат ішінде бір реттік ауа алмастырудан көп емес көлемде және биіктігі 6 м бөлмелерде еденнің 1 шаршы метріне 6м³/сағ есебінен теріс дисбаланс рұқсат етіледі.
Ауа құбырларын 4.02-05-2001 ҚНмЕ 20 міндетті түрдегі Қосымшасында көрсетілген бұйымдар мен материалдардан, тасымалданатын ортаның сипатына қарай жобалау керек: температурасы 80 °С жоғары емес, ылғалдылығы 60 % жоғары емес ауа және химиялық белсенді газдардан, булар мен шаңнан тұратын ауалы қоспа.
Асбестті цементті құрастырылымды ауа құбырларын үрмелі желдендіру жүйесінде қолдануға болмайды. Олар тасымалданатын және қоршаған ортаға төзімді жабындылардан болуы тиіс.
Ауа құбырлары ірі кескінді болуы керек; технико-экономикалық негіздеулер кезінде тік бұрышты және басқа да кескінді ауа құбырлары рұқсат етіледі.
Жалпы алмасулық сормалы жүйенің және ауадан жеңіл жанғыш газдардан тұратын ауа қоспасын жергілікті сору жүйелерін газдыауалы қоспаның қозғалу бағытында 0,005 кем емес биіктікте көтере отырып жобалау керек; ал ылғалдың немесе басқа да сұйықтықтардың шөгуі немесе конденсациясы мүмкін болатын ауа құбырларын, ауаның қозғалатын жағына қарай 0,005 кем емес еңіспен жобалау керек және дренаждауды қарастыру керек.
Жанбайтын материалдардан істелінген ауа құбырлары қажет:
а) жарылыс қауіпті және өртқауіпті қоспалардың жергілікті сорғыш жүйелері үшін, апаттық жүйе мен барлық ұзына бойына температурасы 80 °С және одан да жоғары ауа тасымалдайтын жүйелер үшін;
б) жалпы алмасулық желдендіру, ауаны кондиционерлеу және ауалы жылытудың транзитті бөліктері немесе коллекторлары үшін;
в) желдендіру қондырғылары үшін бөлмелердің шегінде, сонымен қатар техникалық қабаттарда, шатырлармен жертөлелерде жүргізу үшін;
Жанатын материалдардан істелінген ауа құбырлары, жоғарыда аталынған ауа құбырларынан басқа қызмет көрсету бөлмелерінің шамасында болуы мүмкін. Д категориясының бөлмелеріне қызмет көрсететін және солар арқылы өтетін жүйелердің ауа құбырларында майысқақ қондырмалар мен жанатын материалдардан істелінген бұрылыстарды, егер олардың ұзындығы қиын жанатын материалдардан жасалынған ауа құбырларының ұзындығының 10 % көп емесін құраса және жанбайтын материалдардан жасалынған ауа құбырлары үшін 5 % көп емесін құраса, жобалауға рұқсат етіледі. Желдеткіштердің жанындағы майысқақ қондырмаларды жоғарыда аталып өткен жүйлерден басқа (а, б, в) жағдайларда жанатын материалдардан жобалауға рұқсат етіледі.
Артық жылу мөлшерімен күресуге арналған ауа алмасуды есептеу және баға беру. Бөлмедегі артығымен жылытылған ауаны, жылудың артық мөлшерін жұтуға қабілетті суық ауамен сұйылту қажеттілігіне негізделеді. Сұйылтылатын ауаның мөлшері бөлмеден бөлінетін жылу мөлшерімен және осы бөлменің қабырғалары арқылы жоғалтылатын жылу мөлшерінің арасындағы айырма болып табылады.
Өндірістердегі жылу бөлу көздеріне жұмыс істеп жатқан адамдар, қозғалмалы механизмдер, сонымен қатар пештердің, жабдықтардың қыздырылған беттері, қыздырылған металл және т.б. жатады. Сұйылтылатын артық жылу мөлшерін есептеу үшін барлық жылу көздерінен бөлінетін жылудың қосынды жалпы мөлшерін есептеу керек.
Ауа шығынын жылдың жылы және суық мезгілдеріне және өтпелі кезеңдерге айқын артық жылудың артық мөлшерімен алынатын үлкен шамасын қабылдай отырып жеке-жеке анықтау керек.
Артық жылу мөлшерлерін сұйылтуға қажетті ауа шығынын есептеуді келесі өрнек бойынша жүргізеді:
,
мұндағы
-
үрмелі ауаның қажетті көлемі, м³/с;
- қызмет көрсету немесе жұмыс аумағынан
жергілікті сорғыш жүйемен, жалпы
алмасулық желдендірумен және технологиялық
мұқтаждықтарға алып кетілетін ауа
шығыны, м³/с (жобамен есептеледі);
- бөлмедегі айқын артық жылу ағымы, Вт;
- 1,2 (кДж/м³ °С) тең болатын ауаның жылу
сыйымдылығы;
- қызмет көрсету немес жұмыс аумағынан
жергілікті сорғыш жүйемен, жалпы
алмасулық желдендірумен және технологиялық
мұқтаждықтарға алып кетілетін ауа
температурасы, °С ҚНмЕ-дің 2 бөлімі
бойынша бөлмелердің қызмет көрсету
немесе жұмыс аумағындағы есептелген
көрсеткіштеріне тең қабылданады;
-
жасанды желдендіру жүйелерімен (сонымен
бірге ауаны буландыра отырып суытумен)
бөлмелерге берілетін ауаның температурасы;
- қызмет көрсету немесе жұмыс аумақтарынан
тыс бөлмеден алып кетілетін ауа
температурасы, °С.
Қабырғалармен шатырдың әйнектелген беттері арқылы күн радиациясымен жылу бөліну анықтамалық құралдарда келтірілген кестелермен анықталады. Әйнектерді әктеу кезінде кестелермен келтірілген мәндерді 40 %-ға азайту ұсынылады. Қалыңдығы 1 - ½ асатын сыртқы қабырғалар арқылы өтетін күн радиациясын ескермесе де болады, ал шатырсыз жабындылар үшін 15 ккал/м² · сағ тең қабылдау керек.
Ғимараттардың жылу шығындары келесі үрдістерден құралады:
бөлменің ішіндегі және сыртындағы ауаның едәуір айырмашылығы кезінде ғимараттың сыртқы қоршамалары арқылы атмосфераға жылу беру;
ылғалдың булануына жылудың шығындалуы;
сырттан әкелінген суық заттарды жылытуға жылудың шығындалуы;
сырттан ұйымдастырылмаған түрде енетін ауаны жылытуға кетін жылу шығыны.
Бөлмелердегі ауаның температурасын жылдың жылы мезгілі үшін айқын артық жылу бөлінумен жүретін бөлмелерде желдендіруді жобалау кезінде – рұқсат етілген температураның максимальдысын, ал артық жылу бөлінбейтін бөлмелерде – рұқсат етілген температура шамасында экономикалы түрде мақсаттысын қабылдау керек; жылдың суық және өтпелі мезгілі үшін артық жылу мөлшерін ассимиляциялау үшін желдендіруді жобалау кезінде, - рұқсат етілген температура шамасында экономикалы түрде мақсаттысын, ал артық жылу мөлшері бөлінбейтін бөлмелерде – дамытылған санитарлық заңдылықтар бойынша рұқсат етілген температуралардың минимальдысын қабылдау керек. Егер рұқсат етілген нормаларды өндірістік немесе экономикалық жағдайлармен қамтамасыз ету мүмкін болмаса, тұрақты жұмыс орындарында ауалы шашырату немесе ауаны кондиционерлеуді қарастыру керек. Тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарында рұқсат етілген салыстырмалы ылғалдылық 75 %-дан көп болмауы керек.
Зиянды булармен және газдармен күресуге арналған ауа алмасуды есептеу және баға беру. Бөлмедегі улы газдың немесе будың бөліну көзін жеткілікті түрде тығыз жабу мүмкін болмаса, бөлмеге түскен зиянды бөлінділерді берілген затқа арналған шектік рұқсат етілген концентрацияға дейін сұйылту үшін қосымша жалпы алмасулық үрмелі желдендіруді орнатады.
Жұмыс бөлмесінің ауасына газдар мен булардың бөліну үрдісі аса күрделі және көптеген факторларға байланысты болады: заттың ұшқыштығына, ауаның температурасына, технологиялық үрдіс іске асырылатын температураға және т.б.
Бөлмеге әсерлерінің қосынды әсері бар бірнеше зиянды заттар бөліну кезінде, ауа алмасуды, осы заттардың әрқайсысына есептелген ауа шығындарын қосындылай отырып анықтау керек.
Бөлінетін зиянды заттардың салмағы бойынша қажетті үрмелі ауа көлемін келесі өрнек бойынша анықтайды:
,
мұндағы
-
бөлінетін зиянды заттардың салмағы
бойынша үрмелі ауаның қажетті көлемі,
м³/сағ;
-
жоғарыдан қараймыз;
-
бөлменің жұмыс аумағынан алып кетілетін
ауадағы зиянды заттың концентрациясы,
мг/м³;
-
жұмыс аумағынан тыс алып кетілетін
ауадағы зиянды заттың концентрациясы,
мг/м³;
-
бөлменің ауасынан түсетін әрбір зиянды
заттың салмағы, мг/сағ., бұл мән мына
формуламен алынуы мүмкін:
,
мұндағы
-
бөлменің жұмыс аумағындағы берілген
заттың концентрациясы, мг/м³;
- бөлменің көлемі, м³; биіктігі 6 м және
одан да биік бөлмелер үшін
=
6 · А – бөлменің ауданы, м² – болып
қабылданады;
-
2 тең болатын ұйымдастырылмаған ауа
алмасу коэффициенті.
Өндірістік бөлмелердегі жұмыс орындарының жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың концентрациясы желдендіру және ауаны кондиционерлеу жүйелерін есептеу кезінде аумақтың ШРЕК тең қабылдануы керек. Ауатаратқыштардан және басқа да үрмелі тесіктерден шығар кездегі үрмелі ауадағы зиянды заттардың концентрациясын, бұл заттардың ауа қабылдау құрылымдарының орналастырылған жерлеріндегі қорлық концентрацияларын ескере отырып есептейді, бірақ келесі мәндерден жоғары болмауы керек: өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық бөлмелердің жұмыс аумағының ауасындағы 30% ШРЕК; елді мекендер ауасының ШРЕК - тұрғын және қоғамдық бөлмелер үшін.
Ылғалмен күресуге арналған ауа алмасуды есептеу және баға беру. Өндірістік үрдіспен ылғал бөлуші агрегаттарды жергілікті қаптармен жабуға мүмкіндік берілмеген немесе ылғалды сорып алу жұмыс бөлмесінен ылғалдың артық мөлшерінің толық алып кетілуін қамтамасыз етпейтін барлық жағдайларда жалпы алмасулық үрмелі желдендіруді ұйымдастырады. Артық ылғалды бөлмелер үшін жылдың суық мезгіліндегі сыртқы ауаның есептелген көрсеткіштерінде сыртқы қоршамалы құрастырылымдардың ішкі бетінде конденсаттардың түзілуін болдырмау үшін ауа алмасудың жеткіліктілігін тексеру керек.
Артық ылғал (сулы будың) мөлшерін есептеуді мына формуламен іске асырады:
,
мұндағы
-
артық ылғал мөлшеріндегі үрмелі ауаның
қажетті көлемі, м³/сағ, жоғарыдан
қараймыз;
-
бөлмедегі артық алғал, г/сағ;
-
бөлменің қызмет көрсету немесе жұмыс
аумағынан жергілікті сорғыштар жүйесімен
және технологиялық мұқтаждықтарға алып
кетілетін ауаның ылғал мөлшері, г/кг;
-
бөлмеден қызмет көрсету немесе жұмыс
аумақтарынан тыс алып кетілетін ауадағы
ылғал мөлшері, г/кг;
-
бөлмеге берілетін ауаның ылғал мөлшері,
г/кг.
Кесте 15.2. Ауаның максимальды ылғалдығы
Ауа темпера-турасы, °С
|
1 кг толық қанығуы кезіндегі ауадағы су буларының мөлшері |
Ауа темпера-турасы, °С
|
1 кг толық қанығуы кезіндегі ауадағы су буларының мөлшері |
-30 -29 -28 -27 -26 -25 -24 -23 -22 -21 -20 -15 -10 -5 -0 5 10 15 |
0,312 0,344 0,378 0,410 0,452 0,470 0,500 0,550 0,610 0,67 0,80 1,1 1,7 2,6 3,8 5,4 7,5 10,5 |
20 25 30 35 40 45 50 55 60 65 70 75 80 85 90 95 100 |
14,4 19,5 26,3 35,0 46,3 60,7 79,0 102,3 131,7 168,9 216,1 176,0 352,8 452,1 582,5 757,6 1000,0 |
және мына формуламен есептеледі:
,
мұндағы
-
берілген температурада 1 кг ауаны
қанықтыратын ылғалдың салмақтық мөлшері
(15.2. кесте);
- бөлме ауасының рұқсат етілген
салыстырмалы ылғалдылығы.
Биіктігі 4,5 м-ден аспайтын бөлмелердегі ауаның температурасы мен салысытырмалы ылғалдығын жұмыс аумағының ауасына арналған заңды құжаттың (2.2.458-96СанЕмН) көрсеткіштеріне сәйкес анықтайды. Биік бөлмелер үшін жоғарғы аумақты арнайы жылыту құрылымдары қарастырылған болса, алып кетілетін ауаның температурасы мен ылғалдығын жоғарғы аумақтағы мәндерге тең етіп қабылдайды. Берілетін ауадағы ылғалдың мөлшерін ( ) температура мен салыстырмалы ылғалдылықтың есептелген мәліметтерінің негізінде есептейді. Еліміздің орта ендіктері үшін орташа ауа температурасы мен ылғалдылығының келесі мәндері сәйкес қабылданған: ең суық ай үшін (қаңтар) – температура – 16 °С және салыстырмалы ылғалдық 30%, жылдың жылы мезгілі үшін ең жылы айдың (шілде) орташа температурасы +20 °С, салыстырмалы ылғалдылығы 60%.
VІ. ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ
|
Жұмысшылардың денсаулық жағдайына баға беру кешенді түрде, нақты зерттеу мақсатына байланысты, демографиялық көрсеткіштердің, физикалық дамудың, сонымен қатар аурушаңдық пен мүгедектіктің зерттелуіне және сипаттамасына негізделе отырып іске асырылады.
Денсаулық жағдайының барлық көрсеткіштері бір-бірімен өзара байланысты және сонымен бірге олардың әрқайсысының белгілі бір ақпараттық құндылығы болады.
16 ТАРАУ |
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУ |
Жұмысшы халықтың (қаланың, ауданның және т.с.с) денсаулық жағдайына баға беру үшін демографиялық көрсеткіштерге талдау жасау әлеуметтік-гигиеналық зерттеулерде жалпы қабылданғаннан еш өзгешеленбейді. Еңбек гигиенасы дәрігерінің жұмысында еңбекке қабілетті контингенттің жастық-жыныстық құрамын зерттеу қажеттілігі туындайды, себебі оның едәуір өзгеруі аурушаңдықтың сипатына және таралу деңгейіне әсер етеді. Халықтың саны және құрамы, оның жыныстық және жасқа байланысты ажыратылуы туралы мәліметтерді мемлекеттік статистикалық мекемелерден алуға болады. Сонымен бірге халықтың табиғи қозғалу көрсеткіштері де - өлімшілдік және туушылдық, сонымен қатар өлі тууы да қызықтырады.
Туушылдық демографиялық көрсеткіш ретінде жеке түрде сирек қолданылады, көбінесе оны басқаларымен кешенді түрде қарастырады.
Өлі туу көрсеткіші, сонымен қатар туа біткен даму ақаулары бар балалардың туылу көрсеткіштері де аса маңызды болып келеді. Бұл мәліметтер еңбек іс-әрекеті барысында жұмысшылар қатынасқан зиянды факторлардың мүмкін болатын қолайсыз (мутагенді, гонадотропты және басқа да) әсерлерін анықтау үшін қолданылуы мүмкін. Мәліметтер көзіне ҚР мемстаткомитетінің есеп беру құжаттары, ал өлі туу себептерін тереңірек зерттеуде «Перинатальды өлім туралы куәлік» жатады (№106-2 нұсқа).
Бір қатар жағдайларда жұмысшылардың денсаулық жағдайын зерттеу үшін өлімшілдік көрсеткішін (атап айтқанда, эпидемиологиялық зерттеулерде) қолданады. Оны жасқа, еңбек өтіліне, мамандығына байланысты талдау зиянды өндірістік факторлармен байланысының мүмкін болатын себептерін анықтауға мүмкіндік береді (жиі алыстатылған салдарларды).
Өлімнің тууын және себебін дәлелдейтін негізгі құжат – «Өлім туралы дәрігерлік куәлік» (№ 0106/е нұсқасы), оны негізгі есеп беру (статистикалық) құжат ретінде пайдаланады.
Физикалық даму денсаулық жағдайының ең бір объективті көрсеткіштерінің бірі болып табылды. Физикалық даму дегеніміз ағзаның дамуымен қалыптастырылуын сипаттайтын морфологиялық және функционалдық белгілердің жиынтығы.
Физикалық дамуға эндогенді (тұқым қуалаушылық және т.б.) және экзогенді факторлар әсерін тигізеді. Соңғыларының ішінде табиғи-климаттық факторлармен қоса әлеуметтік-экономикалық фаторларды, бәрінен де бұрын – адамның еңбек іс-әрекетінің сипаты мен жағдайларын атап өту керек.
Физикалық дамуға баға беретін белгілердің кешенінде келесі белгілерді бөліп көрсетуге болады:
антропометрлік (түрегеп тұрғандағы бой ұзындығы, дене салмағы, кеуде қуысының айналымы және т.б.);
физиометрлік (өкпенің тіршілік сыйымдылығы, бұлшықет күші және төзімділік және т.б.);
соматоскопиялық (дене бітімі, бұлшықеттің дамуы, кеуде қуысының пішіні және т.б.).
Қандай да бір мамандық тобын зерттеу кезінде алынған физикалық даму мәліметтерін бақылау тобының мәліметтерімен (баға берілетін белгіден басқа барлық белгілермен ұқсастырылған) немесе берілген жастық және жыныстық топқа арналған орташа мәндермен салыстырады.
Соңғы жылдарда физикалық даму көрсеткіштерінің негізінде жалпы физикалық еңбекке қабілеттіліктің интегральды көрсеткіштерін есептейді, олар тіршілік үшін маңызды мүшелер мен жүйелердің қорлы және функционалдық мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді.
17 ТАРАУ |
ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒА БЕРУ ӘДІСТЕРІ |
Жұмысшылардың аурушаңдығы көптеген факторларға байланысты болады. Оның ерекшеліктеріне әсер ететін факторлардың келесі төрт тобын бөліп көрсету мақсатты болып келеді:
1-ші топ – биологиялық факторлар (жыныс, жас және басқалары);
2-ші топ – медициналық-әлеуметтік (еңбек іс-әрекетіне дейінгі денсаулық жағдайы, балалардың болуы, өмір сүру жағдайы және т.б.)
3-ші топ – халықтың медициналық мекемелерге қаралуына әсер ететін факторлар (медициналық жәрдемнің мүмкіншілігі, өзінің денсаулығына көңіл бөлуі және т.б.);
4-ші топ - өндірістік факторлар (еңбек іс-әрекетінің сипаты мен жағдайлары).
Соңғы топ факторларының аурушаңдыққа әсер етуін зерттеу еңбек гигиенасы дәрігерінің жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.