
- •Мазмұны
- •Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы.
- •I. Жалпы түсінік
- •1.1. Жұмыс орындарының аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
- •Ιι. Еңбек үрдісінің ауырлығы мен кернеулігіне баға беру әдістері
- •2.1. Физиологиялық зерттеуді ұйымдастырудың және жүргізудің негізгі қағидалары
- •2.2. Жұмыс күнінің хронометражы
- •2.3. Жүйке-бұлшықет аппаратын зерттеу әдістері
- •2.4. Сыртқы тыныс алуды және газалмасуды зерттеу әдістері
- •2.5. Жүрек-тамырлар жүйесін зерттеу әдістері
- •2.6. Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері
- •2.7. Еңбек үрдісінің ауырлығының және кернеулігінің гигиеналық критерийлері
- •Кесте 2.2. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •Кесте 2.3. Еңбек үрдісінің кернеулік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары
- •3.1. Рационалды еңбек тәртіптері мен демалыстарын негіздеу және баға беру
- •3.2. Жұмыс орындарына эргономикалық баға беру
- •III. Өндірістік орта факторларының зияндылығына және қауіптілігіне гигиеналық баға беру
- •4.1 Өндірістік микроклимат көрсеткіштері
- •Кесте 4.6. Сәулелі жылыту жүйесімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің ықшам климатының рұқсат етілген көрсеткіштері
- •4.2. Ықшам климаттың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу
- •4.3. Ықшам климат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайын жіктеу
- •4.4. Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •5.1. Шу көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •Және ультрадыбыс деңгейлеріне байланысты еңбек жағдайының кластары
- •Шудың ағзаға тигізетін әсерін зерттеу
- •Ультра- және инфрадыбыс
- •6.1. Діріл көрсеткіштерінің сипаттамалары
- •6.2. Дірілдің адам ағзасына әсерін зерттеу
- •7.1. Радиожиіліктердің электромагниттік өрісі
- •7.2. Электростатикалық өріс
- •7.3. Тұрақты магниттік өрістер
- •7.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістер
- •7.5. Өнеркәсіптік жиіліктегі ауыспалы магниттік өрістер
- •7.6. Лазерлік сәулелену
- •7.7. Иондаушы емес электромагниттік өрістер мен сәулеленулердің әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайының гигиеналық критерийлері
- •8.1. Өндірістік шаңның сипаттамасы
- •8.2. Жұмыс бөлмелері ауасындағы шаңның мөлшеріне бақылау жасау
- •Хабарлама Зиянды заттардың ауадағы шектік рұқсат етілген концентрациялардан жоғарылауы туралы
- •9.1. Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттарға химиялық зерттеу жасау
- •9.2. Ауа сынамасын талдау әдістері
- •9.3. Химиялық фактор әсер етуі кезіндегі еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері
- •Хаттама Жұмыс аумағының ауасындағы микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарының мөлшеріне баға беру
- •IV. Қолайсыз еңбек жағдайларының зиянды және қауіпті әсерінің алдын алу
- •12.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысын салуға және реконструкциясына қадағалау жасау
- •12.2. Әкімшілік және тұрмыстық қосалқы ғимараттар мен бөлмелердің
- •12.3. Химиялық қосылыстардың улылығы мен қауіптілігіне баға беру
- •13.1. Сурет. Қорғаныс киімінің таңбалануы (түсініктемесі мәтінде).
- •Кесте 13.5. Арнайы аяқ-киімдердің қорғаныстық қасиеттері бойынша жіктелуі
- •V. Санитарлық-техникалық құрылымдарға гигиеналық баға беру
- •14.1. Өндірістік жарықтандыруды тексеру
- •14.2. Көру анализаторының жағдайына баға беру әдістері
- •14.3. Жасанды жарықтандыру жобаларына сараптама жасау
- •Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
- •Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
- •15.1. Өнеркәсіптік желдендіру жүйелеріне бақылау жасау
- •15.2. Желдендіру жобаларына сараптама жасау
- •17.1. Аурушаңдықты есепке алу және талдау
- •17.2. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер
- •17.3. Кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру
Өндірістік бөлмелердің беткелерінің түстік ішкі өңделінуін шамамен таңдалынуы
Бөлмелердің ішкі тәртібі |
Төбе |
Жоғарғы қабырғалар |
Панель |
Еден |
І. Түстік берілуге жоғары талаптар қойылатын бөлмелер (бояу, сұрыптау бөлмелері) ІІ. Табиғи жарық көзі бар аса дәлдікті және жоғары дәлдікті жұмыстарды орындауға арналған бөлмелер ІІІ. Дәл сондай, бірақ табиғи жарықтандырусыз ІV. Орташа және қатаң дәлдікті жұмыстарды орындауға арналған бөлмелер 1.Қалыпты температуралық-ылғалдылық тәртіппен жұмыс істейтін: а) шамалы шаң бөлінумен жүретін цехтар; б) бөлменің ластануына алып келетін шаңмен өндірістік қалдықтардың бөлінуімен жүретін цехтар 2. Едәуір жылу бөлінумен жүретін бөлмелер |
Ақ
Сондай
» »
» »
» »
» »
» »
» »
|
Ақ
Сондай
» »
» »
» »
» »
» »
» »
|
Ашық-сарғыш
Сары
Ашық-сары
Салат, крем түстес Ашық-са-ры, ашық-жасыл Сұр-жасыл, көгілдір |
Сұр
Ашық-қоңыр
Ашық-сары
Ашық-қоңыр Сұр және қара сұр
Сұр және қара сұр |
Өнеркәсіп орындарының негізгі технологиялық жабдықтары түрлерінің түстік өңделінуі ұсынылады (металл өңдеу, ағаш өңдеу және тоқыма өнеркәсіптері)
Жабдықтардың аталуы |
Өңделу түстері |
Металл кесу станоктары Ұсталық-нығыздау Құю және бөлшектеп-ұнтақтау Көпірлік көтергіштер Конвейерлер Термиялық жабдықтар Ағаш өңдеу жабдықтары Тігін машиналары, жіп иіру станоктары |
Ашық-жасыл, крем түстес Жасыл-көгілдір Ашық-сарғыш Алюминийлі Жасыл Алюминийлі Ашық-жасыл Ашық-сұр, ашық-жасыл
|
Әдетте суретшілердің көмегімен жасалынатын жұмыстық бөлмелердің жобалар санитарлық қадағалау мекемелерімен келісілуі тиіс. Бөлмелер мен жабдықтардың бояу түсін таңдауда «Өнеркәсіп орындарының өндірістік бөлмелері мен технологиялық жабдықтарының беткейлерінің рационалды түсті өңделінуі бойынша нұсқауларын» (СН 181-70) қолдану қажет.
Төменде осы нұсқаудан бірқатар үзінділер келтірілген (14.24 кесте).
Бөлмелермен жабдықтардың ішкі түстік өңделінуі үнемі жаңартылып тұрады: қайтадан бояу майлы бояумен 4 жылда 1 реттен кем емес уақытта жүргізіледі. Ауаның ластануы жоғары өндірістік бөлмелерде кезеңдік бояулардың ұсынылатын мерзімі екі есе қысқартылады.
Жарықтандыру жобасына қорытынды келесі схемадан тұрады:
А. Технологиялық үрдістің қысқаша суреттемесі.
Б. Көру жұмысының сипаты мен кернеулігін анықтау – ажырату
нысандарының ең кіші мөлшері, нысанның реңмен контрасты, реңнің
ашықтық және оның ерекше жағдайларының дәрежесі, түс реңдерінің
ажыратылуы, жылжымалы ажырату нысандарының болуы және т.с.с.).
В. Табиғи жарықтандыру.
Табиғи жарықтандыру түрі.
Дәлдік дәрежесі бойынша жұмыстардың түрлері (ажырату нысанының мөлшеріне байланысты).
Көру жұмысының шарттарына байланысты қажетті табиғи жарықтандыру коэффициенті.
Жарық ойықтарының, берілген жұмыс үшін нормаланған табиғи жарық коэффициентін қамтамасыз ететін талап етілетін аудандарын есептеу.
Өндірістік бөлмелер мен жабдықтардың ішкі түстік өңделуін таңдаудың дұрыстығы.
Инсоляциямен күресу бойынша шараларға баға беру.
Бөлмелердің әйнектерін тазалау кезеңділігі мен боялуын таңдаудың мақсаттылығы.
Г. Жасанды жарықтандыру.
Жарық көзін таңдау.
Жобалаушымен ұсынылған жарықтандыру жүйесіне баға беру.
Жалпы жарықтандыру жарықшамдарының түрінің сипаттамасы (құрастырылымдық орындалуы және жарық ағымын тарату сипаты бойынша).
Жарық ағымының жыпылықтау коэффициенті мен жарықшамдардың көз шағылыстыратын әсерін анықтау.
Жарықшамдарды тазалау кезеңділігі.
Жұмыс беткейіндегі қажетті ең кіші жарықтықты реңнің ажырату нысанының мәніне, оның нысанмен контрастына, жарық ағымына, жарықтандыру жүйесіне байланысты анықтау.
Жалпы жарықтандыру жарықшамдарымен туғызылатын жарықтандыруды есептеу, нормативтік мәндермен салыстыру.
Жасанды жарықтандыруға сипаттама беру:
а) құрастырылымдық орындалуы бойынша;
б) жарықшамды бекіту сипаты бойынша;
в) жарықшамның берілген түрімен туғызылатын жарықтандыру деңгейін анықтау бойынша.
Апаттық немесе эвакуациялық жарықтандырудың сипаттамасы (жарықтандыру туралы мәліметтер сызуда келтірілген); жобаланған жарықтандыруды есептеу және баға беру.
Д. Қорытынды.
15 ТАРАУ |
ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЕЛДЕНДІРУ |
Өндірістік желдендіру, ауалы жылыту, ауалы шашырату және ауалы-жылулық бастырмалар жұмыс бөлмелеріндегі (тұрақты және тұрақты емес жұмыс орындарында) тиімді және рұқсат етілген метеорологиялық жағдайларды және ауаның тазалығын қамтамасыз ету үшін қарастырылады. Бұл кезде еңбек гигиенасы дәрігері желдендіру жүйелерін жобалауда және құрылысын салуда, оларды қайта құрастырғанда немесе өндіріс саласы мен технологиясы өзгертілгенде кәсіпорындарда, цехтарда, бөлімдерде қайтадан құрастырылып жөнделген жүйелерді пайдалануға енгізуде қадағалауды іске асырады және жұмыс аумағы мен ауа жинау құрылымдары орналастырылған жерлердегі ауа ортасының күйіне, желдендіру жүйелерінің жұмысына, олардың күйіне және пайдаланылуына таңдамалы бақылау жүргізеді.
Желдендіру өндірістік бөлмелердің ауа ортасын сауықтыру бойынша шаралар жүйесін толықтайтын санитарлық-техникалық құрал болып табылады. Желдендіру көмегімен жылу мен ылғалдылықтың, сонымен қатар газдардың, булардың және шаңның артық мөлшерімен күрес жүргізеді.