
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
Желдендіру жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне баға беретін тікелей және жанама әдістер бар.
Жанама әдістерге - өндірістік бөлмелердің ауа ортасының санитарлық нормаларға, жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың концентрациясы, температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы мен ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәулеленуі тұрғысынан сәйкестігіне баға беру жатады; тікелей әдістерге – келесі өлшенетін көрсеткіштер жатады: ауа ағымдарының жылдамдығы мен температурасы, өнімділік, желдеткіштің дамытылған қысымы мен айналымдар саны, қысымдар немесе зарядтар айырмасы, желдендіру жүйесі элементтерінің шу және дірілі, сорылатын ауадағы зиянды заттардың концентрациясы.
Желдендірудің гигиеналық тиімділігіне баға беруге бөлмелердегі жабдықтардан артық жылу, шаң және газдардың бөлінуін төмендету немесе жою тұрғысынан барлық қажетті технологиялық, эксплуатациялық және ұйымдастырушылық шараларды іске асырғаннан кейін барып кірісу керек.
Санэпидқызмет өкілі желдендіру жүйелеріне бақылау жасар алдында келесі құжаттармен танысуы керек: қалыптастырылған тәртіппен бекітілген желдендіру жобасы, сонымен бірге жобадан ауытқулар тізімі, ашу жұмыстарын тексеру және қабылдау актілері, желдендіру жүйелерін техникалық сынау және жөндеу хаттамалары, жоспарлы-сақтық жөндеу (ЖСЖ) графигімен және оны тіркеу журналы.
Іске қосылып тұрған желдендіру тиімділігін тексеру жұмыс аумағындағы, ашық ойықтардағы және ауа қабылдау құрылымдарының жұмыстық бөлімдеріндегі, сонымен қатар транспорттық, монтаждық және аэрациялық ойықтардағы, ауа таратушы құрылымдардың ауа әкелетін құбырларындағы, ауалы шашыратпалар мен бастырмалардағы ауа ағымдарының жылдамдығы мен температурасын өлшеу, сондай-ақ желдеткіштердің өнімділігін және жалпы алмасулық жергілікті сорғыш қондырғылар мен аспирациялық қаптарға орнатылған үрмелі және сормалы жүйелердің ауа жолдарындағы желдеткіштермен тудырылатын қысымды анықтау және көршілес бөлмелерге немесе бокстардағы, кабиналардағы және қаптардағы атмосфераға қатысты өндірістік бөлмелердегі қысымдар айырмасын немесе бәсеңдетілуін өлшеу жолымен жүргізіледі.
Жергілікті сорғыштардың, аспирациялық қаптардың және т.с.с. желдендіру жүйелерінің өнімділігі келесі өрнек бойынша анықталады:
,
мұндағы
-
орташа жылдамдық, м/с;
-
терезенің, ауа жолы қабының, сору
тесігінің, жергілікті сорғыштың,
саңылаудың, желінің және т.с.с. қиық
ауданы.
Жұмыс аумағы мен жұмыс орындарындағы, үрмелі қаптардың ашық жұмыстық ойықтарындағы және жергілікті ауа қабылдау құрылымдарындағы ауа ағымдарының жылдамдығын өлшеу кезінде анемометрлерді қолдану керек.
Механикалық желдендірудің өнімділігіне баға беру үшін жабық ауа жолы арқылы өтетін ауаның қозғалу жылдамдығын ауа жолымен қозғалатын ауамен туғызылатын қысым мәні бойынша келесі формуламен анықтайды:
,
мұндағы
- ауа өтіміндегі орташа жылдамдық, м/с;
-
өлшенетін өтімдегі динамикалық қысым,
кгс/м² (қалыпты жағдайларда ауа
температурасы +20С°, атмосфералық қысым
760 мм.сн.бб.).
Динамикалық қысым ( ) – ауаның ауа жолымен жылжуына қажетті қысымның айырмасы.
Ауа жолдарындағы динамикалық қысым микроманометрмен немесе кешенінде пневмометрлік түтікшесі бар сұйықтықты U-тәрізді манометрмен өлшенеді.
Желдендірудің тиімділігіне санитарлық-гигиеналық баға беру, іс әрекеттің шамалап алынған негізі. Механикалық және табиғи желдендіруге, сонымен қатар жергілікті сорғыштардың барлық түрлеріне санитарлық-гигиеналық бақылау жасауда тиімділікке, өндірістік бөлмелердің жұмыс аумағында 4.02-05-2001 ҚНжЕ-нің, №841 бұйрығының талаптарын қанағаттандыратын ауа ортасының көрсеткіштерін ұстап тұру қабілеттілігі тұрғысында баға беріледі.
Өндірістік бөлмелердің желдендіруіне санитарлық-гигиеналық баға беруді кәсіпорынның сәйкес қызметтерінің өкілдерінің: технологтардың, механиктердің, зертхана жұмысшыларының, қауіпсіздік техникасы қызметі мен желдендіру қызметінің өкілдерінің қатысуымен жүргізу керек.
Механикалық желдендіру және ауаны кондиционерлеу қондырғыларын тексеру схемасы келесі түрде ұсынылуы мүмкін:
өндірістік үрдістің және жұмыстық бөлмелердің қысқаша суреттемесі (ауданы, жұмысшыларының саны);
ауа ортасын өзгертетін негізгі зияндылықтың сипаттамасы, оның бөліну сипаты – тұрақты немесе кезеңді, жергілікті немесе шашыраңқы;
желдендіру жүйесі: жалпы алмасулы немесе жергілікті, үрмелі-сормалы, қайта айналмалы;
агрегаттың механикалық сипаттамасы: желдеткіштің нөмірі, моторының қуаттылығы;
желдендіру қондырғыларымен берілетін шумен дірілді төмендету шаралары;
үрмелі ауаны жинау орындары мен оны шығару орындарының орналасуы және санитарлық сипаттамасы;
берілетін ауаны дайындауға арналған құрылым және оның техникалық сипаттамасы (тазалау, жылыту және т.б.);
бөлмелердегі үрмелі және сормалы тесіктердің ораналастырылуы;
берілетін ауаның температурасы және жылдамдығы (үрмелі ауа жолының тесігінде);
жергілікті сормалы құрылымдардың суреттемесі және сипаттамасы;
қаптардың тесігіндегі ауаның қозғалу жылдамдығы;
жергілікті үрмелі құрылымдардың суреттемесі мен сипаттамасы;
жергілікті үрмелі құрылымдармен берілетін ауаның жылдамдығы мен температурасы;
бөлмедегі ауа алмасуы (үрмелі мен сормалыға жеке-жеке), ауа текшесі (1 жұмысшыға келетін ауаның текше метрі) және көлем жиілігі;
бөлмедегі ауаның тепе-теңдігі (берілетін және алып кетілетін ауа көлемдерінің қатынасы);
көршілес бөлмелердегі зиянды заттардың сипаттамасы. Зияндылықтардың өзара ену мүмкіншілігі;
желдендіру кезіндегі және желдендірусіз ауа ортасының сипаттамасы:
а) жұмыс орындарындағы ауаның температурасы мен ылғалдылығы (бөлменің әр түрлі нүктелерінде, үрмелі және сормалы тесіктерден әртүрлі қашықтықтардағы температура мен ылғалдылықтың біркелкілік сипаттамасын қоса);
б) жұмыс орындарындағы, есік маңы өткелдеріндегі ауаның қозғалу жылдамдығы, жұмыс орындарында ауаның сезілетін ағымдарының болуы;
в) ауаның шаңдануы (жұмыс орындарында);
г) зиянды газдар мен булардың концентрациясы (жұмыс орындарындағы). Зиянды заттар кезеңді түрде бөлінуде өндірістік үрдістің жекелеген сәттеріне байланысты максимальды бөлінетін мөлшерін көрсету қажет;
жұмысшылардың көңіл-күйі туралы сауалнама мәліметтері және егер қажет болса, жылу реттелу үрдісіне физиологиялық бақылау нәтижелері;
қорытынды.
Өндірістік бөлмелердің желдендіру жүйесінің тиімділігіне тікелей баға беру алдын ала жүргізілетін шаралардан басталады: технологиялық үрдістің регламентке сәйкестігін тексеру, техгнологиялық жабдықтармен коммуникациялардың жұмысының дұрыстығын (ақаулар табылғанда оларды жоюға нұсқаулар беріледі), желдендіру жүйелері мен олардың элементтерін қарап тексеру, желдеткіш жұмысының дұрыстығына баға беру (айналымдар бағытының дұрыстығы, айналу кезінде бөгде шулардың болмауы), ауа жолдарының желісін қарау (үзінділермен зақымдалулардың болуын), ауа жіберу және ауа қабылдау құрылымдарын қарап тексеру (жалюзи, торшалар, тетіктер және т.с.с.) және калориферлерін тексеру.
Анықталынған ақауларды жойғаннан кейін ықшам климат көрсеткіштерін өлшейді және жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың мөлшерін анықтайды.
Тексерілетін бөлменің желдендірілуі тиімді болып табылады, егер көрсетілген көрсеткіштердің мәндері санитарлық регламенттердің шегінде болатын болса.
Ауа ортасының көрсеткіштерінің рұқсат етілген шамалардан ауытқуы кезінде желдендіруді құрал-саймандық тексеруге кірісу қажет.
Механикалық желдендірудің өнімділігін келесі мақсаттарда өлшейді: желдендірудің іс жүзіндегі өнімділігінің жобалық мәндерге сәйкестігін анықтау; ауа алмастыру жиілігін анықтау; үру және сору көлемдерін анықтау және оларды бөлменің аумақтары бойынша тарату; ауа қабылдау құрылымдарының жұмыстық өтімдеріндегі ауаның орташа қозғалу жылдамдығын есептеу.
Егер іс жүзіндегі мәндер жобалық мәндерге сәйкес келсе, бірақ ауа ортасының регламенттелген көрсеткіштерін қамтамасыз етпейтін болса, онда берілген бөлменің желдендірілуі қанағаттанарлықсыз болып есептеледі және МСЭҚБ өкілі технологиялық жабдықтың іс жүзінде жұмыс істеу тәртібін (жабдықтың қуаттылығының жоғарылауы, өндірістің үрдістердің қарқындылығының жоғарылауы, технологиялық айналымдарға жаңа зиянды заттардың енгізілуін) ескере отырып желдендіру жобасын қайта қарастыру қажеттігін көрсетуі тиіс.
Егер желдендірудің іс жүзіндегі мәндері жобалық мәндерге сәйкес келмесе, онда санитарлық дәрігер желдендіру көрсеткіштерін жобалық мәндерге дейін жеткізу туралы ескертпе береді, онда орындалу мерзімдерін көрсетеді. Кәсіпорын ескертпе талаптарын орындағаннан кейін желдендіру жүйелерінің көрсеткіштері мен бөлменің ауа ортасының жағдайы қайтадан өлшенеді.